- •«Металлургия өндірісінің технологиясы - 1»
- •1. Металдардың жіктелуі
- •2. Металдар мен қорытпаларды өндіруге арналған материалдар
- •3. Шойын өндірісі
- •4. Жану үрдістеріне жалпы сипаттама
- •5. Газ қоспаларында жанудың жалпы кинетикасы мен механизмі
- •6. Тығыз қабаттағы газ бен шикіқұрам арасындағы жылу алмасу заңдылықтары
- •7 Домна пешіндегі тотықсыздану үрдістері
- •8. Пештің жоғарғы бөлігінде гидраттар мен карбонаттардың ыдырауы
- •9. Шикіқұрам қабатына қойылатын талаптар
- •10 Агломерациялық үрдіс
- •11. Домна пешінің құрылымы
- •12. Домна шикіқұрамының құрамы
- •13. Домна пешіндегі шикіқұрам мен газ қозғалысы
- •14. Мартен пешінің құрылысы
- •15. Мартендік әдіспен болат өндіру
- •16. Мартен пешінің жұмысы
- •17. Үздіксіз әрекетті агрегаттардағы болат өндіру
- •18. Болаттардың жіктелу
- •19 Үрдістің негізі мен жалпы сұлбасы
- •20 Балқыту технологиясы
- •23 Оттегілі-конверторлы балқытудың үрлеу режимі
- •24. Оттегімен донналы үрлеу
- •25. Үрлеудің аралас әдістері
- •26. Болаттың мартендік өндірісі
- •27. Мартендік үрдістің жалпы сипаттамасы
- •28 Негізгі мартендік үрдіс
- •29 Қышқылды мартендік үрдіс
- •30. Екі ванналы болат балқыту пештері
- •31. Электпештерінде болат өндіру, электрпештері жөніндегі жалпы мағлұматтар, болат балқытуға арналған электр пештерінің жіктелуі
- •32. Болат балқытуға арналған доғалы пештер, үрдіс технологиясы мен әртектілігі
- •33. Индукциялық балқыту пештері, қарсылық пештері
- •34. Ферроқорытпалардың жіктелуі мен тағайындалуы
- •35. Ферроқорытпа үрдістерінің әр түрлі типтерінің ерекшеліктері
- •36. Ферроқорытпа үрдістерінің түрлеріФерроқорытпа үрдісінің түрлері
- •37 Ферроқорытпа сапасына қойылатын жалпы талаптар
- •38. Шикізат материалдарын дайындау және пирометаллургиялық тәсілмен мыс алу
- •39 Концентраттарды күйдіру
- •40. Шағылдыру және электрлік пештерде штейнге балқыту
- •41. Шахталық пештерде штейнге балқыту
- •42. Мысты штейндерді айырбастау
- •3 Сурет – Штейнді үрлеуге арналған конвертердің сұлбасы: а-тік қима; б – көлденең қима
- •43. Мысты тазарту
- •44. Алюминий және оның қосылыстарының қасиеттері
- •45. Глинозем құрамды кендер және минералдар
- •46. Ферроалюминий технологиясы
- •47. Силикоалюминий технологиясы (SiAl)
- •48. Титанның және оның қоспаларының қасиеттері
- •49. Шикіқұрам материалдары
- •50. FeTi - ды карботермиялық балқыту
- •51. FeTi - ды алюмотермиялық балқыту
- •52. Титан технологиясы
- •53 Ферровольфрам өндірісі
- •54 W қасиеті
- •55 Вольфрам жүйелері
- •56. Вольфрамның кендері және дайын өнімдері
- •59. Ванадий және оның темірмен қоспалары
- •60. Ванадий кендері және кендерді бөліп алу
- •61. Өндіру технологиясы
6. Тығыз қабаттағы газ бен шикіқұрам арасындағы жылу алмасу заңдылықтары
Қыздырылған ауаны үрлеу кезінде енгізілетін жылудан басқа шикіқұрам мен газды қыздыруға, шойын мен қождың балқуына қажетті, жылу жоғалтулардың тотықсыздану мен компенсациясы үрдістерін қамтамасыз ету үшін керек жылу көздеріне келесілер жатады: отынның (кокстың және оның орнына кокстың бір бөлігі үшін қолданылатын табиғи газдар, мұнай өнімдері мен көмір ұнтақтары) жануы кезінде көріктің жоғарғы жағында пайда болатын жылу. Ыстық газ тәрізді жанғыш өнімдер төмендегі салқын шикіқұрам материалдарына өз жылуларын бере отырып, көріктен жоғары қарай көтеріледі де, өздері салқындай бастайды. Сондықтан, пеш көрігінен жоғарыға қарай колошникке шығар кезде пеш температурасы 1400 - 1600○С - тан 200 - 350○С - қа дейін төмендейді.
Мұнымен қоса, көлденең қимада пештің бірдей ендіктерінде температуралар тұрақты болмайды да, айтарлықтай кең ауқымда өзгеріске ие болады. Бұл пеш қимасы бойымен көтеріліп келе жатқан ыстық газдардың біртексіз таралуымен түсіндіріледі, газдардың максималь көп мөлшері көлденең қима аумағында шикіқұрамның аз қарсыласуымен өтіп кетеді де мұнда ең жоғарғы температуралар байқалады.
7 Домна пешіндегі тотықсыздану үрдістері
Темір домна пешіне тотықтар түрінде енеді, агломератта Fе2О мен аздаған Fе2О3 және FeO болады, шекемтастарда - Fе2О3 және Fе2О, темір кені, егер оны қолданса - Fе2О3 және Fе2О, мұнымен қоса бұл тотықтардың бір бөлігі өздге де тотықтармен байланысқан түрде кездеседі.
Домна үрдісінің негізгі мақсаты - осы тотықтардан оларды тотықсыздандыра отырып мүмкіндігінше көп мөлшерде темірді бөліп алу. Тотықсыздану тотықтардан оттегіні бөліп алып олардан элементті алуға негізделген (немесе оттегі мөлшері аз тотықтар алуға). Оны тотықсыздандырғаш көмегімен жүзеге асырады - ол тотықсызданатын элементпен салыстырғанда, оттегімен көп ұқсастығы бар болуына байланысты оттегі бөлініп байланыс түзе алатын заттар. Осылайша, тотықсыздану үрдісінде бір зат оттегіден ажырайды, ал екіншісі оны өзіне алады (тотығады). Жалпы алғанда тотықсыздану үрдісі келесі теңдеумен жазылады:
МО + В = М + ВО, (3.1)
мұнда, М - тотықсыданатын металл; В - тотықсыздандырғыш; МО - тотықсызданатын тотық; ВО - тотықсыздандырғыш тотығы.
Академик А.А. Байковтың тұжырымдамасына сай, темір тотықтарының тотықсыздануы сатылай жоғарыдан төмен орындалады:
Fе2О3 - Fе2О - FeO - Fe. (3.2)
3Fе2О3 + СО = 2Fе2О + CO2 + 53740,
Fе2О + СО = 3FeO + CO2 + 36680,
FeO + СО = Fe + CO2 + 16060.
Осылайша, жанама тотықсызданудан тікелей тотықсызданудың айырмашылығы көміртегінің шығындалуында, ал бұл дегеніміз - тікелей тотықсыздану үрдісінің дамуымен фурмаға берілетін көміртегі мөлшері азаяды.
Домна пешінің атмосферасында 8 - 12% - ға дейін жетуі мүмкін сутегімен жанама тотықсыздану келесі реакциялармен жүреді:
3Fе2О3 + Н2 = 2Fе3О4 + Н2О - 4200,
Fе3О4 + Н2 = 3FеО + H2O - 62410,
FеО + Н2 = Fе + H2О - 27800.
8. Пештің жоғарғы бөлігінде гидраттар мен карбонаттардың ыдырауы
Домна пешіне енгізілетін шикіқұрам гидроскопиялық ылғалдылыққа ие болады (мысалы, кокста 0,5 - 5%), ал кейде гидратты ылғалдылықта болады. Гидроскопиялық ылғал колошникте жеңіл буланады және оның шығып кетуі үшін қосымша жылудың қажеті болмайды, себебі колошникті газдардың температурасы ылғалдың булану температурасынан жоғары болады.
Гидратты ылғал тек темір кенін пешке енгізгенде ғана пайда болады, ол Fе2О3 - пен (қоңыр теміртаспен) немесе Аl2О3 - пен (каолиниттерде Аl2О3 · 2SiО2 · 2Н2О) байланыс түзеді. Бұл қосылыстар жылуды жұта отырып, 400 - 1000○С - та ыдырайды. Алайда, қазіргі уақытта шикізатты кендер қолданылмайтын болғандықтан, гидратты ылғалдар балқыту үрдісіне айтарлықтай әсер етпейді.
Карбонаттар (көмірқышқылды қосылыстар) домна пешіне әктас түрінде СаСО3 (кейде ол біршама СаСО3 мен біршама МgСО3 құрамдас болуы мүмкін), кабонатты темір кені түрінде (FеСО3) және марганец кені түрінде (МnСО3) түсуі мүмкін. Қыздыру кезінде карбонаттар жылуды жұта отырып, СО2 мен металл тотығына ыдырайды.
Қазіргі таңда шикізатты кендер домна пешіне салынбайды, домна қожына қосуға міндетті СаО - ны енгізу үшін салынатын әктасты агломерат шикіқұрамына қосып жібереді және қождың негізділігін жоғарылату үшін пешке аздаған мөлшерде әктас салынады. Мұнда әктас келесі реакциямен температурада қарқынды ыдырайды:
СаСО3 = СаО + СО2 - 178500Дж.
Ыдырауға жұмсалатын жылу шығындарынан басқа, кері әсер ететін факторға 1000○С - тан жоғары температурада СО2 + С = 2СО реакциясының жылуды жұту арқылы жүруі мен кокс көміртегісінің жұмсалуы жатады. Қождамаланған агломератты қолдану мен (яғни агломерат шикіқұрамына әктас қосу арқылы алынған) және домна шикіқұрамынан әктастың толықтай алынуы коксты үнемдеуге мүмкіндік береді. Агломерация кезінде әктастың ыдырау үрдісі қымбат тұратын қоры аз металлургиялық кокстың емес, төмен сортты отынның (кокс ұнтағы, антрацитті үгінді) жануы кезінде жүзеге асады.
