Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУТ экзамен кела.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

25. Үрлеудің аралас әдістері

Донналы үрлеу конверторларының қолдану тәжірибесі мен ваннаның қарқынды аралас білуімен байланысты осы үрдістің технологиялық артықшылықтары соңғы жылдары аралас – төменнен және жоғарыдан үрлеу жүзеге асатын конверторлы үрдіс технологиясын жасап шығаруға мүмкіндік берді. Бұл технологиямен жұмыс жасауға оттегілі конверторлардың көп мөлшері өтуде. Оттегіні фурма арқылы жоғарыдан беру келесіерді қамтитын аралас үрлеудің алуан түрлері кең таралуда:  

- түпкі бөлікке кеуекті оттөзімді элементтер арқылы (LBE үрдісі) немесе түп футеревкасындағы каналдар, я болмаса құбырлар арқылы (LD = KG, LD = AB, LD = BC, TBM үрдістері) инертті газдарды үрлеу,көмірсутекті немесе бейтарап газдардан құралған сақиналы қаптамада оттегі мен инертті газдар қоспасы донналы фурмалар арқылы үрлеу (STB үрдісі) немесе қорғаныс қаптамасынсыз (LD = OTBүрдісі); 

- инертті газдарды сақиналы қаптамадағы ауа донналы фурмасы арқылы үрлеу  (ВАР үрдісі);

- көмірсутекті немесе бейтарап газдардан жасалған сақиналы қаптамадағы донналы фурмалар арқылы оттегі бөлігін үрлеу (LD = OB, LD = HC үрдістері);

- түп арқылы әктасты қосымша үрлеу арқылы жоғарыда көрсетілген әдістер (мысалы, К – ВОР үрдісі, бұл кезде әктасты қорғанысты қаптамадағы оттегі ағындарымен енгізіледі).

Аралас үрлеуді негізінен оттегілі үрлеу жоғарыдан жүргізілетін үрдіспен жұмыс жасаушы цехтарда қолданады. Тәжірибелер көрсеткендей, төменнен үрлеу салыстырмалы аздаған газ мөлшерінде (мысалы, 0,01 - 0,3м3 / (т · мин) аргон не азот) ваннаның араласуын қарқынын айтарлықтай жоғарылатады. Осының нәтижесінде тек жоғарыдан үрлеумен салыстырғанда келесідей артықшылықтарға қол жеткізіледі:

- үрлеу ваннаны көп көпіршіктендірмей әлдеқайда тыныш өтеді; 

- металл мен қождың тотығуын төмендетеді;

- жарамды металл шығыны артады, нәтижесінде темірдің қожбен бірге жоғалуы азаяды;

- әктастың еруі жылдамдайды, яғни қождың түзілуі артады;

- үрлеу кезінде тотығатын марганец мөлшері азаяды, қож түзгіштер шығынын азайта отырып, фосфорсыздану мен күкіртсіздену дәрежесі жоғарылайды. 

Бұл артықшылықтар фурманың болуы немесе түпте кеекту төсемелердің болуымен байланысты конвертордың пайдаланылуы мен құрылымының күрделенуін туғызады. Мұнымен қоса донналы үрлемелі конверторларды аралас үрлеумен ауыстыруға қатысты да жағдайлар кездескен. Бұл кезде қол жеткізілетін жалғыз артықшылық -  кесекті әктасты қолдану арқылы жұмыс істеу кезінде негізгі қождың ертерек қалыптасуы жүзеге асады. 

 

26. Болаттың мартендік өндірісі

Мартендік үрдістің жүзеге асу бастамасын 1864 жылдың 8 сәуірінен бастауға болады, бұл кез Пьер Мартиннің француз зауыттарының бірінде алғашқы балқытуды жүргізген кезі болатын. 

Мартендік үрдіс регенераторлармен жабдықталған жалынды балқымалы пеш кеңістігінде жүргізіледі. Пешке жағылатын отын жалынымен біртіндеп балқитын шихта (шойын, скрап, металл сынықтары және өзге де құрамбөліктер) енгізіледі. Балқығаннан кейін ваннаға керекті температура мен құрамдағы металл алу үшін әр түрлі қоспалар қосылады, одан кейін дайын металды шөмішке салып құйып алады.  

Алғашқы мартендік пештердің өнімділігі жоғары болмаған. Алайда өзінің сапасы мен арзан болуына байланысты мартендік болат өте кең қолданыс тапқан. ХХ ғасырдың басында-ақ әлемдік болат өндірісінің жартысы мартендік пештерде өндіріле бастады.