- •Бұрандалы, дөңгелекті, штангалы, тербелмелі (дірілдеуіш) және т.Б. Конвейерлерді жатқызады
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •6) Қозғалтқышты таңдау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қалыптасқан қозғалыс кезіндегі тарту элементінің есептелген керілуі:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
Бақылау сұрақтары:
Қандай крандар жебе тәріздес крандарға жатады?
Колоннадағы тұрақты кран қандай конструктивті элементтерден тұрады?
Қабырғалық арысты кран конструкциясының негізгі элементтерін атаңыз.
Колоннадағы тұрақты арысты крандарды есептеу ерекшеліктерін атаңыз.
Сыртқы тіректері бар тұрақты арысты кранның айналу механизмі жетегінің қуатын қай формула көмегімен анықтайды?
6 – тақырып. Мұнаралы крандар
Мұнаралы крандар деп, жүктемені ұстайтын конструкциясы биік мұнара болып, жебесі мұнара үстіне орнатылған планда 360º толық бұрышқа бұрыла алатын жүк көтергіш машиналарды айтады. Олар жебелі крандарға жатады; онда көтерілетін жүк тіректі контурдан тыс жерде тұрады. Тұрған жерінде бұл машиналар көмегімен радиусы (Rmax), (Rmin) дөңгелек ауданына қызмет көрсетіледі. (Rmax, Rmin) радиустары жүктің шекті шығыңқылары болады. Мұнаралы крандар құрылыс-монтаж жұмыстарында қолданылатын негізгі жүк көтергіш құрылғылар қатарына жатады.
Тұрмыстық үй құрылыстарында пайдаланатын мұнаралы крандардың жүк көтергіштігі әдетте 5...12,5 тоннадан, ал кейбір кездерде 25 тоннаға дейін көтереді. Ондай крандар көмегімен ғимарат элементтерін көтеріп орнықтырып қояды, құрылыс материалдарын береді және басқа жүктерді тиеп түсіру, жылжыту жұмыстарын атқарады.
Конструкцияларды және ауыр өнеркәсіптік жабдықтарды құрылыста көтеріп-тасымалдауда пайдаланатын мұнаралы крандардың жүк көтергіштігі 50 тоннаға дейін болады.
Мұнаралы крандар жылжымалы, көбінесе рельстік жолдағы, сирек пневмодөңгелектік жүрістегі болады. Мұнаралы крандар тұрақты (ғимаратқа сүйеп, іргетасқа орнатылған), өздігінен көтерілетін түрге бөлінеді. Соңғысы биік металл қаңқалы ғимаратты және т,б, объекттерді салу құрылысында пайдаланылады. Жылжымалы крандар: мұнарасы айналмайды, бірақ бастиегіндегі жебесі айналатын; мұнарасы айналатын, платформаға орнықтырып қойылған боп бөлінеді. Жүк шығыңқысына платформаның (бастиек) айналу осьіне қатысты жебені көтеру арқылы немесе горизонталь жебе бойымен жүретін жылжымалы жүктік арба орнын өзгерту арқылы өзгертуге болады.
Мұнаралы кранның металлконструкциясы жебеден (сидақтан), мұнарадан, айналатын платформадан, қарсысалмақтық арыстан, айналмайтын рамадан тұрады. Мұнаралы кран конструкциясы көбінесе илемнен (прокаттан) құралған. Жебені бұрыштамалы немесе құбыр илемнен жасайды. Белдіктер арасы жақтаулармен және бағандармен байланысады.
Құрылыста көп таралғаны-мұнарасы айналатын (айналу платформасындағы) және бастиегі айналатын (мұнарасы айналмайтын) мұнаралы крандар болып табылады.
Бастиегі айналатын крандармен салыстырғанда мұнарасы айналатын крандарда биікте орналасатын элементтер аз, сондықтан жалпы массалар орталығы төменде орналасады да, кранның жалпы массасын азайтуға, оны тасымалдау, монтаждау және т.с.с. қолайлығын арттырады. Ондай крандағы торкөзді (немесе құбырлы) мұнара (10) (6.1-сурет) айналатын платформаға бекітіледі де, тіректі айналу құрылғысы (14) арқылы жүрісті бөлігіне (1) тіреледі.
Айналатын платформада: қарсысалмақ (4), жүктік (12), жебелік (11) лебедкалар және айналатын платформаның айналдыру механизмі (13) орналасады. Жебе (8) мұнараға топса арқылы бекітіледі де, тартқыш канаттар (5) көмегімен ұсталып тұрады. Тартқыш канат (5) бағыттауыш блоктар арқылы жебелі полиспасттың қозғалмалы обоймасымен байланысады. Жүкті көтеріп түсіру жүктік полиспаст (16) арқылы жүктік лебедка мен аспаның крюгі көмегімен жүргізіледі. Кранды басқару кабинадан (9) атқарылады. Жүк шығыңқысын жебе көлбеулігін өзгерту арқылы жүргізіледі.
Мұнарасы айналмайтын және горизонталь жебелі кранда (6.2-сурет) мұнара (10) (тіректі бөлігі) – рамаға (1) (немесе портал) арқылы жүрістік арбаларға орнықтырып қойылады. Жүрістік арба рельстік жолмен жүріп, кранды жылжытады. Кранның тірек-бөлігінде балласт (4) орналасады да, кранның тұрақтылығын оның жұмыстық және жұмыссыз күйінде орнықтылығын қамтамасыз етеді.
Бұрылатын бастиек (16) тіректі бұрылу құрылғысы (14) арқылы мұнараның жоғарғы секциясына бекітіледі. Жебе (8) және қарсысалмақтық арыс (17) топсалы түрде бұрылатын бастиекке бекітіледі де, кергіштермен (3,5) ұсталып тұрады. Қарсысалмақтық арыста жүктік лебедка (12), жебе орнын өзгертетін (11) лебедка, қарсысалмақ (18) орналасады. Қарсысалмақ кранның жоғарғы бөлігін теңдестіреді. Жебенің төменгі белдігі бойымен жебенің торлы секция ішінде орналасқан тартқыш лебедка көмегімен жүктік каретка (7) жылжып жүреді.
6.1-сурет. Мұнарасы айналатын мұнаралы кран сызбасы:
1-жүрісті рамасы; 2,15-жүрістік арба; 3-айналатын платформа; 4-қарсысалмақ; 5,16-сидақтық (жебелік) және жүктік сәйкес полиспастар; 6-қайыру бағанасы; 7-крюктік аспа; 8-жебе (сидақ); 9-кабина; 10-мұнара; 11,12-жебелік және жүктік сәйкес лебедкалар; 13-кранды айналдыру лебедкасы; 14-тіректі-айналатын құрылғы
Жұмыстық және жұмыссыздық күйлердегі кранның қауіпсіздігін тексеруге арналған есептеулер, ең үлкен жүктеменің бір реттік әрекетіне кран элементтерін есептеу, ал механизмдердің металл конструкциясы мен тетіктерін қажауға беріктігін есептеу МЕСТ 13994-81 «Мұнаралы құрылыс крандары. Есептеу нормалары» стандарты бойынша жүргізіледі.
Әуелі эмпирикалық тәуелділіктер бойынша кранның геометриялық және салмақтық параметрін анықтайды; жұмыстық қозғалыс жылдамдықтарын табады; кранның жүктік сипаттамасын есептейді. Одан кейін кран қабылдайтын желдік және инерциялық жүктемелерді, оның ішінде кранның жалпы салмағы және оның жеке элементтері тудыратын күштерді анықтайды. Кранның тұрақтылығын тексереді де, тіректі таған симметриясы аймағында орналасқан балластпен бұрылатын платформаның артқы жағында немесе қарсысалмақтық арыста орналасқан қарсысалмақтың (қарсы жүктің, балластың) массасына түзету жасайды.
6.2-сурет. Мұнарасы бұрылмайтын мұнаралы кранның сызбасы:
1-жүрістік рама; 2,15-жүрістік арба; 3-кергіш; 4-балласт; 5-жебелі расчал; 6-тартқыш лебедка; 7-крюктік аспа; 8-жебе; 9-кабина; 10-мұнара; 11-жебелік лебедка; 12-жүктік лебедка; 13-жебені бұру лебедкасы; 14-тіректі – бұрылу құрылғысы; 16-бұрылу бастиегі; 17-қарсысалмақтық арыс; 18-қарсысалмақ
Жүктік тұрақтылықты тексеруде, кран көлбеу алаңда тұрады, жел үрлейді, бұрылады, біруақытта түсірілетін жүк қозғалып келе жатқан кран лезде тежеледі деп есептелінеді. Жүктік тұрақтылық коэффициенті
Kж = Mа - ∑Mи – Mв / Mг ≥ 1,15 (6.1)
мұндағы, Mа – аударылу қырына қатысты кранның салмақ күші тудыратын момент; ∑Mи = Mиг + Mик+г +Мц – жүкпен бірге кран айналу кезіндегі центрден тепкіш күштің және кран мен жүкті тежеу кезінде пайда болатын инерция күштерінің қосынды моменті; Мв – кранды орнықтырып қойған жазықтыққа параллель әсер етуші, жұмыс күйіндегі кранға (W) және жүкке (W) үрлейтін жел күштің моменті; Мг – аударылу қырына қатысты жүктің номиналь салмағы тудыратын момент.
Меншікті тұрақтылықты есептеуде, кранды көлбеу алаңда тұрады, жебе жол бойына параллель орналасқан, шығыңқы – ең кіші, кранға жұмыссыздық күйде жел үрленеді деп есептелінеді. Меншікті тұрақтылық коэффициенті
Кc = Mg / Mв ≥ 1,15 (6.2)
мұндағы
Mg
– аударылуға қарама қатысты кран массасы
тудыратын ұстағыш моменті; Ma
= G(b · cos
- ho
· sin
);
Мв
– жұмыссыздық күйдегі жел күшінің
моменті (аударатын момент) Мв=W2·P2
Негізгі әдебиет: 5 нег. [43-60].
Қосымша әдебиет: 11 қос. [130-148].
