- •Бұрандалы, дөңгелекті, штангалы, тербелмелі (дірілдеуіш) және т.Б. Конвейерлерді жатқызады
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •6) Қозғалтқышты таңдау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қалыптасқан қозғалыс кезіндегі тарту элементінің есептелген керілуі:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
Бақылау сұрақтары:
Тасымалдауыш машиналардың құрылуы мен жұмыс істеуінің ең негізгі ерекшеліктерін атаңыз.
Таспалы және шынжырлы конвейердің полотносы қандай функцияны орындайды?
Иілмелі тартқыш элементі бар конвейерлер қандай түрге бөлінеді?
Иілмелі тартқыш элементі бар конвейерлердің негізгі параметрлерін атаңыз.
Тасымалдаушы машиналардың есептік өнімділік түрлерін атаңыз.
Тасымалдаушы машиналардың көлемдік өнімділігі қай формула көмегімен анықталады?
10-тақырып. Иілмелі тартқыш элементті конвейерлер. Таспалы конвейерлер
Тасымалдаушы машиналардың негізгі параметрлері мен жіктеуі. Тасымалдаушы машиналар (үздіксіз тасымалдау машиналары) деп – сусымалы (үйілмелі) материалдарды, кейде дара жүктерді берілген тұрақты бағытта үздіксіз тасымалдауға, тоқтамай тиеуге және түсіруге арналған құрылғаларды атайды. Сондықтан оларды үздіксіз тасымалдау машиналарына жатқызады. Тасымалдау машиналарының жұмыс істеу барысы бойынша конвейерлерге, пневмо- және гидротасымалдау қондырғыларына жіктейді. Сондай-ақ, оларға өздігінен жүкті (материалды) төмен ағызып тұратын машиналарды жатқызуға болады. Солармен қатар, қосымша құрылғыларды: қоректендіргіштер, дозаторлар, бункерлер (шанақтар), таразы және т.б. пайдаланады. Қозғалту күшінің берілісіне және жұмыс істеу барысына байланысты үздіксіз тасымалдау машиналарын тарту элементі бар конвейерлер, тарту элементі жоқ конвейерлер деп екі топқа бөледі. Үздіксіз тасымалдау машиналарын пайдалану саласы бойынша: жалпы қолданылатынға және арнайы қолданылатынға ажыратады.
Таспалы конвейерлер. Анықтамасы және жіктеуі. Таспалы конвейер деп жетекті, иілмелі тұйықталған таспаның (лентаның) үстіне, негізінде, сусымалы материалдарды салатын, көбінесе горизонталь (көлденең) бағытта тасымалдауға арналған үздіксіз жұмыс жасайтын машиналарды атайды. Таспалы конвейерлермен ұнтақталған, түйіршікті, майда- және орташа кесекті, кейбір жағдайларда жеке ұсақ жүктерді (кірпіш, жәшік, контейнерлерді) тасымалдайды.
Құрылыста, қоймаларда, порттарда, пайдалы кендерді шығарған кезде, металлургияда, полиграфия өндірісінде таспалы конвейерлер кең таралған. Оларды жүк тиейтін құрылғылардың элементтері, сондай-ақ технологиялық функцияларды орындайтын машиналар ретінде пайдаланады.
Таспаның үзілетін беріктілігіне байланысты конвейердің ұзындығы кейбір кезде 1 км-ге дейін жететіндей болады. Алысқа тасымалдайтын кезде конвейерлерді тізбектеп, қатарластырып орнатады, оларды буындық (тізбекті) деп атайды. Таспалы конвейермен өте ұзақ қашықтыққа жүктерді тасымалдау үшін таспаның беріктілігін ұлғайту ретінде, оның екі шетіне болат арқанды бекітіп орналастырады, сонда арқан тарту элементі ретінде қолданылады да, ал таспа жүкті ұстап тасымалдау үшін ғана керек болады. Осындай жағдайда тартқыш күші арқан арқылы тартылады да, ал таспасы жүкті тасымалдайтын элементі ғана болып қалады. Сондықтан осындай конвейерлерді арқанды-таспалы деп атайды.
Конвейерлердің жұмыс жасау қағидасы мен құрылымы. Таспалы конвейер шексіз тұйықталған иілмелі таспа 2 (10.1-сурет) жетекті 1 және соңғы (керуші) барабанды 7 орайды да, солардың арасындағы өткелде, белгіленген аралығы бар рамадағы 5 жұмыстық және бос тармақтарда орнатылған бірқатар роликті тіреуіштерге 4 және 13 келіп жанасады. Соңғы барабанның 7 конвейерінің үстіне орнатылған шанақ 6 арқылы сусымалы материалды таспаға үздіксіз сырғытып салады. Таспадағы жүкті соңғы немесе аралық барабаннан түсіруі мүмкін, ол үшін жылжымалы жүк түсіретін арбаны 3 немесе тұрақты соқалы лақтырғыштарды пайдаланады. Арба барабанына түсірілетін жүк ағымының бағыты бір немесе екі шанақ арқылы жүк қабылдаушы қорабымен 15 іске асырылады. Таспаны барлық жағдайда керіп тұру үшін, керу барабанына 7, арнайы винтті немесе салмақпен керетін құрылғысы 8 арқылы жүзеге асырады.
Таспалы конвейердің жетегі жетекші барабаннан 1, электр қозғалтқыштан 14, редуктордан 12 және жалғайтын муфтадан тұрады. Конвейердің барлық элементтері ғимараттың еден бөлігінде немесе іргетасында бекітілетін метал құрылымды тіреуіштерде 5 орналастырылады. Жетегі бар конвейер құрылымының бір бөлігін жетекті станция, ал тартып керетін құрылғысын кергіш станциясы деп атайды. Әдетте, сусымалы жүктер үшін науалы лентадан құралатын көп роликті тіреуіштерді пайдаланады. Осымен конвейер өнімділігі артады.
10.1 – сурет. Көлбеулі-горизонтальді конвейер (таспалы тасығыш):
1,7 – жетекші және керетін барабандар; 2 – лента; 3 – жүк түсіретін арба; 4,13 – роликті тіреуіштер; 5 – рама; 6 – жүк салатын шанақ; 8 – керетін құрылғы; 9 – ауытқитын барабан; 10 – қырғыш; 11 – жүкті қабылдайтын шанақ; 12 – редуктор; 14 – электр қозғалтқышы; 15 – жүкті түсіретін қорап
Таспалы конвейерді жобалық есептеудің әдісі. Жобалық есептеудің әдісін күрделі трассасы бар таспалы конвейердің мысалында қарастырайық (10.2-сурет). Алғашқы берілгендері: өнімділігі Q, т/сағ; тығыздығы р, т/м3; тасымалданатын жүк кесегінің максимальді өлшемі аmax, мм; жүкті тасымалдау қашықтығы Lг (м) және көтеру биіктігі Н, м.
1) Жобалық сұлбаны таңдау және трасса параметрін анықтау Конвейердің сұлбасында таспаның артық бүгілетін жері болмауы керек, жетегі мүмкіндігінше бір барабанды болу қажет. Конвейердің көлбеу бұрышы келесі шартқа сәйкес келу керек
βmax ≤ K3 ּ φ, (10.1)
мұндағы K3 – қор коэффициенті (жеңіл жылжымалы жүктер үшін, K3=0,35; орташа жылжитын жүктер үшін, K3=0,4; аз жылжитын жүктер үшін, K3=0,55; φ – жүктің тыныштық қалпында табиғи жайылу бұрышы (10.2,б -сурет).
10.2 – сурет. Таспалы конвейердің есептік сұлбасы:
а – конвейер трассасының сұлбасы; б – таспадағы жүктің көлденең қимасының сұлбасы
2) Таспа қозғалған кезде материалдың төгілуін болдырмау үшін лентаның ені толығымен пайдаланылмайды:
(10.2)
мұндағы Кּβ = 0,8…1,0 – конвейердің орналасу көлбеуінің бұрышына байланысты коэффициент.
3) Ролик тіректерін таңдау.
Роликтердің диаметрін, ролик тіректерінің түрін және солардың арасындағы қашықтықты, үйілмелі материалдың массасын ескеріп, таспаның ені мен жылдамдығына қарап таңдап алады (47, 3,5-кестені қараңыз).
4) Жетекші барабандағы лентаның қуаты мен тартылуын алдын ала таңдау.
Жетекші барабандағы қуат, кВт
(10.3)
мұндағы ωο – кесте бойынша ωο = 0,04…2,0 шектерінде қабылданатын кедергінің жалпыланған коэффициенті.
Барабандағы тартқыш күш
,Н
(10.4)
Таспаның жетекші барабанға келетін тармақтарының керілуі
Н
(10.5)
мұндағы е =2,71 – натурал логарифмдерінің негізі; μ – таспаның барабанға үйкеліс коэффициенті (47,2,6 - кестені қараңыз); α – барабанды таспа орайтын бұрышы, рад.
Таспаның жетекші барабанынан кететін тармақтарының керілуі, Н
,
Н (10.6)
5) Конвейер таспасының тартуын есептеу
Жетектің берілген сұлбасы және тарту коэффициентінің еμα мәнінде тарту жобасының есебін таспа жылжыған кезде пайда болатын кедергілердің барлық күштерін қосатын, жетекші барабаннан таспаның кету нүктесінен бастап, таспа қозғалысының бағыты бойынша конвейердің төсемін айналып өту әдісімен есептейді және алдыңғы кедергіге кейінгі кедергі қосылып отырады.
Конвейер таспасының жүру жолын айналып өту нәтижесінде берілгендер келесі нүктелерді 1, 2, 3, …, 11 қабылдайды. Таспа керілісі трассаның әр
10.3 – сурет. Конвейер таспасын керудің сұлбасы:
а – таспа контурының нүктелеріндегі керілу эпюрасы; б – таспаны тарту диаграммасы
бөлігіндегі W1 кедергісі және тартылыстың S1 бірінші нүктесі арқылы екіншісінен бастап, трассаның берілген нүктелерінің әрқайсысынан анықтайды.
Келесі шартты сақтаған кезде барабанның керіліс күші жеткілікті болады
(10.7)
Екінші жағынан, Эйлер формуласынан шектелген шартқа сәйкес
Sнб = S1 еμα . (10.8)
(8.20) және (8.19) өрнектерін бірге шығарып, келесіні аламыз
(10.9)
мұндағы еμα= с әрпімен белгіленген.с
Таспа контурының қалған нүктелеріндегі тартылым мәндерін: S2, S3, S4, …, S11 теңдеулер жүйесі бойынша өрнегін ескеріп анықтайды.
