- •«Металлургия өндірісінің технологиясы - 1»
- •1. Металдардың жіктелуі
- •2. Металдар мен қорытпаларды өндіруге арналған материалдар
- •3. Шойын өндірісі
- •4. Жану үрдістеріне жалпы сипаттама
- •5. Газ қоспаларында жанудың жалпы кинетикасы мен механизмі
- •6. Тығыз қабаттағы газ бен шикіқұрам арасындағы жылу алмасу заңдылықтары
- •7 Домна пешіндегі тотықсыздану үрдістері
- •8. Пештің жоғарғы бөлігінде гидраттар мен карбонаттардың ыдырауы
- •9. Шикіқұрам қабатына қойылатын талаптар
- •10 Агломерациялық үрдіс
- •11. Домна пешінің құрылымы
- •12. Домна шикіқұрамының құрамы
- •13. Домна пешіндегі шикіқұрам мен газ қозғалысы
- •14. Мартен пешінің құрылысы
- •15. Мартендік әдіспен болат өндіру
- •16. Мартен пешінің жұмысы
- •17. Үздіксіз әрекетті агрегаттардағы болат өндіру
- •18. Болаттардың жіктелу
- •19 Үрдістің негізі мен жалпы сұлбасы
- •20 Балқыту технологиясы
- •23 Оттегілі-конверторлы балқытудың үрлеу режимі
- •24. Оттегімен донналы үрлеу
- •25. Үрлеудің аралас әдістері
- •26. Болаттың мартендік өндірісі
- •27. Мартендік үрдістің жалпы сипаттамасы
- •28 Негізгі мартендік үрдіс
- •29 Қышқылды мартендік үрдіс
- •30. Екі ванналы болат балқыту пештері
- •31. Электпештерінде болат өндіру, электрпештері жөніндегі жалпы мағлұматтар, болат балқытуға арналған электр пештерінің жіктелуі
- •32. Болат балқытуға арналған доғалы пештер, үрдіс технологиясы мен әртектілігі
- •33. Индукциялық балқыту пештері, қарсылық пештері
- •34. Ферроқорытпалардың жіктелуі мен тағайындалуы
- •35. Ферроқорытпа үрдістерінің әр түрлі типтерінің ерекшеліктері
- •36. Ферроқорытпа үрдістерінің түрлеріФерроқорытпа үрдісінің түрлері
- •37 Ферроқорытпа сапасына қойылатын жалпы талаптар
- •38. Шикізат материалдарын дайындау және пирометаллургиялық тәсілмен мыс алу
- •39 Концентраттарды күйдіру
- •40. Шағылдыру және электрлік пештерде штейнге балқыту
- •41. Шахталық пештерде штейнге балқыту
- •42. Мысты штейндерді айырбастау
- •3 Сурет – Штейнді үрлеуге арналған конвертердің сұлбасы: а-тік қима; б – көлденең қима
- •43. Мысты тазарту
- •44. Алюминий және оның қосылыстарының қасиеттері
- •45. Глинозем құрамды кендер және минералдар
- •46. Ферроалюминий технологиясы
- •47. Силикоалюминий технологиясы (SiAl)
- •48. Титанның және оның қоспаларының қасиеттері
- •49. Шикіқұрам материалдары
- •50. FeTi - ды карботермиялық балқыту
- •51. FeTi - ды алюмотермиялық балқыту
- •52. Титан технологиясы
- •53 Ферровольфрам өндірісі
- •54 W қасиеті
- •55 Вольфрам жүйелері
- •56. Вольфрамның кендері және дайын өнімдері
- •59. Ванадий және оның темірмен қоспалары
- •60. Ванадий кендері және кендерді бөліп алу
- •61. Өндіру технологиясы
39 Концентраттарды күйдіру
Күйдіруге көбіне құрамында 8-25% Cu бар кедей концентраттар ұшырайды. Бай мыс концентраттары күйдірусіз балқытылады. Ең жетілген тәсіл қайнаушы қабатта күйдіру болып табылады. Қайнаушы қабат құбылысының мәні келесіде: егер түйіршікті материал қабаты арқылы газдың өршуші ағынын жіберсек, онда аз жылдамдықтарда қатты бөлшектер қозғалмайды, бұл ретте қабат көлемі өзгермейді, бұл шахталық пештерде өтетін үрдістерге тән. Егер жылдамдықты арттырсақ, онда оның қандай да бір мәнінде материал бөлшектері еркін болады және қарқынды қозғалады: қабат көлемі ұлғаяды және ол қайнап жатқан сұйықтыққа ұқсас болады. Қайнаушы қабат түзуге қажетті газды ағынның жылдамдығы күйдірілетін материал бөлшектерінің диаметрі мен тығыздығына тәуелді.
Қайнаушы қабатта күйдіруге арналған пештің төмеңгі бөлігінде табаны бар, қимасы тікбұрыш, тігінен орналасқан камера болады. Камераның түбінен күмбез арқылы сығылған ауа беріледі. Шихталық материалдар (7080% мыс концентраттары, 15-20% кварцты флюстер, 2-3% әктастар және 2-3% айналмалы материалдар) жүктеу құрылғысы көмегімен пеш табанына беріледі. Күйдіру 850°С-та өтеді, бұл ретте мыс пен темір сульфидтерінің ауа оттегісімен өзара әсерлесуі жүреді. Күйдіру кезінде жүретін негізгі реакциялар келесілер болып табылады:
3FeS + 5O2 = Fe3O4 + 3SO2,
Cu2S4 + 2O2 = 2CuO + SO2.
Күйдіру нәтижесінде өртенділер (огарок) алынады, олардың құрамындағы күкірт мөлшері 10-12% құрайды, ал бастапқы концентратта ол 24-28% болады. Күйдіру үшін механикалық қыздырумен көп табанды пештер қолданылады. Пеш отқа төзімді кірпіштермен шегенделген цилиндр болып келеді. Пеште отқа төзімді кірпіштерден салынған 8-13 табан-сөрелер бар. Пеш осімен қалақ тәріздес ескектер бекітілген ескек ұстағыштары бар бос денелі тік білік өтеді. Ескектер білік айналғанда (2-3 айн/мин) олар материалдың бір сөрелерде периферияға, басқаларында кері бағытта жылжуын қамтамасыз ететіндей орналасқан. Жоғарыдан жүктелетін шихта біртіндеп төмен қарай иек тәріздес жолмен табаннан табанға жылжиды. Сульфидтерді ішінара тотықтыруға қажетті ауа цилиндр құраушысы бойында орналасқан терезе арқылы сорылады. Ауа төменнен жоғары қарай шихтаға қарсы қозғалады. Күйдіру температурасы шихтаның бірігуін болдырмау үшін 850°С-тан артпауы керек. Осы себептен шихтадағы күкірт мөлшері 27%-дан артық болмауы қажет. Пештен шығарылатын газдар күкірт қышқылын өндіру үшін пайдаланылады. Алдын ала олар шаңнан тазартуға ұшырайды.
40. Шағылдыру және электрлік пештерде штейнге балқыту
Шағылдыру пештерінде, сонымен қатар пештердің басқа түрлерінде мыс концентраттарын штейнге балқытудың негізгі мақсаты екі сұйық өнімді – штейн мен қожды ала отырып, шихтаны балқыту болып табылады. Бұл ретте мыс пен басқа бағалы элементтерді, мысалы, асыл металдарды, штейнге толығырақ ауыстыру, ал бос жынысты қождау мәселесі қойылады.
Шағылдыру балқытуының мәнісі жүктелген шихтаның көміртекті отынды пештің көлденең жұмысшы кеңістігінде жағудан бөлінетін жылу есебінен балқитындығында. Отын жанғанда пайда болатын факел балқытпа бетінде орналасады. Ылғалды және кептірілген концентраттарды балқытуда жүктелген шихта пештің бүйір қабырғалары бойында құламалар түзеді, өртендіні (огарок) балқытуда ол қожды балқытпа айнасының бетімен ағады.
Шағылдыру пештерінде шихта және балқытпа беті күмбездің ішкі бетінен шағылысқан жылулық сәулелердің және ыстық жағу газдарының факелінің сәуле шығару есебінен қыздырылады. Жылу беруде күмбездің жылулық сәулеленуді шағылдыру арқылы қатысуы пештерді шағылдырушы деп атауға себепші болды.
Шихта қабаты ішінде жылу беру тек жылу өткізгіштік есебінен ғана жүзеге асуы мүмкін. Шағылдыру пештерінде балқытпа ішінде масса алмасудың болмауы балқытпаның төмеңгі қабаттарына жылудың берілуі тек жылу өткізгіштік есебінен жүретіндігін білдіреді. Бұл кезде шихта мен қожды балқытпаның жылу өткізгіштігі төмен екенін ескерген жөн.
Шағылдыру пешінде балқыту механизмін келесі түрде айтуға болады. Факелден шығарылатын жылу есебінен құламалар бетінде жатқан шихтаны қыздырумен материалды кептіру және жоғары сульфидтер мен басқа тұрақсыз қосылыстардың термиялық диссоциациясы бірге жүреді. Қыздыру шамасына байланысты шихталық құламалардың беткі қабаттарында шихтаның жеңіл балқитын құраушылары – сульфидті және оксидті эвтектикалар балқи бастайды. Бұл кезде түзілетін біріншілік балқытпа құламалар бетімен ағады, өзінде қиын балқитын компоненттерді ерітеді және қожды балқытпа қабаттарына түсіреді. Осы кезден бастап қожды және штейнді фазалардың бөлінуі басталады, оксидті фазаның тамшылары пештегі қождың жалпы массасында ериді, ал штейн тамшылары қож қабаты арқылы өтеді және ваннаның төмеңгі бөлігінде өзіндік штейндік жентек түзеді.
Штейн тамшыларының тұну жылдамдығы олардың өлшемдері үлкен болған сайын, соншалықты жоғары болады. Шағылдыру пештері жағдайында (тыныш ванна) өте ұсақ штейндік қоспалар пеште балқытпаның болу уақытында (10-14 сағ) толықтай тұнып үлгермейді және қожбен бірге шығарылады.
Шағылдыру пештерінде термиялық дайындықтан өткен, күйдірілген концентраттарды қайта өңдеуде балқыту механизмі басқаша болады. Өртенді (огарок) бөлшектері қожды ванна бетімен аға отырып, онымен байланысады, осының нәтижесінде бөлшектердегі оксидті қабыршақтар қожда ериді, ал сульфидті түйіршіктер штейн түзе отырып, балқытпа түбіне тұнады.
Шикі және күйдірілген концентраттарды балқытуда балқыту механизмі де әртүрлі болады. Шикі концентраттарды балқыту кезінде негізгі химиялық үрдістер болып жоғары сульфидтердің ыдырауы және темір сульфидтерінің айналмалы конвертерлік қожбен пешке келіп түсетін магнетитпен төмендегі реакция бойынша өзара әсерлесуі болып табылады:
FeS + 3Fe3O4 +5SiO2 = 5(2FeO · SiO2) + SO2.
Бұл жағдайда жалпы дусульфуризация әдетте 45-55%құрайды. Өртендіні (огарок) балқыту (күйдіру кезінде жоғары сульфидтердің ыдырауы толықтай біткендіктен)оксидтер мен сульфидтер арасында химиялық өзара әсерлесуге келтіріледі. Бұл балқытуда негізгі реакциялар:
Cu2O + FeS = Cu2S + FeO,
10Fe2O3 + FeS = 7Fe3O4 + SO2,
сонымен қатар кремнезем болғандағы FeS Fe3O4-пен өзара әсерлесу болып табылады.
Күйдірілген мыс концентраттарын балқытуда десульфуризация 20-25%-дан аспайды. Мыс концентраттарын балқытуға арналған шағылдыру пеші – көлденең жұмысшы кеңістігі бар балқыту агрегаты. Заманауи шағылдыру пештерінің ішкі өлшемдері келесідей: ұзындығы 28-35м, ені 6-10м, күмбезден табанға дейінгі биіктігі 4-4,5м. Мұндай пештердің табанының ауданы 180-350м2 аралығында болады.
Конструкциялық шағылдыру пеші фундаменттен, қабырғалардан, табаннан (пештабан), күмбезден, қаңқасынан, балқыту өнімдерін шығару және шихтаны жүктеуге арналған құрылғылардан, отынды жағуға арналған оттықтардан (форсункалардан) тұрады.
Пеш фундаменті (негізі) құйма қождан, бетоннан, кірпіштен немесе кесек тастан дайындалған. Фундаментте пісіру пештабаны орналасқан. Пісіруді құрылыс және отқа төзімді кірпіштердің бірнеше қабаттарында кварцты құмды балқытумен жүргізіледі. Пештабанның жалпы қалыңдығы 0,61,5м.
Шағылдырып балқытудың өнімдері штейн, қож, шаң және газдар болып табылады. Оларды шығару және жою арнайы қондырғылар арқылы жүзеге асырылады.
Шағылдырып балқытудың зауыттық мыс штейндері қайта өңделетін шикізат және балқыту тәсіліне (күйдірусіз немесе күйдірумен) байланысты құрамында 15-60% Cu, 6%-ға дейін Zn, 0,5%-ға дейін Ni, 1%-ға дейін Pb, 3040% Fe, 23-26% S болады. Бұдан басқа олардың құрамында асыл металдар, селен, теллур және басқа бағалы және зиянды қоспалар болады.
Штейнді шығару пеш табаны үстіндегі ванна түбінен периодты жұмыс істейтін шпурлар арқылы немесе байланыстырушы ыдыстар принципі бойынша жұмыс жасайтын сифондық құрылғылар арқылы жүргізіледі. Штейндік сифон үзіліссіз режимде жұмыс жасай алады. Шпурды сазды тығынмен, ал сифонды сазды тығызағыш көмегімен бітейді.
Шағылдырып балқыту қожтарының жеке қож түзуші компоненттерінің мөлшері бойынша құрамы үлкен аралықтарда өзгеруі мүмкін. Ол бірқатар жергілікті жағдайлардан – қайта өңделетін шикізат құрамы мен түрінен, арзан және қол жетімді флюстердің бар болуынан, технологиялық факторлардан тәуелді. Флюстеуші қоспалардың минимал рұқсат етілген шығысында, бірақ сол кәсіпорын үшін аударма қожтың оңтайлы құрамынан қашықтамай жұмыс істеуге ұмтылады. Шағылдырып балқытудың нақты қожтарындағы жеке қож түзуші компоненттердің мөлшері келесі аралықтар өзгереді, %: Cu 0,3-0,8; SiO2 32-46%, FeO 35-55, CaO 1,5-22, Al2O3 3-10%, Zn 6-8 дейін, S 0,5 - 1,5.
Шағылдырып балқыту штейнінің құрамында 80-90%мыс және темір сульфидтері болады, ал олардың құрамына 15-55% Сu, 15-50% Fе, 20-30% S, 2% Zn, сонымен қатар асыл және басқа металдар кіреді. Қож кремний, темір, кальций және алюминий (SiO2, FeO, CaO, және 0,5% Cu) оксидтерінен тұрады. Мыс пен асыл металдарды штейнге шығару дәрежесі 96-99,5%-ға жетеді.
Штейн қорытуға арналған жетілген агрегат электрлік пеш болып табылады. Онда жоғары өнімділікке қол жеткізіледі, пеште балқытумен қарағанда шығарумен жоғалтулар төмендейді. Бірақ шағылдыру және электрлік пештерде балқытудың бірқатар кемшіліктері бар. Бірінші кезекте олардың қатарына төмен меншікті өнімділік жатады. Шағылдыру пештерін ол 4,0-4,5т/тәул, ал электрлік пештерде аздап жоғары құрайды. Электрлік пешке шикізатты пайдаланудың айтарлықтай төмен кешенділік тән, яғни біраз бағалы металдар (қорғасын, мырыш, кадмий, германий, рений және басқалары) штейнге шықпайды және барлығы дерлік жоғалады.
ТМД елдерінде сұйық ваннада балқыту деп аталатын балқытудың жаңа сызбасы ұсынылды. Бұл тәсіл 50-60т/(м2·тәул)-ке дейінгі өте жоғары меншікті өнімділікке, отынның төмен шығысына ие (шағылдыру деңгейімен салыстырғанда шамамен үш есе кем), бұдан басқа мыстың және басқа түсті металдардың шығу дәрежесі артады. 20-40% күкіртті ангидридтен тұратын шықпа газдар күкірт қышқылын өндіру үшін қолданылады.
Сұйық ваннада балқытуға арналған пеш ұзындығы 10м, ені 2-3м және биіктігі 6-6,5м болатын тікбұрышты шахта болып келеді (2-сурет). Пештің бүйір қабырғаларында үрлеуге арналған сумен суытылатын үрлегіштер орналасқан. Шахта қабырғалары сумен салқындатылатын кессондар түрінде орындалған. Пештің төменгі бөлігі (көміш) отқа төзімді кірпіштермен шегенделген. Балқыту үзіліссіз жүргізіледі. Қож пен штейнді шығару көмішпен тоғыцсқан және қосылған қожтық және штейндік сифондар арқылы жүреді. Шихталық материалдар күмбездегі тесіктер арқылы жүктеледі, олар ленталық қоректендіргіштер көмегімен бункерден беріледі.
