- •Дәріс тезистері «Салық есептілігі» пәні бойынша
- •5В050800-«Бухгалтерлік есеп» мамандығы
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық есептілігі 701.00–нысан (есебін) жасау тәртібі.
- •2. Көлік құралдары салығы бойынша салық есептілігі 700.00–нысан салық декларациясын жасау ережесі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің салық есептілігі 701.01–нысан (есебін) жасау ережесі
- •2. Жер салығы бойынша салық есептілігі 700.00–нысан салық декларациясын толтыру тәртібі.
- •1. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің салық есептілігін (есебін) жасау ережесі (701.01–нысан).
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •2. Мүлік салығы бойынша салық декларациясын 700.00–нысанды толтыру тәртібі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін 300.00- нысан салық декларациясын
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Акциз бойынша 400.00–нысанын салық декларациясын және қосымшаларын жасау ережесі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1.Әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін 200.00–нысан декларациясын жасау ережесі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •2. Декларацияны тапсыруға дейiнгi Есепті жасау (101.01–нысан)
- •3. Декларацияны тапсырудан кейiнгi Есепті толтыру (101.02–нысан)
- •2.Корпорациялық табыс салығын бойынша салық есептілігiн 100.00 - нысан салық декларациясын және қосымшаларын толтыру тәртібі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Роялти бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (500.00–нысан)
- •2. Қол қойылатын бонус бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (510.00–нысан)
- •3. Коммерциялық табу бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (520.00–нысан)
- •4. Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (530.00–нысан)
- •5. Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (540.00–нысан)
- •540.00.006 Жолында Салық кодексінің 348–4 бабының 3–тармағына сәйкес шегерімдер сомасының амортизациялық аударымдар сомасына түзетулері көрсетіледі;
- •10) 540.00.010 Жолында 540.00.007 жолынан 540.00.008 жолын және 540.00.009 жолын алу ретінде айқындалатын, салық кезеңі үшін іс жүзінде алынған таза табыс сомасы көрсетіледі;
- •540.00.013 А бағынанда деңгейлер көрсетілген;
- •540.00.013 F бағанында Салық кодексінің 351–бабына сәйкес салық ставкалары пайызбен келтірілген;
- •540.00.013G бағанында 540.00.013 е бағындағы әрбір жолдың 540.00.013 f бағанындағы тиісті ставкасына туындысы ретінде жол жолымен айқындалатын үстеме пайда салығының есептелген сомасы көрсетіледі;
- •14) 540.00.014 Жолында 540.00.013 g бағанының жоладырынң сомасы ретінде айқындалатын, төленуге тиіс үстеме пайда салығының есептелген сомасы көрсетіледі.
- •6. Экспортқа арналған ренталық салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (570.00–нысан)
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Ойын бизнесі салығы бойынша салық есептілігін 710.00–нысан салық декларациясын жасау ережесі.
- •1. Декларацияны жасау (710.00 – нысан)
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
1. Декларацияны жасау (710.00 – нысан)
15. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
2) ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі). Болған жағдайда көрсетіледі;
3) сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе пайда алушының СТН –салық төлеушінің – мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе Салық кодексінің 35–бабына сәйкес сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының тіркеу нөмірі.
Жолды сенімгерлікпен басқарушы толтырады;
4) сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе пайда алушының ЖСН/БСН – мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе Салық кодексінің 35–бабына сәйкес сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі).
Жолды сенімгерлікпен басқарушы толтырады;
5) Салық төлеушінің аты–жөні немесе атауы.
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.
Салық міндеттемесін мүлікті сенімгерлікпен басқару шартына сәйкес немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес сенімгерлікпен басқарушы заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;
6) салық кезеңі (тоқсан, жыл) – Декларация табыс етілетін есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);
7) Декларацияның түрі.
Тиісті торкөздер Декларацияның Салық кодексінің 63–бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызылуы ескеріле отырып, белгіленеді;
8) хабарламаның нөмірі мен күні.
Жолдар Салық кодексінің 63–бабының 3–тармағы 4)–тармақшасында көзделген Декларация түрін тапсырған жағдайда толтырылады;
9) Декларация қызмет бойынша жасалды:
9А торкөзі салық төлеуші өз қызметінің нәтижелері бойынша Декларация толтырған жағдайда белгіленеді;
9В торкөзі салық төлеуші мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының және (немесе) пайда алушының мүдделеріне жүзеге асырылған қызмет нәтижелері бойынша Декларация жасаған жағдайда белгіленеді;
9А және 9В торкөздері салық төлеуші өз қызметінің нәтижелері бойынша және мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының және (немесе) пайда алушының мүдделеріне жүзеге асырылған қызмет нәтижелері бойынша Декларация жасаған жағдайда белгіленеді;
10) валютаның коды.
«Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланатын жіктеушілер туралы» Кедендік одақ Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 Шешімімен бекітілген «Валюталар жіктеушісінің» 23–қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;
11) қосымшалардың саны.
Табыс етілген қосымшалардың саны көрсетіледі.
16. «Ойын бизнесі салығы» бөлімінде:
1) 710.00.001 жолында барлық 710.01 нысандары бойынша 710.01.007 С жолынан көшірілетін салық кезеңі үшін бюджетке төленуге тиіс есептелген ойын бизнесі салығының жалпы сомасы көрсетіледі;
2) 710.00.002 жолында 710.01.012 С жолынан көшірілетін салық кезеңі үшін бюджетке төленуге тиіс есептелген қосымша төлемнің жалпы сомасы көрсетіледі.
17. «Салық төлеушiнiң жауапкершiлiгi» бөлімінде:
1) «Салық төлеушінің (басшының) аты–жөні» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, есімі, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі. Егер Декларацияны жеке тұлға тапсырған жағдайда, жолда жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылатын салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
2) Декларацияны беру күні.
Декларацияны салық органына табыс еткен күн көрсетіледі;
3) салық органының коды.
Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу орны бойынша бойынша салық органының коды көрсетіледі;
4) «Декларацияны қабылдаған лауазымды тұлғаның аты–жөні» жолында Декларацияны қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі;
5) Декларацияны қабылдау күні.
Салық кодексінің 584–бабы 2–тармағына сәйкес Декларация табыс етілген күн көрсетіледі;
6) Декларацияның кіріс нөмірі.
Салық органы берген Декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі;
7) почта штемпелінің күні.
Почта немесе өзге байланыс ұйымы қойған почта штемпелінің күні көрсетіледі.
4.Салық есептілігі. - Алматы : Бико, 2002. - 116 б.
5.Салық есептілігі. - Алматы : Бико, 2003. - 116 б.
6.Салық есептілігі. - Алматы : Бико, 2004. - 248 б.
