Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салык лекция.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
855 Кб
Скачать
☆

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Жақыпбеков, Д. С.Қазақстандық кәсіпорындарындағы салық салу,салық есебі мен есептілігін ұйымдастыру: оқу құралы / Д. С. Жақыпбеков.- Алматы : Экономика, 2009.

2.Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» заңы (Салық Кодексі). Алматы, 2010ж.

3.Салық есептілігі. - Алматы : Бико, 2002. - 116 б.

4.Салық есептілігі. - Алматы : Бико, 2003. - 116 б.

5.Салық есептілігі. - Алматы : Бико, 2004. - 248 б.

6 –Дәріс Акциз бойынша салық есептілігi

1. Акциз бойынша 400.00–нысанын салық декларациясын және қосымшаларын жасау ережесі.

Орналасқан орны бойынша салық органында тіркелген салық салуға байланысты объектісі бар акциз төлеуші, дизель отыны мен бензин (авиациялықты қоспағанда) өткізуді жүзеге асыратын төлеушілерді қоспағанда Акциз бойынша декларацияны құрылымдық бөлімшелер немесе салық салуға байланысты объектілер үшін есепті қоса бермей–ақ табыс етеді.

2. Декларация Декларацияның өзінен (400.00–нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей–тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (400.01–400.08 нысандар) тұрады.

3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Декларацияға қосымшалар Декларациядағы тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.

6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды.

7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

8. Осы ережелерде арифметикалық белгілер қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.

9. Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде « – » белгісімен белгіленеді.

10. Декларация жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады;

2) электронды тасығышта – Салық кодексінің 68–бабына сәйкес толтырылады.

11. Декларация Салық кодексінің 61–бабы 3–тармағына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.

12. Декларацияны беру кезінде:

1) декларация қағаз түрінде келу тәртібінде қағаз тасығышта – екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз тасығышта – салық төлеуші почта немесе өзгелей байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде – салық төлеуші салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің электронды түрде қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарлама алады.

13. Қосымшалардың «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімдерінде Декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.

14. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Декларацияны табыс ету кезінде:

СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі 2012 жылдың 1 қантарына дейін толтырылуы тиіс.

ЖСН/БСН –жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі) 2012 жылдың 1 қантарынан бастап толтырылуы тиіс.

15. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі.

Сенімгерлікпен басқарушы салық міндеттемесін орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы – салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

2) ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі). Болған жағдайда көрсетіледі;

Сенімгерлікпен басқарушы салық міндеттемесін орындаған кезде жолда – сенімгерлікпен басқарушының салық төлеушінің ЖСК/БСН көрсетіледі;

3) салық төлеушінің аты–жөні немесе атауы.

Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес атауы немесе жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлік басқарушы заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі;

4) салық кезеңі (ай) – Декларация берілетін салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі). Декларация табыс ету үшін күнтізбелік күн Салық кодексінің 295–бабына сәйкес есепті салық кезеңі болып табылады;

5) Декларация түрі.

Тиісті торкөздер Декларацияны Салық кодексінің 63–бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызуды ескере отырып, белгіленеді;

6) хабарлама нөмірі мен күні.

Жолдар Салық кодексінің 63–бабы 3–тармағының 4)–тармақшасында көзделген Декларация түрін табыс еткен жағдайда толтырылады;

7) салық төлеуші санаты.

Торкөз егер төлеуші А жолында көрсетілген санатқа жататын болса, белгіленеді;

8) валюта коды.

«Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланатын жіктеушілер туралы» Кедендік одақ Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 Шешімімен бекітілген «Валюталар жіктеушісінің» 23–қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;

9) берілген қосымшалар.

Берілген қосымшалардың торкөздері белгіленеді;

10) құрылымдық бөлімшелер үшін немесе салық салуға байланысты объектілер үшін берілген есептер.

Тиісті торкөз құрылымдық бөлімшелер үшін немесе салық салуға байланысты объектілер үшін жасалған есеп нысанына қарай белгіленеді.

16. «Төлеуге акциздер есептелді» бөлімінде:

1) 400.00.001 жолында барлық спирт түрлері бойынша есептелген акциз сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 400.01.014 жолында көрсетілген сома көшіріледі;

2) 400.00.002 жолында алкоголь өнімі бойынша есептелген акциз сомасы көрсетіледі. Бұл жол 400.02.013 (400.02 нысанының барлық парақтары бойынша) және 400.01.028 жолдарында көрсетілген соммалардың мөлшерінен құралады;

3) 400.00.003 жолында темекі бұйымдары бойынша есептелген акциз сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 400.03.012, 400.03.024, 400.03.036, 400.03.048 және 400.03.060 жолдарында көрсетілген сома көшіріледі;

4) 400.00.004 жолында шикі мұнай, газ конденсаты бойынша есептелген акциз сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 400.04.013 жолында көрсетілген сома көшіріледі;

5) 400.00.005 жолында бензин (авиациялықты қоспағанда) бойынша есептелген акциз сомасы көрсетіледі.

Бұл жолға 400.05.003 С жолында көрсетілген сома көшіріледі;

6) 400.00.006 жолында дизел отыны бойынша есептелген акциз сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 400.05.006 С жолында көрсетілген сома көшіріледі;

7) 400.00.007 жолында Салық кодексінің 279–бабы 6)–тармақшасында көзделген акцизделетін тауарлар бойынша есептелген акциз сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 400.08.011 жолында көрсетілген сома көшіріледі;

8) 400.00.008 жолында өзге де акцизделетін тауарлар бойынша есептелген акциз сомасы көрсетіледі. Бұл жолды жер қойнауын пайдалануға арналған келісім–шартпен белгіленген салық режимінде акциз есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын төлеушілер толтырады;

9) 400.00.009 жолында 400.00.001–ден 400.00.008–ге дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалатын есептелген акциздің жалпы сомасы көрсетіледі;

10) 400.00.010 жолында салықтан шегерім сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 400.06 нысаны Е бағанының 00000001 жолында көрсетілген қорытынды сома көшіріледі;

11) 400.00.011 жолында 400.00.009 және 400.00.010 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын есептелген акциздің қорытынды сомасы көрсетіледі;

12) 400.00.012 жолында құрылымдық бөлімшелер үшін немесе салық салуға байланысты объектілер үшін есептелген акциз сомасы көрсетіледі.

17. «Акциз салудан босатылған акцизделетін тауарлар» бөлімінде:

1) 400.00.013 жолында Салық кодексінің 281–бабы 3–тармағына сәйкес акциздерден босатылған басты мекеменің өткізілген акцизделетін тауарлардың барлық құны, сонымен қатар, Салық кодексінің 285–бабы 3–тармағына сәйкес төтенше оқиғалар салдарынан бүлінген, жоғалған акцизделетін тауарлардың құны көрсетіледі. Бұл жолға 400.07.004 жолында көрсетілген сома көшіріледі.

2) 400.00.014 жолында Салық кодексінің 281–бабы 3–тармағына сәйкес акциздерден босатылған құрылымдық бөлімшенің өткізілген акцизделетін тауарлардың барлық құны, сонымен қатар, Салық кодексінің 285–бабы 3–тармағына сәйкес төтенше оқиғалар салдарынан бүлінген, жоғалған акцизделетін тауарлардың құны көрсетіледі. Бұл жол 400.00.014 I, 400.05.014 II, 400.00.014 III, 400.00.014 IV, 400.00.014 V, 400.00.014 VI, 400.00.014 VII, 400.00.014 VIII, 400.00.014 IX, 400.00.014 X, 400.00.014 XI, 400.00.014 XII, 400.00.014 XIII жолдарының сомасы болып анықталады;

3) 400.00.014 I жолында акцизден босатылған өткізілген спирттің құны көрсетіледі. Осы жолға 421.00.007 I B жолында көрсетілген сомасы көшіріледі;

4) 400.00.014 II жолында акцизден босатылған өткізілген арақтардың және айрықша арақтардың құны көрсетіледі. Осы жолға 421.00.007 II B жолында көрсетілген сомасы көшіріледі;

5) 400.00.014 III жолында акцизден босатылған өткізілген ликер–арақ өнімдерінің құны көрсетіледі. Осы жолға 421.00.007 III B жолында көрсетілген сомасы көшіріледі;

6) 400.00.014 IV жолында акцизден босатылған өткізілген шараптар құны көрсетіледі. Осы жолға 421.00.007 IV B жолында көрсетілген сомасы көшіріледі;

7) 400.00.014 V жолында акцизден босатылған өткізілген коньяктар құны көрсетіледі. Осы жолға 421.00.007 V B жолында көрсетілген сомасы көшіріледі;

8) 400.00.014 VI жолында акцизден босатылған өткізілген бренди құны көрсетіледі. Осы жолға 421.00.007 VI B жолында көрсетілген сомасы көшіріледі;

9) 400.00.014 VII жолында акцизден босатылған өткізілген сыра құны көрсетіледі. Осы жолға 421.00.007 VII B жолында көрсетілген сомасы көшіріледі;

10) 400.00.014 VIII жолында акцизден босатылған өткізілген шарап материалы құны көрсетіледі. Осы жолға 421.00.007 VIII B жолында көрсетілген сомасы көшіріледі;

11) 400.00.014 IX жолында акцизден босатылған өткізілген темекі бұйымдарының құны көрсетіледі;

12) 400.00.014 Х жолында акцизден босатылған өткізілген бензин (авиациялықты қоспағанда) құны көрсетіледі. Осы жолға 431.00.009 I B жолында көрсетілген сомасы көшіріледі;

13) 400.00.014 ХI жолында акцизден босатылған өткізілген дизель отыны құны көрсетіледі. Осы жолға 431.00.009 II B жолында көрсетілген сомасы көшіріледі;

14) 400.00.014 ХII жолында акцизден босатылған өткізілген шикі мұнай, газ конденсаты құны көрсетіледі;

15) 400.00.014 ХIII жолында акцизден босатылған Салық кодексінің 279–бабы 6)–тармақшасында көзделген өткізілген акцизделетін тауарлар құны көрсетіледі.

18. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» бөлімінде:

1) «Басшының Аты–жөні» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі. Егер Декларацияны жеке тұлға берген кезде жолда «Салық төлеушінің аты–жөні» жолын қамтуы тиіс, деректер жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады;

2) Декларация берілген күн.

Декларацияның салық органына табыс етілген күні көрсетіледі;

3) салық органының коды.

Салық төлеушінің орналасқан орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;

4) «Декларацияны қабылдаған лауазымды тұлғаның аты–жөні» жолында Декларацияны қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі;

5) Декларация қабылдау күні.

Салық кодексінің 584–бабы 2–тармағына сәйкес Декларацияны табыс ету күні көрсетіледі;

6) құжаттың кіріс нөмірі.

Декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі;

7) почта штемпелінің күні.

Почта немесе өзге байланыс ұйымы қойған почта штемпелінің күні көрсетіледі.