Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аралык баклау.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
170 Кб
Скачать
☆

3 Білім деңгейін көрнекілік және оқытудың техникалық құралдарының көмегімен бақылау (30 мин):

Сұрақ 1. Терапевтик стоматологиялық бөлмені жоспарлау дегеніміз не?

Жауап: Бөлме едені линолиуммен не кафельмен жабыстырылған, ал қабырғалары 180 см биіктікте майлы бояумен сырланған немесе кафель жабыстырылған болуы шарт. Бөлмеде вентиляция люгы, желдеткіштер және міндетті түрде ауаны зарарсыздандыру үшін кварц шамы болуы керек. Сонымен бірге бөлмеде ағын су көзі болуы шарт.

Сұрақ 2. Стоматологиялық бөлменің көлемі қандай болуы керек?

Жауап: Ереже бойынша бөлме 14 шаршы метрден кем болмауы, ал әрбір қосымша қойылған орындық үшін 7 шаршы метр аудан қосылады.

Сұрақ 3. Стоматологиялық бөлменің жабдықтарын атаңыз?

Жауап: Стоматологиялық бөлмеде ең қажет болып саналатын аппарат бормашина болып саналады. Стоматологиялық құрылғы – соңғы кездерде күрделендіріліп, автоматизацияланған. Құрылғыда науқас үшін орындық, жасанды жарық көзі, гидроблок, монитор және керекті іс-әрекеттер орындау үшін қолданылатын ұштықтар (наконечник) орнатылған үстелден тұрады. Соңғы кезде дәрігерлерден науқас жайындағы мәліметті компьютерге енгізу және электронды вариантта есеп-қисап жұмыстарын жүргізуді талап етіліп жүргендіктен, бөлме арнайы компьютер үстелдеріменде жабдықталуда. Медбикенің жұмыс орнынада құрал-саймандар үшін үстел, күшті әсер ететін дәрілер үшін А және Б шкафы, анафилактикалық шокқа қарсы қолданатын дәрі-дәрмектер мен материалдар үшін шкафтар, залалсыздандырылған үстел, жазу үстелі болуы тиіс. Кіші медбике үшін зарарсыздандыратын заттарға арналған шкаф, раковина болуы керек.

Сұрақ 4. Стоматологиялық бөлмеде жүргізілетін құжаттардың түрлерін атаңыз?

Жауап: Стоматологиялық бөлмеде жүргізілетін құжаттарға төмендегілер жатады:

  • «Науқасты тіркеу дәптері»- № 001/е нысанды;

  • «Стоматологиялық науқастың амбулатория картасы» -№043е/ нысанды;

  • «Дәрігердің күнделікті қабылдау парағы» - № 037/е нысанды;

  • «Дәрігердің біріктірілген ведомосы» - № 039/е нысанды;

  • Счет реестр

Сұрақ 5. Тіркеу дәптерін қашан, кім толтырады?

Жауап:Науқас емханаға келгенде тіркеу бөлімінде тіркеуші тіркеуге алады. Мұнда «Тіркеу дәптері» - № 001/е нысанды толтырылады. Дәптер жыл басында жаңадан басталып жазылады. Науқас қартасының реттік нөмірі тіркеу дәптерінен алып қойылады.

Сұрақ 6. Дәрігердің күнделігінде не жазылады?

Жауап: «Дәрігердің күнделікті қабылдау парағы» - № 037/е нысанды . Дәрігер күнде келген науқастарды осы күнделікке жазып барады. Онындалған жұмыс көлемін реестрден қарап жазылады.

Сұрақ 7. Біріктірілген ведомосының маңызы қандай?

Жауап: Ағым соңында барлық қабылдаған науастардың санын «Дәрігердің біріктірілген ведомосына» - № 039/е нысанды көшіріп қояды.

Сұрақ 8. Счет реестр қандай құжат?

Жауап: Реестрде барлық орындалатын жұмыс көлемінің шартты бірлігі көрсетілген болып, ол арқылы бір күндік және бір айлық жұмыс көлемі анықталады. Ай соңында реестр толтырылып, статистке тапсырылады.

Сұрақ 9. Стоматологиялық бөлменің санитария гигиена ережелеріне сай болуы дегеніміз не?

Жауап: Ол бөлменің көлемі, қабырғаларының бояуына, еденінің төсенішіне, жарық көзіне, стоматологиялық құрылғының дұрыс орнатылуына, бөлмеде ағын судың болуына, бөлменің температурасына, бөлмеде керекті зарарсыздандыру ерітінділерінің болуына тиісті жағдайларға айтылады.