- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі м.Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті
- •Зертханалық практикум
- •Оқу құралы
- •Мазмұны
- •«Процестер және аппараты» курсы жалпы инженерлiк дайындауда қорытындылаушы, ал арнаулы (инженерлiк) дайындық бағытында негiз қалаушы пән болып табылады.
- •Зертханалық жұмыс № 1
- •Құбырдың гидравликалық кедергісін анықтау
- •1.1. Теориялық бөлім
- •Қондырғыны сипаттау
- •1.3. Тәжірибеден алынған мәліметтерді өңдеу
- •Жергілікті кедергілерді анықтау
- •1.4. Есептеуді жүргізу тәртібі
- •1.5. Бақылау сұрақтары
- •Зертханалық жұмыс № 2 сұйықтың қозғалыс режимін анықтау
- •2.1. Теориялық бөлім
- •2.2. Қондырғының сипаттамасы
- •2.3. Тәжірибені жүргізу тәсілі
- •2.4. Тәжірибеден алынған мәліметтерді өңдеу
- •2.5. Бақылау сұрақтары
- •Зерханалық жұмыс № 3 Қатты заттар бөлшектерін қабатының жалған сұйылу гидравликасын зерттеу
- •3.1. Теориялық бөлім
- •3.2. Қондырғының сипаттамасы
- •3.3. Тәжірибені жүргізу тәсілі
- •3.4. Тәжірибелік мәліметтерді өңдеу
- •3.5. Бақылау сұрақтары
- •Зертханалық жұмыс № 4 Араластыруға жұмсалған энергияны анықтау
- •4.1. Теориялық бөлім
- •4.2. Қондырғыны сипаттау
- •4.3. Жұмысты жүргізу әдісі
- •4.4. Тәжірибелік мәліметтерді өңдеу
- •5.2. Қондырғыны сипаттау
- •5.3. Жұмысты жүргізу реті
- •5.4. Тәжірибеден алынған мәліметтерді талдау
- •5.5. Бақылау сұрақтары
- •Зертханалық жұмыс № 6 Сүзу процесінің турақтыларын анықтау.
- •6.1 Теориялық бөлім
- •6.2. Қондырғының сипаттамасы
- •6.1. Қондырғының сипаттамасы
- •6.4. Тәжірибе мәліметтерш өңдеу
- •7.2.Қондырғының сипаттамасы
- •7.3. Тәжірибені жүргізу жұмыстары
- •7.4.Обработка опытных данных
- •7.5. Бақылау сұрақтары
- •Зертханалық жұмыс № 8 жылу алмастырғыштың «түтік ішінде түтік» үлгісінің жылу өту коэффициентін анықтау.
- •8.1. Теориялық бөлім
- •8.2. Қондырғының сипаттамасы және жұмыс жүргізу методикасы.
- •8.3. Қондырғының жұмысы.
- •Қондырғыны жұмысқа қосу.
- •8.4. Тәжірибеден алынған деректерді өңдеу.
- •8. 5 Бақылау сұрақтары.
- •Зертханалық жұмыс № 9 Қондырылған колоннаның (бағананың) гидравликалық кедергісін зерттеу.
- •9.1. Теориялық бөлім
- •9.2. Қондырғыны сипаттау.
- •9.3. Тәжірибені жүргізу жұмысы
- •9.4. Тәжірибеден алынған деректерді өңдеу
- •9.5. Бақылау сұрақтары
- •Зертханалық жұмыс № 10 радиациялық кептіру процесін зерттеу
- •10.1. Теориялық бөлім
- •Кептірудің тепе-теңдігі
- •Ылғалдың материалмен байланыс түрлері
- •Материалдың ылғалдылығы
- •Кептіру кинетикасы
- •10.2. Қондырманың сипаттамасы
- •10.3. Тәжірибені жүргізу тәсілі
- •10.4. Тәжірибеден алынған деректерді өңдеу
- •10.5. Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс № 11 Сұйықтарды жай айдау
- •11.1. Теориялық бөлім
- •11.2. Қондырғының сипаттамасы
- •11.3. Тәжірибе жүргізу тәртібі
- •11.4. Тәжірибеден алынған мәліметтерді өңдеу
- •11.5. Бақылау сұрақтары
- •Зертханалық жұмыс № 12 Қысымдағы жазық бетті сүзгіні сынау
- •12.1. Теориялық бөлім.
- •13.2. Қондырғының сипаттамасы
- •12.4. Тәжірибе мәліметтерін қорытындылау
- •12.5. Бақылау сұрақтары
- •Зертханал ық жұмыс № 13 Циклонда газды шаңнан тазалау
- •13.1. Теориялық бөлім
- •13.2. Зертханалық қондырғының сипаттамасы
- •13.3. Жұмысты жүргізу тәсілі
- •13.4. Алынған мәліметтерді өңдеу
- •Қабылданған белгілеулер:
- •13.5. Бақылау сұрақтары
- •Зертханалық жұмыс № 14 Жалған сұйылу және пневмотасымалдаудағы екі фазалы ағын гидродинамикасының негіздері
- •14.1. Теориялық бөлім
- •Қабаттың гидравликалық кедергісі
- •Жалған сұйылу жылдамдығы
- •Ұшырып әкету (еркін қозғалыс) жылдамдығы.
- •Пневмотасымалдау (Пневмотранспорт)
- •14.2. Зертханалық қондырғының сипаттамасы
- •14.3. Тәжірибені орындау тәсілі
- •14.4. Тәжірибелік мәліметтерді өңдеу
- •14.6. Бақылау сұрақтары
- •Зертханалық жұмыс № 15 Сұйық ортада араластыру процестерін зерттеу
- •15.1. Теориялық бөлім
- •Арасаластыруға жұмсалған қуаттың шығыны
- •Араластырғыштары бар аппараттардағы жылдамдық өрісі.
- •15.3. Зертханалық жұмысты орындау тәртібі
- •15.4. Сұйықтың еркін пішінді бетін зерттегендегі зертханалық жұмысты орындау тәртібі
- •15.2. Зертханалық қондырғының сипаттамасы
- •Зертханалық қондырғының сипаттамасы
- •16.3. Зерттеуді жүргізу әдістемесі және тәжірибе нәтижелерін өңдеу.
- •16.5. Бақылау сұрақтары
Зертханалық жұмыс № 11 Сұйықтарды жай айдау
Жұмыстың мақсаты: 1. Жай айдау қондырғысының жұмысымен танысу.
2. Дистилляттың орташа концентрациясын анықтау.
11.1. Теориялық бөлім
Екі немесе одан көп құрастырушылардан құралған біртекті сұйық қоспаларды ажырату жиі қолданылатын тәсілдердің бірі айдау (дистилляциясы және ректификация) процесі болып табылады. Егер бастапқы қоспа қайнау температуралары әртүрлі екі құрастырушылардан құралса (яғни бинарлы қоспалар) онда буланған кезде төмен температурада қайнайтын құрастырушы (қысқаша ЖҚ) сұйық күйінде қалады. Буланбай қалған сұйық қоспа бөлігін қалдық деп атайды. Сонымен, айдау нәтижесінде ТҚ дистиллятқа, ал ЖҚ-қалдыққа өтеді бұл процесті жай айдау деп атайды. Жай айдау қоспа құрастырушыларын толық ажыратып, оларды таза күйінде алу мүмкін емес. Сұйық қоспалы құрастырушыларға толық ажырату үшін айдаудың күрделі тәсілі – ректификация қолданылады. Ректификация процесі қоспаны буландырғанда пайда болған будың оны конденсацияланғанда пайда болған сұйықпен көп рет жинау нәтижесіндегі массаның алмасуына негізделген. Бұл процесс колонналы аппараттарда өткізіледі. Қазіргі кезде химиялық және тамақ технологияларынның көптеген салаларында (органикалық синтез, изотоптар, полимерлер, спирт, шарап және т.б.) әртүрлі жоғары тазалықты заттар өндірісінде ректификация кеңінен қолданылады.
Азеотропты қоспадаға өте жақын ұшқыш комонеттерді ажыратуда, сондай-ақ термиялық тұрақсыз заттарды тәжірибе жүзінде арнайы айдаудың түрлері қолданылады: азеотропты, экстракты, молекулалы.
Сұйық-бу бинарлы жүйеде физика – химиялық сипаттағанда фазалық диаграммалар қолданылады. Фазалар ережесінен ректификация процесі үшін еркіндік дәреже С=2 –ге тең. Демек, тепе-теңдік байланысын екі айнымалы шамалар арқылы анықтауға болады: Р және Х; t және Х; Р және t; Х және У. Егер тұрақты қысым (P = const) болса, тепе-теңдік байланысын t-Х,У немесе У-Х координаталарында өрнектеуге болады. Сұйық фаза құрамы Х, бу фаза құрамы Y мәндері бойынша жүйенің тепе-теңдігін өрнектейтін диаграммада бейнелеуге болады. t-Х және t-У графиктерін біріктіруге болады ( 11.1 -сурет).
Абсциссаға Х1, Х2, Х3 құрамын, сәйкесінше ордината бойынша қайнау температуралы t1, t2, t3 тұрғызылған. Бұл диаграмманың төменгі сызығы сұйық қоспаның қайнау температурасын, ал жоғарғы сызығы – бу фазаның конденсациялану температурасын көрсетеді. Бұл диаграмманың жәрдемімен сұйық фазаның құрамы (Х) бойынша онымен тепе-теңдікте болатын будың құрамын (У) және жүйенің температурасын (t) анықтауға болады.
Сур. 11.1. Тепе-теңдіктегі бу мен сұйық қоспаның құрамы және температура арасындағы байланыс.
Сур. 11.2. Тепе-теңдік диаграммасы.
Раульдің тепе-теңдік занңы бойынша бу құрамдары Y1, Y2, Y3 , сәйкесінше тура нүктелері изотермалармен қиылысқанда t1, t2, t3 температуралары табылады.
Ректификация процесін талдау үшін t-х,у диаграммасының негізінде салынған у-х диаграмма қолайлы.Тепе-теңдік Y* = f(X) сызығымен бейнеленеді (11.2 сурет).
Айдау периодты немесе үздіксіз әдіспен жүреді. Айдаудың бастапқы кезінде дистилляттың құрамында негізінен ТҚ болады да, ол жинағышқа беріледі. Біртіндеп кубтағы ТҚ-ның үлесі азаяды, соның салдарынан дистилляттағы ТҚ-ның үлесі де азаяды. Сондықтан, келесі фракциялар бөлек-бөлек жинағыштарға кезегімен жиналады. Мұндай айдауды фракциялық деп тайды. Айдау процесі аяқталған соң, кубтық қалдықты төменгі шүмек арқылы немесе сығылған газ жәрдемімен арнайы жинағышқа беріледі.
Жай айдау процесінің материалдық балансы үшін, уақыттың кез-келген сәтінде айдағыш кубтағы сұйықтың мөлшері L кг және оның ТҚ бойынша концентрациясы х деп қабылдаймыз. Сұйықтағы төмен температурада қайнайтын құрастырушының мөлшері Lx –қа тең.
Өте шексіз аз уақыт d буланған қоспа мөлшері dL кг, ол кубтағы сұйықтың концентрациясы dx –ке азаяды делік. Бұл кезде сұйықпен тепе-теңдіктегі концентрациясы y* болатын dL кг мөлшерде бу пайда болады. Будағы ТҚ –ның мөлшері dL· y*. Онда кубтағы қалған сұйықтың мөлшері (L – dL) кг, ал оның концентрациясы (x – dx) –ке тең болады. Төменгі температурада қайнайтын құрастырушы (ТҚ) бойынша матеиалдық баланс төмендегіше жазылады:
(11.1)
Жақшаларды ашып, шексіз аз шама - dL .dx мәнін есепке алмай, төмендегіні жазамыз:
(11.2)
Бұл дифференциалды теңдеуі кубтағы сұйықтың бастапқы (L = F) мөлшерін соңғы мөлшеріне (L = W); мұнда F – бастапқы қоспаның мөлшері; W – кубтық қалдықтың мөлшері және ол сұйықтың концентрациясының xF -тен xW –ға дейін өзгеруі аралықтарында интегралдаймыз :
(11.3)
Интегралдау нәтижесінде төмендегіні аламыз:
(11.4)
мұнда: F, xF –бастапқы қоспаның мөлшері және ТҚ бойынша оның құрамы;
W, xW – – кубтық қалдықтың мөлшері және ТҚ бойынша оның құрамы;
y*, x* - ТҚ бойынша сұйық пен будағы тепе-теңдік концентрациялары.
у*=f
(x)
функцияның түрі тепе-теңдік сызығына
байланысты анықталатын болатындықтан
айдаудың белгілі жағдайында оны
аналитикалық жолмен өрнектеу мүмкін
емес. Сондықтан, теңдеудің оң жағындағы
интегралды (11.4) графикалық тәсілмен
- х
, байланысын
салу арқылы анықтайды (рис. 11.3), xF
және
xW
аралығында
х-тың кез келген мәніне сәйкес тепе-теңдік
сызығының у* мәндерін табады.
хW x1 x2 xF x
Cур. 11.3. Жай айдауддың материалдық баласын есептеу.
Сосын xF және xW ординаталар арасындағы қисық сызықтың арасындағы ауданды есептеп (диаграмманын масштабы белгілі болғанда), интегралдың мәнін табады.
(11.5)
мұнда: MX – абсцисса осі бойынша масштабы;
MY – ордината осі бойынша масштабы.
Дистилляттың орташа концентрациясын ТҚ бойынша материалдық баланстан анықтайды::
(11.6)
осыдан:
(11.7)
