- •Дәріс тезистері «Салық есептілігі» пәні бойынша
- •5В050800-«Бухгалтерлік есеп» мамандығы
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық есептілігі 701.00–нысан (есебін) жасау тәртібі.
- •2. Көлік құралдары салығы бойынша салық есептілігі 700.00–нысан салық декларациясын жасау ережесі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің салық есептілігі 701.01–нысан (есебін) жасау ережесі
- •2. Жер салығы бойынша салық есептілігі 700.00–нысан салық декларациясын толтыру тәртібі.
- •1. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің салық есептілігін (есебін) жасау ережесі (701.01–нысан).
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •2. Мүлік салығы бойынша салық декларациясын 700.00–нысанды толтыру тәртібі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін 300.00- нысан салық декларациясын
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Акциз бойынша 400.00–нысанын салық декларациясын және қосымшаларын жасау ережесі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1.Әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін 200.00–нысан декларациясын жасау ережесі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •2. Декларацияны тапсыруға дейiнгi Есепті жасау (101.01–нысан)
- •3. Декларацияны тапсырудан кейiнгi Есепті толтыру (101.02–нысан)
- •2.Корпорациялық табыс салығын бойынша салық есептілігiн 100.00 - нысан салық декларациясын және қосымшаларын толтыру тәртібі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Роялти бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (500.00–нысан)
- •2. Қол қойылатын бонус бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (510.00–нысан)
- •3. Коммерциялық табу бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (520.00–нысан)
- •4. Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (530.00–нысан)
- •5. Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (540.00–нысан)
- •540.00.006 Жолында Салық кодексінің 348–4 бабының 3–тармағына сәйкес шегерімдер сомасының амортизациялық аударымдар сомасына түзетулері көрсетіледі;
- •10) 540.00.010 Жолында 540.00.007 жолынан 540.00.008 жолын және 540.00.009 жолын алу ретінде айқындалатын, салық кезеңі үшін іс жүзінде алынған таза табыс сомасы көрсетіледі;
- •540.00.013 А бағынанда деңгейлер көрсетілген;
- •540.00.013 F бағанында Салық кодексінің 351–бабына сәйкес салық ставкалары пайызбен келтірілген;
- •540.00.013G бағанында 540.00.013 е бағындағы әрбір жолдың 540.00.013 f бағанындағы тиісті ставкасына туындысы ретінде жол жолымен айқындалатын үстеме пайда салығының есептелген сомасы көрсетіледі;
- •14) 540.00.014 Жолында 540.00.013 g бағанының жоладырынң сомасы ретінде айқындалатын, төленуге тиіс үстеме пайда салығының есептелген сомасы көрсетіледі.
- •6. Экспортқа арналған ренталық салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (570.00–нысан)
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Ойын бизнесі салығы бойынша салық есептілігін 710.00–нысан салық декларациясын жасау ережесі.
- •1. Декларацияны жасау (710.00 – нысан)
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
3. Коммерциялық табу бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (520.00–нысан)
«Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі. Салық міндеттемесін сенім білдірілген басқарушы орындаған жағдайда жолда сенім білдірілген басқарушы – салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;
2) ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі). Салық міндеттемесін сенім білдірілген басқарушы орындаған жағдайда жолда сенім білдірілген басқарушы – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі. Болған жағдайда көрсетіледі;
3) Жыл – Декларация өткізілетін кездегі жыл кґрсетіледі (араб цифрларымен көрсетіледі);
4) салық төлеушінің аты–жөні немесе атауы.
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі;
5) Декларацияның түрі.
Тиісті торкөздер Декларацияны Салық кодексінің 63–бабында көрсетілген салық есептілігі түріне жатқызу есебімен белгіленеді;
6) хабарламаның нөмірі мен күні.
Торкөздер Салық кодексінің 63–бабы 3–тармағы 4)–тармақшасында көзделген Декларация түрін тапсырылған жағдайында толтырылады;
7) кен орны мен келісім–шарт атауы.
Жер қойнауын пайдалану келісім–шарттының және кен орындарының атауы көрсетіледі;
8) келісім–шарттың жасалған күні.
Уәкілетті мемлекеттік органымен жер қойнауын пайдалану келісім–шарттың жасалған күні көрсетіледі;
9) келісім–шарттың нөмірі.
Уәкілетті мемлекеттік орган тағайындаған келісім–шарттың тіркеу нөмірі көрсетіледі.
10) валюта коды.
«Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланатын жіктеушілер туралы» Кедендік одақ Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 Шешімімен бекітілген «Валюталар жіктеушісінің» 23–қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;
11) алынып жатқан запастар көлемін бекіту күні.
Уәкілетті мемлекеттік органмен кен орнындағы пайдалы қазбалар запастарының нақты көлемін бекіту күні.
«Төлеуге коммерциялық табу бонусы» бөлімінде:
«Төлеуге коммерциялық табу бонусы» 520.00.001 жолында, Декларацияға қосымшаның Н жиынтық бағанынан көшірілетін, бюджетке төлеуге коммерциялық табу бонусы көрсетіледі.
«Салық төлеушінің жауапкершілігі» бөлімінде салық төлеуші мына мәліметтерді көрсетеді:
1) «Салық төлеушінің аты–жөні» жолында
Декларацияны заңды тұлғаның тапсырылған кезінде құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіледі.
Декларацияны жеке тұлғаның тапсырған кезде деректер жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады;
2) декларацияны беру күні.
Декларацияны салық органына берудің күні көрсетіледі;
3) салық органының коды.
Салық төлеушінің орналасу орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;
4) «Декларацияны толтырған лауазымды тұлғаның аты–жөні» жолында Декларацияны толтырған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі;
5) Салық органында Декларацияны қабылдау күні.
Салық кодексінің 584–бабы 2–тармақшасына сәйкес Декларацияны тапсыру күні көрсетіледі;
6) Декларацияның кіріс нөмірі.
Салық органымен берілген Декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі;
7) пошта штемпелінің күні.
Пошта немесе басқа байланыс мекемесінде қойылған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.
Жер қойнауын пайдалануға келісім–шарт бойынша коммерциялық табу бонусын есептеу–520.01–нысанын жасау
520.01–нысаны есепті салық кезеңі үшін коммерциялық табу бонусы бойынша салық міндеттілігін есептеу туралы ақпаратты нақты көрсету үшін арналған.
«Коммерциялық табу бонусы» бөлімінде:
А–бағанында пайдалы қазбалардың бір түрі үшін арналған жолдың рет нөмірі көрсетіледі;
В–бағанында осы Ережелердің 16–тармағында көрсетілген пайдалы қазбалардың кодтарына сәйкес пайдалы қазбаның коды көрсетіледі;
С–бағанында кен орнында өндірілген пайдалы қазба запастары көлемінің өлшем бірлігі (тоннада, куб.м., унцияда, грамда және т.б.) көрсетіледі;
D–бағанында кен орнында өндірілген пайдалы қазба запастарының нақты көлемі ( тоннада, куб. м., унцияда, грамда және т. б.) көрсетіледі;
Е–бағанында Салық кодексінің 320–бабында көрсетілген, төлемді жүзеге асыру күніне қалыптасқан пайдалы қазбаның бағасы (тоннада, куб. м., унцияда, грамда және т. б.) көрсетіледі;
6) F бағанында D және Е бағандарында көрсетілген шамалардың туындысы ретінде айқындалатын салық базасы көрсетіледі;
Пайдалы қазбаларға биржалық баға белгiленбеген жағдайда алынатын қорлардың құны осы мақсаттар үшiн уәкілеттік берiлген мемлекеттік орган бекiткен келісім–шарттың техникалық–экономикалық негiздемесінде көрсетiлген өндiруге жұмсалатын жоспарлы шығындардың жоспарлы рентабельдiлiк мөлшерiне ұлғайтылған сомасынан айқындалады;
7) G бағанында Салық кодексінің 322–бабына сәйкес, коммерциялық табу бонусының ставкасы көрсетіледі;
8) Н бағанында F және G бағандарында көрсетілген шамалардың туындысы ретінде айқындалатын коммерциялық табу бонусының сомасы көрсетіледі.
Н бағанының жиынтық коммерциялық табу бонусының сомасы Декларацияның 520.00.001 жолына көшіріледі.
