Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
d_1241_rister_Surashov_1179_ys_1179_a_n_1201_s_1179_a.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары:

  1. Қандай жүк көтергіш машина мұнаралы деп аталынады?

  2. Мұнарасы бұрылатын (бұрылатын платформадағы) мұнаралы кранның негізгі конструктивті элементтерін атаңыз.

  3. Мұнарасы бұрылмайтын және горизонталь жебелі кран қалай жұмыс жасайды?

  4. Жұмыстық және жұмыссыздық күйлердегі мұнаралы кранның қауіпсіздігін тексеруге арналған есептеу қалай орындалады?

  5. Мұнаралы кранның жүктік және меншікті тұрақтылығын есептеу әдістемесін келтіріңіз.

7- тақырып. Жебелі өздігінен жүретін крандар

Жебелі өздігінен жүретін крандар өнеркәсіптік, азамат-тұрмыстық құрылыста, сонымен қатар ірі өнеркәсіптік жабдықтарды орнықтырып қою кезінде кеңінен қолданылады. Жебелі өздігінен жүретін крандар жүрісті жабдықпен жетек түрі бойынша, жебе жабдығының орындалуы мен түрі бойынша жіктеледі.

Жүрісті жабдық түрі бойынша оларды автомобильдік, пневмодөңгелекті, автомобиль типтес арнайы шассидегі, трактор мен тіркелген боп бөлінеді. Жетек түрі бойынша бір және көп моторлы (жеке) жетекті боп бөлінеді. Көбірек көп моторлы – электрлік, дизель-электрлік, гидравликалық немесе аралас (жеке механизмдері әртүрлі типтегі жетекті) қолданады. Жебе жабдығының орындалуы мен түрі бойынша өздігінен жүретін крандар ондағы жебесі шығарылмайтын (ұзындығы тұрақты), шығарылатын және телескопты түрі болады. Шығарылатын жебе ұзындығы жүктемесіз өзгереді, телескопты – крюктегі жүктемеге байланысты өзгереді.

Пневмодөңгелекті жүрісті жабдығы бар барлық крандардың құжаттық жүк көтергіштігі пневматикалық дөңгелектерге түсетін жүктемені алатын және кранның тіректі табанын кеңейтетін сыртынан қойылатын тіректерде жұмыс істеуде ғана іске асырылуы мүмкін.

Сыртынан қойылатын тіректерсіз (тағансыз) жұмыс істеуде кранның жүк көтергіштігі лезде азаяды. Автомобильдік крандар (автокрандар) жебесі шығарылатын жүктік автомобильдер негізінде жасалынады да, жүк көтергіштігі 4; 6,3; 10; 16 тонна болады. Автокранның барлық механизмдерінің жетегі автомобильдің қозғалтқыштығымен жалғасады (7.1-сурет).

7.1-сурет. Гидравликалық жетекті автомобильдік кран:

1-жебе (сидақ), 2,3-гидроцилиндр, 4,8,12-редуктерлері, 5-тежеуіш; 6,10-гидромотор; 7-бұрылу механизмі; 9-барабан; 11-гидронасос; 13-берілісқорабы; 14-автомобиль қозғалтқышы; 15-тіректі-бұрылу құрылғысы

Пневмодөңгелекті крандар үшін кран механизмдері жетектеріне, сол сияқты кран жылжуына бірғана қозғалтқышты пайдалану қолайлы болады. Автокранның жүк көтергіштігі 16, 25, 40, 63, 100 тонна, оның жүрістік бөлігі жүк көтергіштігіне байланысты қосарланған пневматикалық шинадағы үш- және төрт осьті болуы мүмкін.

Автомобиль типтегі арнайы шассидегі крандар жүк көтергіштігі жоғары (25...250т) мобильді крандар тобын құрайды. Жебесі торлы пневмодөңгелекті крандардың негізгі кемшілігі – жылжу жылдамдығы азғантай, сондықтан құрылыс объектілері арасында тез жылжуға мүмкіндігі жоқ. Бұл кемшілік автомобиль типтегі арнайы шассидегі крандарға да тән.

7.2-суретте жүк көтергіштігі 120т алты осьті шассидегі дөңгелек формуласы 12х8, төрт басқарылатын осьтері бар кранның жалпы көрінісі берілген. Шассиде (1) орналасқан күштік қондырғы кранның жылжуын және сыртқы тіректерді (6) басқаратын гидравликалық насостар жетек қозғалысын қамтамасыз етеді. Кранның бұрылу бөлігінің (4) күштік қондырғысы кран механизмдерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Ол дизельден, гидравликалық насостардан, гидроүлестірілгіштерден, гидравликалық мотордан, бас және қосымша көтергіш лебедкалардан (5), кранның бұрылу механизмінен, жебені көтеру механизмінен (3), телескопты жебені шығаратын гидроцилиндрлерден (2) тұрады.

7.2-сурет. Автомобиль типтегі арнайы шассидегі жебелі кран:

1-шасси, 2-жебе, 3-жебені көтеретін гидроцилиндр, 4-кранның бұрылу бөлігі; 5-бас және қосымша көтеру лебедкалары; 6-сыртқы таған

Шынжыр табанды крандар монтаждық және құрылыс жұмыстарында пайдаланады. Бұл крандардың ең жоғары өтімділігімен маневрлігі бар. Жер бетіне түсетін меншікті қысым (0,6...2,4 МПа). Едәуір үлкен тіректі контуры крюктегі жүгімен бірге жылжуға мүмкіндік береді.

Шынжыр табанды кран (7.3-сурет) күштік қондырғысымен бірге бұрылу платформасынан, механизмдерден (8,9), кабинадан (12), шынжыр табаннан (1), тіректі-бұрылу құрылғысынан (11), жебеден (6), жүк қармауыш крюктен (7), қостағаннан (1), жебені көтергіш полиспасттан (5) тұрады.

7.3-сурет. Жүк көтергіштігі Q = 25т шынжыр табанды кран:

1-шынжыр табан; 2-қарсы-салмақ; 3-бұрылатын платформа; 4-қостабанды таған; 5-жебені көтеретін полиспаст; 6-жебе; 7-крюкті аспа; 8-бұру механизмі; 9,10-жебе және жүктік лебедка; 11-тіректі-бұрылу құрылғысы; 12-кран жүргізуші кабинасы

Шынжыр табанды кранның бұрылу платформасында (7.4,а-сурет) күштік дизель-электрлік қондырғы (1), бас (3) және қосымша (4) көтеру лебедкалар, жебе лебедкасы (2), бұрылу механизмі (5) және басқару кабинасы (6) орналасқан. Бас (негізгі) көтеру механизмі (3) көп жылдамдықты лебедка түрінде жасалған. Оның екі жетекті қозғалтқышы мен редуктор ішіндегі дифференциалы бар (7.4, ә-сурет).

7.4-сурет. Бұрылатын платформада механизмдерді орналастыру және шынжыр табанды кранның кинематикалық сұлбалары:

а-бұрылатын платформадағы механизмдер; механизмдер сызбалары; б-негізгі көтеру механизмі; в-бұру механизмі; г-жебені көтеретін механизм; 1-күштік қондырғы; 2-жебе лебедкасы; 3,4-негізгі және қосымша көтеру механизмдері; 5-бұру механизмі; 6-басқару кабинасы

Кранның бұрылу бөлігінің механизмі (7.4 б-сурет) – вертикаль барабанда, екі жылдамдықты, редуктор ішінде жылдамдықты ауыстырғыш қосқыш муфтасы бар.

Жебені көтеретін механизм (7.4, г-сурет) және қосымша көтеру механизмі (7.4, д-сурет) – нормаль типтегі механизмдер.

Монтаждық шынжыр табанды крандардың жүк көтергіштігі әртүрлі – 16-дан 250-тоннаға дейін болады. Олар сыртқы тағансыз жұмыс істей алады да, құрылыс алаңында кез-келген бағытта 0,5...1 км/сағ жылдамдықпен жүре алады. КГ типтегі крандар әр түрлі жұмыс жабдығымен: негізгі және ұзартылған жебемен, қысқа мойнымен және мұнаралы жебе жабдығымен бірге жасап шығарылады.

Негізгі жебесі Г-тәріздес бас тиегімен жасалынады, ол жебе астындағы, кеңістікті кеңейтеді.

Жебе өздігінен жүретін жалпы есептеуде, ең алдымен, кран номиналь (қалыпты) жүк көтергіштігінде жүктік, инерциялық және желдік жүктемелерді ең үлкен жебе шығыңқысында есептейді. Кран конструкциясы параметрлеріне жақын, аналогты түрін талдай отырып, кранның қағидалы сұлбасын, оның ішінде жүрістік құрылғысын, жұмыстық жабдығын, жетек жүйесін және т.б. таңдайды; кранның жалпы массасын, жеке элементтерінің де массаларын анықтайды, сонымен қатар басқа да негізгі параметрлерінің алдын ала мәндерін белгілейді; кранның жүктік сипаттамасын есептеп құрайды. Одан кейде механизмдерді есептейді, кранның жүктік және меншікті тұрақтылығын тексереді [3].

Негізгі әдебиет: 5 нег. [61-75].

Қосымша әдебиет: 11 қос. [149-164].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]