Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
T_1199_rki_khaly_1179_tary_1241_debietinen_emt.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108 Кб
Скачать
☆

20. Н.Ганжауи «Ескендір» дастаны

Низамидің хамсалар тобындағы соңғы дастаны «Ескендір-наме». Бұл Низамидің бесінші дастаны. Бұл дастанның өзі екі кітаптан тұрады. Біріншісі – «Шараф-наме», («Даңқ кітабы»), екіншісі «Ықпал-наме», («Бақыт кітабы»). Бірінші кітабында ертедегі грек елінің патшасы Александр Македонский (Ескендір Зұлқарнайын) туралы тарихи деректер мен аңыз-әңгімелер айтылады. Низамидің айтуы бойынша Батыс пен Шығыс елдеріне жорыққа аттанғандағы Ескендірдің мақсаты – ол елдерді жаулап алу емес, қайта қорлық көрген халықтарға азаттық әперу, әділетсіз патшаны құлатып, сол елде әділеттік орнату болып табылады. Ал енді, «Бақыт кітабында» ескендір патша өнерді, білімді, ғылымды дамытуға белсене кіріскен қайраткер ретінде көрінеді. Шығыс ақындарынан азербайжанның атақты классигі Низами ғана езінің «Ескендірнамасында» жаңағы бұған дейін жеткен екі тарау аңыздарды теріске шығарады. Ол анық тарихтық шындық бойынша Филикустың (Филипптің) ез баласы етіп жырлайды. Ескендірді, соңғы тапқан деректерімізге қарағанда, Абай Ескендір жайындағы аңызды, түгелімен сол Низамидің «Ескендірнамасынан» алған. Азербайжан ұлы классигінің ең зор поэмасы - «Ескендір нама» сансыз кеп оқиғалардан, көп тарау, бөлімдерден құрылған аса бай мазмұнды дастан. Ескендірдің жоғарыдағы Даримен соғысқаны, онан соң азербайжан патша әйелі - Нушабемен кездескені, Ескендір мен Хақан әңгімесі, қытай, торан өлкелеріңде жүрген сапарлары және терістік өлкедегі бір ғажайып бақыт, молшылық, әділет орнатқан елдікке ұшырасуы - бәрі де Низамиде мол баян етіледі. Кейін Ескендір терістік сапарына барып, Яжуждерге қарсы қорған соғады. Осы алуандас толып жатқан шытырман оқиғалы, күрделі сюжеттер тарайды. «Ескендірнаманың» тағы бірнеше тараулары сол Ескендірдің түн тарапына шеккен сапарына арналады. Ол сапарға Ескендір Әбулхаят суын (мәңгі тірлік беретін суды) іздеп барады. Түн дүниесінде, ұзақ қараңғылық сапарында, сан қиыншылықтар ортасында қалың қолмен жүрген Ескендірді бастаушы Хызыр болады. Бұлар іздеген Әбулхаят суын Хызыр жалғыз тауып, өзі ішіп, жуынып алады. Астыңдағы ақ боз атын да әрі суарып, әрі суға шомылдырады. Бірақ, ғажайып су енді Ескендірге білдірмек болғанында, ғайып боп жоғалып кетеді. Сөйтіп, бар мұсылман аңыздарындағы мәңгі тірлік алған Хызырдың жәйін Низами өз поэмасында осылайша әңгімелеп дәлелдейді. Сол түн тарапта жүргенде, кезу үстіңдегі Ескендірге сыры, жәйі мәлімсіз бір жас кездеседі. Ол жас періште деп айтылады. Сол жан Ескендірге өзгеше сыры бар кішкентай тас береді. «Кейін ойлансаң, осы тастан көп сыр көресің, ой табасың», - дейді. Түн тарапынан Ескендірдің барлық серіктері неше алуан қымбат, асыл тастар алып қайтады. Ескендірдің алғаны - жаңағы титтей тас. Кейін Ескендір өзінің ойшылдарымен бірге отырып, сол тасты сарапқа салады. Тас таразыға түскенде, барлық өзге асылдың барлығын баса береді. Оның салмағына қарсы қаңдай қазына үйсе де барабар келмейді. Осы күйге қайран болған Ескендірдің қасына Хызыр келіп бір уыс топырақты кішкене тастың үстіне тастай бергенде, тас жағы жеңілдеп, аспанға көтеріледі. Соңда Ескендір өзгеден бұрын өзі ойшылдық танытып, «топырақтан біткен - топырақтан ғана тойым табады» деп, терең байлау жасайды. Міне, біздің білуімізше Абай пайдаланып отырған сюжет Низами жазған - «Ескендірнаманың» дәл осы тұсынан алынған. Бірақ, Абай поэмасын білетіндерге мәлім, жаңағы әңгіменің желісін Абай өзінше өзгертіп, өсіріп алған. Абай шығыс әдебиетіндегі ұлы классиктер мол баяндаған күйге түгел тоқтап, бағынып қалмайды. Ол аңызды өзінше, көп жағынан өмір шыңдығына жақындатып, реалистік стильге бұрады. Ең алдымен аңызды Европа тарихы мен мәдениетінен өзі білген Александр Македонский жайына қарай бейімдейді. Ескендірдің әкесі Абайда Филипп болып аталады. Тарих тағыдай оның астанасы – Македония шәһәрі болады. Және де тарихтық дәл деректер бойынша ертегілік Хызырдың орнына Ескендірдің тәрбиешісі болған философ Аристотель кіреді. Сөйтіп, адамдары мен олар арасындағы мінез-қатынастарға Абай тарихи шындықты негізгі арқау етеді. Аңыздан бұрын тек кішкентай тас (Абайда кішкене көз сүйегі) және оның өзгеше сыры ғана сақталады. Бұдан өзге Абайдың үлгі іздегіштік, сыншылдық бір ерекшелігі тағы бар. Низами өз поэмаларында Ескендірден бұрын кездесетін Хосрау, Бахрамгур немесе Дарап сияқты тағы басқа солардай шахтардың барлығын да сынаумен мінеп көрсетіп еді. Жалғыз-ақ, Ескендірге келгенде, Низами оны барлық бұрын-соңғы өмір иесі хан - сұлтанға, шах - әмірлерге анық айыпсыз, мінсіз үлгі етіп көрсеткен. Ол әділетті, ойшыл асыл зат. Кейінгі поэманың тарауында Низами Ескендірді даналық дәрежесіне жеткізеді. Дүние жүзінің бар білгіш, ойшылдарының ортасыңда көрсетеді. Оған бір заман ғайыптан келген ғажайып үн, бұдан ары пайғамбарлыққа арналғанын білдіреді. Мұсылманшылық аңызы бойынша уахи келеді. Ол бар жиһанды кезіп, адамзатқа ізгіліктің жолын танытпақ керек деген әмір болады. Барлық шығыс поэзиясында Ескендірдің сипаты осы алуандас зорайып, қастерлеп алынған болатын. Ал Абай поэмасына келсек, мүлде олай емес. Жасы әрең жиырма бірге келген, атыраптағы көрші елдердің бәрін бағындырмақ боп, оңды-солды қастан кез тастап тұрған жәһәнгер, қан төккіш патша көрінеді. Қанша алса да тоймайтын, қанағатсыз хан бейнесі беріледі. Сол тыйымсыз, тойымсыз әміршінің өз өміріңде жалғыз рет тылсым қуаты бар, жасырын сыры бар және жол бермес тас қақпаға кездесуі Абайша үлкен мол мағынамен келтіріледі. Ескендір Абай поэмасында дәріптелмей, сыналады. Оған ақылшы болған Аристотель езінің әмірші патшасынан сонағұрлым биікте, анық қасиет иесі боп суреттеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]