Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DOC-20161103-WA0004.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2.Дәрістер

5В120200 «Ветеринариялық санитария» мамандығына арналған

«Малдәрігерлік латын терминологиясы» пәнінен №1 Дәріс

Модуль 1 Латын граматикасының анатомиялық терминологиясы

ТАҚЫРЫБЫ: Латын тілі жəне оның қысқаша тарихы. Латын алфавиты. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Дыбыстардың ұзақтығы мен қысқалылығы. Фонетика.

Жоспар:

1. Латын тілі жəне оның қысқаша тарихы. Латын алфавиты.

2. Латын тілінің дəуірлері.

3. Латын тілінің қазіргі замандағы орны.

Латын тілі Апеннин жарты аралында көне Лаций (қазір Лацио) мекенінде орналасқан Latini тайпасының атынан шығып отыр. Аңыздарға қарағанда, біздің заманымыздан бұрынғы 753 жылдары осы аралда ағайынды Ромул жəне Рем Рома (Рим) мемлекетін көтерген. Рим мемлекетінің шапқыншылық-басқыншылық саясатының арқасында оның шекарасы барған сайын кеңейіп, Жерорта теңізінің бассейінінде ғана емес, жақын жатқан жерлердің бəрін бағындыруының арқасында, Рим мемлекетінің шекарасы үлкейіп, отарланған елдеріне латын тілінің де ықпалы жүре бастады. Бірақ, осыған қарамай, б.э.д. 146 жылдары өзі бағындырған Греция жеріне латын тілінің əмірі жүрмеді. Керісінше, Греция жəне Шығыс елдерінде латын тілі тарихы тереңде жатқан, мəдени деңгейі биік жергілікті тілдерді бағындара алмай, эллин (грек) мəдениетінің ықпалына енді. Рим империясында грек философтары, дəрігерлері, жазушылары_______, ораторлары дəріс оқыды. Сауатты римляндықтар міндетті түрде грек тілінде сөйлескен. Мектептерде грек тілін оқытты, өйткені грек тілі ғылымның көп саласына жол ашты. Сөйтіп, грек тілі латын тілінің қойны-қонышынан бірақ шықты. Кірме грек тілі латындандырылды жəне латын əліпбесінің кеңеюіне алып келді. Латын əліпбесіне Y жəне Z (ипсилон, зета) деген екі əріп қосылды.

Латын тілі тарихында келесі кезеңдер көрініс береді:

Архаикалық кезең (б.э.д. 650-480 жылдары) осы заманнан қалған қолжазбалардан дерек береді. Б.з.б. IV ғасырда өмір сүрген Аристотель жануарлар жəне өсімдік əлемін қорытындылауға тырысқан, ал оның оқушысы Феофраст (IV-III б.з.б.) өсімдіктердің құрылысы жəне көбеюі туралы трактат жазып қалдырған.

Классикаға дейінгі кезең (б.э.д. 3 жəне 2 ғасырларда) - əдеби латын тілінің аяққа тұру кезеңі болып саналады. Бұл заманнан Теренция мен Плавтаның комедиялары, Энния мен Невияның поэзиялары, Катонның «Жер игеру» туралы трактаты хабар береді. Латын тілінің ең жоғары биігіне жеткен кезеңі, бұл б.з.б. I ғасырда император Августың билік құрған кезеңі – «Алтын кезең». Алтын немесе классикалық кезең, латын тілінің грамматикалық, синтаксикалық жəне стилистикалық мəресіне жеткен кезеңі. Ғалым Диоскорид (б.э.д. I ғ.) 400-дей өсімдік туралы мағлұмат берген. Соңынан көптеген жануарлар мен өсімдіктердің аты латындандырылып, зоологиялық жəне ботаникалық номенклатураға енгізілді.

Латын тілінің «Күміс дəуірі» (б. з. 14-117 ж) классикалық латын тілі дəуірінен шегінген уақыты. Бұл кезде латын əдеби тілінің фонетикалық, морфологиялық заңдылықтары жəне орфографиялық анықтамалары толық деңгейіне жеткен кезеңі болатын. Бұл заманның көрнекті жазушылары - Петроний, Марциал, Тацит, Сенека и Ювенал.

Келесі кезеңді латын тілінің соңғы дəуірі (б.з. 2-5 ғасырлар) алады. Бұл дəуірде латын тілі басқа да Еуропа елдері тілдерімен араласып кеткен кезеңі. Бұл кезеңде тарих, заң, жер игеру, сəулет өнері жəне əдеби шығармалар көп жазылды. Біздің заманымыздың 5 ғасырында Рим империясы құлдырағаннан кейін де, латын тілі əдеби жəне сөйлесу құндылықтарын жойған жоқ. Бара-бара Еуропа елдері бір-бірінен алшақтап, əр елде ұлттық тіл пайда бола бастады. Бұл кезеңде қазіргі Италия, Франция, Испания, Португалия, Румыния елдерінің территориясында роман тілдері (Romanus - римдік) қалыптаса бастайды. Осыған қарамай, əр мемлекет ортақ тілге зəру болды – бұл тіл көп ғасырлар бойы мемлекеттік мекемелер, дипломатия, шіркеу, білім жəне ғылымда пайдаланған - латын тілі болып келді.

Қайта жаңғыру кезеңінде (15-16 ғ.) Еуропа елдерінің интелектуальдық, мəдени, заң, ғылым саласына латын лексикасы қайтадан зор ықпал ете бастайды. Осы заманда жаңа латын əдеби тілі көркейеді. В. Гарвей (1578-1657), үлкен қан айналу шеңберін ашқан, жануарлар мен өсімдіктердің жіктелуін реттеген К. Линней (1707-1778), М. В. Ломоносов (1711-1762), терапия негізін қалаушы М. Я. Мудров (1776-1831) осы дəуірде латын тілінде өздерінің өшпес еңбектерін қалдырған. XVII-XVIII ғасырларда қайта жаңғыру дəуірінде көбінше дипломатия, дін, ғылымда қолданылып, биологиялық ғылымның, əсіресе биологиялық терминологияның қатты дамуына əсер етті. Швед ғалымы К. Линней (1707-1778) жануарлар мен өсімдіктердің терминологиясының жіктелуін жетілдіруі арқылы латын терминологиясына үлкен үлес қосты. Ол əр түр туыстық жəне түрлік екі атпен аталатын биноминальдық номенклатура енгізді.

XIX-XX ғасырларда жануарлар мен өсімдіктердің терминологиясының жіктелуі жетілдіріле берді жəне 1955 жылы Парижде анатомдардың VI конгресінде халықаралық дəрежеге ие болды. 1867 жылы Париж қаласында өткен ботаника конгресінде «Ботаника заңдылықтарың номенклатурасы», ал 1975 жылы XII халықаралық конгресте соңғы рет өзгертілген, 1905 жылы Венада қазіргі заманғы халықаралық ботаникалық номенклатурасының кодексі қабылданды. Соңынан өзгертулер мен қосымшалар енгізілген халықаралық зоология номенклатурасының ережелері 1905 жылы Мəскеу қаласында жарық көрді. XVI Халықаралық зоологиялық номенклатураның кодексі 1963 жылы Вашингтон қаласында қабылданған. 1992 жылы Цюрих қаласында өткен ветеринарлық анатомдардың дүние жүзілік ассоциясының Бас ассамблеясында «Үлкен ветеринарлық анатомиялық номенклатура» қабылданды.

Қазіргі кезде жаңа латын əліппесінде 25 əріп бар

Жазылуы Транскрипция Айтылуы Жазылуы Транскрипция Айтылуы

A, a а а N, n эн н

B, b бэ б O, o о о

C, c цэ ц/к P, p пэ п

D, d дэ д Q, q ку к

E, e э э R, r эр р

F, f эф ф S, s эс с

G, g ге г T, t тэ т

H, h га (ха) гх U, u у у

I, i и и V, v вэ в

J, j йот (йота) й X, x икс кс

K, k ка к Y, y ипсилон и

L, l эль л Z, z зэт з

M, m эм м

Латын терминологиясында кейде Ww — дубль вэ деген əріп кездесіп қалады. Ол неміс тіліндегі [в] немесе ағылшын тіліндегі [у] сияқты айтылады. Wassermann [Ва.ссэрманн], Webster [Уэ.бстэр], Wilson [Уи.лсон].

Биологиялық, биохимиялық, фармацевтикалық жəне химиялық номенклатураларда жануарлар мен өсімдіктердің родтық аты үлкен əріптермен жазылады:

1) Lacerta [ляцэ.рта] – кесіретке, Urtica [урти.ка] - крапива, Arthropoda [артро.пода] - буынаяқтылар;

2) химиялық элементтердің аты мен катиондар - Ferrum [фэ.ррум] - темір, Natrii chloridum [на.трии хлё.ридум] - натрии хлориді;

3) биохимиялық субстанциялар мен биохимиялық препараттар – Serotoninum [сэротони.нум] - серотонин_______, Tetracyclinum [тэтрацикли. -нум] – тетрациклин.

Дауыстардың жіктелуі:

Латын тілінде дыбыстар дауысты (a, e, i, o, u, y) жəне дауыссыз (b, c, d, f, g, h, k, l, m, n, p, q, r, t, v, x, z) болып бөлінеді.

j əрпінің жəне дауыссыз дыбыстардың айтылуы

Жеке дауыстылар a, e, i, o, u монофтонгтар деп аталады жəне олардың айтылуы мен аталуы бірдей болып келеді: arenosus [арэно.зус] - құмды, Rana [ра.на] - бақа, Triticum [три.тикум] - дəн.

Y (ипсилон) əрпі грек тілінен енген жəне дауысты i болып айтылады. Бұл əріп француз тілінде «игрек» («грек и») деп аталады: pterygoideus [птэригои.дэус] - қанат тəрізді, symbiosis [симбио.зис] - симбиоз, zygota [зигота] - зигота.

Егер дауысты i дауысты a, e, o, u əріптерінің алдында тұрса, онда ол [й] болып - сол əріптермен қосылып орыс тіліндегідей [я], [е], [ё], [ю] дыбыстарын құрайды: iaponicus [япо.никус] - япондық, maialis [мая.лис] - мамырлық, Iuniperus [юни.пэрус] - можжевельник.

Кей сөздерде i əріпі дауыстылардың алдында өз алдына, жеке айтылады:

Iodum [ио.дум] - йод, geriater [гериа.тэр] - кəрі жастағы ауруларың дəрігері.

Дауысты [и] дыбысы келесі дауыстылармен қосылып басқа дауыс бергендіктен, XVI ғасырда латын əліппесіне дауыстылардың алдына қойылатын Jj - йот (йота) əріпі қосылды. Осылайша, iaponicus, maialis, Iuniperus сөздері j əрпімен (japonicus, majalis, Juniperus) деп те жазыла алады. Бірақ, i əрпінің j əрпіне ауыстырылуы міндетті емес.

Латын афоризмдері:

1.A. lma ma.ter - ұшқан ұя

2. Non scho.lae, sed vi.tae di.scimus - мектеп үшін емес, өмір үшін оқимыз

3. Nu. lla di.es si.ne li.nea - білімсіз бір күн өтпесін

Бақылау сұрақтары:

1. Латын тілінің шығу тарихы.

2. Архаикалық дəуір, ғалымдар, олардың жұмыстары.

3. Классикалық дəуірге дейінгі уақыт.

4. Алтын ғасыр, ғалымдар мен олардың трактаттары.

5. Күміс ғасыр ғалымдары.

6. Кейінгі ғасыр дəуірі.

7. Латын тілінің қазіргі замандағы орны.

Негізгі әдебиеттер

1 Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен. ІІ: (цитология, эмбриология, гистология) / Тоқаев, З.К. - 2006

2 Латинский язык / Валл Г.И. - 1990 Латинский язык / Валл Г.И. – 1990

3 Латинский язык и основы ветеринарной терминологии: / Вульф, В.Д. - 1988

Қосымша әдебиеттер

1 Введение в латинскую ветеринарную терминологию /Валл, Г.И. - 1978

2 Анатомия терминдерінің сөздігі ( Қазақша-орысша латынша, орысша латынша-қазақша, латынша-орысша-қазақша) / Рақышев, А. - 1992

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]