Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
d_1241_rister_Surashov_1179_ys_1179_a_n_1201_s_1179_a.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

6) Қозғалтқышты таңдау

Тартылысты есептеудің негізінде барабандағы тарту шеңбер күшін анықтауға болады

Fο = S11 – S1 (10.10)

Сонда қозғалтқыштың қажетті қуаты:

(10.11)

мұндағы Кз = 1,15…1,25 – қуат қорының коэффициенті; η – жетектің жалпы ПӘК-і; υ – таспа қозғалысының жылдамдығы, м.

Nуст мәні бойынша жетектері үшін 4А сериялы қысқа тұйықталған роторы бар электр қозғалтқышын, ал 75кВт жоғары қуатта – фазалық роторы бар NН (кВт) қуатты және біліктің айналу жиілігі nн, айн/мин қозғалтқыштарын қабылдайды.

Негізгі әдебиет: 6 нег. [85-113; 144-149].

Қосымша әдебиет: 10 қос. [207-236].

Бақылау сұрақтары:

  1. Үздіксіз тасымалдаушы машина мен жабдықтар не үшін қажет? Олардың жіктелуін келтіру керек.

  2. Таспалы конвейердің жалпы құрылымы мен жұмыс істеу қағидасын суреттеп жазыңыз.

  3. Таспалы конвейердегі жетекші барабанның тарту қабілеттілігін қандай тәсілдермен арттыруға болады?

  4. Таспалы конвейерде түзу және науалы ролик тіректерін пайдалануды негіздеңіз.

  5. Үздіксіз тасымалдаушы машинаның металл сыйымдылығын сипаттайтын меншікті масса көрсеткіш қай формула көмегімен анықталады?

  6. Канатты (арқанды) – таспалы конвейер кәдімгі таспалы конвейерден қандай айырмашылығы бар?

  7. Конвейерлік таспа қандай материалдан жасалынады және оның құрылымы қандай?

11-тақырып. Пластинкалы конвейерлер

Анықтамасы мен жіктелуі. Жеке тақташалардан (қаңылтырдан) жасалған төсемеде жүкті үздіксіз тасымалдайтын конвейерді пластинкалы деп атайды, әдетте, бұл тақташалар иілмелі тартқыш элементіне – қозғалмалы дөңгелеп тұйықталған екі шынжырға бекітіледі. Бұл конвейерлерді әртүрлі сусымалы, төгілмелі және дара жүктерді, одан аса ауыр, ірі кесекті, бұжырлы, өткір кесекті және ыстықтай өңделген жүктерді тасымалдауға пайдаланады.

Пластинкалы конвейерлерді өндірісте пайдалануына байланысты жалпы және арнайы деп бөлуге болады. Жалпы жұмыстарды орындайтын конвейерлер кең таралған.

Орын ауыстыру мүмкіндігі бойынша тұрақты және жылжымалы пластинкалы конвейерлер деп ажыратылады. Соңғы аталған конвейерлерді қоймаларда, жеке жәшікке салынған жүктерді тасымалдауға арналған тиеп-таситын, сорттайтын және қаптайтын орындарда пайдаланады.

Пластинкалы конвейер (11.1-сурет) бағыттау жолдары (5) бар станинадан (4), бүйірлі төсемді құрайтын пластиналарды (2) бекітеді де, тұйықталған тартқыш шынжырлармен (3) оралған жетекші (1) және керілген (7) жұлдызшалардан тұрады. Конвейердің жұмыс тармағының әр жерінде орналаса алатын науа (6) арқылы жүкті тиеуге және жүкті үздіксіз төгетін шанағы (12) бар құрылғы арқылы жүкті төгуге болады.

Жалпы қолданылатын пластинкалы конвейерлердің негізгі параметрлері мен өлшемдері стандарт бойынша (МЕСТ 22281-76) сәйкес келу керек. Оларды келесі қабылданған стандарт тізімінен алады: төсем ені В – 400; 500; 650; 800; 1000; 1200; 1400 және 1600мм; бүйірінің биіктігі (ішкі өлшемі) h – 80; 100; 125; 160; 200; 250; 315; 355; 400; 450 және 500мм; тартқыш шынжырдың адымы (ол төсем адымына тең алынған) t – 80; 100; 125; 160; 200; 250; 315; 400; 500; 630 және 800мм; жұлдызшалар тісінің саны zо – 6; 7; 8; 9; 10; 11; 12 және 13; қозғалатын бөлігінің қозғалу жылдамдығы  – 0,01; 0,016; 0,025; 0,04; 0,05; 0,063; 0,08; 0,1; 0,125; 0,16; 0,2; 0,25; 0,315; 0,4; 0,5; 0,63; 0,8 және 1м/с; төгілмелі жүк бойынша жұмыс жасау өнімділігі Q – 10; 16; 25; 32; 40; 63; 80; 100; 125; 160; 200; 250; 320; 400; 500; 630; 800; 1000; 1250; 1600 және 2000 м3/сағ.

Пластинкалы конвейерлер полотносының жылдамдығын келесі түсініктерді ескере отырып таңдап алады. Полотноның жылдамдығы жоғарылаған сайын, өнімділігі арта бастайды, полотноның өлшемі кішірейіп, конвейердің массасы мен құны кемиді,

11.1 - сурет. Жалпы қолданылатын пластинкалы конвейерлер:

1,7 - жетекші және керілген жұлдызшалар; 2 - пластина; 3 - шынжыр; 4 -станина; 5 - бағыттаушы жол (рельс); 6 - жүк салу шанағы; 8 - электрқозғалтқыш; 9 - редуктор; 10,11 - муфталар; 12 - жүк түсіретін қорап

бірақ тартқыш шынжырлардың динамикалық жүктемесі, қозғалысының бірқалыпсыз-дығы артады және тез тоза бастайды. Сондықтан ұзын буынды шынжырлардың адымы 250…400мм болған кезде, жұлдызшалар тістерінің саны (z = 6...8) және сырғанау подшипниктердегі катогы аз болғанда, конвейер жылдамдығын 0,1…0,4м/с шектерінде болады. Тау-кен рудалық және көмір өндірісінде пайдаланылатын домалау подшипниктері мен қысқа буынды шынжырлары бар конвейерлерге арналған жылдамдықты 1…1,25м/с-ге дейін көтеруге болады.

11.2- сурет. Көлденең қимадағы жүгі бар төсемдердің түрі:

а - бүйірі жоқ; ә - жылжымалы бүйірлері бар; б - жылжымайтын бүйірлері бар

Пластинкалы конвейердің тартуын есептеген кезде оның тасымалдау жолының күрделігіне қарамастан, жоғарыда көрсетілген ленталық конвейерге қолданылатын контурды айналудың әмбебап әдісін пайдаланады (§8.2. қараңыз). Полотно қозғалысының бағыты бойынша тасымалдау жолын айналған кезде тарту элементінің керілуін келесі формула бойынша анықтайды:

; (11.1)

, (11.2)

мұндағы Si-1 және Si – қарастырылатын учаскенің басында және соңындағы тарту элементінің керілуі; Wi – жолдың түзу сызықтық учаскесіндегі қозғалыс кедергісінің күші; Кi – құрылғылардың ауытқуын айналған кездегі полотно қозғалыс кедергісінің коэффициенті.

Көрсетілген әмбебап әдісті қолдана отырып, конвейер жолының жеке учаскелеріндегі кедергілерді тізбектеп табу арқылы шынжырдың ең аз керілген жерінен максимальді керілуін Smax есептейді. Тарту элементінің ең аз керілуін Smin= 1...3 кН қабылдайды.

Қозғалатын катоктардың жылжитын полотномен бірге қозғалыс кедергісінің (Н) күші мен тұрақты тіректік каток кедергісінің күшін

(11.3)

өрнегі бойынша анықтайды.

мұндағы­ , Н/м – бойлық жүктің массасы;­­ qo – шынжыры және тіректік катогы бар төсемнің бойлық массасы, Н/м; g = 9,81 м/с2 – еркін түсу үдеуі; Н – жүкті көтерудің биіктігі, м.

qo ­­­(Н/м) мәнін:

деп алуға болады

мұндағы, В – төсем ені, м; А – 11.1-кесте бойынша алынатын коэффициент.

(.) формуласы бойынша Si есептегенде, құрылғының ауытқитын жерін айналып өткен кездегі қозғалыс кедергісінің ki коэффициентін бүгілген жерінің бұрышы п < 90 болғанда, 1,04-ке тең және п­ ­= 180 болған кезде, 1,08-ге тең етіп қабылдайды.

Жетекші жұлдызшалардағы шеңбер бойымен айналу күші (Н):

, (11.4)

мұндағы Sнб және Sсб – тарту элементінің жұлдызшаға ілінісу және іліністен шығу мәндері, Н; Wпр – жетекші жұлдызшалардың айналу кедергісінің күші, Н; k1 - жетекші жұлдызшалардың айналу кедергісінің коэффициенті (k1  1,08).

11.1 - кесте. Болаттан жасалған бүйірлі төсем үшін А коэффициентінің мәні

Жүктің параметрлері

Төсем түрлері

А(Н/м), В (м) кезіндегі

α, мм

p, т/м

0,4…0,5

0,65…0,8

0,8-ден кем емес

60-тан аспайды

1-ден аспайды

Жеңіл

400

500

700

60…160

1...2

Орташа

60

700

1000

160-тан аспайды

2-ден кем емес

Ауыр

800

1100

1500

Кз = = 1,15...1,2 қор коэффициенті кезіндегі жетек қозғалтқышының қуаты (кВт):

, (11.5)

мұндағы, о – қозғалтқыштан жетекші білікке дейінгі берілістің пайдалы әсер коэффициенті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]