Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DOC-20161103-WA0004.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

5В120200 «Ветеринариялық санитария» мамандығына арналған

«Малдәрігерлік латын терминологиясы» пәнінен №3 Дәріс

Модуль 1 Латын граматикасының анатомиялық терминологиясы

ТАҚЫРЫБЫ: Анатомиялық терминологияның сөз құрылымы. Қиыспаған және қиысымды анықтауыштар.

Жоспар:

1. Ветеринариялық терминология.

2. Терминге анықтама, номенклатура.

3. Анатомиялық терминология.

Термин (лат. terminus - шекара, шегі) – арнайы ғылыми мағынаны анықтайтын сөз немесе сөз тіркесі. Қазақша баламасы - атауыш. Терминге тəн қасиет бір мағыналық (monosemia моносемия, monos бір, біреу; semion –белгі). Терминология ғылыми түсініктер туралы ілім.

Ветеринариялық терминология - ветеринария саласына қатысты процестердің, құбылыстарыдың, заттардың ғылыми атауларының жиынтығы.

Ветеринариялық терминология үш терминологиялық топтардан тұрады:

1. анатомиялық

2. клиникалық

3. фармацевтикалық

Номенклатура – атаулар жиынтығы, белгілі бір ғылым ауқымында қолданынылып жүрген атауыштар мен категориялардың жиынтығы. Қазіргі кезде медицина мен ветеринарияның терминологиялық қоры 500 мың терминді құрайды (тарихи анықтама: егер Х ғасырда медициналық бір мың термин болса, 1850 жылы алты мыңға жуық, ал 1950 жылы 45 мың термингежеткен).

Анатомиялық терминдер жеке сөздерден немесе сөз тіркестерінен тұрады. Мысалы: vertebre – омыртқа немесе articulatio temporo-mandibularis – самай төменгі жақ буыны.

Терминге қажетті нақтылықты көрсету үшін оның құрамына анықтауыш кіреді. Ол жеке бір сөзге емес, толық сөз тіркесіне қатысты болады.

Мысалы: сүйек миы – medulla ossium – қызыл не сары болады, сондықтан да бұл терминнің толық аталуы medulla ossium rubra – сүйектің қызыл майы жəне medulla ossium flava – сүйектің сары майы.

Анықтауыштың екі түрі бар:

1. Келісілген – анықталатын зат есіммен тектік түрде жəне септікте келісілетін сын есім: musculus rectus – тік ішек. Егер зат есімнің бірнеше келісілген анықтауышы болса, онда бірінші болып ағзаға тиістілігін анықтайтын, оның артынан көлемін анықтайтын немесе тұрған жерін анықтайтын анықтауыштар тұрады; conchae nasalis dorsalis et ventralis – дорсальды жəне вентральды мұрын кеуілжірлері.

2. Келісілмеген – genetīvus септігінде тұрған зат есімнің басқа бір зат есімді анықтауы, мысалы: columna vertebrarum – омытрқаның бағанасы, facies cerebrum – мидың қабаты.

Токсономиялық бірліктегі зат есімнің аталуы

Зат есімнің септеу жүйесіндегі орнын түсіну үшін ботаникалық жəне зоологиялық номенклатурадағы жіктелу жүйесінде қолданылатын негізгі токсономиялық категориялардың атауларын жатқа білген жөн.

Жануар жəне өсімдік əлеміндегі жіктелуінің негізгі бірлігі түр (species, ēi f) болып саналады. Түрлер туысқа (genus, ĕris n), ал туыс – в тұқымдастыққа (familia, ae f), тұқымдастық – жануарларда тек тармаққа (отрядтарға -ordo, ĭnis m), өсімдіктерде қатарға (порядки - ordo, ĭnis m), ол өз кезегінде – текке (кластарға - classis, is f), ал тек – жануарларда тапқа (тип - phylum, i n), өсімдіктерде бөлімге (отделы - divisio, ōnis f), тап пен бөлімдер – патшалыққа (regnum, i n) алып келеді. Сонымен, зоологиялық жəне ботаникалық токсономиялық категория түрден басталып, патшалыққа келіп тірелетін төңкерілген пирамидаға ұқсайды. Түр атауы биноминальды номенклатураға сай екі бөлімнен – тектік жəне түрлік атаудан тұрады.

Тектік атау Родовое nom. sg.септеуінде тұрған зат есіммен аталып, бас əріппен жазылады: Betŭla - қайың, Ciconia - тырна, Tritĭcum - бидай.

Зат есімнің түрді анықтауға қолданылатын кездері болады: Luscinia luscinia - бұлбұл, Pica pica - сауысқан, Rattus rattus - қара атжалман. Мұндай атаулар тавтонимдер (грек. to auto onyma - соның өзі) деп аталады жəне тек зоологияда ғана қолданылады.

Түрлік атауда термин элементтерінің тікелей аудармасына сай келе бермейтін жағдайлар да болады: Hypoderma bovis - бұқа оқалағы - зат есім hypoderma, ătis n (тікелей. «теріастылық») жəне ілік септігіндегі зат есім bos, bovis m, f - бұқа, сиыр деген сөздерден тұрады. Rattus rattus (тікелей аудармасы «атжалман-атжалман») «қара атжалман», Canis lupus - қасқыр (тікелей аудармасы «ит-қасқыр») деп аударылады.

Сын есімдер биологиялық номенклатурада түрдің анықтауышы ретінде жəне субстантивирленген формада – тұқымдас, бөлім, тектердің уноминальдық атауларында қолданылады. Түрді анықтағанда сын есімдер өзінің мағынасын жоғалтып, басқаша болып аударылуы да мүмкін: orientālis, e - шығыстық, бірақ: Blatta orientālis - қара таракан; esculentus, a, um – жеуге жарамды.

Токсономиялық бірліктегі зат есімнің аталуы

Түрі Species, ēi,f f

Туысы genus, ĕris n f

Туысы genus, ĕris n

Тұқымдасы familia, ae f f

Тек тармағы (Отряд) ordo, ĭnis m жануарларда f

Қатар ordo, ĭnis m өсімліктерле f f

Класы classis, is f f табы phylum, i, n жануарларда

Бөлімі divisio, ōnis, f өсімдіктерде

Топтама (дүние) regnum, i n

Латын афоризмдері:

1. Ars longa, vita brevis - өмір қысқа, өнер мəңгі.

2. Homo homĭni lupus est — адам адамға қасқыр (жау).

3. Opĕra et studio — Еңбекпен жəне ынтамен.

Бақылау сұрақтары:

1. Термин деген не?

2. Номенклатура дегенді қалай түсінесіз?

3. Терминдегі анықтауыш түрлері?

4. Токсономиялық бірліктегі зат есімнің аталуы.

Негізгі әдебиеттер

1 Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен. ІІ: (цитология, эмбриология, гистология) / Тоқаев, З.К. - 2006

2 Латинский язык / Валл Г.И. - 1990 Латинский язык / Валл Г.И. – 1990

3 Латинский язык и основы ветеринарной терминологии: / Вульф, В.Д. - 1988

Қосымша әдебиеттер

1 Введение в латинскую ветеринарную терминологию /Валл, Г.И. - 1978

2 Анатомия терминдерінің сөздігі ( Қазақша-орысша латынша, орысша латынша-қазақша, латынша-орысша-қазақша) / Рақышев, А. - 1992

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]