- •Түркі халықтары әдебиетінен емтихан жауаптары.
- •Әзербайжан әдебиеті, дамуы, өкілдері.
- •Н.Ганжауи шығармашылығы.
- •Сәйфи Құдаш шығармашылығы.
- •Қарақалпақ әдебиеті.
- •5 . Жиен жырау Тағайұлы.
- •6. Бердақ Қарғабайұлы.
- •7. Манас жырының зерттелуі.
- •8. Қырғыз әдебиеті.
- •9. Әлішер Науаи шығармашылығы.
- •10. «Сәлделі Сайтан» б.Назым идеясы.
- •11. Боранды бекет.
- •12. Біләл Назым ғазалдары.
- •13. Н.Ганжауи «Ләйлі - Мәжнүн»
- •14. Ғабдолла Тоқай
- •15. Ғалымжан Ибрагимов
- •16. Мақтымқұлы Фраги
- •19. Әзірбайжан әдебиетінің көрнекті өкілдері.
- •20. Н.Ганжауи «Ескендір» дастаны
- •21. М.Физули.
- •23. М.Физули. Ләйлі Мәжнүн дастаны.
- •30. «Манас» жыры оның зерттелуі.
- •32. Айбектің «Науаи» романы.
- •33. Айбектің өмірі мен шығармашылығы.
- •34. С.Юлаев пен Махамбет өлеңдерінің ұқсастықтары.
- •39. Салауат өлеңдері «Туған елім», «Оралым». Екеуі де осы бір жауапта.
- •35. «Қырық қыз» дастаны.
- •45. Ә.Науаи ғазалдарының көркемдік ерекшелігі.
- •46. «Манас» жыры және м.Әуезов.
- •47. Ғ.Тоқайдың балаларға арналған өлеңдері.
- •48. Ғ.Ибрагимов «Қазақ қызы».
- •53. Бабырнама
- •55. Ә.Науаи «Фархад-Шырын» дастаны.
- •56. Татар әдебиеті. Ғ. Ибрагимов.
- •57. Захириддин Мұхаммед Бабыр
- •58. Ә.Науаи «Жеті планета».
- •61.Физули шығармашылығы.
- •62. Ә.Науаи «Ескендір қорғаны» дастаны.
- •63. М.Фраги «Керекті», «Ер» өлеңдері.
46. «Манас» жыры және м.Әуезов.
«Манас» эпосын жиырмасыншы жылдардың екінші жартысынан бастап зерттеп, жинақтай бастаған М.Әуезов сол тұста өзінен басқа тәжірибелі де беделді манастанушының жоқ екенін және оның қырғыз халқының өмірінен қандай орын алатынын білді. Сонымен қатар, отызыншы жылдардан бастап СССР Ғылым Академиясының аясында зерттеуге қатысып, ғылыми мақалалар жазды. Оның бір данасын біз 2000 жылы Санкт-Петербургтағы Кунсткамераның архивінен көріп едік. Бұл туралы М.Әуезовтің өзі осы сессиядағы сөзінде: «Мен «Манасты» 30-жылдардың басынан бастап зерттей бастадым да, 1935 жылы өзімнің зерттеуімнің алғашқы нұсқасын жаздым, содан кейін, 1937 жылы өңдедім, ал, 1942-1943 жылдары оны осы арада менсіз өңдепті, алайда 1944 жылы мен оны қайтадан өңдеп шықтым да, соңғы нұсқасын Тіл, әдебиет және өнер институтына ұсындым. Айта кетейін, жоғарыдағы зерттеулердің негізінде жазылған менің жекелеген газеттік мақалаларым болмаса, менің жұмысым толығымен ешқандай редакцияда жарияланған жоқ. Сол жылдары, яғни, отызыншы жылдардың басы мен аяғында Сағымбайдың нұсқасынан басқа бір де бір өзге нұсқа болған жоқ. Қаралаевтің нұсқасы 1936 жылы жазылып алынды, мен ол жазбаны оқып шықтым, ал бітпей қалған жерлерін оның өз орындауында тыңдадым, бірақ Молдабасанның нұсқасын оқығамын жоқ. Сонымен, тек қана Сағымбайдың ғана толық нұсқасын алдыма қойып, сол арқылы өзімнің зерттеулерімді жүргізуімнің нәтижесінде, мен оның нұсқасын ғана емес, мұқым «Манас» жырын феодалдық деп таптым. Рас, «Эпостың жазылу жағдайы» деп өзім атаған тарауда одан қайтқаным да бар, бірақ, негізінен сол кезде бүкіл эпосты феодалдық идеологияның көрінісі деп есептедім. Оның үстіне ол кезде бұлай айтуымның үлкен себептері де болды, сол себептер мені қате пікірге жетелеп әкелді, ал, ол себептің мәнісі, сол кезде халық эпостарына жаппай феодалдық, князьдық-жасақтық, боярлық ортаның мұрасы деген қате пікір үстемдік алып тұр еді. Ол кезде буржуазиялық фольклор ілімінің елесі сақталып қалған, веселовщинаның дүрілдеп тұрған кезі еді. Бірақ, кейін, Камералық театрдағы Д. Бедныйдың «Батырларының» қойылымы туралы БК(б)П Орталық комитеті мен «Правда» газетіндегі батырлық былиналарды халықтық мұралардың қатарына жатқызған пікірден кейін мен де өзімнің «Манасқа» деген бұрынғы көзқарасымды өзгерттім. Мен: Сағымбай өзінің нұсқасына барлық феодалдық көріністерді, халыққа жат панисламистік, пантүркистік және контрреволюциялық-ұлтшыл сарынды эпосқа күштеп кіргізгенімен де, соның барлығының астарында, ұжымдық шығарма ретінде, Сағымбайдан бұрын, оның өзі жаттап алған, ғасырлар бойы айтылып келе жатқан көптеген жырлардың түбінде халықтық негіз жатқанына сенімді болдым. Сыни көзбен қарай отырып, Сағымбайдың ертегілік қоспалары мен оны айтқызғандарды, Сағымбайдың кейбір бұрмалауларын әшкерелей отырып, эпостың ескі, тұрақты желісін халық мұрасы деп таныдым деп жазады.
47. Ғ.Тоқайдың балаларға арналған өлеңдері.
ХХ ғасырдың басындағы Алаш зиялылары Ғ.Тоқай өлеңдерімен рухтанды, соның үлгісінде жыр жазды. Мәселен, Ғ.Тоқайдың «Милләтшілер» өлеңі үлгісінде М.Дулатұлының «Оян, қазақ!», С.Дөнентаевтың «Ұлтшылдарға» атты өлеңдері жарық көрді. Ұлт, тіл, өнер-білім, әйел теңдігі тақырыптарында да қазақ қаламгерлері Ғ.Тоқай дәстүрін қазақы болмысқа икемдеді. Сол себептен де С.Торайғыров, С.Дөнентаев, С.Көбеев, Б.Күлеев шығармашылығы Ғ.Тоқай еңбектерімен үндесті, тіпті, кей тұстарында жақындық та байқалды.
Ғ.Тоқайдың өлеңдері қазақ тілінде ең алғаш 1913 жылы «Айқап» журналының № 7 санында жарияланды. Содан бергі уақытта ақын мұрасы қазақ тілінде бірнеше мәрте жарық көрді. Атап айтар болсақ, 1925 жылы Жақан Сыздықовтың аудармасымен өлеңдері жеке кітап болып шықты. 1952-1975 жылдары өлеңдері мен поэмалары, ал 1962 жылы «Шурале» («Жезтырнақ») өз алдына кітап болып басылды. 1965 жылы таңдамалары, 1966 жылы балаларға арналған өлеңдері баспадан шықты.
