Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУТ экзамен кела.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

20 Балқыту технологиясы

Балқытуды конверторға металл қалдықтарын жүктеуден бастау керек. Жүктеуді металл қалдықтары салынған қалақтарды еңкейген конверторларға салып отыратын аудару машиналары немесе крандарының мойыншалары арқылы жүзеге асырады (3-сурет, а). Одан кейін аудару көмішінен көпірлі кран көмегімен еңкейген конвертор мойыншасы арқылы сұйық шойын құяды (3-сурет, б).

Шойын құйылғаннан кейін конверторды тік жұмысшы бағытқа бұрады. Конвертор ішіне оттегі үрлей отырып, фурманы енгізеді  (3-сурет, в). Одан кейін (3-сурет, г) қож түзушілердің бірінші үлесін салады (шпатпен кейде кен қосу арқылы әк, отқабыршық, шекемтас, боксит). Бірінші үлеске 1 / 2 - 2 / 3 қож түзушілер енеді, қалған мөлшерін бірнеше үлеспен үрлеу ұзақтығының алғашқы үштен бір ұзақтығында салып отырады. Сеппелі қож түзушілер сеппелілерді сақтауға арналған бункерден, қоректендіргіштен, конвертор мойыншасына материалдады енгізуге арналған таразылар мен қалақтардан құралған автоматтандырылған жүйе көмегімен салады. Жүйе конверторды басқару пультімен оператор орнатқан бағдарлама бойынша үрлеуді тоқтаусыз жүргізуге мүмкіндік береді.

Оттегілі фурманы қатаң анықталған, бекітілген қалыпта орнатады. Фурма басынан тыныштықтағы ванна деңгейіне дейінгі арақашықтық конвертор сыйымдылығына және берілген цех технологиясына байланысты 0,8-3,3 м-ді құрайды. Әдетте қождың түзілу жылдамдығын арттыру үшін үрлеуді фурма қалпы жоғары болған кезде бастайды, ал 2-4 минуттан соң оны әдеттегі оңтайлы қалыпқа дейін жібереді. Оттегіні берудің қарқындылығы фурма құрылымына және қабылданған технологияға байланысты  2,5-тен 5 - 7м3 / (т · мин)-қа дейінгі мәнде болады.

 

23 Оттегілі-конверторлы балқытудың үрлеу режимі

Конверторлы ваннаға оттегіні беру режимі үрлеу ұзақтығына, қож түзілу барысына, сұйық болат шығымының шамасына және оның сапасына, конвертор футеревкасының төзімділігіне айтарлықтай әсер етеді. Үрлеу режимінің маңызды параметрлері болып қысым мен оттегіні үрлеу қарқындылығы, оттегілі ағындар мөлшері, фурманың орналасу биіктігі мен ваннаға ағындарды енгізу биіктігі, оттегі жиілігі болып саналады. Оттегінің меншікті шығыны 47-57 м3 / т болатқа дейін өзгереді, шойындағы тотығатын қоспалар мөлшері ұлғаяды және шихтада болат сынықтарының үлесінің өсуімен төмендейді, себебі шойынға қарағанда сынықтарында тотыққан элементтер көбірек болады. 

Фурма алдында оттегі қысымы белгілі бір аралықта болуы керек. Шығатын Лаваля шоқылары газ қысымы энергиясын кинетикалыққа айналдырады. Ваннағы оттегі ағындарының терең енуі үшін және металдың оттегіге толығымен қанығуы үшін ағынның жоғарғы кинетикалық энергиясының жоғары болуы керек, сондықтан шоқы өлшемдері ағынның олардан шығу кезінде  450 - 500м / с болатындай етіп алынуы керек. Бұл кездегі фурма алдындағы қысым 1,2 - 1,6МПа болуы тиісті, қазіргі жұмыс жасап тұрған цехтарда 0,9-дан 1,4МПа-ға дейін өзгеруі мүмкін.

 

24. Оттегімен донналы үрлеу

Конверторда ең алғашқы рет шойынды таза оттегімен үрлеу Ресейде 1945 жылы сынақтан өткізілді. Оның көрсетуінше, тотығу нәтижесінде фурмада шойын қоспаларында жоғарғы температура түзіледі және осы себеппен футеревка түбі бірнеше минутта бұзылады. Бірқатар елдерде жүргізілген зерттеулер өнеркәсіпте қолдануға жарамды көмірсутектерден жасалған сақиналы қорғаныш қаптамасымен қоршалған ағындар түрінде оттегіні төменнен енгізудің жаға технологиясын жасап шығаруға жетелейді. Сақиналы қаптама фурмадағы шойынмен оттегінің байланысын бодырмайды, мұнымен қоса сұйық металмен әрекеттесу кезінде көмірсутектер ыдырайды, бұл жылудың жұ ылуына алып келіп, фурма аумағының салқындауына тудырады. Бұл жағдайларда түпкі бөлік футеревкасының төзімділігі бірнеше жүздеген балқытуға шыдамды болады. 

Оттегі ағындарының айналасында қорғаныс қаптамасын орнату үшін табиғи газдың, кейде сұйық жанармайдың жұқа қабатын қолданады. Олардың ыдырауы кезінде сутегі мен оттегі бөлінеді.  Табиғи газдың шығыны 6-8, ал пропанның шығыны жұмсалатын оттегінің шамамен 3,5%-ын құрайды.  

Өндіріс аясында донналы үрлеу үрдісі ГФР зауыттарының бірінде ең алғаш 1967-68 жылдары енгізілген және ОБМ атауына ие болған, бұл үрдістің түрлері АҚШ-та КУ-БоП, Францияда – ЛВС, ГДР – КЕК атауларын алған. 1980 жылы осы үрдіспен болат өндіру әлемде 38-40 млн. т құрады.