- •Дәріс тезистері «Салық есептілігі» пәні бойынша
- •5В050800-«Бухгалтерлік есеп» мамандығы
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық есептілігі 701.00–нысан (есебін) жасау тәртібі.
- •2. Көлік құралдары салығы бойынша салық есептілігі 700.00–нысан салық декларациясын жасау ережесі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің салық есептілігі 701.01–нысан (есебін) жасау ережесі
- •2. Жер салығы бойынша салық есептілігі 700.00–нысан салық декларациясын толтыру тәртібі.
- •1. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің салық есептілігін (есебін) жасау ережесі (701.01–нысан).
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •2. Мүлік салығы бойынша салық декларациясын 700.00–нысанды толтыру тәртібі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін 300.00- нысан салық декларациясын
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Акциз бойынша 400.00–нысанын салық декларациясын және қосымшаларын жасау ережесі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1.Әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін 200.00–нысан декларациясын жасау ережесі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •2. Декларацияны тапсыруға дейiнгi Есепті жасау (101.01–нысан)
- •3. Декларацияны тапсырудан кейiнгi Есепті толтыру (101.02–нысан)
- •2.Корпорациялық табыс салығын бойынша салық есептілігiн 100.00 - нысан салық декларациясын және қосымшаларын толтыру тәртібі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Роялти бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (500.00–нысан)
- •2. Қол қойылатын бонус бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (510.00–нысан)
- •3. Коммерциялық табу бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (520.00–нысан)
- •4. Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (530.00–нысан)
- •5. Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (540.00–нысан)
- •540.00.006 Жолында Салық кодексінің 348–4 бабының 3–тармағына сәйкес шегерімдер сомасының амортизациялық аударымдар сомасына түзетулері көрсетіледі;
- •10) 540.00.010 Жолында 540.00.007 жолынан 540.00.008 жолын және 540.00.009 жолын алу ретінде айқындалатын, салық кезеңі үшін іс жүзінде алынған таза табыс сомасы көрсетіледі;
- •540.00.013 А бағынанда деңгейлер көрсетілген;
- •540.00.013 F бағанында Салық кодексінің 351–бабына сәйкес салық ставкалары пайызбен келтірілген;
- •540.00.013G бағанында 540.00.013 е бағындағы әрбір жолдың 540.00.013 f бағанындағы тиісті ставкасына туындысы ретінде жол жолымен айқындалатын үстеме пайда салығының есептелген сомасы көрсетіледі;
- •14) 540.00.014 Жолында 540.00.013 g бағанының жоладырынң сомасы ретінде айқындалатын, төленуге тиіс үстеме пайда салығының есептелген сомасы көрсетіледі.
- •6. Экспортқа арналған ренталық салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (570.00–нысан)
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Ойын бизнесі салығы бойынша салық есептілігін 710.00–нысан салық декларациясын жасау ережесі.
- •1. Декларацияны жасау (710.00 – нысан)
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
2.Корпорациялық табыс салығын бойынша салық есептілігiн 100.00 - нысан салық декларациясын және қосымшаларын толтыру тәртібі.
110.00 немесе 150.00.–нысан бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (Декларацияны) толтыратын, жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар жасайды.
2. Декларация Декларацияның өзінен (100.00–нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей–тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (100.01–ден 100.19–ге дейінгі нысандар) тұрады.
3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.
5. Декларацияға қосымшалар тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін Декларациядағы жолдар толтырылған кезде міндетті тәртіпте толтырылады.
6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуге тиіс деректер болмаған жағдайда жасалмайды.
7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.
8. Осы Ережеде мынадай арифметикалық таңбалар қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.
9. Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.
10. Декларация жасау кезінде:
1) қағаз тасығышта – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады;
2) электронды тасығышта – Салық кодексінің 68–бабына сәйкес толтырылады.
11. Декларацияға Салық кодексінің 61–бабы 3–тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады.
12. Декларацияны тапсырған кезде:
1) қағаз тасығышта келу тәртібімен – нысандар екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;
2) хабарламамен тапсырысты хатпен пошта бойынша – салық төлеуші пошта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;
3) электронды түрде – салық төлеуші (салық агенті) салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің электронды түрде қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарлама алады.
13. Қосымшалардың «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімдерінде Есептің «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.
14. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Декларацияны табыс ету кезінде:
СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі 2012 жылдың 1 қантарына дейін толтырылуы тиіс.
БСН –бизнес сәйкестендіру нөмірі 2012 жылдың 1 қантарынан бастап толтырылуы тиіс.
15. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
1) СТН – сенімгерлікпен басқарушы салық міндеттемесін орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы – салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;
2) БСН – салық төлеушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі. Салық міндеттілігі сенімді басқарушымен жасалған кезде жолда – сенімді басқарушының бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Болған жағдайда көрсетіледі;
3) салық кезеңі (жыл) – Декларация берілетін есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);
4) салық төлеушінің атауы.
Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес атауы көрсетіледі;
Салық міндеттемесін сенімгерлік басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлік басқарушының – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес атауы көрсетіледі.
5) Декларация түрі.
Тиісті торкөздер Декларацияны Салық кодексінің 63–бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызуды ескере отырып, белгіленеді;
6) хабарлама нөмірі мен күні.
Жолдар Салық кодексінің 63–бабы 3–тармағының 4)–тармақшасында көзделген Декларация түрін табыс еткен жағдайда толтырылады;
7) салық төлеуші санаты.
Торкөз егер салық төлеуші А, В, С, D, E, F, G, H, I, J жолдарында көрсетілген бір немесе бірнеше санатқа жататын болса, белгіленеді;
8) валюта коды.
«Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланатын жіктеушілер туралы» Кедендік одақ Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 Шешімімен бекітілген (бұдан әрі – Шешім) «Валюталар жіктеушісінің» 23–қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;
9) берілген қосымшалар.
Салық төлеуші берген Декларацияға қосымшалардың нөмірі белгіленеді;
10) резиденттік белгісі:
А торкөзін Қазақстан Республикасының резидент салық төлеушісі белгілейді;
В торкөзін Қазақстан Республикасының резидент емес салық төлеушісі белгілейді;
11) резиденттік елінің коды мен салықтық тіркеу нөмірі;
Егер Декларацияны Қазақстан Республикасының резидент емес салық төлеушісі жасаған жағдайда толтырылады, бұл ретте:
А жолында Шешімнін «Әлем елдерінің жіктеуіші» 22-қосымшасына сәйкес резидент еместің резиденттік елінің коды көрсетіледі;
В жолында резидент еместің резиденттік еліндегі салықтық тіркеу нөмірі көрсетіледі.
12) Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерлерде тұрақты мекемесінің бар–жоғы.
Торкөзді Қазақстан Республикасы шегінен тыс тұрақты мекемесі бар Қазақстан Республикасының резиденті толтырады.
16. «Жылдық жиынтық табыс» бөлімінде:
1) 100.00.001 жолында Салық кодексінің 86–бабына сәйкес өткізуден түскен табыс көрсетіледі.
100.00.001 І жолында кредит (қарыз, шағын кредит), репо операциялары бойынша сыйақы түріндегі табыс көрсетіледі;
100.00.001 ІІ жолында мүлікті қаржы лизингіне беру бойынша сыйақы түріндегі табыс көрсетіледі;
100.00.001 ІІІ жолында роялти түріндегі табыс көрсетіледі;
100.00.001 ІV жолында мүлікті жалға беруден табыс көрсетіледі;
2) 100.00.002 жолында Салық кодексінің 87–бабына сәйкес құн өсімінен түсетін табыс көрсетіледі. Бұл жолға 100.01.029 жолы көшіріледі;
3) 100.00.003 жолында алдыңғы салық кезеңінен көшірілген залалдар ескеріле отырып, туынды қаржы құралдар, оның ішінде своп бойынша табыс көрсетіледі. 100.02.005 және 100.03.005 жолдарының оң мәндерінің сомасы ретінде айқындалады;
4) 100.00.004 жолында Салық кодексінің 88–бабына сәйкес міндеттемелерді есептен шығарудан табыс көрсетіледі;
5) 100.00.005 жолында Салық кодексінің 89–бабына сәйкес күмәнді міндеттемелер бойынша 100.00.005 І мен 100.00.005 ІІ жолдарының сомасы ретінде анықталатын табыс көрсетіледі:
100.00.005 І жолында сатып алынған күмәнді деп танылған, жылдық жиынтық табысқа енгізілетін тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша табыс көрсетіледі;
100.00.005 ІІ жолында күмәнді деп танылған, жылдық жиынтық табысқа енгізілетін Салық кодексінің 163–бабы 2–тармағына сәйкес айқындалған қызметкерлерге есептелген табыстар мен басқа да төлемдер бойынша міндеттемелер сомасы көрсетіледі;
6) 100.00.006 жолында лицензия негізінде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сонымен қатар ұлттық басқару холдингі немесе негізгі қызмет түрі қарыздық операцияларды жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беруші акциялардың (қатысу үлестері) жүз проценті ұлттық басқару холдингіне тиесілі заңды тұлғалар құрған провизиялар мөлшерін азайтудан түскен табыстар көрсетіледі.
7) 100.00.007 жолында 100.00.007І және 100.00.007ІІ жолдарының сомасы ретінде айқындалатын Салық кодексінің 91–бабына сәйкес талап ету құқығын беруден түскен табыс көрсетіледі;
100.00.007 І жолында сатып алынған талап ету құқығы бойынша қарызды талап ету құқығын беруден түскен табыс көрсетіледі;
100.00.007 ІІ жолында берілген талап ету құқығы бойынша қарызды талап ету құқығын беруден түскен табыс көрсетіледі;
8) 100.00.008 жолында Салық кодексінің 85–бабы 1–тармағы 9)–тармақшасына сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілген кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім бергені үшін алынған табыс көрсетіледі;
9) 100.00.009 жолында Салық кодексінің 92–бабына сәйкес айқындалатын тіркелген активтерді шығарудан түскен табыс көрсетіледі;
10) 100.00.010 жолында Салық кодексінің 93–бабына сәйкес айқындалатын геологиялық зерттеуге және табиғи ресурстарды өндіруге дайындық жұмыстарына шығыстарды, сондай–ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түскен табыс көрсетіледі;
11) 100.00.011 жолында кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын, емдік балшықты өндіруді, сондай–ақ барлауды және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының Салық кодексінің 94–бабына сәйкес айқындалатын кен орындарын әзірлеу салдарларын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарларын жою бойынша нақты шығыстар сомасынан артуынан түскен табыстар көрсетіледі;
12) 100.00.012 жолында Салық кодексінің 107–бабына сәйкес айқындалатын кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын, емдік балшықты өндіруді, сондай–ақ барлауды және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы тарату қорының қаражаттарын мақсатсыз пайдалану мөлшері көрсетіледі. Бұл жолға 100.05 нысаны J бағанының қорытынды мәні көшіріледі;
13) 100.00.013 жолында Салық кодексінің 80–бабына сәйкес айқындалатын бірлескен қызметті жүзеге асырудан табыстар көрсетіледі;
14) 100.00.014 жолында Салық кодексінің 85–бабы 1–тармағының 14)–тармақшасына сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілген егер бұрын шегерімге жатқызылмаса, бұрын негізсіз бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, сот таңылған немесе борышты деп танылған айыппұлдар, өсімақылар және санкциялардың басқа да түрлері көрсетіледі;
15) 100.00.015 жолында Салық кодексінің 95–бабына сәйкес бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар;
16) 100.00.016 жолында Салық кодексінің 96–бабына сәйкес айқындалатын өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыстар көрсетіледі;
17) 100.00.017 жолында Салық кодексінің 85–бабы 1–тармағының 17)–тармақшасына сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілген дивидендтер көрсетіледі;
18) 100.00.018 жолында Салық кодексінің 85–бабы 1–тармағының 18)–тармақшасына сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілген депозит, борышты бағалы қағаз, вексель, исламдық жалға беру сертификаты бойынша сыйақылардың жалпы сомасы көрсетіледі;
19) 100.00.019 жолында айқындалған оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі көрсетіледі. Бағамдық айырма сомасы қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы заңнаманың талаптарына сәйкес айқындалады;
20) 100.00.020 жолында Салық кодексінің 85–бабы 2–тармағының 20)–тармақшасына сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілген ұтыстардың жалпы сомасы көрсетіледі;
21) 100.00.021 жолында Салық кодексінің 97–бабы 2–тармағына сәйкес айқындалатын әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынуы тиіс (алынған) табыстардің нақты шығыстардан асып кетуі көрсетіледі;
22) 100.00.022 жолында Салық кодексінің 97–бабы 3–тармағына сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілген қызметкерлерді қоғамдық тамақтандыруды, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын әлеуметтік сала объектілерін пайдаланған кезде алынатын табыстар көрсетіледі;
23) 100.00.023 жолында Салық кодексінің 98–бабына сәйкес айқындалатын мүліктік кешен ретінде кәсіпорынды сатудан түскен табыстар көрсетіледі;
24) 100.00.024 жолында ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша Салық кодексінің 85–бабы 1–тармағының 22–1)–тармақшасына сәйкес анықталатын табыс көрсетіледі;
25) 100.00.025 жолында Салық кодексінің 35–бабына сәйкес айқындалатын сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы не сенімгерлікпен басқару туындаудың өзге де жағдайларында пайда алушы алған (алуға тиіс) мүлікті сенімгерлікпен басқарудан табыстар көрсетіледі;
26) 100.00.026 жолында салық төлеушінің Салық кодексінің 85–бабы 1–тармағының 24)–тармақшасына сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілетін табысы көрсетіледі;
27) 100.00.027 жолында 100.00.001–ден 100.00.026–ға дейінгі жолдарды қосумен айқындалатын жылдық жиынтық табыстың жалпы сомасы көрсетіледі;
28) 100.00.028 жолында 100.00.028 І–ден 100.00.028 ХV–ке дейінгі жолдарды қосумен айқындалатын Салық кодексінің 99–бабына сәйкес жылдық жиынтық табысты түзетудің жалпы сомасы көрсетіледі (100.00.028 XVI жолы 100.00.028 жолының мағынасын анықтауда есептелмейді):
100.00.028 І жолында тәуекелді инвестициялау жабық пайлық инвестициялық қорлар мен тәуекелді инвестициялау акционерлік инвестициялық қорлар төлейтіндерді қоспағанда дивидендтер көрсетіледі;
100.00.028 ІІ жолында жеке тұлғалардың депозиттерін міндетті кепілдендіруді жүзеге асыратын ұйымдар алатын банктердің міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарының сомасы көрсетіледі;
100.00.028 ІІІ жолында Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қоры алған сақтандыру ұйымдарының міндетті қосымша және төтенше жарналарының сомасы көрсетіледі;
100.00.028 ІV жолында жеке тұлғалардың депозиттерін міндетті кепілдендіруді жүзеге асыратын ұйымдар мен Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қоры өтелген депозиттер мен жүзеге асырылған кепілдік және өтемдік төлемдер бойынша олардың талаптарын қанағаттандыру тәртібінде алған ақша сомалары көрсетіледі;
100.00.028 V жолында Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына жіберілген инвестициялық табыстар көрсетіледі;
100.00.028 VІ жолында Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін ұлғайтуға жіберілген инвестициялық табыстар көрсетіледі;
100.00.028 VІІ жолында Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлары туралы заңнамасына сәйкес пайлық және акционерлік инвестициялық қорлар кастодиандардағы және олардағы шоттарға алған инвестициялық табыстар көрсетіледі;
100.00.028 VІІІ жолында Қазақстан Республикасының секьюритизация туралы заңнамасына сәйкес секьюритизация мәмілесі бойынша арнайы қаржы компаниясы алған талап ету құқықтарын беруден табыстар көрсетіледі;
100.00.028 ІХ жолында сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы не сенімгерлікпен басқару туындаудың өзге де жағдайларында пайда алушы алған (алуға тиіс) мүлікті сенімгерлікпен басқарудан түскен таза табыстар көрсетіледі;
100.00.028 Х жолында мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры мақта өңдейтін ұйымдардан алған жыл сайынғы міндетті жарналардың сомасы көрсетіледі;
100.00.028 ХІ жолында бидай қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры нан қабылдайтын ұйымдардан алған жыл сайынғы міндетті жарналардың сомасы көрсетіледі;
100.00.028 ХІІ жолында жүзеге асырылған кепілдік төлемдері бойынша талаптарды қанағаттандыру тәртібінде мақта (бидай) қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры алған ақша сомасы көрсетіледі;
100.00.028 ХІІІ жолында инвестициялық депозиттер түрінде алынған ақшаны басқару кезінде ислам банкімен алынған, аталған инвестициялық депозиттердің депозиторларының шотына жіберілген және оларда орналасқан сыйақыны қоспағандағы ислам банкінің табыстарі көрсетіледі;
100.00.028 ХIV жолында Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржы компаниясы алған талап ету құқықтарын беруден табыстар көрсетіледі;
100.00.028 ХV жолында тауарлық–материалдық запастарды бағалаудың өзге әдісіне көшу кезінде қалыптасқан оң немесе теріс айырма көрсетіледі;
29) 100.00.029 жолында 100.00.027 жолы мен 100.00.028 жолдарының сомасының айырмасы ретінде айқындалған, 100.00.028 ХVI жолына ұлғайтылған (егер бұл жолдың мағынасы оң болған кезде) немесе 100.00.028 ХVI жолына азайтылған (егер бұл жолдың мағынасы теріс болған кезде) (100.00.027 – 100.00.028 + (–) 100.00.028 ХVI) түзету ескеріле отырып, жылдық жиынтық табыс көрсетіледі.
17. «Шегерімдер» бөлімінде:
1) 100.00.030 жолында Салық кодексінің 100–бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын сатылған (жұмсалған) тауарлардың, сатып алынған және өтеусіз алынған жұмыстар, қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі. 100.00.030 I – 100.00.030 II + 100.00.030 III + 100.00.030 IV + 100.00.030 V – 100.00.030 VI – 100.00.030 VII – 100.00.030 VIII – 100.00.030 IX ретінде айқындалады;
100.00.030 I жолында салық кезеңінің басына тауарлардың, шикізаттардың, материалдардың (соның ішінде сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен жинақталатын бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер, отын, қосалқы бөлшектер және тағы басқалары) (бұдан әрі – ТМҚ) өзіндік құны көрсетіледі. Бастапқы Декларацияда аталған жол салық кезеңнің басына бухгалтерлік теңгерме бойынша айқындалған деректерге сәйкес толтырылады. Өзінің бастапқы Декларациясын беретін салық төлеушіде салық кезеңінің басында ТМҚ болмауы мүмкін. Осы жол 100.00.030 І А бастап 100.00.030 I С (100.00.030 I А + 100.00.030 I В + 100.00.030 I C) дейінгі жолдар сомасы ретінде анықталады:
100.00.030 I А жолында салық кезеңінің басына ТМҚ құны көрсетіледі;
100.00.030 I В жолында салық кезеңінің басына аяқталмаған өндірістер құны көрсетіледі;
100.00.030 I С жолында салық кезеңінің басына дайын өнімнің, тауарлардың құны көрсетіледі.
100.00.030 II жолы салық кезеңінің соңына бухгалтерлік теңгерме деректеріне сәйкес толтырылады. Бұл ретте, көрсетілген жолда оны сатудан алынған табыстар салық кезеңінде салық салу мақсатында танылған, жылдың соңында ТМҚ қалдықтарында есепке алынатын және жолдағы (мысалы, FAS–порт шарттарындағы тауарларды сату) тауардың құны көрсетілмейді. Салық кезеңінің ішінде салық төлеуші берген тарату Декларациясында 100.00.030 II жолы тиісті салық кезеңінің соңына бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде толтырылады. Бұл жол 100.00.030 II А жолдан бастап 100.00.030 II С жолға дейінгі жолдардың сомалары ретінде айқындалады (100.00.030 II А + 100.00.030 II В + 100.00.030 II C):
100.00.030 IІ А жолында салық кезеңінің басына ТМҚ құны көрсетіледі;
100.00.030 IІ В жолында салық кезеңінің басына аяқталмаған өндіріс құны көрсетіледі;
100.00.030 IІ С жолында салық кезеңінің басына дайын өнім, тауарлар құны көрсетіледі.
100.00.030 III жолында:
салық төлеуші салық кезеңінің барысында келіп түскен ТМҚ, оның ішінде сатып алған, тегін алған, бірігу жолымен қайта ұйымдастыруға байланысты алынған, жарғылық капиталға салым ретінде алынған, және де басқа да негіздемемен келіп түскен,
тарапты ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар орындаған жұмыстар мен көрсеткен қызметтердің құны көрсетіледі.
Осы жолда келтірілген деректер Декларацияның 100.00.031 жолынан бастап 100.00.057 жолына дейінгі жолдар бойынша шегерімге жатқызылатын шығыстарды қамтымауы тиіс. 100.00.030 III А бастап 100.00.030 III H дейінгі жолдар мәндерінің қосындысымен айқындалады (100.00.030 III А + 100.00.030 III B + 100.00.030 III C + 100.00.030 III D + 100.00.030 III E +100.00.030 III F + 100.00.030 III G + 100.00.030 III H):
100.00.030 III А жолында салық төлеушінің есепті салық кезеңде сатып алған, өтеусіз алған ТМҚ құны көрсетіледі;
100.00.030 III B қаржылық қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі;
100.00.030 III C жарнамалық қызмет көрсетілердің құны көрсетіледі;
100.00.030 III D консультация қызметтер құны көрсетіледі;
100.00.030 III Е маркетинг қызметтер құны көрсетіледі;
100.00.030 III F дизайнерлік қызметтер құны көрсетіледі;
100.00.030 III G инжиниринг қызметтер құны көрсетіледі;
100.00.030 III Н басқа да жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алуға шығыстар көрсетіледі.
100.00.030 IV жолында:
100.00.041 жолы бойынша көрсетілетін және Салық кодексінің 155–бабы 3–тармағының 4) –тармақшасында беліленген тәуліктік мөлшерінің асып кетуін білдіретін;
тіркелген активтердің, преференциялар объектілерінің алғашқы құнына енетін;
Салық кодексінің 122–бабы 3–тармағына сәйкес кейінгі шығыстар ретінде танылатын;
Салық кодексінің 87–бабына сәйкес амортизацияға жатпайтын активтердің алғашқы құнына енетін қызметкерлердің есептелген табыстары бойынша шығыстарды қоспағанда Салық кодексінің 110–бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын қызметкерлердің есептелген табыстары мен жеке тұлғаларға өзге де төлемдер бойынша шығыстар көрсетіледі;
100.00.030 V жолында өткен салық кезеңдерінде алдағы кезеңдер шығыстары ретінде танылған және есепті салық кезеңінде шегерімдерге жатқызылған жұмыстар мен қызметтердің құны, ТМҚ өзіндік құны көрсетіледі;
100.00.030 VI жолында тіркелген активтер және жалға алынған негізгі құралдар бойынша Салық кодексінің 122 бабына сәйкес кейінгі шығыстар болып танылған жүргізілетін жұмыстар мен қызметтердің нақты құны, ТМҚ өзіндік құны көрсетіледі;
100.00.030 VII тіркелген активтердің, преференция объектілерінің, амортизацияға жатпайтын, активтердің бастапқы құнына енетін, жұмыстар мен қызметтердің нақты құны, ТМҚ өзіндік құны көрсетіледі;
100.00.030 VIII жолында 100.00.030 VII жолы бойынша көрсетілетін құнды қоспағанда, Салық кодексінің 115–бабынның негізінде шегерімдерге жатқызылмайтын, жұмыстар мен қызметтердің нақты құны, ТМҚ өзіндік құны көрсетіледі;
100.00.030 ІX жолында алдағы кезеңдердің шығыстары ретінде танылатын және кейінгі салық кезеңдерінде шегерімдерге жатқызылуы тиіс жұмыстар мен қызметтердің нақты құны, ТМҚ өзіндік құны көрсетіледі;
2) 100.00.031 жолында Салық кодексінің 100–бабы 6–тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын айыппұлдардың, өсімақылардың, тұрақсыздық айыптарының жалпы сомасы көр сетіледі;
3) 100.00.032 жолында Салық кодексінің 100–бабы 8–тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын бірлескен қызмет бойынша немесе бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі салық есебін жүргізген жағдайда оның бір бөлігі бойынша шығыстар көрсетіледі;
4) 100.00.033 жолында Салық кодексінің 100–бабы 10–тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын Салық кодексінің 97–бабы 3–тармағында көрсетілген әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезіндегі шығыстар көрсетіледі;
5) 100.00.034 жолында Салық кодексінің 100–бабы 11–тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын мәміледе белгіленген кепілдік мерзімі ішінде жүргізілген сатылған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің кемшіліктерін жою бойынша салық төлеушінің нақты шығыстарының сомасы көрсетіледі;
6) 100.00.035 жолында барабар әдістің қолданылуына байланысты есепке жатқызуға жатпайтын және Салық кодексінің 100–бабы 12–тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын қосылған құн салығы көрсетіледі;
7) 100.00.036 жолында 2009 жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан және Салық кодексінің 100–бабы 13–тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын есептелген қосылған құн салығының сомасынан есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасының артуы көрсетіледі;
8) 100.00.037 жолында Салық кодексінің 100–бабы 14–тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын мүшелік жарналар көрсетіледі;
9) 100.00.038 жолында Салық кодексінің 100–бабы 14–1 тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын салық төлеушінің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар бойынша шығыстар сомасы көрсетіледі;
10) 100.00.039 жолында Салық кодексінің 100–бабы 16–1–тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын жарнамалық мақсатта өтеусіз берілген тауардың құны көрсетіледі;
11) 100.00.040 жолында Салық кодексінің 103–бабына және Енгізу туралы Заңның 14–бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын сыйақылардың жалпы сомасы көрсетіледі.Осы жолға 100.14.004 жолы көшіріледі.
12) 100.00.041 жолында Салық кодексінің 101–бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақы сомасы көрсетіледі;
13) 100.00.042 жолында Салық кодексінің 102–бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын өкілдік шығыстардың сомасы көрсетіледі;
14) 100.00.043 жолында Салық кодексінің 104–бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын төленген күмәнді міндеттемелер көрсетіледі. Жол өзіне 100.00.043 І және 100.00.043 ІІ жолдарынның сомасын қамтиды:
100.00.043 І жолында Салық кодексінің 104–бабы бірінші бөліміне сәйкес шегерімге жатқызылатын салық төлеуші кредиторға төлеген бұрын күмәнді міндеттемелердің табысы деп танылған сома көрсетіледі;
100.00.043 ІІ жолында Салық кодексінің 104–бабы екінші бөліміне сәйкес шегерімге жатқызылатын Салық кодексінің 88–бабына сәйкес бұрын табыс деп танылған төленген міндеттемелердің сомасы көрсетіледі;
15) 100.00.044 жолында Салық кодексінің 105–бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын күмәнді талаптар көрсетіледі. Жол өзіне 100.00.044 І және 100.00.044 ІІ жолдарынның сомасын қамтиды:
100.00.044 І жолында талаптар туындаған сәттен бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған күмәнді талаптар сомасы көрсетіледі;
100.00.044 ІІ жолында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дебитор салық төлеушінің банкрот деп танылуына байланысты қанағаттандырылмаған күмәнді талаптар сомасы көрсетіледі;
16) 100.00.045 жолында Салық кодексінің 106–бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын резервтік қорларға аударымдар көрсетіледі:
100.00.045 І жолында Салық кодексінің 106–бабы 1–тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын, лицензия негізінде банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар құрған провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар сомасы көрсетіледі;
100.00.045 ІІ жолында Салық кодексінің 106–бабы 3–тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын микрокредиттік ұйымдар құрған резервтер бойынша шығыстар сомасы көрсетіледі;
100.00.045 ІІІ жолында Салық кодексінің 106–бабы 4–тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын, ұлттық басқару холдингі немесе негізгі қызмет түрі қарыздық операцияларды жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беру акцияларының (қатысу үлестері) жүз проценті ұлттық басқару холдингіне тиесілі заңды тұлғалар құрған провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар сомасы көрсетіледі;
17) 100.00.046 жолында Салық кодексінің 107–бабына сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын, емдік балшықты өндіруді, сондай–ақ барлауды және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының шегерімге жатқызылатын, кен орындарын әзірлеу салдарларын жоюға жұмсалған шығыстар мен тарату қорларына аударымдар сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 100.05 нысанының G бағанының қорытынды мәні көшіріледі;
18) 100.00.047 жолында Салық кодексінің 108–бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын ғылыми–зерттеу және ғылыми технологиялық жұмыстарға шығыстар көрсетіледі;
19) 100.00.048 жолында жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларды қоспағанда, Салық кодексінің 109–бабы 1–тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын сақтандыру шарттары бойынша төленуі тиіс немесе төленген сақтандыру сыйлықақылары көрсетіледі;
20) 100.00.049 жолында Салық кодексінің 109–бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын кепілдендіру жүйесіне қатысушының жарналары көрсетіледі:
100.00.049 І жолында Салық кодексінің 109–бабы 2–тармағына сәйкес жеке тұлғалардың депозиттерін міндетті кепілдендіру жүйесіне қатысушы банк шегерімге жатқызатын жеке тұлғалардың депозиттерін кепілдендіруге байланысты аударылған міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналар сомасы көрсетіледі.
100.00.049 ІІ жолында Салық кодексінің 109–бабы 4–тармағына сәйкес мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысушы мақта өңдеу ұйымы шегерімге жатқызатын мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беруге байланысты аударылған жыл сайынғы міндетті жарналар сомасы көрсетіледі;
100.00.049 ІІІ жолында Салық кодексінің 109–бабы 5–тармағына сәйкес бидай қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысушы астық қабылдау кәсіпорны шегерімге жатқызатын бидай қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беруге байланысты аударылған жыл сайынғы міндетті жарналар сомасы көрсетіледі;
21) 100.00.050 жолында Салық кодексінің 111–бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын геологиялық зерттеу мен табиғи ресурстарды өндіруге дайындық жұмыстарына шыққан шығыстар мен кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын, емдік балшықты өндіруді, сондай–ақ барлауды және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының басқа да шығыстары көрсетiледi. Бұл жолға 100.06–нысаны АА және АС бағандарының қорытынды мәнінің сомасы көшіріледі;
22) 100.00.051 І жолында Салық кодексінің 112–бабы 1–тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын қазақстандық кадрларды оқытуға және өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға жұмсалған кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын, емдік балшықты өндіруді, сондай–ақ барлауды және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының шығыстары көрсетіледі;
23) 100.00.052 жолында Салық кодексінің 113–бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын оң бағамдық айырма сомасынан теріс бағамдық айырма сомасының артуы көрсетіледі;
24) 100.00.053 жолында Салық кодексінің 114–бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер көрсетіледі;
25) 100.00.054 жолында Салық кодексінің 116 – 122–баптарына сәйкес жүргізілетін тіркелген активтер бойынша шегерімдер көрсетіледі. Бұл жолға 100.07.011, 100.07.012 жолдарының сомасы көшіріледі;
100.00.054 І жолында Салық кодексінің 117–бабы 10–тармағына және 120–баптың 2–1 тармағына сәйкес салық есебі жүргізілетін инвестициялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған корпоративтік табыс салығын төлеуден босату ұсынылған келісім–шарт бойынша инвестициялық жоба шеңберінде 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін және (немесе) кейін пайдалануға енгізілген тіркелген активтер бойынша шегерімдер анықтама ретінде көрсетіледі;
26) 100.00.055 жолында Салық кодексінің 123 – 125–баптарына, сондай–ақ Енгізу туралы Заңның 15–бабына сәйкес инвестициялық салық преференциялары бойынша шегерімдер көрсетіледі. Бұл жолға 100.08.008 жолының мәні көшіріледі. Егер салық төлеуші 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы Заңына сәйкес инвестициялар бойынша мемлекеттік уәкілетті органмен жасасқан келісім–шарттар бойынша жылдық жиынтық табыстан инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға енгізілген тіркелген активтер құнын шегерімге жатқызу түрінде инвестициялық салық преференцияларын қолданатын болса, бұл жолға 100.08.002 жолы да көшіріледі;
27) 100.00.056 жолында салық салынатын табыс осындай шығыстарды шегергеннен кейін нөлден көп болатын болса, Енгізу туралы Заңның 39–бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын біржолғы талон сатып алу бойынша шығыстар көрсетіледі;
28) 100.00.057 жолында Салық кодексіне сәйкес шегерімге жатқызылатын өзге де шығыстар көрсетіледі.
Шегерімдер бөлімінің 100.00.057 I жолында резидент еместің басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстары көрсетіледі;
29) 100.00.058 шегерімге жатқызылуы тиіс сома көрсетіледі. Бұл жолға не 100.00.058 І жолы, не 100.00.058 ІІ, не 100.00.058 ІІІ жолы көшіріледі:
100.00.058 І жолында шегерімге жатқызылатын шығыстардың жалпы сомасы көрсетіледі. 100.00.030–дан 100.00.057–ге дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалады. Декларацияны жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте салық салынуы тиіс табыстар алған кезде коммерциялық емес ұйымдар толтырған жағдайда 100.00.030–дан 100.00.057–ке дейінгі жолдарда жалпы коммерциялық емес ұйым бойынша шығыстар сомасы көрсетіледі;
100.00.058 ІІ жолында бір мезгілде 130.00–нысаны бойынша Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны және 100.00–нысаны бойынша Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ететін коммерциялық емес ұйымдардың Салық кодексінің 134–бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын шығыстарының сомасы көрсетіледі;
100.00.058 ІІІ жолында Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты мекеме(лері)сі бар резиденттер шегерімге жатқызуы тиіс шығыстар сомасы көрсетіледі. 100.00.058 I және 100.09.002 жолдарының айырмасы ретінде айқындалады.
18. «Табыстар мен шегерімдерді түзету» бөлімінде:
1) 100.00.059 жолында Салық кодексінің 131, 132–баптарына сәйкес жүргізілетін табыстар мен шегерімдерді түзетулердің жалпы сомасы көрсетіледі. 100.00.059 І және 100.00.059 ІІ жолдарының сомасын айырмасы ретінде айқындалады;
100.00.059 І жолында Салық кодексінің 131, 132–баптарына сәйкес жүргізілетін табыстарді түзетулердің сомасы көрсетіледі;
100.00.059 ІІ жолында Салық кодексінің 131, 132–баптарына сәйкес жүргізілетін шегерімдерді түзетулердің сомасы көрсетіледі.
19. «Салық салынатын табыс есебі» бөлімінде:
1) 100.00.060 жолында салық салынатын табыс (залал) көрсетіледі. 100.00.059 жолының оң және теріс мәндері ескеріле отырып, 100.00.029 және 100.00.058 жолдарының айырмасы ретінде айқындалады (100.00.029 –100.00.058 + 100.00.059);
2) 100.00.061 жолында резидент салық төлеуші Қазақстан Республикасынан тыс көздерден алған табыстар сомасы көрсетіледі. Бұл жол өзіне 100.00.061 І жолын да қамтиды:
100.00.061 І жолында Салық кодексінің 224–бабына сәйкес айқындалатын салық салуда жеңілдігі бар елде алған табыс көрсетіледі. Бұл жолға 100.13–нысаны І бағанының қорытынды мәні көшіріледі;
100.00.062 жолында Салық кодексінің 2–бабы 5–тармағына, 212, 213–баптарына сәйкес халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуы тиіс табыс сомасы көрсетіледі;
3) 100.00.063 жолында халықаралық салық салу ерекшелігі ескеріле отырып, салық салынатын табыс (залал) сомасы көрсетіледі. 100.00.062 жолы алына отырып, 100.00.060 және 100.00.061 I жолдарының сомасы ретінде айқындалады (100.00.060 + 100.00.061 I – 100.00.062);
4) 100.00.064 жолында Салық кодексінің 137–бабы 1–тармағына сәйкес көшірілуі тиіс залал көрсетіледі. Егер 100.00.063 жолының теріс мәні болса, 100.00.064 жолы 100.00.063 жолының және 100.07.008 І, жолының модулінің сомасы ретінде айқындалады. Егер 100.00.063 жолының оң мәні болса, 100.00.064 жолына 100.07.008 I жолы көшіріледі;
5) 100.00.065 жолында Салық кодексінің 133–бабына сәйкес салық салу табысын кеміту сомасы көрсетіледі. 100.00.065 А және 100.00.065 В жолдарының сомасы ретінде айқындалады;
100.00.065 А жолында Салық кодексінің 133–бабы 1–тармағына сәйкес салық төлеуші салық салу табысын кемітуге құқылы шығыстар көрсетіледі. 100.00.063 жолының 3 пайызы шегіндегі 100.00.065 АІ–ден 100.00.065 АІІІ–ге дейінгі жолдарының сомасы қосу 100.00.065 АІV және 100.00.065 АV жолдарының сомасы ретінде айқындалады (((100.00.065 АІ + 100.00.065 АІІ + 100.00.065 ІІІ) 100.00.063 жолының 3%) + (100.00.065 АІV+100.00.065 АV). Бұл ретте, егер 100.00.065 АІ–ден 100.00.065 АІІІ–ге дейінгі жолдарда көрсетілген нақты шығыс сомасы салық салынатын табыстан (100.00.063) үш пайыздан азын құрайтын болса, шығыстар жүргізілген нақты сома салық салынатын табыстан алып тастауға жатады. Егер сома салық салынатын табыстан үш пайыздан көп соманы құраған жағдайда, салық салынатын табыстың үш пайызы мөлшерінде айқындалған сома алып тасталады:
100.00.065 АІ жолында Салық кодексінің 97–бабы 2–тармағында көзделген әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынуы тиіс (алынған) табыстарден нақты шыққан шығыстардың арту сомасы көрсетіледі;
100.00.065 АІІ жолында өтеусіз негізде коммерциялық емес ұйымдарға және әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген мүлік құны көрсетіледі. Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты кеткен шығыстар мөлшерінде айқындалады. Бұл жол өзіне «1» шығыстар түрінің белгісі бойынша 100.11–нысаны G бағанының мәнін де қамтиды;
100.00.065 АІІІ жолында көмекті алатын адам тарапынан өтініш негізінде салық төлеушінің шешімі болған кезде демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетіледі. Бұл жол өзіне «2» шығыстар түрінің белгісі бойынша 100.11–нысаны G бағанының мәнін де қамтиды;
100.00.065 АІV жолында мүгедектердің еңбегін төлеуге жүргізілген шығыстардың 2 еселенген мөлшері және мүгедектерге жалақы мен басқа да төлемдерден есептелген әлеуметтік салық сомасының 50 пайызы көрсетіледі;
100.00.065 АV жолында жеке тұлғамен салық төлеушіде кем дегенде үш жыл жұмыс істеу міндеттемесі туралы шарт жасасқан жағдайда салық төлеушімен еңбек қатынасы жоқ жеке тұлғаның оқуына шығыстар көрсетіледі;
100.00.065 В жолында Салық кодексінің 133–бабы 2–тармағына сәйкес салық төлеуші салық салу табысын кемітуге құқылы табыстар көрсетіледі. 100.00.065 ВІ–ден 100.00.065 ВX–ге дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалады:
100.00.065 ВІ жолында негізгі құралдардың қаржы лизингі бойынша сыйақы, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер көрсетіледі;
100.00.065 ВІІ жолында осындай сыйақы есептеу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде орналасқан борышты бағалы қағаздар бойынша сыйақы көрсетіледі;
100.00.065 ВІІІ жолында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен табыстар көрсетіледі. Бұл жолға 100.01.011 ІІ жолы көшіріледі;
100.00.065 ВІV жолында агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен табыстар көрсетіледі. Бұл жолға 100.01.011 ІІІ жолы көшіріледі;
100.00.065 В V жолында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақы көрсетіледі;
100.00.065 ВVІ жолында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда гуманитарлық көмек түрінде алынған және мақсатты пайдаланылған мүліктің құны көрсетіледі;
100.00.065 ВVІІ жолында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінің негізінде мемлекеттік органнан немесе республикалық мемлекеттік кәсіпорыннан өтеусіз негізде республикалық мемлекеттік кәсіпорын алған негізгі құралдардың құны көрсетіледі;
100.00.065 ВVІІІ жолында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акциялар мен қатысу үлестерін сату кезінде құн өсімінен түскен табыс көрсетіледі. Бұл жол егер сату күніне көрсетілген заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлік) капиталының немесе акциясының (қатысу үлесінің) құнының 50 және одан да көп пайызын жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың мүлкі құраған жағдайда толтырылады. Бұл жолға 100.01.003 І жолы көшіріледі;
100.00.065 ІХ жолында сату күнінде Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде орналастырылған бағалы қағаздарды ашық сауда әдісімен сату кезінде құн өсімінен табыс көрсетіледі. Бұл жолға 100.01.003 ІІ және 100.01.011 І жолдарының сомасы көшіріледі;
6) 100.00.066 жолында Салық кодексінің 133–бабына сәйкес жүргізілетін азайту ескерілген салық салынатын табыс көрсетіледі. 100.00.063 және 100.00.065 жолдарының айырмасы ретінде анықталады (100.00.063 – 100.00.065). Егер 100.00.065 жолы 100.00.063 жолынан артық болса, 100.00.066 жолында нөл көрсетіледі;
7) 100.00.067 жолында алдыңғы салық кезеңдерінен көшірілген залалдар көрсетіледі;
8) 100.00.068 жолында көшірілген залалдар қосылған салық салынатын табыс көрсетіледі. Егер 100.00.066 жолында оң мән көрсетілген жағдайда толтырылады. 100.00.066 және 100.00.067 жолдары сомасының айырмасы ретінде айқындалады (100.00.066 – 100.00.067). Егер 100.00.067 жолы 100.00.066 жолынан артық болса, 100.00.068 жолында нөл көрсетіледі.
20. «Салық міндеттемесінің есебі» бөлімінде:
1) 100.00.069 жолында Енгізу туралы Заңның 4–бабына сәйкес немесе Салық кодексінің 147–бабы 2–тармағына сәйкес корпоративтік табыс салығының ставкасы пайыздарда көрсетіледі. Бұл жолды салық төлеуші Салық кодексінің 448–бабы 4 тармағында және 58–бабында көзделген бөлек есеп жүргізуді жүзеге асырмаған жағдайда толтырады;
2) 100.00.070 жолында Салық кодексінің 223–бабына сәйкес Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығын төлеу кезінде ескерілетін Қазақстан Республикасынан тыс төленген табысқа салықтардың немесе резидент салық төлеуші Қазақстан Республикасының шегінен тыс көздерден алған табыстарға соған ұқсас табыс салығының түрлерінің сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 100.13–нысаны Т бағанының қорытынды мәні көшіріледі;
3) 100.00.071 жолында шетел салығын есепке жатқызу ескерілген корпоративтік табыс салығы сомасы көрсетіледі. 100.00.068 және 100.00.069 жолдарының көбейтіндісін 100.00.70 жолынан айырмасы ретінде анықталады (100.00.068 х 100.00.069 – 100.00.070). Егер 100.00.070 жолы 100.00.068 және 100.00.069 жолдарының көбейтіндісінен артық болса, 100.00.071 жолында нөл көрсетіледі.
4) 100.00.072 жолында Салық кодексінің 139–бабы 2–тармағына сәйкес бюджетке төленуі тиіс корпоративтік табыс салығының сомасына кемітілетін салық кезеңінде ұтыс түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі;
5) 100.00.073 I жолында алдыңғы салық кезеңдерінде сыйақы түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған және Салық кодексінің 139–бабы 3–тармағына сәйкес көшірілген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі;
6) 100.00.073 жолында II Салық кодексінің 139–бабы 2–тармағына сәйкес бюджетке төленуі тиіс корпоративтік табыс салығының сомасына кемітілетін салық кезеңінде сыйақы түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі;
7) 100.00.074 жолында 100.00.074 I және 100.00.074 II және 100.00.074 III және 100.00.074 IV жолдарының айырмасы ретінде анықталатын (100.00.074 I – 100.00.074 II – 100.00.074 III – 100.00.074 IV) салық кезеңі үшін есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі:
100.00.074 I жолында Салық кодексінің 139–бабына сәйкес салық кезеңі үшін есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі. 100.00.071, 100.00.072, 100.00.073 I, 100.00.073 II жолдарының айырмасы ретінде айқындалады (100.00.071 – 100.00.072 – 100.00.073 I – 100.00.073 II). Егер айырмасы нөлге тең болса, онда 100.00.074 жолында нөл көрсетіледі;
100.00.074 ІІ жолында Салық кодексінің 451–бабына сәйкес салық кезеңі үшін есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі. Салық кодексінің 448 – 452–баптарында көзделген арнаулы салық режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер толтырады. 100.00.074 І жолының 70 пайызы ретінде айқындалады (100.00.074 І х 70%);
100.00.074 ІІІ жолында инвестициялар бойынша уәкілетті органмен жасасқан келісім–шартқа сәйкес стандартты салық жеңілдіктерін қолдануға байланысты кемітілген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 100.18.010 жолы көшіріледі;
100.00.074 ІV жолында Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы Заңына сәйкес салық төлеуші инвестициялар бойынша мемлекеттік уәкілетті органмен 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін жасасқан келісім–шарт негізінде есептелген корпоративтік табыс салығына кемітуге құқылы сома көрсетіледі;
8) 100.00.075 жолында Салық кодексінің 199–бабы 1–тармағына сәйкес Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметінен түскен резидент емес заңды тұлғаның таза табысы көрсетіледі. 100.00.068 және 100.00.074 жолдарының айырмасы ретінде айқындалады;
9) 100.00.076 жолында таза табысқа корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі:
100.00.076 І жолында Салық кодексінің 199–бабы 1–тармағына сәйкес 15 пайыз ставка бойынша есептелген таза табысқа корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі (100.00.075 х 15%);
100.00.076 ІІ жолында Салық кодексінің 212–бабына сәйкес халықаралық шартта көзделген ставка бойынша есептелген таза табысқа корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі. Егер салық төлеуші таза табысқа корпоративтік табыс салығына қатысты халықаралық шарт ережесін қолданса, таза табысқа корпоративтік табыс салығының ставкасы көрсетіледі;
100.00.076 ІІІ жолы егер 100.00.076 ІІ жолы толтырылған жағдайда толтырылады. Бұл жолға осы Ереженің 78–тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы аталған халықаралық шарт жасасқан елдің коды көрсетіледі;
100.00.076 ІV жолы егер 100.00.070 ІІ жолы толтырылған жағдайда толтырылады. Бұл жолға аталған халықаралық шарттың атауы көрсетіледі;
10) 100.00.077 жолында есептелген корпоративтік табыс салығының жиынтық сомасы көрсетіледі. 100.00.074 және 100.00.076 жолдарының сомасы ретінде айқындалады.
21. «Басқа да ақпараттар» бөлімінде:
1) 100.00.078 жолында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүлік құны көрсетіледі;
2) 100.00.079 жолында эмитент шығарған акцияларды орналастырудан алған ақша сомасы көрсетіледі;
3) 100.00.080 жолында өтеусіз берілген мүліктің құны көрсетіледі. Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты шыққан шығыстардың мөлшерінде айқындалады;
4) 100.00.081 жолында Салық кодексінде көзделген жағдайларда салық міндеттемесінің мөлшерін азайту сомасы көрсетіледі;
5) 100.00.082 жолында басқа адамнан алынуы тиіс (алынған) табыстан басқа, қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте табыс деп танылатын активтердің және (немесе) міндеттемелердің құнының өзгеруіне байланысты туындаған табыс көрсетіледі;
6) 100.00.083 жолында қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес активтерді қайта бағалауға резервтерді азайту есебінен таратылмаған пайданың ұлғаюы көрсетіледі;
7) 100.00.084 жолында бухгалтерлік есепте мойындалған міндеттемені орындауға жататын нақты көлемі мен осы міндеттеменің құны арасындағы оң айырма түрінде бухгалтерлік есепте міндеттемені мойындауға байланысты туындаған табыс көрсетіледі.
8) 100.00.085 жолында төленуі тиіс (төленген) шығыстардан басқа, қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарын және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы заңнамасын қолданған кезде бухгалтерлік есепте активтердің және (немесе) міндеттемелердің құнының өзгеруіне байланысты туындаған шығыс көрсетіледі;
9) 100.00.086 жолында Салық кодексінің 115–бабына сәйкес шегерімге жатқызылмайтын шығындардың жалпы сомасы көрсетіледі.
22. Салық кодексінің 58- бабы және (немесе) 310 -бабы және (немесе) 448-бабына сәйкес салық салу объектілері және салық салумен байланысты объектілер бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізуді жүзеге асыратын салық төлеушілер салықтық есепке алу мәліметтерінің негізінде Декларация (100 нысан) және оған қосымшаларды (формы 100.01 – 100.19) жалпы қызметтердің барлық түрлері бойынша (келісім–шарттық және келісім шарттан тыс қызметті қоса) жасайды және егер Декларацияда (100 нысан) және оған қосымшаларда алдын ала көзделген формулалар осы Декларацияда және оған қосымшаларда (формы 100.01 – 100.198) көрсетілуге жататын мәндердің өзгеруіне әкеліп соқса осындай формулаларды қолданбайды.
23. «Салық төлеушiнiң жауапкершiлiгi» бөлімінде:
1) «Басшының Аты–жөні» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, есімі, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;
2) Декларацияның берілген күні.
Декларацияның салық органына табыс етілген күні көрсетіледі;
3) салық органының коды.
Салық төлеушінің орналасқан орны бойынша салық органының коды көрсетіледі.
4) «Декларацияны қабылдаған лауазымды тұлғаның Аты–жөні» жолында Декларацияны қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;
5) Декларацияны қабылдау күні.
Салық кодексінің 584–бабы 2–тармағына сәйкес Декларацияны табыс ету күні көрсетіледі;
6) құжаттың табыс нөмірі.
Декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі;
7) пошта штемпелінің күні.
Пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.
