Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУТ экзамен кела.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

18. Болаттардың жіктелу

Жіктеудің әлемдік бірегей жүйесі қазірде жоқ. Біршама факторларға тәуелді және қасиеттерін тез меңгеру мақсатымен болатты келесі белгілері бойынша жіктейді: тағайындалуы, сапасы, құрамы, өндірілу әдісі.  

Ресейде бұдан өзге де жіктеу әдістері бар. Тағайындалуы бо​йынша болат, құрылымдық, аспаптық, мойынтіректі болып бөлінеді. Сапасы бойынша үш топқа бөлуге болады: жоғарғы сапалы, сапалы, қарапайым сападағы. Қышқылсыздануы бойынша – қайнаған, жартылай тыныш, тыныштықтағы. Өндірілу әдісіне қарай болат конвертерлі, электрлі болуы мүмкін, мұнымен қоса, осы кездердегі нақты алу шарттарының болуына байланысты. Көбінесе болаттың сапасының көрсеткіші болып табылатын құрамына сай оны екі негізгі сұрыпқа бөледі: көміртекті, оның ішінде аз көміртекті, орта көміртекті және жоғарғы көміртекті; легирленген, оның ішінде аз легирленген және жоғарғы легирленген. Жоғарғы легирленген болаттарда темір мен көміртегіден басқа бір не бірнеше элементтердің біршама мөлшері болады: никель, марганец, кобальт, молибден. Жоғарғы легирленген болаттар қатарына тот баспайтын, аспаптық болаттар қатары енеді.  

Маркаларда шамамен химиялық құрамды өрнектеу үшін Ресейде металдағы элементтерді кириллица әріптерімен белгілеу қабылданған (мысалы, Мn - Г; Сr - X; Ni - Н; V - Ф; Ti - Т), ал олардан кейін тұратын сандар олардағы пайыздық дәлдікпен құрамындағы мөлшерін көрсетеді. Әріптен кейін тұратын сандар болмаса, сол элементтің  1%-дан аз екенін көрсетеді. Легирленген болаттарды белгілеуде алғашқы сандар көміртегі мөлшерін пайыздың жүзден бір үлесімен көрсетеді. Мысалы, 30Х2Н болатта 0,3% С, 2% Cr және 1%-дан аз Ni құрамды.

 

19 Үрдістің негізі мен жалпы сұлбасы

Оттегілі-конверторлы үрдіс – бұл сұйық шойыннан металл сынығын қосу арқылы конвертерде негізгі футеревкамен және сумен салқындатылатын фурма арқылы оттегімен үрлеу көмегімен болат балқыту үрдісі. 

Шойынды жоғарыдан оттегімен үрлеуге қатысты алғашқы тәжірибелерді инженер Н. И. Мозгов жылы жүргізген болатын. Одан әрі бірқатар елдерде жаңа үрдіс технологиясын өңдеу бойынша зерттеулер жүргізілді. Өнеркәсіптік ауқымда оттегілі-конверторлы үрдіс алғаш 1952-1953 жылдары Австрияда Линце және Донавице қалаларындағы зауыттарда жүргізілді.  

Қысқа мерзімде оттегілі-конверторлы үрдіс барлық елдерде кеңінен таралып кетті. Сонымен, егер 1960 жылы оттегілі-конверторлы болаттың үлесі әлемдік болат балқытудың 4%-ын құраса, 1970 жылы  - 40,9%, ал 1980 жылы - шамамен 65%-ды құрады.

Оттегілі-конверторлы үрдістің тез дамуы оның басқа конверторлы үрдістер секілді мартендік және электрлік болат балқыту үрдістерімен салыстырғанда бірқатар артықшылықтарға ие болуымен түсіндіріледі. Ол артықшылықтардың негізгілері келесілер: 

1) бір жұмыс істеп тұрған болат балқыту агрегатының өнімділігінң жоғарылау болуы (мартендік және электр доғалы пештердің сағаттық өнімділігі  100т / сағ, ал үлкен жүктемелі конверторларда  400 - 500т / сағ);

2) әлдеқайда аз капиталдық шығындар, яғни цех ғимаратына жұмсалатын шығындар, бұл конвертор құрылғысы құрылымының қарапайымдылығымен және цех балқыту агрегаттарының аз санын қондыра алц мүмкіндігімен түсіндіріледі; 

3) өңдеуге қатысты шығындардың аз болуы, оларға электр энергиясының құны, жанармай, оттөзімділер, ауыспалы жабдықтар, еңбек ақы құндары енеді; 

4) үрдіс балқыту үрдісін басқаруды автоматтандыруға ыңғайлы болып табылады. 

Үрлеу үшін таза оттегі қолданылатын болғандықтан, оттегілі-конверторлы болатта азот мөлшері мартендікімен салыстырғанда азырақ, және сапасы жағынан мартендік болаттан алда тұр. Шойын құрамдылардың тотығуы кезінде бөлінетін жылу болатты шығару температурасына дейін қыздыруға жеткілікті. Әрдайым бөлініп отыратын артық жылу мөлшері конверторда металл сынықтарының толығымен өңделуіне септігін тигізеді. Бұл үрдістің ең негізгі артықшылығы болып табылады, себебі металл сынықтарының құны арзан болғандықтан, балқытылатын болат құны да төмендейді. 

Шетелдерде оттегілі-конверторлы үрдіс ЛД үрдісі деген атау алған.