Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Uch_posobie_Ch_1-2-3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

8. 5 Бақылау сұрақтары.

  1. Жылу процесстері деп нені айтады?

  2. Жылу беру процесінің қозғаушы күшіне не жатады?

  3. Жылу ауыстырғыштың «Түтік ішіндегі түтік» үлгісінің жетістіктері?

  4. Жылу өтудің негізгі теңдеулерін жазу?

  5. Температуралардың үлкен айырмасының кіші айырмасынақатынасы 2-ден артық болғанда процестің қозғаушы күші неге тең?

  6. Сол қатынас 2-ден кіші болғанда процестің қозғаушы күші неге тең?

  7. Жылу өту коэффициентінің анықтамасы мен физикалық мәні неде?

  8. Нуссельт ұқсастық санының мәні қалай табылады?

  9. Прандтль ұқсастық санының мәні неде?

  10. Рейнольдс ұқсастық санының мәні неде?

  11. Балама диаметр неге тең?

  12. Ағынның қимасы дөңгелек болғанда балама диаметрі неге тең?

  13. Ағынның балама диаметрі неге тең?

  14. Тасқынның орташа жылдамдығы қалай табылады?

  15. Грасгоф ұқсастық саны мәнін жаз?

  16. Ағынның массалық жұмсалуын қалай анықтайды?

  17. Затты қыздыруғакеткен жылудықалай қалай анықтайды?

  18. Жылуды қайтып беру коэффициенті қандай ұқсастық саннан анықтайды?

Зертханалық жұмыс № 9 Қондырылған колоннаның (бағананың) гидравликалық кедергісін зерттеу.

Жұмыстың мақсаты: Газдың жылдамдығы мен суландырудың тығыздығына байланысты насадкалы қондырма колонналардың гидравликалық кедергісін зерттеу.

9.1. Теориялық бөлім

Хммиялық практикалық процестерде насадкалы колонналар сұйық пен газ (немесе бу) үлкен фазалық бет арқылы түйісетін болған жағдайда өте кең қолданылады. Ондай процестерде абсорбция, суыту, ылғалмен тазалау т.б. жатады.

Насадкалы колоналар - деп, ішіне әртүрлі пішінндегі қондырма денелер (шығыршық, кесек материал, ағаш тор, серіппе) салынған аппаратты айтады.

Қондырмалардың үлкен меншікті беті мен үлкен меншікті көлемі болуы тиіс, әрі берік, химиялық төзімді және үйінді салмағы аз болуы тиіс.

Өте кең қолданылып жүретін қондырмалар мыналар:

керамикадан немесе металдан жасалған Рашиг шығыршықтары мен Паль шығыршықтары, керамикадан жасалған Берль ері, ағаш қордалар, металл торлар және т.б. Рашиг шығыршықтары өте кең қолданылады, оңай жасалады, гидравликалық кедергісі өте аз, басқа шығыршықтарға қарағанда өте тиімді.

Қондырма аппараттардың жақсы жұмыс істеуі қондырма арқылы ағатын сұйықтың мөлшері мен оған қарсы жүретін газдың (будың) мөлшерінің ара қатынасына байланысты болады.

Гидравликалық кедергі көбейген сайын газ бен сұйықты араластыруға қажет электр энергиясының шығыны артады, сондықтан қондырма мен газдың жылдамдығын таңдағанда қажетті шығынды ескеру керек (әсіресе атмосфераға жақын қысымда жұмыс істегенде). Газ қондырма қабаты арқылы қозғалғанда қондырманың қабырғасына, колоннаға және жергілікті кедергілерге (жіңішкеру, кеңею, қабаттағы газдың тасқынының бағытының өзгеруі) үйкелуінің әсерінен қысым жоғалады.

Қондырма қабатының кедергісін Дарси-Вейсбах формуласы арқылы есептейді:

(9.1)

бұл жерде: λ -қондырма қабатының кедергілерінің жиынтық коэффициенті,

Н -қондырма қабатының биіктігі, (м)

dб-өзектің балама диаметрі, (м)

Wr-қондырма қабатының өзегіндегі газдың жылдамдығы,

Рr -газдың тығыздығы (кг/м)

Pсұй -манометрдегі сұйықтың тығыздығы, (кг/м3)

hк – қондырма қабатындағы жұмсалу тегеуріні, м;

Балама диаметрді қондырманың сипаттамасы:

а) меншікті ерікті көлем Vер.к,м2/м3 арқылы көрсетіледі, оның сандық мәні меншікті ерікті қимаға м3/м2;

б) меншікті бетке δ, м²/ м³ тең,

(9.2)

бұл жерде:

Ғо -колоннаның қондырмасының ерікті қимасының орташа ауданы, (м ).

По -қондырманың ерікті қимасының орташа периметрі, м

V -қондырма қабатының алып жатқан толық көлемі, (м3)

Колоннаның ерікті қимасындағы газдың нақты жылдамдығын

wж анықтаудың қиындығына байланысты оның жалған жылдамдығын табады:

(9.3)

бұл жерде: F = м² - қондырманың толық қимасы;

D -колоннаның диаметрі, д=110 мм.

Wr - газдың ақиқат жылдамдығы, м/с.

(9.3) өрнекті нақты жылдамдыққа арнап шешсек ол келесі өрнек береді:

(9.4)

dδ мен Wr мәндерін (9.1) формулаға қойсақ:

(9.5)

Қондырманың размері 25х25х3 мм болған кезде, Vер.к және δ мәндерін анықтамалардан табуға болады /3/.

Кедергілердің жиынтық коэффициенті қозғалыстағы газға арналған Рейнольдс белгісінін функциясы болып табылады:

(9.6)

бұл жерде: μ г -газдың түтқырлығы, Па·c ,

νг -газдың кмнематикалық тұтқырлығы, м2/с.

Жаворонковтың мәліметтері бойынша, ретсіз үйілген қондырманың:

Ламинарлы қозғалыста Rег < 40,

λ = 140/ Rег (9.7)

Турбулентті козғалыста Rеr < 40,

λ = 16 / Rег0,2 (9.8)

Следует отметить, что фактическое сопротивление сухой насадки значительно выше расчетного, так как оно зависит от качества изготовленных насадочных тел, способа засыпки, степени загрязнения, сухости поверхности и многих других факторов.

Колоннаны суландырғанда үйілген қондырма денелердің кедергісі еседі, себебі, газдың нақты жылдамдығының қабырғаға үйкелісі кепкен қоыдырма денелерінің үйкелістерінен өзгеше боладьг.

(9.5) тендеуіндегі бос қондырманың көлемін суландыру кезіндегі бос қондырманың көлеміне ауыстыру арқылы өскен кедергіні естсереміз:

(9.9)

бұл жерде: δ-қабықтың қалыңдығы Егер тек бос көлемді ескерсе:

(9.10)

Бұл академик Жаворонковтың теңдеуі. Қазіргі кезде көбінесе Тейч теңдеуі колданылады:

(9.11)

Эдульжи графикалық қатынас ретінде мына қатынаста қолданылады;

(9.12)

Келтірілген тендіктерде есептеу үшін, гидравликалық кедергісінің өлшеміне суландыру әсер етуіне қарай қарапайым тендіктер жиі қолданылады. Суландыру 50 м/сағ аспаса Лева теңдеуін қолданады:

(9.13)

Бұл жерде: в1 -қондырманың пішіні мен оны орналастыру әдісіне

байланысты коэффициент. в1 = 21 6

U -суландыру тығыздығы м3/ м2 сек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]