Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУТ экзамен кела.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

59. Ванадий және оның темірмен қоспалары

Ванадий  жылтыр – ақ түсті, нығыз, өте қатты метал, атомдық массасы  50,942, tпл = 1912○С, tкип -  3000○С-тан астам, тығыздығы 6,11г / см3, балқу жылуы 17,59кДж / моль, булану жылуы 444,14кДж / моль. Ванадий көміртекпен келесі карбидтер қатарын түзеді: V5C, V2C, V4C3, VC, V2C3, мұнда ең қаттысы болып 2830ºС температурадағы  VC карбид саналады. Si-мен  ванадий силицидтерде V3Si, V5Si3, VSi2 қосылады, мұнда қиын балқитын болып 2147ºС балқу температурасында қиын балқитын V5Si3 саналады. 

​ О2 мен ванадий келесі тотықтар қатарын VO, V2O3,V3O4, V2O5 1970ºС, 1967ºС, 1545ºС және 675ºС-да түзеді. 

Ванадийда Al  35% -ға дейін ериді. V5Al8, VAl3химиялық қоспалары және басқалары орналасумен балқытылады. S –мен ванадий келесі сулфидтер қатарынV2S3, V2S5, VS, түзеді, мұнда балқу температурасы 1179 К төмен емес VS ең берік болып саналады.

V2O5 – CaO жүйесінде келесі құрамдағы ванадаттар бар: Ca · V2O5, 2CaO · V2O5, 3CaO · V2O5.

Температураны жоғарылатқан кезде FeO –мен ванадий тотығы  V - V2O3 орнығып FeO · V2O3, 2FeO · V2O3 түзеді. V2O5 –ті алу кезінде қиын балқитындардың қосылуы ең негізгі рөл атқарады. Бұл қоспалардың түрінде  V , оларды V2O5-ке дейін есептегенмен, кенде және қожда кездеседі.

V темірмен сұйық және қатты күйде де толық өз ара еріту қасиетіне ие. Құрамында 31% V бар құйманың температурасы 1468ºС.

FeV- ны болат балқыту өндірісінде қолдану үшін балқытады, оның құрамы: ФВд - 75 А және Б (V - 75%, C - 0,1 - 0,15%, Mn - 0,4 - 0,6%, Si - 0,8 - 1%, Al - 2 - 2,5%, P - 0,05 - 0,1%, S - 0,05 - 0,10%, Cu - 0,1%, As - 0,05%). ФВд 50А және Б: V - 50%, C - 0,15 - 0,3%, Mn - 0,2%, Si - 2%, Al - 2,5%, P, S - 0,10%, Cu - 0,2%. ФВд 35А және Б, С: V - 35%, C- 0,75 - 0,1%, Si - 2,5 - 3,5%, Al - 1,5 - 2,0%, P - 0,1 - 0,2%, S - 0,10%, Аs - 0,05%.

 

60. Ванадий кендері және кендерді бөліп алу

Жер шарындағы ванадийдің орташа қоры 0,015%құрайды, бұл дегеніміз мыс, қорғасын, молибден, вольфрамның және басқада сирек металдардың мөлшерінен асады деген. Ванадийдің ең кең таралған минералдары болып: урановандонат K2 · [UO2] · [VO4] · 3H2O · V2O5, ванадит Pb5 (VO4)3 · Сl, партронит V2S, деклаузит (Zn, Cu) P(VO4)ОH, ванадийсодержащий титаномагнетит - (Fe, V, Ti)3O4, кульсонит (Fe, V)3O4 саналады.

Өнеркәсіптік кендер келесі топтарға жіктеледі:

1) Жеке ванадийлі кендер - V2O5 3% -тен астам емес(кең таралған кендер),

2) түсті және сирек металдардың кешенді ванадийлі кендері - V2O5 1% -тен астам емес (карнотиттер,  ванадиттің бокситтері),

3) Қара металдардан - V2O5 1% -тен астам емес (магнетиттер, титаномагнетиттер, шпатты қоңыр темірлер),

4) Жанғыш және басқа қазбалар - V2O5 1% -тен астам емес (асфальтиттер, битумдар, сланецтер, көмірлер, фосфаттар). 

БҰҰ-дағы ванадийдің негізгі қорек көздері болып, құрамында 0,5 - 0,8% V2O5, 21 - 30% FeO, 32 - 60% Fe2O3, 2 - 5%  TiO2, 4 - 16% SiO2, 2 - 7% CaO, 2 - 12% Al2O3, 0,03 - 0,08% S бар, Кусинск Орал, Бірінші Орал, Кашканар титан-магнитті кен орындары саналады. 

 

61. Өндіру технологиясы

Кендегі ванадийдің төменгі мөлшері және оның құрамы, металдық және химиялық қайта өңдеу қатары түрінде болатын, өндірістің қиын технологиялық үрдісін анықтады (сурет 1).

 

1-сурет – Ванадий пентоксидінің және FeV өндірісінің сұлбасы 

 

БҰҰ-да пирометаллургиялық қайта өңдеу кең таралған:

1)агломерация немесе кесектеу әдістерімен құрамында ванадий бар кендерді балқытуға дайындау, 2) Домналық балқыту, 3) Шойынды деванациялау, 4) Ванадийді қождан бөліп алу.

Домналық қайта өңдеудің мақсаты – ванадийдің жоғары бөліп алу дәрежесі кезінде ≈ 83% кеннен ванадийлі шойынды алу.

Ванадийдің шойынға толық өтуі үшін үрдісті t = 1300 - 1350ºС –та және қождың негізінде 0,8 - 0,9 жүргізеді.  Келесі құрамдағы шойынды алады: 0,5 - 0,6% V, 0,31% Si, 0,40% Mn, 0,07% P, 0,23% Ni, 0,04% S, 0,62% Cr және 4,2% С.

Содан кейін шойынды оттекті конвертерде диванацияға жібереді. Конвертерлі ванадий қожы 11 - 18% V2O5  ванадий құймасының Mn, Si-мен және басқада элементтермен өндірісі үшін немесе  V2O5 өндірісі үшін химиялық қайта өңдеуге жібереді. Шойыннан ванадийдің қожға бөліп алу 88 - 90%. Конвертерлі қожды қайта өңдеу гидрометаллургиялық әдіспен жүргізіледі. Алынған тұнбаны филтрлейді, кептіреді 1000ºС-та жалынды пеште балқытады және металдық паддондарға құяды. Балқытылған ванадийдің техникалық пентоксидінің құрамында 87 - 97% V2O5 бар. Қождан ванадийді бөліп алу 80 - 85% құрайды. FeV өндірісі үшін негізгі түр ретінде, конвертерлік қождардан алынатын, техникалық пентоксид V2O5 саналады, оның құрамында 83%-дан аспайтын V2O5(марка 1) және 75%-дан аспайтын V2O5 (марка 2) бар. Қоспа ретінде: 1 - 2,5% SiO2, 1 - 1,8% TiO, 5,5 - 7% Fe2O3, 0,2 - 0,4% Al2O3, 1,5 - 2% CaO, 0,3 - 0,6% МgO, 2 - 3,5% (Na2O + H2O), 0,04 - 0,07% P, 0,1 - 0,3% S кездеседі.

Химиялық қайта өңдеуге түсірілетін қож ұсақтауға түседі, сосын, содамен бірігіп тартуға және әрі қарайғы күйдіруге (1123 - 1173К) жібереді. Күйдіру ұзақтығы – 3 сағат. Пештің барлық ұзыныдығы бойымен температураны жоғарлату, қожды жоғары температуралы аймаққа үздіксіз қожды тез суыту арқылы бері бойынша. Шикіқұрамның қышқылсыздандырғыш күйдіруінің мақсаты болып, темір, марганец, ванадий тотықтарын жоғарыға ауыстыру және ванадийдің еріткіш қоспаларын түзі. 

Қожды қышқылсыздандыру үрдісі келесі түрде жүруі мүмкін: 

 

2FeO · Fe2O3 + 1 / 2О2 → Fe2O3 · V2O3,

Fe2O3 · V2O3 + O2 → Fe2O3 + V2O5.

 

FeV- ны ванадийдің көміртекпен, кремниймен, алюминиймен пентаксидінің өндірілуімен алынуы мүмкін.Көміртекпен өңдеу, термодинамика заңына сәйкес екі реакция бойынша, кең таралған жоқ: 

 

2 / 5V2O5(ж) + 2С(граф) = 4 / 5V(тв) + 2СO(г),

2 / 5V2O5(ж) + 14 / 5С(гр) = 4 / 5V(тв) + 2СO(г).

 

Ең тиімдісі болып, карбидті түзу арқылы реакция алу саналады. Егер, құйма 4 - 6% С құраса және оны көптеген қоспаланған V  болаттарды балқыту кезінде қолдану мүмкін болмаса. 

V2O5 – ті кремнймен өңдеу келесі реакция бойынша жүреді: 

 

2 / 5V2O5 + Si = 4 / 5V + SiO2.

 

Біруақытта қиын өңделетін төмен тотықтарды V2O3 және VO түзе алады. Ванадийдің төмен тотықтарын өңдеу, ванадийдің силикатымен өңдеудегі сияқты қиын, сондықтан да шикіқұрамға, кремнеземмен байланысатын және ванадий силикаттарының түзілуін болдырмайтын, әкті береді. СаО болған кезде өңдеу реакциясы келесі түрге ие болады:

 

2 / 5V2O5 + Si + 2СаО = 4 / 5V + 2СаО · SiO2.

 

V2O5 алюминимен өңдеу келесі реакция бойынша жүреді:  

 

2 / 5V2O5 + 4 / 3Al = 4 / 5V + 2 / 3Al2O3.

 

Ванадиі тотықтарын алюмотермиялық өңдеу үш үрдіс бойынша, ванадийдің жоғарғы бөліп алу дәрежесін қамтамасыз ететін, бұған балқытудың төменгі температурасы әсер етеді V2O5 (675ºС), бос энергияның үлкен өзгерісімен сипатталады. 

FeV – ны БҰҰ-да, V2O5 – ті кремнимен өңдеу арқылы, FeSi және алюминиде  қуаттылығы 3000кВА ДСП пешінде әк болғанда жүргізеді. V2O5 –ті кремнимен СаО-ның қатысында өңдеу келесі түрге ие болады: 

 

2 / 3V2O5 + Si + 2СаО = 4 / 5V + 2СаО · SiО2,

2 / 3V2O3 + Si + 2СаО = 4 / 3V + 2СаО · SiО2.

 

FeV – ны балқыту үш кезеңнен тұрады: 

Балқытудың бірінші кезеңінде V-ны балқытудың қайтымды өнімдерімен балқытады,  құрамында жоғары кремний бар метал алады, оны екінші рекезеңнің өңдеу реакцияларын жақсы жүргізу үшін қыздырады. Құрамында төмен ванадий бар қожды пештен шығарып тастайды. ҚҰрамында жоғары ванадий бар қожды балқытудың бірінші кезңінде қолданады. 

1 – ші кезеңде пеште, қайтымды қождан (1400кг), әктен (600кг), FeSi-ден (630кг), алюминиден (60кг), ванадий пентоксидінен (100кг), метал сеппелерінен және болат қималарынан (800кг) тұратын, шикіқұрамды бұзады. Өңдеу үрдістерінің нәтижесінде қождағы V2O5 –тің құрамы 0,25 - 0,35%-ке дейін төмендейді, ал металдыкі кезеңнің соңына қарай 25 - 30% ванади, 20 - 24% кремни, 0,3 - 0,5% С құрайды. Балқыту үрідісінің кезеңі 1сағ 20 мин – 1сағ 40 мин құрайды.

2 – ші кезеңде негізгі операциялар болып: V2O5 – ті кремнимен және алюминиймен өңдеу, құрамында 35%-дан аспайтын ванадий және 10 - 12% кремний бар металды алу, үйінді қожды беру және алып тастау. Екінші кезеңде пешке тиейді: ванадий пентаксидін (800кг), әкті (1400кг), 75% FeSi (150кг), алюминий (80кг). Шикіқұрам еріп болғаннан кейін метал мен қожды, ванадийді өңдеуді жылдамдату үшін, араластырады. Осы кезде металдың құрамында 6 - 8% кремний, ал қожда - 8 - 10% V2O5 болады. Содан кейін, ванадийді қождан өңдеп, FeSi және алюминийді тиейді. Кезеңнің аяқталуына 15 – 20 минут қалғанда метал сынамасын алады. Металдың құрамында 35 - 40% ванадий, 9 - 12% кремний және 0,4 - 0,6% С болуы керек. Екінші кезеңнің үйінді қождарында V2O5 0,35% -дан аспайды. Мұндай талдауды алу кезінде қожды пештен шығарады. Бұл кезеңнің ұзақтығы – 1сағат. 

Үшінші (равинирленген) кезең – металда кремнимен ерітілген, V2O5 – тенванадийді өңдеуді, оның құймадағы мөлшерін төмендету арқылы және берілген құрамдағы металды алу арқылы жүргізеді. Үшінші (рафинирленген) кезеңнің басында пешке ванадийдің 700 кг пентоксидін және 700 кг әкті үйеді. Кезеңнің соңында метал мен қожды араластырады. Метал сынамасын алып, құрамындағы кремний 2% болған кезде, оны, әк сүтінен жасалған, магнезитті сыламамен шамот арқылы футерленген шөмішке түсіреді. І-ІІІ балқымаларының металдарының құрамы келесідей:

 

Кезең

V

Si

C

P

Cr

Mn

I

46,1

1,5

0,58

0,08

1,2

3

II

46,1

1,3

0,58

0,09

1,4

1,8

III

47,3

1,3

0,61

0,10

2,4

1,8

 

Кезеңнің ұзақтығы 40 - 60 минут. Үшінші кезеңдегі қождың құрамы 12 - 16% V2O5. Оны қождағышқа түсіреді және келесі балқытуда қолданады. FeV-ны құюды, салқындатудан кейін бұзып тастайтын, тік шойын шөмішінде жүргізеді. Құймаларды тазартады, ұсақтайды және металдық банкаларға жинайды. Шикіқұрам материалдарының шығыны 1 т 1т 40% FeV келесідей:

Ванадий пентаксидінде - 1,75% V2O5 - 860кг;

Металдық қалдықтарда - 340кг;

75% FeSi - 400кг;

Алюминийде - 80кг;

Әкте - 1350кг;

Болат қималарында - 20кг;

Графитты электродтарда - 30кг;

Электр энергия шығыны - 1500кВт.

FeV – ны балқыту кезінде ванадийді бөліп алу 98,9 - 99,85% құрайды, ал ванадийді тура бөліп алу дәрежесі, әдетте, 54 –тен 60% аралығында болады. Балқыманың алюмотермиялық әдісті қолдану, төмен құрамдағы С (0,02 - 0,06%) FeV – ны алуға мүмкіндік береді. Балқыту үрдісінің қалыпты жүруіне қажет, жылудың шамасын төмендету үшін, шикіқұрамға әкті салады. Шикіқұрам ірілігі 1 – 3 мм ванадий пентоксидінен, Аl көпіршігінен, болат жоңқасынан және әктен тұрады. Металдың ең жоғарғы алынуы ванадий пентоксидінің массасына байланысты әктің 30 - 40% - да жүреді. Нәтижелер, Мg тотығын аздаған көлемде қосу арқылы жақсарады. Металдың құрамында 82 - 84% V, 1 - 2% Si, 0,05%-дан аспайтын Р, 0,1% Ti, 1,5% Mn, 0,1% -дан аспайтын S, 0,06% С бар. Қожда 4,5% V2O5 бар. Құймадағы ванадийдің бөліп алу дәрежесі 90 - 96% құрайды. 

Қайтымды қождағы ванадийдің құрамы ДСП – да қыздыру арқылы балқыту кезінде төмендеуі мүмкін. Үрдісті қуаттылығы 350кВА ДСП-да берілген электродтарда шикіқұрамдағы алюминийдің жетіспеушілігімен жүргізеді. Үрдіс аяқталғаннан кейін, қожды қыздыру арқылы, ванадийді өңдеу жағдайларын жақсарта отыра және металды тұндыру арқылы пешті қосады. Ванадийдің құрамы 1%-дан аспағандағы қожды құяды, ал металды  V2O5 немесе FeO – мен алюминиймен рафинирлейді. Мұндай әдіс кезінде ванадийді бөліп алу 95 - 97%-ға дейін  электр энергия шығыны 4,1 - 4,5кВт / сағ болған кезде шығындалады. (алюминий шығыны 1 - 1,2кг). Металлдың құрамында  80%-дан аспайтын ванадий және 0,25% С бар.

Алюмотермиялық әдіспен техникалық таза ванадийді (90%-ға дейін), таза пентаксидті V2O5 слюминиймен флюс СаО және СаF2 қосу арқылы алуға болады. БҰҰ зауыттарында құрамында 40 - 48% V, 1,2 - 2,8% Al, 1,8 - 4,6% Fe, 0,9 - 1,8% S, 0,06 - 0,1% С бар, Ni - V лигатураны алады, қалғаны никель электр пеште алюмотермиялық әдіспен алынады.