Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
d_1241_rister_Surashov_1179_ys_1179_a_n_1201_s_1179_a.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары:

  1. Жебе өздігінен жүретін крандардың жүрістік қондырғысы мен жетек түрлері бойынша жіктелуін келтіріңіз.

  2. Пневмодөңгелекті крандар үшін қозғалтқышты қолданылуы мүмкіншілігіне қарай қандай түрде болады?

  3. Автомобиль типтегі арнайы шассидегі жебелі кранның негізгі элементін атаңыз.

  4. КГ типтегі монтаждық шынжыр табанды крандардың жұмыстық жабдық типтерін атаңыз.

  5. Шынжыр табанды кранның бұрылатын платформасында қандай механизмдер орналасқан?

  6. Жебелі өздігінен жүретін крандардың жалпы есептерінің әдістемесі қандай?

8-тақырып. Көпір (аралық) типтегі крандар

Көпір (аралық) типтегі кран деп, болат конструкциясының (көпірдің) немесе көтергіш канат (арқан) бойымен жылжитын жүктік арбаға немесе тальге жүкқармауыш құрылғысы ілінген кранды айтады. Көпір типті крандар, негізінен, тік төртбұрыш пішіндегі алаңда жұмыс істейді. Көпір типті крандар ішінде ең көп таралғаны: көпір (мосы), сандал, кабельдік крандар.

Жетек түрі бойынша көпір (мосы) крандар қол немесе электрлік жетекті болады. Мосы крандардың негізгі көрсеткіштері ретінде аралық-кран рельс ара қашықтығы саналады. Мосы крандардың негізгі параметрі мен өлшемдерін ГОСТ1575-81 стандарты бойынша таңдап алады. Жүк көтергіштігіне қарай крандарды шартты түрде үш топқа: бірінші – 5 тоннаға дейін; екінші – 5...50 тоннаға дейін; үшіншісі – 50...320 тоннаға дейінгі аралықта бөледі.

Бір балкалы кранның (тіректі кран – балканың) сұлбасы 8.1-суретте көрсетілген. Көпірлі (мосы) қимасы қоставрлы балкадан (3) тұрады; ол қорапты шеткі балкаға (1) бекітіледі: Бір балкалы көпір кранда көтеру механизмі қызметін электрталь (2) атқарады. Қатаңдығын өсіру мақсатымен балканың шеті жақтаумен (4) күшейтілген. Шеткі балкаларға бұрыштық брусоктарымен (5) бірге доңғалақтар орнықтырылған. Кран-балканың жылжыту механизмі жетегі (6) екі жағына да ортақ болады да, мосы бойымен тартылған баяу жүрісті трансмиссиялық біліктен (7) тұрады.

8.1-сурет. Бір балкалы көпір кран:

1-шеткі балка; 2-электрталь; 3-балка; 4-жақтау; 5-жүрістік доңғалақ; 6-жылжыту жетегі; 7-баяу жүрісті білік

Жалпы арналудағы, тіректі, екі балкалы электрлік жетекті жүк көтергіштігі 5...50т (МЕСТ 25711-83) көпір кранның жүкті көтеру жылдамдығы 0,05...0,32 м/с, арбаның жылжыту жылдамдығы 0,32...0,63 м/с; кранның жылжу жылдамдығы 0,4...2,5 м/с; жүкті көтеру биіктігі 12,5м; аралығы 10,5...34,5м.

8.2-суретте тіректі түрдегі екі балкалы көпір кранның сұлбасы көрсетілген. Негізгі балкалар (2,9) және шеткі балкалар (10) кран көпірін құрайды. Көпір үстіне рельстерді орнықтырады, ал оның бойымен өздігінен жүретін жүктік арба (1) жылжу механизмі көмегімен жылжиды. Көпірдің өзі цех немесе қойма тік балкаларының үстіне орналасқан (4) рельстер бойымен жылжи алады. Кран арбасына негізгі және қосымша жүк көтеру механизмдері орнықтырып қойылған. Кран көпіріне басқару кабинасы (7) бекітілген.

Көпір кран арбасы конструкция жағынан бір немесе екі барабанды болуы мүмкін. Олар жүк көтеру механизмін орнықтырып қоюға арналады (негізгі, ал кейбір жағдайда қосымшасын да) және арбаның жылжыту механизмін де орнықтыруға арналады.

8.3-суретте жүккөтергіштігі 5т, крандық арба көрсетілген. Арбаның жүк көтеру механизмі қосарланған екі еселенген полиспастты (4) және аралық білік (7) көмегімен редуктормен (6) жалғасқан қозғалтқышты (8) иемденеді. Теңестіргіш блок (1) арба рамасының үстіне орнықтырылған кронштейінге бекітілген. Арбаға электр токты жұмсақ кабель көмегімен береді. Арбаның жылжыту механизмі вертикаль редуктордан (9) тұрады.

Кранның балкасын металл конструкциясы құрайды. Оның үстіне арба, кранның механизмдері мен жетектері орнықтырып қойылады. Металл конструкциясының сапасына кранның барлық механизмдері мен элементтерінің жұмысы тікелей байланысты. Сондықтан көпірлік кранның металл конструкциясына беріктілік, қатаңдық және сенімділік жағынан жоғары талаптар қойылады. Конструкциясының металл сыйымдылығы жеткілікті болуы керек.

8.2-сурет. Қосбалкалы көпір кранның сұлбасы:

1-жүктік арба; 2,9-негізгі балкалар; 3-көпір жетегі; 4-кран астындағы рельс; 5-троллеи; 6-крюктік аспа; 7-басқару кабинасы; 8-жүрістік доңғалақ; 10-шеткі балка

Жалпы қолданудағы көпірлік крандарда көбінесе тұтас түріндегі көпір пайдаланады, өйткені жасау кезінде еңбек сыйымдылығы аздау да аса сенімді келеді. Олардың кемшілігіне артық массасы жатады. Сондықтан аралығы үлкен крандар үшін тор көзді балкалар қолданылады.

Екі сатылы негізгі балканың биіктігін аралық ұзындығына байланысты таңдап алады.

Hб = (1/14...1/18) Lk ; шеткі балканың биіктігі h1 = (0,6...0,7) hб ; негізгі балканың ені В = (1/2...1/3) hб және кем болмауы керек В ≥ Lк / 40... Lк / 50; балка қиығының ұзындығы С = (0,1...0,2) Lк ; балканың табақтық материал қалыңдығы ≥ 5мм. Көпір тұрақтылығының шарты бойынша hб / ≤ 160; hб/ ≥ 160 болса, онда вертикаль және горизонталь қатаңдық қабырға қояды.

8.3-сурет. Бір жүк көтеру механизмі бар крандық арба:

1-теңестіргіш блок; 2-қоршау; 3-жүрістік доңғалақ; 4-жүктік полиспаст; 5-ажыратқыш сызғыш; 6-редуктор; 7-аралық білік; 8-қозғалтқыш; 9-вертикаль редуктор; 10-кабель

Қатаңдық критериясы ретінде балканың статикалық иілімі болады. Жұмыс режиміне байланысты: f≤Lк/600...Lк / 700; алюминий қорытпаларынан жасалған балкалар үшін f ≤ Lк / 400.

Аралық балкалар номинальді жүгімен арба аралық ортасында тұруы кезінде статикалық иілімге саналады:

F = (G + Gт) / ( 48 EJx n ), (8.1)

мұндағы E = 2 · 105 Па – болаттың серпімділік модулі; Jx – х-х горизонталь осіне қатысты балка қимасының инерция моменті; n – көпірдің аралық балкалар саны. Кран жұмыс режимі мен түріне қарай f/Lr=1/500...1/700 қатынаста болады.

Сандал кран мосы балкадан немесе фермадан тұрады. Оның үстінен көтергіш механизмді алып жүретін арба жылжиды. Балка немесе ферма екі тағанға бекітілген. Екі таған жылжыту механизмі көмегімен жылжитын рельстік арбаға орнатылады. Сандал крандар негізгі үш топқа: а) жалпы арналудағы (жүктеулік); б) құрылыстық-монтаждық; в) контейнерлік боп бөлінеді. Сандал қос арысты жалпы арналудағы крандар (МЕСТ 7352-81) ашық қоймаларда және жердегі рельс және рельссіз көлік құралдарымен қызмет көрсетілетін тиеп-түсіру алаңдарында пайдаланады. Бұл крандар икемді жүктік крюк аспасын иемденеді (жүк көтергіштігі 3,2...32т), аралығы 10...32м; жүкті көтеру биіктігі 7,1...10м.

Бір балкалы сандал кранның конструктивті ерекшелігіне астыңғы жағынан өздігінен жүретін электрталь жылжитын, қоставрлы қимасы бар бойлық балканың көпірде міндетті орналасуы айшықталған.

Арысты сандал кранның тіректеріне түсетін жүктемені жүгі бар арбаның арыс шетінде тұруы жағдайында анықтайды. 8.4,а-суретте көрсетілген сұлбаға сүйене отырып, «В» тірегінде реакцияны табамыз.

Rв = (1/L) [Gм · a + (Gг + Gт) (L + C) + (Рин + Wг )h + W · P] (8.2)

мұндағы, Gм – кран көпірінің салмағы; Gг – жүк салмағы; Gт – арба салмағы; Pин1 – арбаны тежеу кезінде болатын инерция күші; Wг және Wк сәйкес жүкке және кранға түсетін жел қысымы.

А тірегінің реакциясы: RА = (Gт + Gм + Gг ) – Rв (8.3)

8.4-сурет. Сандал кран тіректеріне түсетін жүктемелерді анықтауға арналған сұлба:

а – кран жолына қатысты бойлық бағыттағы, ә – кран жайма қатысты көлденең бағыттағы

Сандал кранның тұрақталған жұмыс режимінде пайда болатын инерция күші мына формула көмегімен табылады:

Pин = (mк + mгр ) v/t, (8.4)

мұндағы mк және mгр - сәйкес кран мен жүк массасы; v – кран қозғалысының жылдамдығы, м/с; t – тежеу уақыты, әдетте t = 3…8 сек.

Негізгі әдебиет: 5 нег. [76-95].

Қосымша әдебиет: 11 қос. [165-184].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]