Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Uch_posobie_Ch_1-2-3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

6.2. Қондырғының сипаттамасы

Қондырғы мына төмендегілерден құралған:

1. Сүзгі материалы қойылған сүзгі құйылғысы;

2. Сүзінді жиналатын ыдыс;

3. Дифференциалды манометр;

4. Аралық ыдыс;

5. Вакуум насос;

6. Ауа краны;

7. Қысқыш.

6.3. ЖҰМЫСҚА НҰСҚАУ

1. Мұғалімнің айтуы бойынша төмендегі қатты бөлшектер мен сұйықтың (Қ:С) қатынастарымен - суспензия дайындайды.

Қ:С (1:5, 1:6, 1:7, 1:8, 1:9, 1:10, 1:11, 1:12, 1:13, 1:14).

2. Алдымен (7) қысқыштың жабық екендігін тексеріп, вакуум насосты жұмыска қосады.

3. 6 - кран арқылы мұғалімнің вакуумын (100, 120, 140, 160, 180, 200, 250 мм.су бағанасы) белгілейді.

4. Воронканы үнемі толтырып және суспензияны үздіксіз араластырып тұру керек.

5. Сүзіндінің бірінші тамшысы түскен кезден бастап, секундомерді іске қосу керек.

6. Тәжірибенің барысында воронкаға (құйылғышқа) суспензияны қүйып тұру керек.

7. Ыдыстағы (2) белгіленген әрбір 100 мл сүзіндімен толған сайын уақытты жазып тұру керек. Секундомерді тәжірибе кезінде тоқтатуға болмайды.

8. Ыдыстағы сүзінді 500 мл-ге толғаннан кейін, воронкаға суспензияны құюды тоқтату керек және воронкадағы қалған суспензияны сүзгіден өткізу керек. Алынған сүзіндінің көлемін және уақытты жазу керек.

9. Вакуум насосты тоқтату керек.

10. Сүзгінің бетіндегі тұнбаның қалыңдығын металды сызғышпен өлшеп жазу керек.

11. Сүзіндінің температурасын өлшеу керек.

6.1. Қондырғының сипаттамасы

Қондырғы мына төмендегілерден құралған:

1-сүзгі воронкасы; 2-сүзінді жиналатын ыдыс;

3-вакуумметр ; 4-аралық ыдыс;

5-вакуум насос; 6-ауа краны;

7, 8-қысқыш.

6.4. Тәжірибе мәліметтерш өңдеу

Тәжірибе кезінде өлшенген сүзінді көлемдерін V1,V2, ... V5-Ғ-ға бөліп мәндерін есептейміз. Абцисса осіне q-лердің (м3/м2), ал ордината осіне лердің мәндерін қойып, график сызамыз. Графиктен қарсы жатқан катеттің іргелес жатқан катетке (масштабтары бойынша) қатынасын алып (2-сурет) есептеп табамыз.

К2 тұрақты шаманы, АО кесіндісін өлшеп, оған ордината осінің масштабын көбейтіп есептейміз. Бұдан кейін (10) формула бойынша тұнбаның меншікті кедергісі мен сүзгі бөгетінің кедергісін (Rc.б.) есептейміз. Сүзгінің сүзінді және тұнба бойынша сағаттық өнімділігін еселтеп табамыз.

(м3/сағ)

(м3/сағ)

Мұнда сүзіндінің тәжірибе кезінде жиналған жалпы көлемі, м3;

тұнбаның келемі, м3;

F - сүзгінің беті, м ;

тәжірибе уақыты, с.

Кесте 6.1.Байқау хатттамасы.

№ №

п.п.

Өлшеу уақыты, , с

Сүзінді көлемі, V, м3

Меншікті өнімділік,

q, м3/м2

1

2

3

4

…

…

n

τ/q

B μ AO=k2

τ/q =k1q+k2

tqα=k1=BC/AC

A α C

K2

О q

Сурет. 6.2.

    1. 6.5. Бақылау сұрақтары

  1. Сүзу процесі деп қандай процесті айтады?

  2. Сүзу процесінің қозғаушы күші?

  3. Сүзу процесінің жылдамдығы?

  4. Сүзу процесінің жылдамдығы неге тәуелді?

  5. Тұнбаның және сүзу бөгетінің кедергілерін анықтау.

  6. Сүзгінің тұнба және сүзінді бойынша өнімділіктерін анықтау.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 7

Зертханалық жүгіртпек диірменнің жұмысын зерттеу

Жұмыстың мақсаты: Зертханалық жүгіртпек диірменнің жұмысын зерттеу.

7.1 Теориялық бөлім

Химиялық технологияның кейбір процестеріне шекизат ретінде қатты заттар қолданылады. Көп жағдайларда оларды ұсақтау қажет болады. Ұсақтау процесі ұсақтау көрсеткішімен сипатталады. Қатты затты ұсақтау көрсеткіші ретінде оның ұсақтау дәрежесі алынады

(7.1)

Мұндағы : d1 – ұсақталған заттың бастапқы орташа диаметрі (өлшемі).

d2 – аталған заттың ұсақталғаннан кейінгі орташа диаметрі (өлшемі).

Материалды ұсақтау дәрежесіне ұсақтау процестінің төмендегідей түрлері болады :

  1. Ірі етіп ұсақтау.

  2. Орташа етіп ұсақтау.

  3. Майда етіп ұсақтау.

  4. Өте майда етіп ұсақтау.

  5. Коллоидты деңгейінде ұсақтау.

Ірі және орташа етіп ұсақтау тек қана құрғақ әдіспен, ал майда және өте майда етіп ұсақтау құрғақ, немесе ылғалды әдістермен жүргізіледі. Ұсақтаудың ылғалды әдісі сұйық ортада жүргізіледі, көбінесе сұйық ретінде су қолданылады. Ылғалды әдісті қолданған кезде ұсақталған заттың бөлшектерінің өлшемі біркелкілеу болып келеді, оның үстіне шаң (тозаң) пайда болуы азайды, алынған өнім оңай шығарылады.

Ұсақтаушы машиналар екіге бөлінеді:

1) Уатқыштар

  1. Диірмендер

Уатқыш машиналар ірі және орташа етіп ұсақтау (уату) үшін қолданылады. Диірмендер орташа, майда, өте майда етіп және коллоидты деңгейде ұсақтау (ұнтақтау) үшін пайдаланылады.

Ұсақтағыш машиналардың мұндай түрлерге бөлінуі шартты түрде ғана өйткені уатқыштар мен диірмендер кейбір түрлері ұсақтаудың шектес түрлерін жүргізу үшінде қолданылуы мүмкін. Негізгі ұсақтауыш машиналар төмендегідей түрлерге бөлінеді:

1. Нақты уатқыштар

2. Гирациялық уатқыштар

3. Бағалы уатқыштар

4. Білікті диірмендер (уатқыштар)

5. Жүгіртпектер

6. Соққылы диірмендер:

а) Дезинтеграторла

б) Дисмембраторлар болады

Двигательдің қуаты цилиндр дөңгелектердің тербелу үйкелісін және мырғанау үйкелісін, жүгіртпек механизімінің кейбір бөлшектеріндегі үйкелісті женуге жұмсалады деп есептеуге болады.

Жалпақ (енді) дөңгелектердің тербелу үйкеліс күшін жеңуге жұмсалған қуат былай анықталған:

(7.2)

Мұндағы: п-двигательдердің айналу саны, мин-1

G – дөңгелектің салмағы

fT – тербеліс үйкеліс коэфициенті, 0,03-0,05

R – дөңгелектін радиусы, м

rОp – дөңгелектін орташа тербелу радиусы (3-сурет), м

і - дөңгелектін саны

w – бұрыштық жылдамдық, рад/с,

(7.2) теңдікке айналым және жылдамдықты қойып төмендегі теңдікті аламыз

(7.3)

осыдан:

(7.4)

мұнда: n – тік біліктің айналу саны, n = 32 айн/мин.;

rОP – дөңгелектін орташа тербелу радиусы, м;

r1 = 160 мм, rВ = 96 мм, rСР = 128 мм,

b – дөңгелек ені, м; b = 64 мм.

Дөңгелектің сырғанау үйкелісін жеңуге жұмсайтын қуат:

(7.5)

мұнда: fCK – сырғанау коэффициенті, fCK = 0,3  0,4.

Двигателді жүргізуге жеткілікті қуат:

(7.6)

мұнда: - қондырғының ПӘК-і, = 0,3  0,5.

Сонымен жалпы қуатты есептейміз:

(7.7)

7.2-сурет.

Қармау бұрышы D/d қатынасын анықтау

7.3-сурет

Двигательдің қуатын анықтау

Горизонталь жазықтықпен дөңгелектің бетінің кесек материалмен түйіскен нүктесі арқылы жүргізілген жанама түзудің арасындағы бұрышты қармау бұрышы деп айтады. Диаметрі d кесек материалды диаметрі Д жалпақ дөңгелектін астына тартып жаншу керек болды дейік (7.3 сурет). Кесек материалды А нүктесінде ұстаған шақта тең әсерлі Р күші мен Ғ=Р күші пайда болды. Бұл күштер оларды құрастырушы күштерден тұрады; Р кесекті кері итру күші, ал РҒ cosα оған қарама-қарсы, кесекті дөңгелектің астына тарататын күш. Бұлардан басқа кері әсер күші Р1 мен үйкеліс күші Р1 пайда болады. Кесектің тепе-теңдік қалпында ОХ осіне барлық күштердің проекциясы былай жазылады:

Теңдеудің екіжағын да Pcosα- ға бөлеміз:

(7.8)

мұнда: f – үйкеліс коэффициенті, f = 0,3  0,5.

Жүгіртпек дөңгелекінің диаметрі мен ұсақталатын материал диаметрінің қатынасын анықтау:

(7.9)

мұнда: D – Дөңгелек диаметрі , м; D = 238 мм;

d – ұсақтауға берілген материал бөлігінің орташа диаметрі, м.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]