Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DOC-20161103-WA0004.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

5В120200 «Ветеринариялық санитария» мамандығына арналған

«Малдәрігерлік латын терминологиясы» пәнінен №11 Дәріс

Модуль 2 Латын граматикасының клиникалық терминологиясы

ТАҚЫРЫБЫ: Организмнің физиологиялық және патологиялық жағдайындағы үрдісін білдіретін дербес терминоэлементтер.

Жоспар:

  1. Клиникалық терминологияға сипаттама.

  2. Грек-латын дублеттері негізіндегі мүше, жыныс, жас және тін.

  3. Ағзалардың аталуы және дербес терминоэлемент.

Invia est in medicina via sina lingua latina

Латын тілінсіз медицинаға жол жоқ

Латын тілі – жарқын болашақ кепілі

Клиникалық ветеринарияда нақты бір аурудың этиологиясын, патогенезін, балау жəне емдеу əдістерін зерттейтін ветеринария саласында қолданылатын терминоэлементтерге сипаттама.

«ғылым», «білім» мағынасында, ал клиникалық ветеринарияда нақты бір аурудың этиологиясын, патогенезін, балау жəне емдеу əдістерін зерттейтін ветеринария саласында қолданылады.

Төменде келтірілген көп кездесетін терминдерді білген жөн:

Этиология – аурудың пайда болу себептері;

Патогенез – аурудың патологиялық күй мен процессін, даму механизмі;

Ветеринариялық клиникада «сұйықтық немесе газ + мүшенің аты» моделімен аталатын терминдер көп қолданылады: pneumothorax – плевра қуысында ауа мен газдың болуы, pyosalpinx – жатыр түтігінде ірің жиналуы. Кейде мұндай терминдер патологиялық күйді білдіретін –ōsis-ке аяқталады: пневмартроз – буын қуысында газдың болуы.

genĕsis-ке аяқталатын термин - зат есімдер, ағзада қандай бір структуралардың пайда болуын білдіреді: gĕnus-қа аяқталатын сын есімдер де көп кездеседі. Бұл сын есімдер «қандай да бір себептің салдарынан» (rhinogĕnus –риногенді: мұрындағы патологиялық күйдің салдарынан), «бір нəрсені болдыратын» (smasmogĕnus – спазмогенді: спазм болдыратын).

poёsis – терминоэлементі «пайда болу» мағынасын, басқа «мүшенің орнын толтыру үшін пластикалық операция» мағынасында да қолданыла береді (мысалы: urethropoesis).

malacia – жеке мағына беретін «маляция – некроз немесе дистрофия салдарынан болатын тоқаманың жұмсаруы» термині ретінде қолданылады.

malacia – терминоэлементіндегі екпінге көңіл аударыңыз.

plegia – жансыздану дəрежесін білдіретін терминоэлементтер құрамында қолданылады: мысалы - mono- (бір аяқ), di- (екі жақтан), tri- (үш аяқты),

tetra- (барлық төрт аяғы) , hemi- (бет не дененің бір бөлігінің жансыздануы).

Терминоэлементтер тізімі

Соңғы терминоэлементтер

Грек ТЭ Терминоэлементтер мағынасы

chyl(o)- chylia

Лимфа (сөл) (хилоторакс)

асқазан сөлі (ахилия)

dacry(o)- Көз жасы (дакриоаденит)

herni(o)- жарық (герниорафия)

hist(o)- ұлпа (гистология)

narc(o)- Ессіздену, сезімталдықтың жоғалуы, жансыздану

terat(o)- Кемістік, жарымжандық (тератология)

thanat(o)- өлім (танатология)

trachel(o)- Жатыр мойны (трахелорафия)

Соңғы терминоэлементтер

Грек ТЭ Терминоэлементтер мағынасы

-asthenia əлсіздену (неврастения)

-genĕsis пайда болу, өсу (онкогенез)

-genia жақ, төменгі жақ (прогения)

-gĕnus, a, um -генді (бір нəрсенің салдарынан не бір нəрсеге себеп болатын)

-logia ғылым, білім (урология)

-malacia жұмсару (остеомаляция)

-plegia жансыздану (гемиплегия)

-poёsis пайда болу, өсу-өну (гемопоэз)

Префикстер

Грек ТЭ Терминоэлементтер мағынасы

exo- Сыртқы, тысқы (экзогенный)

Клиникалық терминологияда түбірлі терминоэлементтері грек немесе латын сөзі болып келетін термин-синонимдер кездесе береді: angiographia (грек тілінен angio-) синонимі vasographia (латын тілінен vas, vasis n) – қан жəне лимфа тамырларын рентгенологиялық зерттеу.

9. hyperthyreosis – қалқанша безінің шамадан тыс көп қызметі жəне hypothyreosis – қалқанша безі қызметінің төмендеуі.

Түбірлі терминоэлементтер

Грек ТЭ Терминоэлементтің мағанасы aden(o)-

1. без (лимфаденография);

2. аденоидтар (аденотомия)

audi(o)- (лат.) есту (аудиограмма)

cardi(o)- жүрек (кардиомегалия)

chol(e)- өт (холангиография)

cholecyst(o)- өт қапшығы (холецистопатия)

cyst(o)- қуық (цистоскопия)

lapar(o)- құрсақ қуысы (лапароскопия)

macr(o)- көлемі үлкен, ірі (макроцефалия)

megal(o)- megalia) (-үлкейіп кеткен (мегалодонтия, цефаломегалия)

men(o)- менструация, менструальдыцқ цикл (дисменорея)

metr(o)-metra

hyster(o)-

жатыр (метрография, гистероскопия)

micr(o)- көлемі кіші, майда (микромастия)

mogi- қиналып жасалатын əрекет (могиграфия)

olig(o)- саны аз (олигемия)

ophthalm(o)- көз, көру (офтальмоскопия)

phleb(o)- вена, көк тамыр (флебограмма)

poly- көп (саны жағынан), көбею (полиурия)

pyel(o)- бүйрек тостағаншалары (пиелография)

salping(o)- жатыр түтігі (сальпингоскопия)

sphygm(o)- Тамыр соғуы (сфигмография)

tomo- қабат, қабатты (томография)

thyr(o)- қалқанша без (гипотиреоз)

Соңғы терминоэлементтер

Грек ТЭ Терминоэлементтерің мағынасы -gramma

1. рентгенограмма (флебограмма);

2. рентгенологиялық емес зерттеулердің графикалық

сызықтары, суреті (гемограмма) -graphia

1. рентгенологиялық зерттеу (ангиография);

2. графикалық тіркеу (рентгенологиялық емес зерттеу) (кардиография);

3. хатқа қатысты (аграфия) -metria өлшеу (калориметрия) -ōsis

1. ауру, патологиялық күй (хейлоз);

2. қанның формалық элементтерінің көбеюі (эритроцитоз);

3. көп (фурункулёз)

-penia қанның формалық элементтерінің азаюы (тромбоцитопения)

-scopia зерттеу, көру, байқау (эндоскоптың көмегімен) (гастроскопия)

Префикстер

Грек ТЭ Терминоэлемент мағынасы dys- Қызметінің бұзылуы, қалыпты жағдайдан ауытқу, қиналу

endo- ішкі

Тыныс алу мүшелерінің ауруларының латынша атаулары –

Morbi systemătis respiratorii

1. abscessus, us m Абсцесс (іріңдік)

2. adenoĭdes, um f (мн. число) аденоидтар

3. asthma, ătis n Астма (демікпе)

4. bacteriālis, e бактериалды

5. conditio, ōnis f күй

6. cysta, ae f киста

7. cystĭcus, a, um кистозный

8. deviātus, a, um жылжу, қисаю

9. emphysēma, ătis n эмфизема

10. gangraena, ae f Гангрена (өліеттену)

11. infectio, ōnis f инфекция

12. influenza, ae f грипп (тұмау)

13. mediastīnum, i n Аралық перде

14. mixtus, a, um аралас

15. mucopurulentus, a, um кілегейлі-іріңді

16. obstructīvus, a, um Обструктивті (кедергілі)

17. oedēma, ătis n ісіну

18. paralysis, is f салдану

19. paranasalis, e параназалды (мұрыналды)

20. periodĭcus, a, um мезгілді

21. pneumonia, ae f Пневмония (өкпе қабынуы)

104

22. polўpus, i m полип

23. respiratorius, a, um тыныс

24. tractus (us m) respiratorius тыныс жолы

25. ulcus, ĕris n ойық жара

26. vasomotoricum, a, um вазомоторлық

Бақылау сұрақтары:

1. «Этиология» жəне «патогенез» терминдеріне анықтама беріңіз.

2. Gĕnus/-генді терминоэлементтеріне аяқталатын сын есімдер қандай

мағына береді?

3. «Маляция» терминінің мағынасы.

4. «Бір аяқтың жансыздануы», «екі аяқтың жансыздануы», «үш аяқтың

жансыздануы», «төрт аяқтың жансыздануы», «дененің бір жартысының

жансыздануы» мағынасын білдіретін терминдерді атаңыздар.

5. Эксцизия, резекция, экстирпация, ампутация, катетеризация термин-

дерінің мағынасын түсіндіріп беріңдер.

Негізгі әдебиеттер

1 Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен. ІІ: (цитология, эмбриология, гистология) / Тоқаев, З.К. - 2006

2 Латинский язык / Валл Г.И. - 1990 Латинский язык / Валл Г.И. – 1990

3 Латинский язык и основы ветеринарной терминологии: / Вульф, В.Д. - 1988

Қосымша әдебиеттер

1 Введение в латинскую ветеринарную терминологию /Валл, Г.И. - 1978

2 Анатомия терминдерінің сөздігі ( Қазақша-орысша латынша, орысша латынша-қазақша, латынша-орысша-қазақша) / Рақышев, А. - 1992

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]