- •Түркі халықтары әдебиетінен емтихан жауаптары.
- •Әзербайжан әдебиеті, дамуы, өкілдері.
- •Н.Ганжауи шығармашылығы.
- •Сәйфи Құдаш шығармашылығы.
- •Қарақалпақ әдебиеті.
- •5 . Жиен жырау Тағайұлы.
- •6. Бердақ Қарғабайұлы.
- •7. Манас жырының зерттелуі.
- •8. Қырғыз әдебиеті.
- •9. Әлішер Науаи шығармашылығы.
- •10. «Сәлделі Сайтан» б.Назым идеясы.
- •11. Боранды бекет.
- •12. Біләл Назым ғазалдары.
- •13. Н.Ганжауи «Ләйлі - Мәжнүн»
- •14. Ғабдолла Тоқай
- •15. Ғалымжан Ибрагимов
- •16. Мақтымқұлы Фраги
- •19. Әзірбайжан әдебиетінің көрнекті өкілдері.
- •20. Н.Ганжауи «Ескендір» дастаны
- •21. М.Физули.
- •23. М.Физули. Ләйлі Мәжнүн дастаны.
- •30. «Манас» жыры оның зерттелуі.
- •32. Айбектің «Науаи» романы.
- •33. Айбектің өмірі мен шығармашылығы.
- •34. С.Юлаев пен Махамбет өлеңдерінің ұқсастықтары.
- •39. Салауат өлеңдері «Туған елім», «Оралым». Екеуі де осы бір жауапта.
- •35. «Қырық қыз» дастаны.
- •45. Ә.Науаи ғазалдарының көркемдік ерекшелігі.
- •46. «Манас» жыры және м.Әуезов.
- •47. Ғ.Тоқайдың балаларға арналған өлеңдері.
- •48. Ғ.Ибрагимов «Қазақ қызы».
- •53. Бабырнама
- •55. Ә.Науаи «Фархад-Шырын» дастаны.
- •56. Татар әдебиеті. Ғ. Ибрагимов.
- •57. Захириддин Мұхаммед Бабыр
- •58. Ә.Науаи «Жеті планета».
- •61.Физули шығармашылығы.
- •62. Ә.Науаи «Ескендір қорғаны» дастаны.
- •63. М.Фраги «Керекті», «Ер» өлеңдері.
35. «Қырық қыз» дастаны.
Қарақалпақтың атақты халық жырауы жинаған “Қырық қыз” дастанының мазмұны мынадай: Түркістанның “Серкап” атты сарайында Аллажар байдың алты ұлы, бір қызы болған. Қызының аты – Гүлайым. Гүлайым өмірлік жары болатын жігіттің жомарт, батыл аңшы және ер жүрек болуын қалайды және сол жігітке тұрмысқа шығатынын айтады екен. Гүлайым соңында бір таудың баурайына қамал салдырады. Сонан соң жанына 40 қызды алып, оларды жігіт кейпінде киіндіріп қылышпен қалай айқасу керек екендігін үйретеді. Күндердің күнінде Гүлайым түс көреді. Түсінде аты Ақтамғыр ноқтасын үзіп қашып кетеді. Бұл түсін қырық қыздың бірі Сервиназға айтып, түсін жорып беруін сұрайды.
Күндердің күнінде Серкап қаласының жастары Гүлайымды көруге келеді. Гүлайымның қойған шарттарын орындай алмаған Әшір және Аманқұл атты жігіттер қызды жамандайды. Ал Сияқ атты жігіт қыздың сұлулығына тәнті болады. Гүлайым және 40 қыз мемлекетке келген жауларды жеңеді.
Гүлайым бір күні түсінде Хорезмдік батырға ғашық болады. Бірақ көмекші қыздар жауларды жеңіп болмағанша ондай сезімдерге ерік бермеуін сұрайды. «Қырық қыз» дастандағы Гүлайым Сервиназ және Алтынай сомдаған образдар батырлықтың бір символы болып табылады. Бұл дастан Орта Азия халықтарының жергілікті бір өмірге бейімделуді тақырып ретінде көрсетеді, әсіресе “Алпамыс” және “Қырық қыз” арасында да осы тақырып бойынша байланыс бар өйткені, бұл екі дастандағы оқиғалар Амудария және Арал теңізі аралығында өмір сүрген тайпаларға байланысты.
Бұл дастанды жасалған батыл қыз образдары отансүйгіш, халқы және Отаны үшін өздерін отқа да, суға да салған. Халық тарапынан мақтаныш тұтқан образдар дастанда батырлар тек хан дұшпанымен ғана емес, сонымен қатар жауыздыққа да қарсы шыққан. Мысалы, қыздарды уландыруға тырысқан және үстіне жала жабуға тырысқан. Таз Жүрін Күлімсай және Айар атты мыстандардың бейнелері үлгі ретінде көрсетілген. Гүлайымның отбасы құруы да дастанда салт-дәстүрлерге сай келеді. Гүлайымды аламын деген жігіттер шарт бойынша соғыс алаңында жекпе-жекке шығып бір-бірін өлтіреді. Осылайша, Гүлайымның жүрегін жаулаған Арыстанмен үйленеді. Той кезінде келін мен күйеу төреге сай емес, керісінше, Отанды жаудан құтқару кезіндегідей іс-әрекет жасайды. Басқа дастандардағы тәрізді мұнда да батырдың досы ат екен. Алтынайдың Көк аты, Сервиназдың Тұлпары, Гүлайымның Ақтамғыры ақылды тұлпар ретінде бейнеленеді
Жыршы, ақындар батырлар жырында кездесетін батыр қыздардың ақылын, даналығын, білгірлік істерін аса жоғары бағалайды. Оны жастарға үлгі етеді. Олардың батырлығын ел қорғауда қорған болған қаһармандармен қатар суреттейді. Олардың жасаған ерліктерін барша жұртқа мәлім етеді.
45. Ә.Науаи ғазалдарының көркемдік ерекшелігі.
Ә. Науаи ең алдымен, атақты ақын болды. Әлемдік әдебиетке Фердоуси, Сағди, Жәми сияқты алыптарды берген парсы поэзиясының дәстүрінде әдебиетке келген Әлішер алғашында өлеңдерін парсы тілінде жазғанымен де көп ұзамай-ақ түркі тіліндегі өлеңдерімен әдебиеттің ақ айдынына шықты. Бұл кезде түркі тілі жыр жазуға жарамсыз деп, Шығыстың шайырларының барлығы дерлік, парсы тілінде жазатын. Міне, Ә. Науаи осы бір қалыптасқан жаңсақ пікірді жоққа шығарып, түркілік сөз өнерінің мол мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, осы тілде тамаша жыр жауһарларын жасап, түркілік әдебиетті әлемдік аренаға шығарған ұлы ақын болды. «Өз ғазалдарымды түрікше жаздым» деген Әлішер түркі тілінің ғажайып тіл екендігін жасампаз жырлары арқылы дәлелдеп, өзі де осы тіл арқылы түркі әлемінің шексіз құрметіне бөленіп қана қоймай, сонымен бірге әлемдік әдебиеттің жарық жұлдыздарының біріне айналды. «Классикалық ортазиялық түркі әдебиеті тұңғыш рет жаһандық даңқ пен беделге Әлішер шығармалары арқылы көтерілді» Әлішер он-он екі жасынан бастап парсы ақындарынша ғазалдар жаза бастаған. Ғазал осы уақытқа дейін негізінен парсы поэзиясында жырланып келсе, Ә. Науаи тұңғыш рет осы жанрды түркіше сөйлетті. Бұл турасында ол кейіннен «Өз ғазалдарымды түрікше жаздым»-деп,бұған ерекше мән береді. Ақын өзінің ғазалдарының барлығын «Ой қазынасы» атап, іштей «Балалық шақтың жемісі» («Ғарайып ус-Сиғар»), «Жігіттіктің гүлдері» («Науадир уш-шебап»), «Орта жастың даналығы» («Бадайул басат»), «Қарттық шақтың өсиеті» («Хауайдул хабар») тақырыптарына жіктеген. Ғазалдардың негізгі тақырыбы — адам, оның бойындағы ізгі қасиеттер, асыл армандар, сүйіспеншілік, адалдық, әділдік, еңбек. Ол адамдар арасында кездесетін арамдық, сатқындық, екіжүзділік, күншілдік, сараңдық, имансыздық сияқты жағымсыз қасиеттерді барынша сынға алған.
