Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
d_1241_rister_Surashov_1179_ys_1179_a_n_1201_s_1179_a.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары:

  1. Жүк көтеру крандарын есептеулерде ескерілетін негізгі жүктемені атаңыз.

  2. Механизм қозғалтқыштың қажетті қуатын қай формула көмегімен ажыратуға болады?

  3. Буындарын тізбекті қосу кезіндегі механизмнің ПӘК-і неге тең болады?

  4. Жүк көтергіш кран механизмінің негізгі элементтерін атаңыз.

  5. Кез келген жүк көтергіш жебелі кранда қай механизм негізгі болады?

  6. Жебелі кранның айналу механизмі қандай элементтен тұрады және қалай жұмыс істейді?

5 – тақырып. Жебелі типтес крандар жөнінде мағлұматтар. Арысты крандар

Жебелі типтес крандарға мұнаралы, арысты, порталь, бағаналы, өздігінен жүретін әртүрлі жүрісті жабдықты крандар жатады. Бұл машиналар өнеркәсіптік және құрылыс өндірістерінде құрылыс – монтаждық, жөндеу және тиеп-түсіру жұмыстарын орындауға арналады.

Бағаналық крандар – ванта немесе қатаң тіреуіштер көмегімен вертикаль бағытта ұсталып тұратын және тіректерге орнықтырып қойылған бағаналы жүк көтергіш құрылғылар. Ортақ рамаға орнықтырылған қос бағаналы крандар конструкциясы да кездеседі. Бұл құрылғылар тұрақты болады да, пайдалану аясы шектеледі.

Арысты крандар деп, колоннаға немесе фермаға бекітілген арыс бойымен жылжитын арбаға немесе арысқа жүк қармауыш органы ілінген крандарды айтады. Ондай крандарды бұрылатындай етіп жасайды да, бір аралықтан басқа аралыққа жүкті беру үшін, қабырғаға немесе аралық конструкциясына жақын орналасқан тар ауданда жұмыс істеуде пайдаланады.

Бұрылатын арысты крандар тұрақты, жылжитын, жетек механизмі қолдан немесе машиналық жетекті болуы мүмкін.

Тұрақты арысты крандар қозғалмайтын тіректерде орнықтырып қойылады, сондықтан олар жүрісті бөлікпен жабдықталмайды. Оларды бұрылмалы етіп жасайды да, деподағы, цехтардағы өндірістік бөлімшелердің жеке жұмыс орнында құрылыс-монтаж және тиеп-түсіру жұмыстары кезінде пайдаланады. Тұрақты, сыртқы тіректі крандар ғимарат іргетасында және элементінде қатаң бекітілген подшипникті бөліктер түріндегі жоғарғы және төменгі тіректерді иемденеді.

Қабырғалық арысты кран конструкциясы 5.1-суретте көрсетілген. Кран металл фермадан (5.1,а-сурет), жоғарғы (2) және төменгі (3) тіректі-бұрылатын құрылғыдан, арбадан (7), жүкті түсіру механизмінен (4), жылжымалы арбадан, кранда айналдыру механизмінен (6) тұрады. Тіректер кронштейндер көмегімен ғимарат қабырғасына бекітіледі, төменгі тірегі қабырғаға шығыңқысына тірелуі мүмкін.

5.1-сурет. Тұрақты қабырғалық арысты кран

Ферманың жоғарғы балкасы бойымен жылжитын арбаға жүк қармауыш құрылғы (8) ілінеді. Жоғарғы тіректе пайда болатын горизонталь күштер радиальді домалау подшипниктермен (9) қабылдап алынады (5.1,ә-сурет)

Төменгі тірекке осьтік және радиальді жүктемелер әсер етеді, сондықтан оған тіректі (10) және радиальді (9) домалау подшипниктері орнықтырып қойылған (5.1,б-сурет).

Бағанаға орнықтырылған тұрақты крандар кең қолданыс табуда. Ондай крандардың металконструкциясы қабырғалық арысты кран конструкциясына сәйкес орындалуы мүмкін, бірақ оларда тірек ретінде қозғалмайтын немесе айналатын колонна пайдалануы мүмкін (5.2-сурет). Колоннаға түсетін иілгіш және аударушы моменті азайту үшін крандарда (5.2,а-сурет) қарсысалмақ (6) қарастырылған. Бағана (1) төменгі жағымен тіректі плитаның (2) ұясына орнықтырылған; плита анкерлық бағыттармен (3) іргетасқа бекітіледі. Бағананы беріктігі бірдей болатын конструкция түрінде жасаған.

Кранның жоғарғы тірегі горизонталь және вертикаль жүктемені қабылдаушы радиальді және тіректі өздігінен орнықтырылатын подшипниктерден тұрады. Жоғарғы траверсаға (4) қарсысалмағымен (5) бірге кранның метал конструкциясы бекітіледі. Металконструкцияда жүктік арба (8) және жүкті көтеру, арбаны жылжыту, кранның айналу механизмдері орналасқан (5.2-сурет).

5.2-сурет. Бағанадағы тұрақты крандар

Төменгі тірек (7) төртаунақшалы обойма түрінде болады.

Еркін, бос тұрған бағанадағы арысты кран (5.2,ә-сурет) тіректі бөліктегі колоннадан (1) тұрады. Ол колоннамен арыс (9) қатаң жалғасады. Арыс монорельсіне электрталь (10) ілінген. Электрталь ішінде жүкті көтеру және тальдің жылжу механизмдері біріктірілген, осыған орай кран өте жеңіл әрі жетілдірілген болады. Вертикаль жүктеме колоннаның (1) төменгі тірегіндегі тіректі подшипникпен қабылданып алынады. Колоннадағы кранның ең үлкен шығыңқысы Lmax = 2,5...5м, көтеру биіктігі Н < 4м, колоннадан тіректер осьтерінің арақашықтығы h = (0,25...0,3) Lmax .

Тұрақты арысты крандарды 5.3-суретте көрсетілген есептік сұлбаларға сәйкес есептердің ерекшеліктерін қарастырайық. Сыртқы тіректі кранның тіректі реакцияларын тудыратын негізгі сыртқы жүктемеге механизмдерімен бірге кранның металконструкциясының салмағы Gк, арба салмағы Gа және пайдалы жүк салмағы Gж әсер етеді.

Төменгі тірекке мына вертикаль күш (Н) әсер етеді:

V = Vв = Gк + Gа + Gж , (5.1)

А (На) тірегінің горизонталь реакциясы және В (Нв) тірегінің горизонталь құраушысы бір-бірімен тең болады да қарама-қарсы бағытқа бағытталады. Бұл тіректердегі арысқа әсер етуші жүктемелер аударушы моментті анықтайды:

Ма = (Gа + Gж) L + Gк · a = H · h,

бұдан

H = Hа = Hв = [(Gа + Gж) L + Gк · a] n, (5.2)

мұндағы а – кран массасы центрінен оның айналу осіне дейінгі ара қашықтық, м; L – шығыңқы, м; h – тіректер осьтерінің арақашықтығы, м.

Кран тіректеріндегі статикалық кедергі моменті (Тс) бойынша айналу механизмі жетегінің қуатын анықтайды.

N = Tc · W/n/(30 ),

мұндағы w – кран айналуының бұрыштық жылдамдығы, С-1; n – оның айналу жиілігі, мин-1; - айналу механизмінің ПӘК-і.

Қозғалмайтын колоннадағы тұрақты крандардағы (5.3,ә-сурет) жоғарғы тірек горизонталь және вертикаль жүктемені қабылдайды, ал төменгісі – тек қана горизонталь жүктемені қабылдайды.

Қозғалмайтын колоннадағы барлық механизмдері оның бұрылатын бөлігінде орналасады. Ондай кранның бұрылмайтын бөлігін – колоннасын, анкерлік болттарымен бірге іргетасының плитасын және іргетасын центрге түсетін вертикаль реакцияға (Vа) және пайдалы жүктің, қарсысалмағымен бірге кран және арба салмағының орталық осьіне қатысты моментіне есептейді.

5.3-сурет. Тұрақты арысты крандардың есептік сызбалары

М = (Gж + Gа) · L + Gк · a – Gқ · в

Кран колоннасына түсетін иілгіш моментін азайту үшін қарсысалмақ массасын Gқ оңтайлы етіп алады.

Негізгі әдебиет: 5 нег. [42-43].

Қосымша әдебиет:11 қос. [111-121].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]