- •Дәріс тезистері «Салық есептілігі» пәні бойынша
- •5В050800-«Бухгалтерлік есеп» мамандығы
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық есептілігі 701.00–нысан (есебін) жасау тәртібі.
- •2. Көлік құралдары салығы бойынша салық есептілігі 700.00–нысан салық декларациясын жасау ережесі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің салық есептілігі 701.01–нысан (есебін) жасау ережесі
- •2. Жер салығы бойынша салық есептілігі 700.00–нысан салық декларациясын толтыру тәртібі.
- •1. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің салық есептілігін (есебін) жасау ережесі (701.01–нысан).
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •2. Мүлік салығы бойынша салық декларациясын 700.00–нысанды толтыру тәртібі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін 300.00- нысан салық декларациясын
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Акциз бойынша 400.00–нысанын салық декларациясын және қосымшаларын жасау ережесі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1.Әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін 200.00–нысан декларациясын жасау ережесі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •2. Декларацияны тапсыруға дейiнгi Есепті жасау (101.01–нысан)
- •3. Декларацияны тапсырудан кейiнгi Есепті толтыру (101.02–нысан)
- •2.Корпорациялық табыс салығын бойынша салық есептілігiн 100.00 - нысан салық декларациясын және қосымшаларын толтыру тәртібі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Роялти бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (500.00–нысан)
- •2. Қол қойылатын бонус бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (510.00–нысан)
- •3. Коммерциялық табу бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (520.00–нысан)
- •4. Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (530.00–нысан)
- •5. Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (540.00–нысан)
- •540.00.006 Жолында Салық кодексінің 348–4 бабының 3–тармағына сәйкес шегерімдер сомасының амортизациялық аударымдар сомасына түзетулері көрсетіледі;
- •10) 540.00.010 Жолында 540.00.007 жолынан 540.00.008 жолын және 540.00.009 жолын алу ретінде айқындалатын, салық кезеңі үшін іс жүзінде алынған таза табыс сомасы көрсетіледі;
- •540.00.013 А бағынанда деңгейлер көрсетілген;
- •540.00.013 F бағанында Салық кодексінің 351–бабына сәйкес салық ставкалары пайызбен келтірілген;
- •540.00.013G бағанында 540.00.013 е бағындағы әрбір жолдың 540.00.013 f бағанындағы тиісті ставкасына туындысы ретінде жол жолымен айқындалатын үстеме пайда салығының есептелген сомасы көрсетіледі;
- •14) 540.00.014 Жолында 540.00.013 g бағанының жоладырынң сомасы ретінде айқындалатын, төленуге тиіс үстеме пайда салығының есептелген сомасы көрсетіледі.
- •6. Экспортқа арналған ренталық салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (570.00–нысан)
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Ойын бизнесі салығы бойынша салық есептілігін 710.00–нысан салық декларациясын жасау ережесі.
- •1. Декларацияны жасау (710.00 – нысан)
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
4. Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (530.00–нысан)
«Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі. Салық міндеттемесін сенім білдірілген басқарушы орындаған жағдайда жолда сенім білдірілген басқарушы – салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;
2) ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі). Салық міндеттемесін сенім білдірілген басқарушы орындаған жағдайда жолда сенім білдірілген басқарушы – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі. Болған жағдайда көрсетіледі;
3) салық кезеңі – Декларация тапсырылатын есепті салық кезеңі (араб цифрларымен көрсетіледі);
4) салық төлеушінің аты–жөні немесе атауы.
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі;
5) Декларацияның түрі.
Тиісті торкөзді Декларацияны Салық кодексінің 63–бабында көрсетілген салық есептілігі түріне жатқызу есебімен белгіленеді;
6) хабарламаның нөмірі мен күні.
Торкөзді Салық кодексінің 63–бабы 3–тармағы 4)–тармақшасында көзделген Декларация түрін табыс ету жағдайында толтырылады;
7) валюта коды.
«Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланатын жіктеушілер туралы» Кедендік одақ Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 Шешімімен бекітілген «Валюталар жіктеушісінің» 23–қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;
8) кен орны мен келісім–шарттың атауы.
Өнімді бөлу туралы келісім–шарт пен кен орындарының атауы көрсетіледі;
9) пайдалы қазбаның коды.
Осы Ережелердің 26–тармағында көрсетілген пайдалы қазбалар кодтарына сәйкес пайдалы қазба коды көрсетіледі;
10) келісім–шарттың жасалған күні.
Өнімді бөлу туралы келісім–шарттын уәкілетті мемлекеттік органмен жасалған күні көрсетіледі;
11) келісім–шарттың нөмірі.
Келісім–шарттың уәкілетті мемлекеттік орган тағайындаған тіркеу нөмірі көрсетіледі;
12) ұсынылған қосымшалар.
Ұсынылған қосымшалардың тиісті торкөзді белгіленеді;
13) өлшем бірлігі.
Өнімді бөлу туралы келісім–шартқа сәйкес өндірілген пайдалы қазбалардың өлшем бірлігі көрсетіледі ( тоннада, куб. м., унцияда, грамда және т. б.);
«2004 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісім–шарттар бойынша өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін есептеу» бөлімінде:
1) 530.00.001 жолында салық кезеңінде өндірілген өнімнің жалпы көлемі көрсетіледі., жер қойнауын пайдалануға арналған келісім–шарттардың шарттарына сәйкес өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін есептеу үшін база болып өндірілген өнімнің жалпы көлемі табылған жағдайда, осы жолды жер қойнауын пайдаланушылар толтырады;
2) 530.00.002 жолында салық кезеңінде өткізілген өнімнің жалпы көлемі көрсетіледі. Осы жолды жер қойнауын пайдаланушылар, егер жер қойнауын пайдалануға келісім–шарттың шарттарына сәйкес өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін есептеу үшін база болып өткізілген өнімнің жалпы көлемі табылатын жағдайда толтырады;
3) 530.00.003 жолында өндірілген өнімнің құны көрсетіледі. Осы жолды жер қойнауын пайдаланушылар, егер жер қойнауын пайдалануға келісім–шарттың шарттарына сәйкес өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін есептеу үшін база болып өндірілген өнімнің жалпы құны табылатын жағдайда толтырады;
4) 530.00.004 жолында қосымша құн салығы және акциздер есебінсіз өнімді сатудан кіріс көрсетіледі. Осы жолға 530.01 қосымшасы Е жолының жиынтық шамасы көшіріледі. Осы жолды жер қойнауын пайдалануға келісім–шарт шарттарына сәйкес сатылған өнімнің жалпы көлемін пайдаланатын жер қойнауын пайдаланушылар толтырады;
5) 530.00.005 жолында өнімді сатумен байланысты шығындар көрсетіледі, егер келісім–шарттың шарттарына сәйкес аталған шығындар өтемақылық және пайда әкелетінге бөлінуге жататын жағдай болса, өнімнің құнын айқындау кезінде есепке алынады. Осы жолға 530.02 қосымшасы С бағанының жиынтық шамасы көрсетіледі;
6) 530.00.006 жолында жер қойнауын пайдалануға келісім–шарттың шарттарына сәйкес салық кезеңі үшін роялтидің нақты төленген сомасы көрсетіледі;
7) 530.00.007 жолында келісім–шарт шарттарына сәйкес айқындалатын өтемақылық және пайдалық бөлуге жататын өнім жалпы құны көрсетіледі;
8) 530.00.008 жолында келісім–шарт шарты бойынша ең жоғарғы рұқсат етілетін мөлшерден асырылмай салық кезеңі үшін өтемақылық өнім есебінен өтелген шығыстар сомасы көрсетіледі. Осы жолға 530.03.005 жолының шамасы көшіріледі;
9) 530.00.009 жолында 530.00.007 мен 530.00.008 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушы арасындағы бөлуге жататын пайдалық өнімінің сомасы көрсетіледі;
10) 530.00.010 жолында жер қойнауын пайдалануға келісім–шарт шарттарына сәйкес өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасы үлесінің қолданылатын ставкасы көшіріледі, пайыздарда;
11) 530.00.011 жолында 530.00.009 және 530.00.010 жолдарында көрсетілген шамалардың туындысы ретінде айқындалатын бюджетке төлеуге жататын өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасы үлесінің есептелген сомасы көрсетіледі;
12) 530.00.012 жолында Республикада бөлінген, банк пайыздарының
Қоса есептелген сомасы көрсетіледі. Осы жол келісім–шартқа сәйкес, бекітілген мәмілелер шеңберінде соңғы сатулардан түсулер бірлескен банк шотына аударылатын және шығындарды төлеу және қатысушылар арасында бөлуге дейін сонда болатын, өнеркәсіптер үшін іске асады.
«2004 жылдың 1 қаңтарынан кейін жасалған жер қойнауын пайдалану келісім–шарттары бойынша өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін есептеу» бөлімінде:
1) 530.00.013 жолында қосымша құн салығысыз және акцизсіз есепті салық кезеңі үшін сатылған өнімнің жалпы көлемі көрсетіледі. Аталған жолға 530.01 қосымшасы Е бағанының жиынтық шамасы көшіріледі;
2) 530.00.014 жолында есепті салық кезеңі үшін роялтидің нақты төленген сомасы көрсетіледі;
3) 530.00.015 жолында келісім–шарт шарттарына сәйкес 530.00.013 және 530.00.014 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын өтемақылық және пайдалық бөлуге жататын өнімнің жалпы құны көрсетіледі;
4) 530.00.016 жолында келісім–шарт шарты бойынша ең жоғарғы рұқсат етілетін мөлшерден асырылмай салық кезеңі үшін өтемақылық өнім есебінен өтелген шығыстар сомасы көрсетіледі. Осы жолға 530.03.009 жолының шамасы көшіріледі;
5) 530.00.017 жолында 530.00.015 және 530.00.016 жолдарының туындысы ретінде айқындалатын Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушы арасындағы бөлуге жататын кіріс сомасы көрсетіледі;
6) 530.00.018 жолында нарықтық бағаның сатудың орташа өлшенген нақты бағасына қатынасы ретінде айқындалатын, өткізудің нарықтық бағасын ескерумен түзетудің коэфициенті көрсетіледі.
Бұл ретте, орташа өлшенген баға Е бағанының 530.01 қосымшасы С бағанының жолына қатынасы ретінде айқындалады;
7) 530.00.019 жолына 530.00.017 және 530.00.018 жолдарының туындысы ретінде айқындалатын түзетуді есекерумен Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушы арасындағы бөлуге жататын кіріс сомасы көрсетіледі;
8) 530.00.020 жолында өнімді бөлу туралы келісім–шартында айқындалатын пайдалы түсімді өнімдегі жер қойнауын пайдаланушының үлесі көрсетіледі;
9) 530.00.021 жолында 530.00.019 және 530.00.020 жолдарының туындысы ретінде айқындалатын бюджетке төленуге жататын өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасы үлесінің есептелген сомасы көрсетіледі.
«2005 жылдың 1 қаңтарынан кейін жасалған жер қойнауын пайдалану келісім–шарттары бойынша өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін есептеу» бөлімінде:
1) 530.00.022 жолында салық кезеңі үшін өндірілген өнімнің жалпы көлемі көрсетіледі;
2) 530.00.023 жолында өнімді сатудан кіріс көрсетіледі. Аталған жолға 530.01 нысанының Е бағанының жиынтық шамасы көшіріледі;
3) 530.00.024 жолында қосымша құн салығысыз мен акцизсіз өнімді өткізумен байланысты шығындар көрсетіледі, егер келісім–шарттың шарттарына сәйкес аталған шығындар өтемақылық және пайда әкелетінге бөлінуге жататын жағдай болса, өнімнің құнын айқындау кезінде есепке алынады. Аталған жолға 530.02 нысаны С бағанының жиынтық шамасы көшіріледі;
4) 530.00.025 жолында салық кезеңі үшін өткізілген өнімнің жалпы көлемі көрсетіледі;
5) 530.00.026 жолында өзімен 530.00.025 жолының 530.00.023 и 530.00.024 жолдарының айырмасына қатынасын білдіретін, бөлу нүктесіндегі өнімді өткізудің орташа бағасы көрсетіледі;
6) 530.00.027 жолында 530.00.022 және 530.00.026 жолдарының туындасы ретінде айқындалатын өндірілген өнімнің құны көрсетіледі;
7) 530.00.028 жолында өтемақылық өнімнің үлесі көрсетіледі;
8) 530.00.029 жолында өтемақылық өнімнің көлемі көрсетіледі;
9) 530.00.030 жолында өтелетін шығындар көрсетіледі, есепті салық кезеңінде өтемақылық өнім есебінен нақты өтелген. Аталған жолға 530.03.009 жолының шамасы көшіріледі;
10) 530.00.031 жолында Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушы арасындағы бөлінуге жататын өнімнің көлемі көрсетіледі (530.00.022 – 530.00.029);
11) 530.00.032 жолында өнімді бөлу туралы келісім–шартына сәйкес айқындалатын R – факторы (кірістілік көрсеткіші) көрсетіледі;
12) 530.00.033 жолында өнімді бөлу туралы келісім–шартына сәйкес айқындалатын РІН (рентабельділіктің ішкі нормасы) көрсетіледі;
13) 530.00.034 жолында өнімді бөлу туралы келісім–шартына сәйкес айқындалатын Р –факторы (баға коэфициенті) көрсетіледі;
14) 530.00.035 жолында жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесі көрсетіледі, пайыздарда;
15) 530.00.036 жолында өнімді бөлу туралы келісім–шартына сәйкес айқындалатын жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесі көрсетіледі;
16) 530.00.037 жолында 530.00.031 және 530.00.036 жолдарының туындысы ретінде айқындалатын өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі көрсетіледі;
17) 530.00.038 жолында 530.00.026 және 530.00.037 жолдарының туындысы ретінде айқындалатын, құндық түріндегі өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі көрсетіледі;
«Салық төлеушінің жауапкершілігі» бөлімінде салық төлеуші мына мәліметтерді көрсетеді:
1) «Салық төлеушінің аты–жөні» жолында
Декларацияны заңды тұлға табыс еткен кезде құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіледі.
Декларацияны жеке тұлға табыс еткен кезде деректер жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады;
2) декларацияны беру күні.
Декларацияны салық органына берудің күні көрсетіледі;
3) салық органының коды.
Салық төлеушінің орналасу орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;
4) «Декларацияны толтырған лауазымды тұлғаның аты–жөні» жолында Декларацияны толтырған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі;
5) Салық органында Декларацияны қабылдау күні.
Салық кодексінің 584-бабы 2-тармағына сәйкес Декларацияны табыс ету күні көрсетіледі;
6) Декларацияның кіріс нөмірі.
Салық органымен берілген Декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі;
7) пошта штемпелінің күні.
Пошта немесе басқа байланыс мекемесінде қойылған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.
