Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аралык баклау.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
170 Кб
Скачать
☆
  1. Тіс шұқығыштарды ағаштан, пластмассадан және сүйектен жасалады. Олар тіс аралығында тұрып қалған тамақ қалдықтарын тазалайды және тіс аралық емізікшелерді ұқалайды. Олар 1 рет қолданылады.

  2. Тіс жіптері (флоссы)

Қазіргі кезде олар жібектен, нейлоннан, ацетат және капроннан дайындалады. Тістерді тіс жегіден қорғау үшін оларды 2% натрии фторид, не 1% хлоргексидин ерітіндісіне сіңдіріп алады. Сонымен бірге олар тіс аралығында тұрып қалмау үшін арнайы полимермен өңдейді.

Тазалау әдісі:

Жіптің бір ұшын сол сұқ саусаққа, екіншісін оң сұқ саусаққа орап алады, ара қашықтығы 10см болуы керек. Жіпті абайлап тіс арасына енгізіп қызыл иектен төмен не жоғары қарай әрекеттер жасап тұрып, қалған тамақ қалдықтарын шығарып тастайды. Солай барлық тістердің арасынан өткізіп шығады. Жіпті істетіп болған соң, сол жерін үзіп алып тастайды.

  1. Тіс таспаларын қолдану тіс жіптері ұқсап кетеді, бірақ олар 3 – 4 есе енділеу. Қолдану кезінде керекті мөлшерін кесіп алып, жіпке ұқсап тіс арасына енгізеді және аралайтын әрекеттер жасап тазаланады.

  2. Флоссета – тіс жіптерін тартып қоятын құрылғы. Олар жебе және шанышқы тәрізді болып келеді.

  3. Флосстик – тіс жібімен бірге тіс шұқығышта орналасқан. Онымен тазалау кезінде аралағандай жұмыс істеу керек.

  4. Тіс аралық стимуляторлар – резиналы не пластмассалы болып, тіс арасын тазалайды және қызыл иекті ұқалауда қолданады.

  5. Тіс аралық мәсуектер (ёршиктер)

Тіс арасындағы жұмсақ тіс кірлерін тазалауда қолданады. Ол ауыз қуысында көпір тәрізді протез болғанда жақсы тазалайды.

  1. Ирриғаторлар (шайғыштар) – ауыз қуысындағы тамақ қалдықтарынан тіс аралық және тіс қатпарларын тазалауда қолданатын аппарат. Ол компрессормен суды арнайы ұштыққа береді. Ұштықты бағыттау арқылы ауыз қуысының барлық жеріне жайып және ұқалайды.

Сағыздар – ауыз қуысындағы ауру шақыратын бактериялардың дамуын жартылай төмендеткенмен, тіс беткейлеріндегі тіс кірлерін толық тазаламайды. Олардың негізі жұмсақ болғанға дейін арнайы өңдеген шайырдан тұрады. Сондықтан сағыздар қосымша ауыз қуысы гигиенасының құралдарына жатады. Сағыздардың негізгі бөлігі шайырға қосымша ретінде төмендегі заттар қосылады: тынысты балғындайтын әсерге ие болған (ментол не жалбыз), тәтті дәм беретін глюкоза не тәттілететін заттар (сорбит, ксилитол, аспартам), түрлі консерванттар. Сағыздардың пайдалы жақтары- ауыз қуысын тазалайды, сілекей бөлінуін көбейтеді, олар өз кезегінде тамақтың ауыз қуысында тұрып қалу уақытын азайтады.

Сағыздың жабысқақтық қасиеті – тіс қуыстарында және арасында тұрып қалған тамақ қалдықтарынан тазалауда үлкен орын алады. Бірақ сағыз көп шайнағанда ол асқазан сөлінің бөлінуін көбейтіп, асқазан – он екі бармақ ішек ауруларына алып келуі де мүмкін.

Сағыздарды қолдану ережесі:

  1. тамақтан кейін сағыздарды 15 – 20 мин шайнау керек;

  2. құрамында қанттың орнын басатын заттары бар сағыздарды шайнау қажет;

  3. аш қарынға шайнап болмайды;

  4. тіс мәсуегінің орнына сағызды қолдануға болмайды;

  5. сағыз шайнағанда дәрігерге бармаса да болады деген ұғым қате.

Шұғыл жайғдайларда тіс мәсуегі болмай қалғанда ағаштар мен бұталардың жас қаламшаларын (алмұрт, апельсин, емен) не көк өніс жапырақтарымен де тазаласа болады.

Қаламшаның ұзындығы 15 – 18см, диаметрі 5 – 6 мм, оның бір ұшын шайнайды. Бір қаламшаны 2 – 3 рет қолданса болады.

Ауызды шаю.

Қосымша ауыз қуысын тазалау әдісі болып, өз бетінше тіс кірлерінен таза болмайды. Ауыз қуысын шаятын ерітінділердің құрамында балғындататын, антисептикалық әсер ететін заттар болады. Мұндай шайғыштарды ауыз қуысынан жағымсыз иіс шыққанда ғана қолдану қажет.

Содай ақ элексирлер мен шайғыштар да ауыз қуысының гигиенасын толық сақтамайды. Бірақ олар алдын- алатын, емдейтін және тазалайтын болып бөлінеді. Элексирлердің құрамында спирт болады. Элексирлерді міндетті түрде сумен араластыру керек. Емдік ретінде оларды күніне 4 – 5 рет қолданса болады. Жарты стакан суға 15 – 30 тамшы қосылады. Олармен ауыз қуысына ванна жасалады. Элексирлер 30 – 60сек ауыз қуысында ұстап шайылады.

Элексирлердің түрлері:

«Лесной», «Эвкалипт», «Биоэликсир», «Здоровье», «Идеал», «Лимонный», «Мятный», «Флора», «Свежесть» т.б.

Шайғыштар емдік болып олардың құрамында спирт болмайды, араластырмастан шайылады.

Шайғыштардың түрлері:

а) қабынуға қарсы әсер ететін;

б) тіс жегіні тоқтатуға әсер ететін;

в) тіс мойынының сезушеңдігін төмендететін;

г) тіс кірлерін кем пайда болуына әсер ететін;

д) тіс кірлерін балқытып әсер ететін

шайғыштарға төмендегілер жатады:

«Лесной бальзам», «Весна плюс», «Альбадент», «Стоматит», «Кен Дент», «Весна F», «Фитолюкс – 27», «Lakalut», «Альбавит» т.б.

Лакалют Сенсетив – температуралық, химиялық және механикалық әсерлерге тістің ауырсыну реакциясында қолданылатын Лакалют Сенсетив тіс пастасының әсерін күшейтуге және созуға арналған шайғыш сұйық. Тіс кіреукесін нығайтуға, ауырсыну сезімін төмендетуге, қызыл иек қабынуынан қорғануға көмектеседі.

Лакалют Актив антиплак – ауыз қуысына паста қолданғаннан кейін, сондай ақ күні бойы (тамақ ішкеннен соң) сапалы күтім жасауға арналған шайғыш сұйық. Қызыл иек қанағанда, гингивитте, стоматит пен пародонтитте тіс пастасын тиімді толықтырады.

Лакалют Фреш – ауыз қуысының сапалы гигиенасын толықтыратын қоспалы шайғыш. Антибактериалды қасиеті бар, тіс арасындағы тіс мәсуегімен алынуы қиын қуыстардан бактериялы қабатты алып тастауға көмектеседі, қызыл иекті нығайтады және серпілтеді, олардың қанауын және қабынуын болдырмайды, тісті тіс жегіден қорғап, тіс кіреукесін қатайтады. Ортодонтиялық құрал жабдықтардыпайдаланғанда өте жарамды. Ауыз қуысының сілекейлі қабатының сезімтал тіндерін тітіркендірмейді.

Ауыз қуысының гигиенасы дегенде міндетті түрде тістерді, протез, таңдай, ұрт, тілді тазалау жатады. Таңдай, тіл, ұрт тіс мәсуегінің арнайы қосалқы жабдықтары болған мәсуектермен не болмағанда қолмен де тазаланады. Сонымен бірге қызыл иекті де саусақпен ұқалау арқылы тазалап, қан айналымын жақсартсақ болады. Соңында сумен не шайғыштармен шаямыз.

Алынбалы протездер, ортодонтиялық аппараттарды арнайы тазалау қажет. Себебі оларда ауру шақыратын бактериялар ұялайды.

Ауызда қалған тістерді де міндетті түрде тазалап болған соң, протездерді, ортодонтиялық аппараттарды қатты тіс мәсуегімен 2 рет таңертең тамақтан соң және кешке жатар алдында тазалау қажет. Соңынан 10 – 15 мин антисептик ерітіндіге салып қойылады. Күндіз тамақтан соң протездерді шешіп, ағын суда жақсылап шайып, қайта орнына салады.

Бақылау сұрақтары:

Сұрақ: Ауыз қуысының жеке гигиенасы дегеніміз не?

Жауап: Ауыз қуысының жеке гигиенасы бұл - әр дайым арнайы гигиеналық құрал–жабдықтармен ауыз қуысын, тістер, қызыл иекті тамақ қалдықтарына және жұмсақ кірлерден тазалауға айтылады.

Сұрақ: Жеке гигиена құралдарына нелер жатады?

Жауап: Ауыз қуысының жеке гигиена құрал-жабдықтарына тіс мәсуегі, тіс сықпалары, тіс шұқығыштар, флостар, ауыз шайғыштар, тіс ұнтағы және т.б. жатады.

Сұрақ: Тіс тазалаудың стандартты әдісі дегеніміз не?

Жауап: Тіс қатары бірнеше бөліктерге бөлінеді: үлкен азу тістер, кіші азу тістер, алдыңғы тістер. Тістерді түйістірместен мәсуекті 45 градус бұрыш астында орналастырылады. Тістердің алдын ұрт беткейінен бастап тазаланады. Сол жақтың бір бөлігіне 10 сыпырушы әрекет жасаймыз, кейін басқа бөліктеріне өтеміз. Екінші болып таңдай беткейлері сыпырушы әрекеттермен тазаланады. Үшінші болып азу тістердің шайнау беткейлері қыру әрекеттері жасалып, әр жақта 10 – 15 қимыл жасалады. Соңында ұқалау қимылдары жасалады. Мұнда тістер тістеседі, солдан – оңға қарай айнала әрекеттермен тазаланады. Төменгі жақта да сол әрекеттер жасалады.

Сұрақ: Тіс тазалаудың басқада әдістерін айтып беріңіз?

Жауап: Леонард әдісі. Басс әдісі. Фонес әдісі. Рейт әдісі. Смит – Белла әдісі. Стильман әдісі. Чартер әдісі.

Сұрақ: Леонард әдісі дегеніміз ?

Жауап: Мәсуекті тіс беткейіне перпендикуляр орналастырып, тіс мойынынан төмен қарай қимылдар жасалады. Кіреберіс беткейді тістесу уақытында, ал таңдайды ауызды ашып тұрып тазаланады. Шайнау беткейлерін алдына – артына қозғалыстар жасау арқылы тазаланады.

Сұрақ: Басс әдісі дегеніміз ?

Жауап: Бұл әдіспен үлкен азу тістердің мойындарын жақсы тазаласа болады, себебі мәсуек тіс өсіне 45 градус бұрыш астында орналастырылады. Ол көбіне қызыл иек жүлгесіне кіріп тұрады. Кіреберіс және тіл – таңдай беткейлерін дірілдеуіш қимыл жолымен, ал шайнау беткейлерін алға – артқа қарай қимылдар жасалу жолымен тазаланады.

Сұрақ: Рейт әдісі дегеніміз ?

Жауап: Мәсуек алдын тіс өсіне паралель, кейін 90 градус бұрыш астында орналастырылып қызыл иектен сауытқа қарай сырғанау қимылдарын жасайды.

Сұрақ: Смит – Белла әдісі дегеніміз ?

Жауап: Мәсуекті шайнау бетіне перпендикуляр орналастырып, мәсуекті қызыл иекке басып – айналдыру қимылдарын жасайды да кейінгі тіске өтеді.

Сұрақ: Стильман әдісі дегеніміз ?

Жауап: Мәсуекті тіс өсіне 45 градус бұрыш астында орналастырып, оны қатты басады, соңынан айнала қимылдармен қызыл иектің түсі қайта қалпына келгенше ұқалайды, ал тіл не таңдай беткейіне мәсуекті тіс өсіне паралель орналастырып тазалайды.

Сұрақ: Чартер әдісі дегеніміз ?

Жауап: Қызыл иек шетіне мәсуекті 45 градус бұрыш астында орналастырып түрлі қимылдармен айландырып, қағып, дірілдетіп тіс аралықтарына ендіріп тазалайды.

Сұрақ: Ауыз қуысын тазалайтын қосымша жабдықтарға қайсылар жатады?

Жауап: Ауыз қуысын тазалауда тіс мәсуектері әр дайым жеткілікті нәтиже бермейді. Себебі жасанды тіс сауыттары, алынбайтын тіс протездері оған мүмкіндік бермейді. Мұндай кездерде қосымша тазалайтан құрал – жабдықтар қолданамыз. Оларға: тіс жіптері (флоссы), тіс тасплары, флоссеттер, тіс шұқығыштар, шайнау резинасы, тіс аралық стимуляторлар, тіс аралық мәсуектер, ёршиктер, ирригаторлар жатады. Сонымен қатар арнайы тіс кірлерін алу үшін өшіргіштерде қолданады.

Сұрақ: Сағыздар жайлы не білесіз?

Жауап: Сағыздар – ауыз қуысындағы ауру шақыратын бактериялардың дамуын жартылай төмендеткенмен, тіс беткейлеріндегі тіс кірлерін толық тазаламайды. Олардың негізі жұмсақ болғанға дейін арнайы өңдеген шайырдан тұрады. Сондықтан сағыздар қосымша ауыз қуысы гигиенасының құралдарына жатады.

Сұрақ: Ауызды шаюдың маңызын түсіндіріңіз?

Жауап: Қосымша ауыз қуысын тазалау әдісі болып, өз бетінше тіс кірлерінен таза болмайды. Ауыз қуысын шаятын ерітінділердің құрамында балғындататын, антисептикалық әсер ететін заттар болады. Мұндай шайғыштарды ауыз қуысынан жағымсыз иіс шыққанда ғана қолдану қажет.

Содай ақ элексирлер мен шайғыштар да ауыз қуысының гигиенасын толық сақтамайды. Бірақ олар алдын- алатын, емдейтін және тазалайтын болып бөлінеді. Элексирлердің құрамында спирт болады. Элексирлерді міндетті түрде сумен араластыру керек. Емдік ретінде оларды күніне 4 – 5 рет қолданса болады. Жарты стакан суға 15 – 30 тамшы қосылады. Олармен ауыз қуысына ванна жасалады. Элексирлер 30 – 60сек ауыз қуысында ұстап шайылады.

Элексирлердің түрлері:

«Лесной», «Эвкалипт», «Биоэликсир», «Здоровье», «Идеал», «Лимонный», «Мятный», «Флора», «Свежесть» т.б.

Шайғыштар емдік болып олардың құрамында спирт болмайды, араластырмастан шайылады.

Өткен сабақты пысықтау (10 мин)

Вариант І

  1. Ауыз қуысы ауруларының алдын алуда ең маңызды шара болып саналады:

а) патологиялық ошақты жою

б) ауыз қуысының гигиенасын сақтау

в) себепші тісті жұлу

г) шырышты қабық ауруларын алдын алу

д) пародонт ауруларын емдеу

  1. Үлкендерге арналған мәсуектің жұмысшы басының ұзындығы:

а) 15 – 20мм

б) 20 – 25мм

в) 25 – 42мм

г) 23 – 30мм

д) 35 – 40мм

  1. Үлкендерге арналған мәсуектің ені:

а) 7,5 – 11мм

б) 3,5 – 5мм

в) 5 – 8мм

г) 11 – 13мм

д) дұрыс жауабы жоқ

  1. Мәсуектерде талшықтардың орналасу қатарына қарай:

а) төрт қатарлы болады

б) үш қатарлы болады

в) көп шоғырлы болады

г) аз шоғырлы болады

д) барлық жауабы дұрыс

  1. Қосымша тазалау шараларын жасайтын тіс мәсуектері қолданылмайды:

а) пародонтозда

б) пародонтитте

в) тістем аномалияларында

г) ортопедиялық констукция болғанда

д) ауыз қуысына күтім жасауда

  1. Сына тәрізді ақау болғанда қолданылатын тіс мәсуегі:

а) өте жұмсақ тіс мәсуегі

б) V – тәрізді алаңы бар тіс мәсуегі

в) өте қатты тіс мәсуегі

г) тазалау алаңы екіге бөлінген тіс мәсуегі

д) оңға не солға бұрылыс жасайтын тіс мәсуегі

  1. Протездерді тазалауда қолданылатын тіс мәсуегі:

а) V – тәрізді алаңы бар тіс мәсуегі

б) оңға не солға бұрылыс жасайтын тіс мәсуегі

в) тазалау алаңы екіге бөлінген тіс мәсуегі

г) өте қатты тіс мәсуегі

д) өте жұмсақ тіс мәсуегі

  1. Электр мәсуегі секундына төмендегідей тербеліс жасайды:

а) 45 – 48 тербеліс

б) 15 – 20 тербеліс

в) 30 – 40 тербеліс

г) 25 – 35 тербеліс

д) 50 – 55 тербеліс

  1. Тіс сықпаларына қойылатын талаптарға жатпайды:

а) сықпалар құрамында фтор болуы қажет

б) тіс аралығындағы тамақ қалдығынан тазалау керек

в) сықпалардаң жақсы тазалайтын қасиеті болуы қажет

г) сықпалар жақсы көбіктену қажет

д) сықпалар ауыз қуысының иісін жаңалату қажет

  1. Балаларға арналған мәсуектің жұмысшы бөлігінің ұзындығы:

а) 8 – 11мм

б) 15 – 20мм

в) 10 – 15мм

г) 25 – 30мм

д) 18 – 25мм

Вариант ІІ

1. Қабынуға қарсы тіс сықпаларына төмендегілер жатады:

а) «Пародонтал», «Лесной бальзам»

б) «Семейная», «Vitadent fresh»

в) «Апельсиновая», «Omnodent new»

г) «Дентикс», «Свежее дыхание»

д) «Юбилейная», «Pomorit Active»

2. Тұз қоспалары бар тіс сықпаларына жатады:

а) «Апельсиновая», «Omnodent new»

б) «Семейная», «Vitadent fresh»

в) «Дентикс», «Свежее дыхание»

г) «Пародонтал», «Лесной бальзам»

д) «Юбилейная», «Pomorit Active»

3. Жоғары тазалағыш қасиеті бар тіс сықпаларына жатады:

а) «Пародонтал», «Лесной бальзам»

б) «Апельсиновая», «Omnodent new»

в) «Дентикс», «Свежее дыхание»

г) «Чародейка», «Бело розовая»

д) «Юбилейная», «Pomorit Active»

4. Жоғары тазалағыш қасиеті бар тіс сықпалары қоладанылады:

а) пародонт ауруларын емдеуде

б) АҚШҚ ауруларын емдеуде

в) тіс жегінің алдын алуда

г) тіс кірлерін тазалауда

д) дұрыс жауабы жоқ

5. Тұз қоспалары бар тіс сықпалары қолданылмайды:

а) тіс кірлерін ерітуде

б) қабынуға қарсы әсер етуде

в) пародонт ауруларын емдеуде

г) қызыл иектің қанағыштығын азайтуда

д) ауыз қуысының иісін жоғалтуда

6. Құрамында натрий фтор, қорғасынды фтор, фторлы цирконий бар тіс сықпаларын:

а) тіс жегіге қарсы қолданады

б) тісті ағартуда қолданады

в) кешенді әсер етуде қолданады

г) пародонт ауруларын емдеуде қолданады

д) АҚШҚ ауруларында қолданады

7. Құрамында көптеген қырғыш заттар болып, қолдану уақытын дәрігер – стоматолог анықтайтын сықпалар:

а) кешенді әсер ететін тіс сықпалары

б) тұз қоспалары бар тіс сықпалары

в) тіс жегіге қарсы тіс сықпалары

г) тісті ағартатын тіс сықпалары

д) жоғары қасиеті бар тіс сықпалары

8. Кешенді әсер ететін тіс сықпаларына төмендегілер жатады:

а) «Полиминерол», «Blendax»

б) «Чародейка», «Бело розовая»

в) «Дентикс», «Свежее дыхание»

г) «Апельсиновая», «Omnodent new»

д) «Пародонтал», «Лесной бальзам»

9. Тістерді түйістірместен, мәсуекті 45 градус астында орналастырып жуатын әдіс:

а) Рейт әдісі

б) Фонес әдісі

в) Басс әдісі

г) стандартты әдіс

д) Леонард әдісі

10. Мәсуекті тіс беткейіне перпендикуляр орналастырып тіс мойнынан төмен қарай кимылдар жасалатын әдіс:

а) Стандартты әдісі

б) Леонард әдісі

в) Рейт әдісі

г) Фонес әдісі

д) Басс әдісі

1-вар

1-б

2-г

3-а

4-д

5-д

6-а

7-в

8-а

9-б

10-д

2-вар

1-а

2-д

3-г

4-б

5-в

6-а

7-г

8-а

9-г

10-б