Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DOC-20161103-WA0004.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

5В120200 «Ветеринариялық санитария» мамандығына арналған

«Малдәрігерлік латын терминологиясы» пәнінен №4 Дәріс

Модуль 1 Латын граматикасының анатомиялық терминологиясы

ТАҚЫРЫБЫ: Латын граматикасы. Зат есім және сын есім, салыстырмалы шырай. Құрама аралас анатомиялық терминдер..

Жоспар:

1. Сөз құрау.

2. Грек суффикстері.

3. Грек түбірлі терминоэлементтері.

4. Латын тілінде сөз құраудың екі түрі бар: сөзқұрау жəне аффиксация.

Сөз құрау – екі немесе одан да көп түбірлі сөзден бір сөз шығару: oss-ificatio – сүйектену.

Аффиксация – сөз түбіріне жұрнақтар мен приставкаларды жалғау арқылы сөз шығару: аb-duc-tio – алыстату.

Анатомия терминологиясындағы зат есімдердің маңызды суффикстері

1. Сөз түбіріне жалғанатын –ul, -cul, -ol жұрнақтары (f) тегінде, кішірейтетін мағынадағы I септеудің зат есімдерін құрайды: radic-ul-a, a ae, f – тамыршық (от radix, icis,f – тамыр).

2. -ul, -cul, -ol жұрнақтары (m) жəне (n) тегінде тұрған зат есімдерге жалғанып, кішірейтетін мағынадағы II септеудің зат есімдерін құрайды. (m) тегінде тұрған зат есімдер атау септігінде -us -қа, (n) тегіндегі зат есімдер – um-ға аяқталады: ram-ul-us,i,m - сабақша (от ram-us,i,m – сабақ), tuber-culum, i, n – төмпешік (от tuber, eris, n – дөңес). Анатомиялық терминологияда - ul, -cul, -ol жұрнақты көп зат есімдер өздерінің бастапқы кішірейтетін мағынасын жойған.

3. -tor, -sor жұрнақтары супин түбіріне жалғанып, əрекеттегі зат немесе жақты білдіретін зат есімді құрайды: reseptor, oris, m – қабылдағыш (reseptum);

flexor, oris, m – бүккіш (flex-um); extensor, oris, m - жазғыш ( extensum).

Анатомия терминологиясындағы сын есімдердің негізгі суффикстері

Грек суффикстері

Грек суффикстері (жұрнақтары) латын зат есімдері мен сын есімдерінің 1-3 жіктелуімен аяқталатын сөздермен бірігеді. -īd- жұрнағы жануарлардың тұқымдастығын (Ranīdae - бақалар, Ciconīdae - тырналар), ботаникалық кластарды (Pteropsīdae - папоротник тəрізді, Pinopsīdae - қылқанды) жазуда қолданылған.

Гректің eidos (түр, ұқсас) жұрнағынан пайда болған -īd- жұрнағы орыс тіліндегі зат есімдердің -оид жұрнағына сəйкес келеді: гаплоид - haploīdum, i n; нуклеоид - nucleoīdum, i n.

Латын нұсқасында екпін -īd- жұрнағына түсетінін ұмытпаған жөн. Бұл топқа грек жұрнағындағы id-ке аяқталатын, ал орыс тілінде -ид-ке аяқталатын зат есімдер де келіп қосылады:

гликозид - glycosīdum, i n; хроматид - chromatīdum, i n.

-īd- жұрнағына алынған -ide- сын есімдерде -ұқсас-, -тəрізді деген ұғымды білдіреді, мысалы: ovoideus, a, um жұмыртқа тəрізді; xiphoideus, a, um қылыш тəрізді.

Грек тілінен енген жұрнақтарға тағы да -ism- жəне -ōs- жұрнактарын жатқызса болады. -ism- жұрнағы –us-пен аяқталатын сөздерге қосылып, зат есім терминдерінде қолданылады. Бұл жұрнақ негізделген қандай да бір құбылыс, күй, қасиет туралы хабар береді: gigantismus, i m гигантизм, бой өсуінің күшеюі; metabolismus, i m метаболизм, ағзадағы зат алмасу.

Ал, -ōs- -is-ке жалғанып, ауруды, қалыпты жағдайдан ауытқуды білдіреді: helminthōsis, is f гельминтоз, адам, жануар, өсімдіктердің құрттармен ауыруы; erythrocўtōsis, is f эритроцитоз, қанда эритцоциттердің көбеюі. Бірақ, -ōs- жұрнағы көп жағдайда сөз байланыстыру мақсатында қолданылады: metamorphōsis, is f метаморфоз, форманың өзгеруі; synarthrōsis, is f синартроз, буындардың дəнекер ұлпа, шеміршек немесе сүйек арқылы жалғануы.

Зат есімнің негізгі суффикстері

Суффикстер мағынасы мысалдар -in-a

1) ғылымдар атауы; 2) омыртқасыздар отрядының атаулары

Doctrina-ғылымтану; medicina - дəрігерлік ету; рolymastigina – көпқылшықтылар

-in-i Braconini – шабандоздар

-in-um Дəрі атауларында penicillinum - пенициллин

-ari-um Қойма, сақтайтын жер

vivarium – жануарларды ұстайтын жер

-ment-um Іс нəтижесі, зат

linimentum – сұйық сүртпе май;

instrumentum – құрал-сайман

-ul-; -cul-; -ol-

Көлемін азайтып, кішірейтіп

көрсету, дəрі атаулары

tuberculum –төмпешік;

pilula - пилюля;

ValidoIum - Валидол

-it-is қабыну (грек сөздерінде) hepatitis - гепатит, бауыр қабынуы

-oma ісік (грек сөздерінде) osteoma – сүйек ісігі

-id-

Оттегісіз қышқылдар тұздарының анионы

chloridum - хлорид

-as- (-atis) -is (-itis)

Құрамында оттегі бар қышқылдар тұздарының анионы nitras, atis - нитрат nitris. itis - нитрит

-ur- Іс-əрекет немесе нəтиже fractura- сынық;

scriptura - жазу

-or Физикалық күй

odor - вкус; sapor - запах; color - цвет; stupor – есеңгіреу, қалшылдау

-tor əрекет етуші адам, зат doctor - оқытушы; scriptor - жазушы

ti-o, -io- Іс-əрекет немесе нəтиже incisio - кесу: lectio - оқу

-tudo –tas күй libertas - бостандық

Сын есімнің негізгі суффикстері

Суффикстер мағынасы Мысалдар

-асе- (us, a, um) -е-

(us, a, um)

-асе- (-ае) -е- (-ае)

1) құрамы, тегі бойынша заттың сыны

2) заттың түсін айғақтайды

3) ботаникада тұқымдас атауын білдіреді chartaceus, a, um -қағаздан; amylaceus, a, um

- крахмалды; osseus, a, um

- сүйекті; membranaceus, а, um - жарғақты; argillaceus, a, um – саз-сары; argenteus, a, um – ақ күмістей; Violaceae – көкгүлділер; -os- (us, a, um)

1) өсімдік атауларының сыртқы түрін не орнын білдіреді

2) мөлшерінің көп болуы

Betula verrucosa – Сүйелді аққайың; vitaminosus – дəруменге бай

-(on) –eae ботаникада класстар атаулары Monocotyledoneae –бірбөліктілер

Dicotyledoneae – екібөліктілер

-ide-, -oide- (от

греч. eidos - видный) (-ae)

1) зоологияда тұқымдастар атауларында

3) ұқсағыштығын білдіреді

Alaudidae – бозторғай тұқымдастар; rhomboideus – ромб тəрізділер -i-(us, a, um) -ic-(us,

a, um) -in-(us, a, um)

Заттың сапасын, тəуелділігін көрсетеді patrius - əкелік; cephalicus – басқа тəуелді;

caninus - иттік

-at- (us, a, um) -it-

(us, a, um) -ut-(us, a, um)

Көрінісін айқындайды barbatus - сақалды; auritus - құлақты;

nasutus - мұрынды

-iv-(us, a, um) Қасиетін анықтайды corrosivum – үгітіп, күйдіріп, жеп жіберуші

-alis (-ales) -aris (- ares)

1) орын жəне уақытты

2) ботаникада өсімдіктер ретін анықтайды

vernalis – көктемгі;

polaris - полярлы;

orientalis - шығыстық; frontalis - маңдайлы; Polygonales – қарақұмық гүлділер -bilis (-His) Қабілетін айқындайды vegetabilis, е - өсімдік тектес; fragilis, е - сынғыш

-ensis (-iensis) Географиялық орнына тəуелділігін білдіреді canadensis, е – канадалық

-esc (-ens) –ntis Ұқсастығын_______, сапасын білдіреді Sorbus lutescens – сарғыш шетен;

Латын афоризмдері:

1. De gustibus non est disputandum – Талғам туралы айтысуға болмайды.

2. Dum spiro, spero – жаным барда, үмітімді үзбеймін (үмітсіз шайтан).

3. Docendo discimus – Оқытып жүріп оқимыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Сөз құрау дегенді қалай түсінесіз? Мысалдар.

2. Аффиксация деген не? Мысалдар.

3. Сын есімдердің негізгі суффикстерін атаңыз.

4. Зат есімнің негізгі суффикстері.

Негізгі әдебиеттер

1 Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен. ІІ: (цитология, эмбриология, гистология) / Тоқаев, З.К. - 2006

2 Латинский язык / Валл Г.И. - 1990 Латинский язык / Валл Г.И. – 1990

3 Латинский язык и основы ветеринарной терминологии: / Вульф, В.Д. - 1988

Қосымша әдебиеттер

1 Введение в латинскую ветеринарную терминологию /Валл, Г.И. - 1978

2 Анатомия терминдерінің сөздігі ( Қазақша-орысша латынша, орысша латынша-қазақша, латынша-орысша-қазақша) / Рақышев, А. - 1992

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]