- •Бұрандалы, дөңгелекті, штангалы, тербелмелі (дірілдеуіш) және т.Б. Конвейерлерді жатқызады
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •6) Қозғалтқышты таңдау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қалыптасқан қозғалыс кезіндегі тарту элементінің есептелген керілуі:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
Бақылау сұрақтары:
Қандай кранды көпірлі (аралық) типтегі деп атайды?
Бір балкалы көпір кран қандай конструктивті элементтерден тұрады?
Екі балкалы көпір кранның негізгі конструктивті элементтерін атаңыз.
Көпір кранның крандық арбасы не үшін арналады?
Сандал кранның конструкциясы қандай?
Сандал кран тіректеріне түсетін жүктемелерді қай формула көмегімен анықтайды?
9 – тақырып: Үздіксіз тасымалдау машиналардың негізгі түрлері, олардың параметрі мен өнімділігі
Тасымалдауыш машиналар (немесе үздіксіз тасымалдау машиналары) әртүрлі көтергіш тасымалдауыш машиналар ішінде басты орын алады. Бұл машиналардың негізгі арналуы – белгілі бір трасса (жол) бойымен жүктерді тасымалдау. Тасымалдаушы машинаның құрылымы мен жұмыс істеу принциптері мен ең негізгі ерекшеліктері: 1) жүкті тасымалдау үздіксіз қабатпен, ағынмен немесе көп емес мөлшермен, бірінің артынан кемсі дара жүкті беру арқылы жүргізіледі; 2) бос (қайтармалы) жүрістің болмауы; 3) негізгі жұмыстық қозғалыс – жүкті горизонталь бойымен жылжыту, жүкті көтеру – ал қосалқы, жолшыбай қозғалыс (элеватор сияқты машинаны есепке алмағанда); 4) жүктің негізгі түрі – массалық сусымалы (құм, руда, цемент және т.б.) немесе орта кесекті дара (құйма, жәшік, тетіктер және т.б.).
Циклді көліктік машиналармен салыстырғанда тасымалдауыш машиналардың артықшылығына мвналар жатады: 1) өнімділігі үлкен (
9.1-сурет. Таспалы немесе шынжырлы конвейер трассасының сызбасы:
1-жетекті элемент; 2-ұстағыш құрылғылар; 3-полотно; 4-шеткі элемент; 5-керу құрылғылары; 6-жүктеуші лоток; Р-полотноны керетін күш; v-полотно қозғалысының жылдамдығы
тасымалдаудың үздіксіздігімен тез жылдамдығының есебінен); 2) жүкті тасымалдау қашықтығына өнімділіктің тәуелсіздігі; 3) жұмысын автоматтандыру қолайлылығы; 4) құрылғысының қарапайымдылығы.
Үздіксіз тасымалдаушы машиналардың негізгі түрлерінің бірі тартушы (иілмелі) элементі бар конвейерлер болады. Оларға таспалы, қалақшалы және шынжырлы конвейерлер жатады. Бұл конвейерлер құрылғысының сұлбасын бірдей етіп 9.1-суретте көрсетілген. Осы түрдегі конвейердің құрама бөліктеріне: шеткі барабандар немесе шынжыр жұлдызшасы, конвейер полотносы, ұстағыш құрылғылар, керу құрылғылары, жетек, жүктеуші және жүксіздендіруші құрылғылар, қаңқа, қосалқы айла-бұйымдар жатады.
Барабан мен жұлдызшалар полотноның қозғалыс бағытын өзгертуге, сонымен қатар полотноға тарту күшін (жетекті барабан және жұлдызша) беруге арналады. Конвейер полотносы – бұл жүктасығыш пен жүк қармауыш айла – бұйымдарымен бірге тартқыш элемент ретінде қолданылады. Таспалы конвейерлерде таспа тартқыш функция мен жүкті тасымалдау функциясын бірдей атқарады. Шынжырлы конвейерде – бұл функциялар бөлінген: шынжын – тартқыш элемент, ал жүк арнайы шынжырмен байланысқан жүк тасымалдаушы элементтерде жатады (қойылады, ілінеді). Полотно трассасы (жолы) жұмыстық (жүктік) және бос бөлімшелерге бөлінеді.
Ұстағыш құрылғылар полотномен жүк массасын көтеруге, трассаға кеңістікте қажетті конфигурация беру үшін арналады. Таспалы конвейерде ұстағыш құрылғылар ретінде әртүрлі роликтер мен бағыттауыштар болады. Ал шынжырлы конвейерлерде – стандартты тартқыш шынжыр, аунақшалар (9.2, а-сурет), аспалы және жүрістік арбалар (9.2, б,в-сурет), сырғанау үйкелесіндегі бағыттауыштар және т.б. болады.
Кергіш құрылғылар полотно салбырауын азайтады, ал таспалы конвейерлерде, одан басқа таспаның барабанға жеткілікті жанасуын қамтамасыз етіп, оның сырғанауын (бос айналуын) болдырмайды. Металл рамасы немесе ферма түрінде жасалған қаңқа конвейерлердің барлық элементтерін, оның ішінде жетегін де бекітіп ұстап тұрады. Конвейер жетегі қозғалтқыш пен беріліс жүйесінен тұрады.
Таспалы жалпы (МЕСТ 22647-77) және арнайы қолданудағы, таспасы резиналық және болат қаңылтырдан жасалған конвейерлер болып бөлінеді. Резиналы таспаға науа пішінін арнайы ролик тіректері көмегімен жасауға болады, бұл өнімділікті жоғарылатады және жүктің таспадан шашылып қалуына бөгет болады. Шынжырлы конвейерлер мына түрлерге бөлінеді: а) пластиналы жалпы арналудағы (МЕСТ 22281-76); бұл машиналардың тасығыш элементі – полотносы ретінде тізбектің әрбір буынына өзара бекітілген металл пластинадан тұрады (9.2,а-сурет); б) аспалы конвейерлер (ГОСТ5946-79); аспалары (бесіктері) тізбектеліп шексіз полотноға тұйықталып қосылады да, аспалы арбалар көмегімен қоставрдың сөресімен жылжиды (9.2,б-сурет).
Шөмішті, сөрелі конвейерлер таспалы немесе шынжырлы болуы мүмкін. Егер трасса көлбеулігі көп немесе тік болса, онда ондай конвейерлерді элеваторлар деп атайды (9.2,д,е-сурет). Олардың параметрлері МЕСТ 2036-77 (вертикаль) және МЕСТ 12864-69 (көлбеу) стандарттарымен белгіленген. Иілмелі тартқыш элементі бар конвейерлердің негізгі параметріне мыналар жатады: өнімділік Q ≥ 1000 т/сағ (арнайы машиналарда Q > 10000 т/сағ); тасымалдау ұзындығы L = 150...200м (үлкен конвейердің ұзындығы L ≥ 5000м); таспалы конвейер полотносының жылжу жылдамдығы v = 5...6м/с; шынжырлы конвейердікі – v = 1...1,5м/с.
9.2-сурет. Тартқыш элементі (иілмелі) бар конвейерлердің сұлбасы:
а-пластиналы; б-аспалы; в-арбалы; г-қырғыш; д-шөмішті (элеватор); е-сөрелі; 1-шынжыр; 2-пластина; 3-ұстағыш аунақ; 4-аспалы арба; 5-аспа (бесік); 6-қоставр; 7-жүрісті арба; 8-қырғыш; 9-таспа; 10-шөміш; 11-сөре
Тасымалдауыш машиналардың өнімділігін есептеуде үш жағдайды қарастырады: 1) сусымалы (төгілмелі) жүкті үздіксіз ағынмен; 2) сусымалы жүкті жеке мөлшермен; 3) дара жүкті жекелеп тасымалдауды ескереді.
Есептік өнімділік массалық Q, т/сағ; көлемдік V, м3/сағ және дара Q, д/сағ болуы мүмкін. Бұл шамалар арасындағы байланыстылық мынадай:
Q = Vр;
Q = mе Z/1000;
мұндағы р – сусымалы жүктің көлемдік массасы (тығыздығы), т/м3; mе–бір жүктің массасы, кг.
Егер конвейер жүкті V, м/с жылдамдықпен тасымалдағанда әрбір метрде q, кг/м бойлық жүк массасы жатса, онда 1с. Уақытта конвейер q · v (кг/с) жүк мөлшерін тасымалдайды.
Онда өнімділік (т/сағ) мынаған тең болады:
Q = 3,6 · q · v
Қимасы тұрақты үздіксіз ағынмен жүк тасымалданғанда 1м жүктің массасы мынаған тең болады:
Q = F ·p;
мұндағы F – тасымалдау бағытына нормаль көлденең қимасының ауданы, м2. Сонда көлемдік өнімділігі (м3/сағ) мынаған тең болады:
V = 3600·F·v;
Даралық өнімділігі (дар/сағ)
Q = 3600 vz/a
мұндағы z – бір тасушы элементтегі дара жүктер саны; a – жүктердің орналасу адымы, м.
Негізгі әдебиет: 6 нег. [5-7; 51-53].
Қосымша әдебиет: 10 қос. [207-209].
