Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салык лекция.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
855 Кб
Скачать
☆

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Шарипов, А. Қ.Салық есебі:оқу құралы/ А. Қ.Шарипов.- Алматы:Экономика,2009.- 334 б.

2.Султанова, Б. Б.Налоговый учет : учеб.пособие / Б. Б. Султанова. - Алматы : Экономика, 2007. - 250 с.

3. Жақыпбеков, Д. С.Қазақстандық кәсіпорындарындағы салық салу,салық есебі мен есептілігін ұйымдастыру: оқу құралы / Д. С. Жақыпбеков.- Алматы : Экономика, 2009.

4.Салық есептілігі. - Алматы : Бико, 2002. - 116 б.

5.Салық есептілігі. - Алматы : Бико, 2003. - 116 б.

6.Салық есептілігі. - Алматы : Бико, 2004. - 248 б.

10 –Дәріс Жер қойнауын пайдаланушылардың салық есептілігi

1.Роялти бойынша салық есептілігін 500.00–нысан.

2. Қол қойылатын бонус бойынша салық есептілігін 510.00–нысан.

3. Коммерциялық табу бонусы бойынша салық есептілігін 520.00–нысан.

4. Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша салық есептілігі 530.00–нысан.

5.Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін 540.00–нысан.

6.Экспортқа арналған ренталық салық бойынша салық есептілігін 570.00–нысан.

1. Роялти бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (500.00–нысан)

 

«Салық төлеуші туралы кең ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі. Салық міндеттемесін сенім білдірілген басқарушы орындаған жағдайда жолда сенім білдірілген басқарушы – салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

2) ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі).Салық міндеттемесін сенім білдірілген басқарушы орындаған жағдайда жолда сенім білдірілген басқарушы – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі. Болған жағдайда көрсетіледі;

3) салық кезеңі – Декларация тапсырылатын есепті салық кезеңі (араб цифрларымен көрсетіледі);

4) салық төлеушінің аты–жөні немесе атауы.

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі;

5) валюта коды.

«Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланатын жіктеушілер туралы» Кедендік одақ Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 Шешімімен бекітілген «Валюталар жіктеушісінің» 23–қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;

6) Декларацияның түрі.

Тиісті торкөздер Декларацияны Салық кодексінің 63–бабында көрсетілген салық есептілігі түріне жатқызу есебімен белгіленеді.

7) хабарламаның нөмірі мен күні.

Торкөздер Салық кодексінің 63–бабы 3–тармағы 4)–тармақшасында көзделген Декларация түрін тапсырылған жағдайда толтырылады;

8) кен орны мен келісім–шарт атауы.

Жер қойнауын пайдалану келісім–шарттының және кен орындарының атауы көрсетіледі;

9) келісім–шартты жасасу күні.

Уәкілетті мемлекеттік органымен жер қойнауын пайдалану келісім–шарттың жасау күні көрсетіледі;

10) келісім–шарттың нөмірі.

Уәкілетті мемлекеттік орган тағайындаған келісім–шарттың тіркеу нөмірі көрсетіледі.

14. «Төлеуге роялти» бөлімінде:

500.00.001 жолында «Бюджетке төлеуге роялти сомасы» көрсетіледі, Декларацияға 500.01–қосымшасының қорытынды М бағанынан көшірілетін, бюджетке төленуге тиісті роялти сомасы көрсетіледі;

15. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» бөлімінде салық төлеуші мына мәліметтерді көрсетеді:

1) «Салық төлеушінің аты–жөні» жолында

Декларацияны заңды тұлға табыс еткен кезде құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіледі.

Декларацияны жеке тұлға табыс еткен кезде деректер жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады.

2) декларацияны беру күні.

Салық органына Декларацияны берген күні көрсетіледі;

3) салық органының коды.

Салық төлеушінің орналасу орны бойынша салық органының коды көрсетіледі.

4) «Декларацияны толтырған лауазымды тұлғаның аты–жөні» жолында Декларацияны толтырған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.

5) Салық органында Декларацияны қабылдау күні.

Салық кодексінің 584–бабы 2–тармақшасына сәйкес Декларацияны тапсыру күні көрсетіледі.

6) Декларацияның кіріс нөмірі.

Салық органымен берілген Декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі.

7) пошта штемпелінің күні.

Пошта немесе басқа байланыс мекемесінде қойылған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.