- •Бұрандалы, дөңгелекті, штангалы, тербелмелі (дірілдеуіш) және т.Б. Конвейерлерді жатқызады
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •6) Қозғалтқышты таңдау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қалыптасқан қозғалыс кезіндегі тарту элементінің есептелген керілуі:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
Бақылау сұрақтары:
Шөмішті конвейердің түрлері мен конструкциясын, жұмыс істеу қағидасын айтыңыз.
Таспалы және шынжырлы шөмішті конвейердің айырмашылығы, қолдану саласын айтыңыз.
Шөмішті конвейерге материалдарды тиеу және төгу әдістерін атаңыз?
Шөмішті конвейердің негізгі элементтері, тарту және жетек станцияларын айтыңыз.
Шөмішті конвейердегі жетекші және тарту барабандардың диаметрін қалай анықтайды?
13-тақырып. Иілмелі тартқыш элементі жоқ конвейерлер
Иілмелі тартқыш элементі жоқ (лентасыз және шынжырсыз) конвейерлер әртүрлі жүктерді аздаған қашықтыққа тасымалдауға арналған және құрылымының қарапайымдылығымен, жинақтылығымен, әрі сенімділігімен сипатталады.
Қарастырылатын конвейерлердің құрылымдық белгілері бойынша 13.1-суретте келтірілген. Жіктелу түрінде осындай машиналар мен құрылғылардың құрылымы мен пайдалануы жөнінде практикалық көрсеткіштер қарастырылған. Өзінің ерекшелігімен ол құрылымдық ұйғарымының әртүрлілігін ескеруге мүмкіндік береді және осы конвейерлердің негізгі түрлері мен пайдалануы туралы түсінік береді.
Ең кең пайдаланылатын иілмелі тартқыш элементі жоқ конвейерлерді төрт топқа: бұрандалы (шнектер); роликті (рольганги), инерциялық (екпінді) конвейерлерге және гравитациялық (салмақты) (өздігінен ағызатын) құрылғыларға бөледі. Бұрандалы және екпінді конвейерлер - үйілмелі, ал роликтік - дара жүктерді тасымалдауға арналған. Жетектері жоқ гравитациялық (салмақты) (өздігінен сырғанайтын) құрылғылар үйілмелі және дара жүктердің тасымалдануын ауырлық күші арқылы орындайды, әрі құрылымы қарапайым болып келеді.
Горизонтальдік бұрандалы конвейер (13.2,а -сурет) төмен жағы жартыцилиндр формасындай науада 6 орналасқан Архимед бұрандасынан 8 тұрады. Бұранда білігінің соңында тұратын екі подшипниктермен 5,13 және арасындағы аспалы подшипниктермен 10 ұсталып тұрады. Конвейердің жетегіне электр қозғалтқыш 1, редуктор 3 және екі муфта 2,4 кіреді. Біліктің соңындағы тіреуіштердің біреуінде бұранданың осьтік күшін қабылдайтын тіреуіш подшипнигі 13 орнатылған. Үйілмелі жүк науаның ортасында немесе соңында жүк тиейтін құбыршадағы 12 люк (тесік) 11 арқылы үздіксіз салынады және бұранданы бұраған кезде науаның ішінде сырғанап араласып тұрады. Жабушы тетігімен 15 жабдықталған науаның түбінде 14 тесік бар немесе бірнеше түсіргіштер (тесік) арқылы сусымалы материалды төмен түсіреді. Науа 3…6 мм қалыңдықты қаңылтыр болаттан жасалған 2,5…4 м ұзындықты жеке-жеке секциялардан тұрады. Науадағы жүктің қозғалысы бұранда спиралінің (сол немесе оң жақтағы) бағытына және бұранданың айналуына байланысты болады.
Спиралінің саны бойынша бұранда бір, екі, үш кірісті болады. Көп кірісті бұрандалар бір кірістіге қарағанда жақсы жұмыс жасайды.
Бұрандалы конвейерлер жантайған (горизонтқа қарай 20-қа дейінгі бұрышпен) (13.2,в-сурет), ал цементті тасымалдау үшін (тігінен жантайған
(вертикальдік) (13.2,б -сурет) түрде орналасады.
13.1- сурет. Иілмелі тартқыш элементі жоқ конвейерлер:
а-бұрандалы; ә- дірілді; б- шайқалатын; в- роликті; г- штангалы; 1- винт; 2- арна; 3- дірілдеткіш; 4- жазық рессор; 5- тіректі аунақ; 6- айналшақты-бұлғақты жетек; 7- ролик; 8- жүк; 9- балка-штанга
Вертикальді конвейерлер материалды итеріп тұратын горизонтальдік бұрандалы қоректендіргіштерден жүкті қабылдап тұрады. Вертикальді конвейердің бұрандасы 8 вертикальдік құбырда 16 орналастырылған және горизонтальдік қоректендіргіштен 17 берілетін жүкті үлкен жылдамдықпен айналдырып қабылдап тұрады. Вертикальдік құбырды толтыратын материалдың ортадан тепкіш күші жүкті айналдырған кезде құбырдың шеттеріне жабыстырып тастайды. Осының салдарынан тангенциалдық үйкеліс күші пайда болады және бұрандамен қатар айналатын материал гайка сияқты айналып тұрады. Оның жүріс ізі аз адымды бұрандалы сызықты білдіріп тұрады.Жалпы қолданылатын бұрандалы конвейерлердің негізгі параметрлері (МЕСТ 2037-82) стандартталған, жеке айтқанда, бұрандалардың Dв диаметрлері келесі қатардан: 100; 125; 160; 200; 250; 320; 400; 500; 630; 800мм алынады. Бұранда адымы t = 0,8 Dв.
13.2 –сурет. Бұрандалар құрылымы:
а– тегіс, біртұтас; б – таспалы; в – фасонды; г – қалақшалы; д – әртүрлі жүктерге арналған науа қимасын толтыру дәрежесі
Құрылымы бойынша бұрандаларды тегіс (13.2, а-сурет), таспалы (13.2, б сур.), фасондық (13.2, в-сурет), қалақшалы (13.2, г -сурет) деп бөледі және тасымалданатын үйілмелі жүкке байланысты қолданады. Тегіс бұрандамен жақсы үйілетін материалдарды (цемент, бор, гипс, күл, кепкен құм); ленталы бұрандамен – майда кесекті жүктерді (қиыршық тас, құм тастар, әктас); фасондықпен – қамыр тәрізді жүктерді (топырақ, бетон, цемент ерітіндісін); қалақшалымен – бір уақытта қарқынды айналдырылатын қамыр тәрізді жүктерді тасымалдайды.
Әртүрлі жүктермен науаны толтырудың дәрежесі 13.2,д-суретте көрсетілген.
Конвейердің бұрандасы қалақшалары пісіріліп бекітілген құбырдан жасалады. Бұранданың тіреуіші ретінде сырғанау және домалау подшипниктерді пайдаланылады. Соңғылары сенімді нығыздылықты қажет етеді.
Жалпы қолданыстағы (МЕСТ 8324-71) тұрақты жетекші емес роликті конвейерлер (13.3,а-сурет) 160…1200мм ұзындықты, диаметрі 40…155мм және роликтер адымы 50…630мм роликтері бар секциялардан тұрады. Бұралатын (қисықсызықты) секциялардың радиусы 400мм-ден 4000мм-ге.
13.3 –сурет. Роликтік конвейерлердің сұлбасы:
а – жетекші емес тұрақты; б,в,г – конусты тісті, шынжырлы және белдікті берілістері бар жетекші; д – жылжымалы жетекші емес; 1 – ролик; 2 – жетек; 3 – конустық тісті беріліс; 4 – тізбекті беріліс; 5 – белдікті беріліс; 6 – редуктор; 7 – шынжырлы беріліс
дейін. Конвейердің типтік өлшемі тасымалданатын жүктің салмағы мен өлшеміне және ролик жүктемесіне байланысты алынады.
Роликке деген есептік жүктемені G (Н) жүк ұзындығы ℓгр мен ролик адымының ℓ р арасындағы қатынасқа байланысты алады:
2ℓр < ℓгр < 3ℓp кезде F = 0,5G; 3ℓр < ℓгр < 4ℓp кезде F = 0,33G; 4ℓр < ℓгр < 5ℓp кезде F = 0,25G.
Жылжымалы роликті конвейерлердің секцияларын дөңгелекке келтіреді (13.3,д -сурет), ал көлбеу бұрышын реттеу үшін тіреулерді (тағандарды) жылжымалы (суырмалы) етіп жасайды.
Цилиндрлікті роликтердің орнына көптеген жағдайда дискілік роликтерді пайдаланады, оларды арнаулы шариктік подшипниктерде жылжымайтын осьтерде орнатады. Осындай дискілік конвейерлерді қозғалмалы етіп жасайды.
Қозғалмалы дискілі конвейерлердің ені 160, 250, 400 және 650мм болады. Конвейердің бойлық бағытындағы дискілердің адымы 40, 80 және 160 мм; көлденең бағыттағы дискілер адымы бойлық бағытындағы дискілер адымына қарағанда (0,5…1,0) құрайды.
Жетекші емес роликті конвейерлердің қиылысы мен тармақталуы арнаулы өтпелі секцияларда болады, рельстерді жолға бұру тетігі сияқты орын ауыстырады. Қиылыстарда конвейердің арнаулы секциялары бұрылатын шеңберде құрастырылады және бір немесе басқа конвейердің ұзындығы бойынша бойымен орналастырылады.
Жетекші роликті конвейерлер металлургиялық және ағаш өңдейтін өндірісте, дайындау цехтарында, қоймаларда, әрі басқа конвейерлердің жолдарында немесе басқа технологиялық жабдықтарда (бояйтын, кептіретін, салқындататын және т.б.) кең таралған. Осы конвейерлер арқылы жүкті 5-тен 6˚ дейін көтеріп тасымалдауға болады. Жүкті жылжыту оны роликпен іліп алу арқылы іске асырылады.
Жетекші роликті конвейерлердің роликтері топтасқан және жеке жетекті болады. Әр роликтің жеке жетегі (ауыр жұмыс жағдайларында) болуы мүмкін. Соңғы жағдайда әр роликті айналдыру үшін басқа құрылғылар (шынжыр, арқан, белдік, бірқатар тісті дөңгелектер және т.б.) қарастырылған.
13.3, б - суретте ролик білігінің соңында орнатылған конустық беріліс пен бойлық білігі жетегінің сұлбасы көрсетілген. Біліктері сыртындағы подшипниктерде айналып тұрады. Ауыр жұмыс жағдайына арналған осындай типті конвейерлерді кері айналатындай етіп жасайды. 13.3,в-суретте роликтердің соңына екі шынжырлы жұлдызшалар орналасқан, қысқа жетекші шынжыр арқылы екі роликті біріктіретін жетектің сұлбасы көрсетілген. 13.3, г-суретте белдікті берілістері бар жетек көрсетілген: роликтердің 1 астына редуктор 6 арқылы электр қозғалтқыштан және шынжырлы берілісі 7 бар жетекті жеңіл ленталық конвейерді 5 орнатады. Лентаның жоғарыдағы тармағы роликке қысылып, қозғалыс болған кезде роликтерді айналдырады.
Жетекші емес роликтер бойынша жүктің өзінің салмағымен қозғалуды қамтамасыз ету үшін (13.3,а-сурет) жетекші емес (гравитациялық) конвейерлерді 2…7˚ бұрышпен горизонтальға көлбеу орнатады. Конвейер соңындағы жүкті жылжытудың жылдамдығы жүктің түріне, көлбеу бұрышына, үйкеліс коэффициентіне байланысты болады және жұмыстың қауіпсіздігі мен жүктің сақталу жағынан рұқсат етілетін шектерінен аспау керек. Жүкті үлкен биіктіктен түсірген кезде жұмыстық аумағын үнемдеу мақсатында роликтік бұрандалы түсірулерді қолданады.
Негізгі әдебиет: 5 нег. [136-150].
Қосымша әдебиет: 12 қос. [58-66].
