- •Дәріс тезистері «Салық есептілігі» пәні бойынша
- •5В050800-«Бухгалтерлік есеп» мамандығы
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық есептілігі 701.00–нысан (есебін) жасау тәртібі.
- •2. Көлік құралдары салығы бойынша салық есептілігі 700.00–нысан салық декларациясын жасау ережесі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің салық есептілігі 701.01–нысан (есебін) жасау ережесі
- •2. Жер салығы бойынша салық есептілігі 700.00–нысан салық декларациясын толтыру тәртібі.
- •1. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің салық есептілігін (есебін) жасау ережесі (701.01–нысан).
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •2. Мүлік салығы бойынша салық декларациясын 700.00–нысанды толтыру тәртібі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін 300.00- нысан салық декларациясын
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Акциз бойынша 400.00–нысанын салық декларациясын және қосымшаларын жасау ережесі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1.Әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін 200.00–нысан декларациясын жасау ережесі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •2. Декларацияны тапсыруға дейiнгi Есепті жасау (101.01–нысан)
- •3. Декларацияны тапсырудан кейiнгi Есепті толтыру (101.02–нысан)
- •2.Корпорациялық табыс салығын бойынша салық есептілігiн 100.00 - нысан салық декларациясын және қосымшаларын толтыру тәртібі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Роялти бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (500.00–нысан)
- •2. Қол қойылатын бонус бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (510.00–нысан)
- •3. Коммерциялық табу бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (520.00–нысан)
- •4. Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (530.00–нысан)
- •5. Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (540.00–нысан)
- •540.00.006 Жолында Салық кодексінің 348–4 бабының 3–тармағына сәйкес шегерімдер сомасының амортизациялық аударымдар сомасына түзетулері көрсетіледі;
- •10) 540.00.010 Жолында 540.00.007 жолынан 540.00.008 жолын және 540.00.009 жолын алу ретінде айқындалатын, салық кезеңі үшін іс жүзінде алынған таза табыс сомасы көрсетіледі;
- •540.00.013 А бағынанда деңгейлер көрсетілген;
- •540.00.013 F бағанында Салық кодексінің 351–бабына сәйкес салық ставкалары пайызбен келтірілген;
- •540.00.013G бағанында 540.00.013 е бағындағы әрбір жолдың 540.00.013 f бағанындағы тиісті ставкасына туындысы ретінде жол жолымен айқындалатын үстеме пайда салығының есептелген сомасы көрсетіледі;
- •14) 540.00.014 Жолында 540.00.013 g бағанының жоладырынң сомасы ретінде айқындалатын, төленуге тиіс үстеме пайда салығының есептелген сомасы көрсетіледі.
- •6. Экспортқа арналған ренталық салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (570.00–нысан)
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Ойын бизнесі салығы бойынша салық есептілігін 710.00–нысан салық декларациясын жасау ережесі.
- •1. Декларацияны жасау (710.00 – нысан)
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Жақыпбеков, Д. С.Қазақстандық кәсіпорындарындағы салық салу,салық есебі мен есептілігін ұйымдастыру: оқу құралы / Д. С. Жақыпбеков.- Алматы : Экономика, 2009.
2.Салық есептілігі. - Алматы : Бико, 2002. - 116 б.
3.Салық есептілігі. - Алматы : Бико, 2003. - 116 б.
4.Салық есептілігі. - Алматы : Бико, 2004. - 248 б.
13–Дәріс Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық есептілігі
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша 870.00–нысан салық есептілігін жасау тәртібі.
Декларацияны шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерді қоспағанда Салық кодексінің 493–бабында белгіленген төлемақы төлеушілер жасайды..
Декларация Салық кодексінің 498–бабына сәйкес жасалады, осы Декларацияның өзінен (870.00–нысан) және Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы төлеу объектілері туралы ақпаратты ашу жөніндегі оған қосымшадан (870.01 нысан) тұрады.
3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды.
5. Декларацияға қосымшалар Декларациядағы тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.
6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды.
7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.
8. Осы ережелерде арифметикалық белгілер қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.
9. Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде « – » белгісімен белгіленеді.
10. Декларация толтыру кезінде:
1) қағаз тасығышта – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады;
2) электрондық тасығышта ––нысандар Салық кодексінің 68–бабына сәйкес толтырылады.
11. Декларацияға Салық кодексінің 61–бабы 3–тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады.
12. Декларацияны тапсырған кезде:
1) келу тәртібінде қағаз тасығышта – екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;
2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз тасығышта – салық төлеуші почта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;
3) электронды түрде – салық төлеуші салық есептілігін салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің электронды түрде қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарлама алады.
13. Қосымшалардың «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімдерінде Декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.
14. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Декларацияны табыс ету кезінде:
СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін ;
ЖСН/БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі) 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап толтырылуы тиіс.
15. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
Бұл жолда Салық кодексінің 493–бабына сәйкес салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;
2) ЖСН/БСН – салық төлеушінің – қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы төлеушінің жеке сәйкестендіру (бизнес сәйкестендіру) нөмірі. Болған жағдайда көрсетіледі;
3) СТН – сенімгерлікпен басқарушы құрылтайшысының не пайда алушының тіркеу нөмірі – мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқарушы құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының – салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
4) ЖСН/БСН – сенімгерлікпен басқарушы құрылтайшысының не пайда алушының тіркеу нөмірі – мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқарушы құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының – салық төлеушінің жеке (бизнес) сәйкестендіру нөмірі. Болған жағдайда көрсетіледі;
5) филиал, өкілдік оның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын заңды тұлғаның СТН – филиал, өкілдік оның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын заңды тұлғаның СТН–і салық төлеушінің тіркеу нөмірі.
Бұл жол егер 1 жолда төлемақыны дербес төлеуші ретінде танылған құрылымдық бөлімшенің СТН көрсетілсе толтырылады;
6) филиал, өкілдік оның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын заңды тұлғаның ЖСН (БСН) – филиал, өкілдік оның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын заңды тұлғаның салық төлеушінің жеке (бизнес) сәйкестендіру нөмірі. Болған жағдайда көрсетіледі;
7) салық кезеңі (тоқсан, жыл) – Декларация табыс етілетін есепті салық кезеңі (араб цифрларымен көрсетіледі);
8) салық төлеушінің атауы.
Төлемақыны төлеушінің атауы (аты–жөні) көрсетіледі.
9) Декларация түрі.
Салық кодексінің 63–бабында көрсетілген салық есептілігінің түріне Декларацияны жатқызуды ескере отырып, тиісті торкөздер белгіленеді.
10) хабарламаның нөмірі мен күні.
Жол Салық кодексінің 63–бабы 3–тармағы 4) тармақшасындағы көзделген Декларацияны табыс еткен жағдайда толтырылады.
11) 11 жол егер Декларацияны қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы төлеуші жылдық жиынтық көлемі 100 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін төлем көлемімен жасаған және табыс еткен жағдайда толтырылады. Қоршаған ортаға эмиссияға экологиялық рұқсат болған жағдайда А торкөзінде рұқсат нөмірі, В торкөзінде рұқсаттың берілген күні көрсетіледі;
12) 12–жолда қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы төлеушілердің санаты көрсетіледі:
12 I жол егер Декларацияны коммуналдық қызметтер көрсету кезінде түзілетін эмиссия көлемі үшін табиғи монополия субъектілері мен Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары боып табылатын қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы төлеуші жасаған және табыс еткен жағдайда толтырылады;
12 II жол егер Декларацияны коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондардың иесі болып табылатын қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы төлеуші тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалардан жиналған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін жасаған және табыс еткен жағдайда толтырылады;
13) валюта коды.
«Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланатын жіктеушілер туралы» Кедендік одақ Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 Шешімімен бекітілген «Валюталар жіктеушісінің» 23–қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;
14) қосымшалар саны.
Тапсырылған қосымшалардың саны көрсетіледі.
16.«Қоршаған ортаға эмиссия үшін бюджетке төленуге жататын төлемақы» бөлімінде:
1) 870.00.001 жолында 870.01 нысаны бойынша қосымшаның 870.01.015 жолынан айқындалып салық кезеңіндегі белгіленген арнайы табиғат пайдаланудың барлық түрлері лимит шектеріндегі қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы сомасы көрсетіледі;
2) 870.00.002 жолында 870.01 нысаны бойынша қосымшаның 870.01.016 жолынан айқындалып салық кезеңіндегі белгіленген арнайы табиғат пайдаланудың барлық түрлері лимиттің жоғары шектеріндегі қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы сомасы көрсетіледі;
3) 870.00.003 жолында 870.01.001 және 870.00.002 жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, әрбір арнайы су пайдалану түрлері бойынша бюджетке төленуі тиіс салық кезеңі үшін есептелген қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының жалпы сомасы көрсетіледі.
17. «Салық төлеушiнiң жауапкершiлiгi» бөлімінде:
1) «Салық төлеушінің (басшының) аты–жөні» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Егер Декларацияны жеке тұлға өткізетін болса, деректер жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады;
2) Декларацияны тапсыру күні.
Декларацияны салық органына тапсырған күн көрсетіледі;
3) салық органының коды.
Салық салу объектісінің орналасқан орны (тұрақты ластау көздері бойынша) немесе жылжымалы көздерiн мемлекеттік тіркеу орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;
4) «Декларацияны қабылдап алған лауазымды тұлғаның аты–жөні» жолында Декларацияны қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі;
5) Декларацияны қабылдау күні.
Салық кодексінің 584–бабы 2–тармағына сәйкес Декларация табыс етілген күн көрсетіледі;
6) Декларацияның кіріс нөмірі.
Салық органы берген Декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі;
7) почта мөртабанының күні.
Почта немесе өзге байланыс ұйымы қойған почта мөртабанының күні көрсетіледі.
