Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салык лекция.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
855 Кб
Скачать
☆

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Жақыпбеков, Д. С.Қазақстандық кәсіпорындарындағы салық салу,салық есебі мен есептілігін ұйымдастыру: оқу құралы / Д. С. Жақыпбеков.- Алматы : Экономика, 2009.

2.Салық есептілігі. - Алматы : Бико, 2002. - 116 б.

3.Салық есептілігі. - Алматы : Бико, 2003. - 116 б.

4.Салық есептілігі. - Алматы : Бико, 2004. - 248 б.

12–Дәріс Шағын бизнес субъектілері үшін салық есептілігi

1.Шағын бизнес субъектілері үшін салық есептігі. 910.00- нысан оңайлатылған декларацияны жасау тәртібі.

Декларацияны беру кезінде:

1) қағаз тасығышта келу тәртібімен – Декларация екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) хабарламалы тапсырысты хатпен почта бойынша – салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде – салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігінің салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесімен қабылданғандығы немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.

11. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Декларация табыс ету кезінде:

СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі 2012 жылдың 1 қантарына дейін толтырылуы тиіс.

ЖСН/БСН –жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі) 2012 жылдың 1 қантарынан бастап толтырылуы тиіс.

  «Салық төлеуші (салық агенті) туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші (салық агенті) мынадай деректерді көрсетеді:

1) СТН – салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу нөмірі;

2) ЖСН/БСН – салық төлеушінің (салық агентінің) жеке сәйкестендіру нөмері (бизнес сәйкестендіру нөмері). Болған жағдайда көрсетіледі;

3) сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе пайда алушының СТН – Салық кодексінің 35–бабына сәйкес мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару өзге жағдайларда туындайтын пайда алушының – салық төлеушінің тіркеу нөмірі.

Жол сенімгерлік басқарушысымен толтырылады;

4) сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе пайда алушының ЖСН/БСН – Салық кодексінің 35–бабына сәйкес мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару өзге жағдайларда туындайтын пайда алушының – салық төлеушінің жеке сәйкестендірме нөмірі (бизнес сәйкестендірме нөмірі). Болған жағдайда көрсетіледі.

Жол сенімгерлік басқарушысымен толтырылады;

5) салық төлеушінің (салық агентінің) аты–жөні немесе атауы.

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі;

Жолда салық міндеттемесін орындайтын сенімгерлік басқарушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес сенімгерлік басқарушы заңды тұлғаның  атауы жазылады;

6) салық кезеңі (тоқсан, жыл) – Декларация табыс етілетін есепті салық кезеңі (араб цифрларымен көрсетіледі).

7) Декларация түрі.

Тиісті торкөздер Салық кодексінің 63–бабында көрсетілген  салық есептеме түріне қарай Декларацияны ескеріп белгіленеді;

8) хабарламаның нөмірі мен күні.

Жолдар Салық кодексінің 63–бабының 3–тармағы 4)–тармақшасымен қарастырылған Декларация түрлерін тапсырған жағдайда толтырылады;

9) Декларация қызмет бойынша жасалды:

9А торкөзі салық төлеуші өз қызметінің нәтижелері бойынша Декларация толтырған жағдайда белгіленеді;

9В торкөзі салық төлеуші мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының және (немесе) пайда алушының мүдделеріне жүзеге асырылған қызмет нәтижелері бойынша Декларация толтырған жағдайда белгіленеді;

9А және 9 В торкөздері салық төлеуші өз қызметінің нәтижелері бойынша және мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының және (немесе) пайда алушының мүдделеріне жүзеге асырылған қызмет нәтижелері бойынша Декларация толтырған жағдайда белгіленеді;

10) құжаттың нөмірі мен күні, оның негізінде мүліктің сенімгерлік басқаруы туындайды.

Құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі, оның негізінде мүліктің сенімгерлікпен басқаруы туындайды.

Жол сенімгерлік басқарушысының Салық кодексінің 35–бабымен белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының және (немесе) пайда алушының мүддесінде жүзеге асырылатын қызметінің нәтижелері бойынша есеп–қисабын тапсырған жағдайда толтырылады;

11) валюта коды. 

«Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланатын жіктеушілер туралы» Кедендік одақ Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 Шешімімен бекітілген «Валюталар жіктеушісінің» 23–қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;

12) қосымшалардың бар болуы.

Декларацияға қосыша тапсырған кезде белгі көрсетіледі.

13. «Салықтарды, әлеуметтік аударымдарды және міндетті  зейнетақы жарналарын есептеу» бөлімінде:

1) 910.00.001 жолында Салық кодексінің 427–бабы 3–тармағына сәйкес белгіленген кіріс көрсетіледі;

2) 910.00.002 жолында құрылтайшының кірісі көрсетіледі;

3) 910.00.003 І, 910.00.003 ІІ, 910.00.003 ІІІ жолдарында салық кезеңі үшін қызметкерлердің орташа тізімдік саны көрсетіледі;

4) 910.00.004 жолында (910.00.003 І + 910.00.003 ІІ + 910.00.003 ІІІ)/3) формуласы бойынша салық кезеңі үшін қызметкерлердің орташа тізімдік саны көрсетіледі.

Егер қызметкерлердің тізімі бойынша орташа саны 0,5–тен және одан жоғары бөлшек санды құраса, онда бұндай сан толық бірлікке дейін дөңгелектеуге жатады, ал 0,5–тен төмен сан құраса дөңгелектеуге жатпайды;

5) 910.00.005 жолында салық кезеңі үшін дара кәсіпкерді қоса алғанда (910.00.003 І + 910.00.003 ІІ + 910.00.003 ІІІ)/3+1) қызметкерлердің орташа тізімдік саны көрсетіледі.

Егер қызметкерлердің тізімі бойынша орташа саны 0,5–тен және одан жоғары бөлшек санды құраса, онда бұндай сан толық бірлікке дейін дөңгелектеуге жатады, ал 0,5–тен төмен сан құраса дөңгелектеуге жатпайды.

Дара кәсіпкер қызметін жалдамалы қызметкерлерсіз жүзеге асырған кезде 910.00.005 жолында 1 цифрасы көрсетіледі;

6) 910.00.006 жолында Салық кодексінің 433–бабының 1), 2)– тармақшаларымен белгіленген шектен асатын орташа тізімдік саны көрсетіледі;

7) 910.00.007 жолында салық кезеңі үшін бір қызметкерге орташа айлық еңбекақысы көрсетіледі;

8) 910.00.008 жолында Салық кодексінің 436–бабының 1–тармағымен белгіленген ставкасы бойынша есептелген салықтардың сомасы көрсетіледі;

9) 910.00.009 жолында Салық кодексінің 433–бабымен белгіленген кірістің шекті сомасынан асатын кірістің салық сомасы көрсетіледі;

10) 910.00.010 жолында ((910.00.008 – 910.00.009) х (910.00.005 – 910.00.006) х 0,015) формуласы бойынша айқындалатын, орташа есептелген қызметкерлер санына байланысты салық сомасының кемуі көрсетіледі.

Бұл жол егер салық кезеңінің қорытындысы бойынша бір қызметкерге орташа айлық еңбекақы Салық кодексінің 436–бабының 2–тармағына сәйкес дара кәсіпкерлерде айлық еңбекақының 2 еселенген ең аз мөлшерінен кем емес, заңды тұлғаларда 2,5 еселенген  ең аз мөлшерінен кем емес болған жағдайда толтырылады;

11) 910.00.011 жолында 910.00.008 және 910.00.010 жолдарының айырма ретінде айқындалатын, түзетулерден кейінгі салықтар сомасы көрсетіледі;

12) 910.00.012 жолында (910.00.011 х 0,5) декларация бойынша есептелген салық сомасынан ½ мөлшеріндегі бюджетке төлеуге жататын жеке (корпорациялық) табыс салығының сомасы көрсетіледі. Бұл ретте, есептелген салық сомасы 1 теңгеге дейін дөңгелектеуге жатады: 50–ден және одан жоғары тиын сомасы бір теңге болып қабылданады, 50–ден кем тиын сомасы Декларацияға қабылданбайды.

13) 910.00.013 жолында ((910.00.011 х 0,5) – 910.00.022 – 910.00.015) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасын алып тас­тағаннан кейінгі декларация бойынша есептелген салық сомасынан ½ мөлшеріндегі бюджетке төлеуге жататын әлеуметтік салық сомасы көрсетіледі. Бұл ретте, есептелген салық сомасы 1 теңгеге дейін дөңгелектеуге жатады: 50–ден және одан жоғары тиын сомасы бір теңге болып қабылданады, 50–ден кем тиын сомасы Декларацияға қабылданбайды.

Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде 910.00.013 жолында Салық кодексінің 437–бабы 2–тармағына сәйкес нөлге тең әлеуметтік салық сомасы көрсетіледі;

14) 910.00.014 жолында дара кәсіпкер үшін әлеуметтік аударымдар есептелетін кіріс көрсетіледі;

15) 910.00.015 дара кәсіпкер үшін әлеуметтік аударымдар сомасы  көрсетіледі;

16) 910.00.016 жолында дара кәсіпкер үшін міндетті зейнетақы жарнасы есептелетін кіріс көрсетіледі;

17) 910.00.017 жолында дара кәсіпкер үшін міндетті зейнетақы жарнасының сомасы көрсетіледі.

14. Мысалы, 2010 жыл үшін жоғарыдағы жолдарды толтыру келесідей жүргізіледі:

1) 910.00.001 жолы бойынша дара кәсіпкердің салық кезеңі үшін кірісі 12 000 000 теңгені құрады;

2) 910.00.002 жолы бойынша құрылтайшының салық кезеңі үшін кірісі 1 000 000 теңгені құрады;

3) 910.00.003 І жолы бойынша салық кезеңінің бірінші айында қызметкерлердің саны 28 адам құрады;

4) 910.00.003 ІІ жолы бойынша салық кезеңінің екінші айында қызметкерлердің саны 25 адам құрады;

5) 910.00.003 ІІІ жолы бойынша салық кезеңінің үшінші айында қызметкерлердің саны 25 адам құрады;

6) 910.00.004 жолы бойынша қызметкерлердің орташа тізбелі саны ((28 + 25 + 25) /3 ай) 26 адам құрады;

7) 910.00.005 жолы бойынша дара кәсіпкердің өзін қоса, қызметкерлердің орташа тізбелі саны ((28 + 25 + 25) /3 ай + 1) 27 адам құрады;

8) 910.00.006 жолы бойынша шекті санынан асатын орташа тізбелі саны 2 адам құрады (27 – 25), онда Салық кодексінің 433–бабының 1–тармағымен белгіленген 27 адам – нақты орташа тізбелі саны, 25 адам – шекті саны;

9) 910.00.007 жолы бойынша салық кезеңі үшін бір қызметкерге орташа айлық еңбекақы 31 143 теңгені құрайды:

салық кезеңінің бірінші айы үшін қызметкерлердің есептелген еңбекақының барлық сомасы 656 000 теңге (75 000 теңге + 500 000 + 81 000), оның ішінде:

бес адамның еңбекақысы 15000 теңге бойынша 75 000 теңге (5 х 15 000 теңге) құрады;

жиырма адамның еңбекақысы 20 000 теңге бойынша 500 000 теңге  (20 х 20 000 теңге) құрады;

үш адамның еңбекақысы 27 000 теңге бойынша 81 000 теңге  (3 х 27 000 теңге) құрады.

Сонша, салық кезеңінің бірінші айы үшін бір қызметкерге орташа айлық еңбекақы 23 429 теңге құрады (656 000/28 адам), онда 28 адам – салық кезеңінің бірінші айындағы қызметкерлердің саны.

Осындай жолмен салық кезеңінің екінші және үшінші айлары үшін бір қызметкерге еңбекақының орташа айлық сомасы айқындалады.

Мысал үшін, бір қызметкерге салық кезеңінің екінші айында еңбекақы сомасы – 30 000 теңге, үшіншіде – 40 000 теңге құрады.

Онда, салық кезеңі үшін бір қызметкерге еңбекақының орташа айлық сомасы 31 143 теңге ((23 429 теңге + 30 000 теңге + 40 000 теңге) / 3 ай) құрады.

Біздің мысалда Қазақстан Республикасының 2010 жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген еңбекақының екі еселік орташа ең аз айлық мөлшері 29 904 теңге (14 952 теңге х 2) құрады. Салық кезеңінің жиынтығы бойынша бір қызметкерге орташа айлық еңбекақы ең төменгі еңбекақының екі еселік мөлшерінен асқандықтан, Салық кодексінің 436–бабының 2–тармағымен көзделген қызметкерлердің орташа тізімдік санын ескере отырып, салық кезеңіне есептелген салық сомасына түзету жүргізіледі;

10) 910.00.008 жолы бойынша Салық кодексінің 436–бабының 1–тармағына сәйкес есептелген салық сомасы 360 000 теңге (120 000 000 теңге х 3%) құрайды;

11) 910.00.009 жолы бойынша Салық кодексінің 433–бабының 1–тармағымен белгіленген кірістің шекті сомасынан асатын кірістің салық сомасы 60 000 теңге ((12 000 000 теңге – 10 000 000 теңге) х 3%) құрайды;

12) 910.00.010 жолы бойынша қызметкерлердің орташа тізімдік санына байланысты азайтылған салық сомасы 112 500 теңге құрады ((360 000 теңге – 60 000 теңге) х (27 адам – 2 адам) х 0,015), мұндағы 0,015 – қызметкерлердің орташа тізімдік санын ескере отырып әрбір қызметкер үшін салық сомасын түзету коэффициенті;

13) 910.00.011 жолы бойынша азайтуға жатқызылған түзетуден кейінгі салық сомасы  247 500 теңге құрайды (360 000 теңге – 112 500 теңге);

14) 910.00.012 жолы бойынша салық кезеңі үшін бюджетке төленуге жататын жеке  табыс салығы 123 750 теңгені құрайды (247 500 теңге х 0,5);

15) 910.00.013 жолы бойынша салық кезеңі үшін бюджетке төлеуге жататын, есептелген әлеуметтік салық сомасы 1207 теңгені құрайды ((247 500 теңге х 0,5) – 120 300 теңге – 2243 теңге), бұнда 120 300 теңге – қызметкерлер үшін әлеуметтік аударымдар сомасы (910.00.022), 2243 теңге – дара кәсіпкер үшін әлеуметтік аударымдар сомасы (910.00.015);

16) 910.00.014 жолы бойынша дара кәсіпкер үшін әлеуметтік аударымдардан есептелген кірістің сомасы 44 856 теңгені құрады (14 952 теңге х 3 ай), бұнда 14952 теңге – 2010 жылғы ең төменгі еңбекақының мөлшері;

17) 910.00.015 жолы бойынша дара кәсіпкер үшін әлеуметтік аударымдар сомасы 2243 теңге (14 952 теңге х 5 % х 3 ай), бұнда 5 % – 2010 жылдың әлеуметтік аударымдар ставкасы;

18) 910.00.016 жолы бойынша дара кәсіпкер үшін міндетті зейнетақы жарналарынан есептелген кірістің сомасы 44 856 теңгені құрады (14 952 теңге х 3 ай), бұнда 14 952 теңге – 2010 жылғы ең төменгі еңбекақының мөлшері;

19) 910.00.017 жолы бойынша дара кәсіпкер үшін міндетті зейнетақы жарналарының сомасы 4 486 теңгені құрады (14 952 х 10% х 3 ай), бұнда 10% – міндетті зейнетақы жарналарының ставкасы.

15. «Қызметкерлер үшін салықтар, әлеуметтік аударымдар және міндетті зейнетақы жарналарының сомасы» бөлімі Декларацияға қосымшаның (910.01) деректері негізінде қызметкерлер болған жағдайда толтырылады:

1) 910.00.018 жолында 910.01.002 IV жолынан көшірілетін төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының сомасы көрсетіледі;

2) 910.00.019 жолында 910.01.005 IV жолынан көшірілетін, Салық кодексінің 189 – бабына сәйкес Қазақстан Республикасы резиденті болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардан төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының сомасы көрсетіледі;

3) 910.00.020 жолында 910.01.008 IV жолынан көшірілетін, есептелген және төленген кірістерден жеке табыс салығының сомасы көрсетіледі;

4) 910.00.021 жолында 910.01.011 IV жолынан көшірілетін, жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі;

5) 910.00.022 жолында 910.01.013 IV жолынан көшірілетін, әлеуметтік аударымдардың сомасы көрсетіледі.

16. «Салық төлеушінің (салық агентінің) жауапкершілігі» бөлімінде:

1) «Салық төлеушінің (басшының) аты–жөні» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес ((ол болған кезде) басшының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Егер Декларацияны жеке тұлға өткізетін болса, деректер жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады;

2) декларацияны беру күні.

Декларацияны салық органына өткізген күні көрсетіледі;

3) орналасқан орны бойынша салық органының коды.

Салық төлеушінің орналасқан орны бойынша салық органының коды көрсетіледі.

Бұл ретте, дара кәсіпкердің орналасқан жері салық органында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есе­біне қою кезінде мәлімделген дара кәсіпкердің қызметінің басым бөлігін жүзеге асыратын орны болып танылады.

Резидент заңды тұлғаның орналасқан жері құрылтай құжаттарында көрсетілген оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері болып танылады.

Филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның орналасқан жері салық органында салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде мәлімделген Қазақстан Республикасындағы қызметін жүзеге асыратын жері болып танылады;

4) тұрғылықты жері бойынша салық органының коды.

Жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша салық органының коды көрсетіледі.

Бұл ретте, жеке тұлғаның тұрғылықты жері азаматтарды тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматты тіркеу орны болып танылады;

5) «Декларацияны қабылдаушы лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.» жолында Декларацияны қабылдаған салық органы қызметкерінің (ол болған кезде) тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі;

6) Декларацияны алу күні.

Салық кодексінің 584–бабының 2–тармағына сәйкес Декларацияның өткізілген күні көрсетіледі;

7) Декларацияның кіріс нөмірі.

Салық органы берген Декларацияның тіркелген нөмірі көрсетіледі;

8) почта штемпелінің күні.

Почта немесе өзге байланыс ұйымымен қойылған почта штемпелінің күні көрсетіледі.