Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
T_1199_rki_khaly_1179_tary_1241_debietinen_emt.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108 Кб
Скачать
☆

53. Бабырнама

«Бабырнама»

Тарихи шығарма, Орта Азия халықтарына ортақ құнды мұра. Авторы – Моғол империясының (1526–1258) негізін қалаған Захир әд-Дин Мұхаммед Бабыр. Түркі (шағатай) тілінде 1526–1930 жылы жазылған. Кітап – Темір әулеті құрған мемлекеттердің құрылымын, әдет-ғұрпын, салт-санасын және топонимикасын зерттейтін тарихшы, этнограф, географтар үшін және орта ғасырда түркі тілінде жазылған әдеби, ғылыми шығармаларды зерттеумен айналысатын әдебиетшілер мен тіл мамандарына қажетті құнды еңбек. «Бабаранамада» мәліметтердің молдығы, тілінің байлығы жағынан ерекше туынды. Шығарма Темір әулетінің билік құрған ұрпақтарына тарихи мінездеме бере отырып, 15–16 ғасырлардағы Ферғана, Хиндустан аймағындағы (бүгінгі Орта Азия мемлекеттері, Ауғанстан, Пәкстан, Үндістан) елдерінің, халықтарынының тарихы, Темір әулеті мен Мұхаммед Шайбани арасындағы, Моғолстандағы тақ таласы, билік және жер үшін жүргізілген соғыстар жайлы егжей-тегжейлі сөз етеді. Үлкенді-кішілі қалалардың (Ақсикент, Кабул, Шаш, Бұхара, т.б.) салынуы, архитектурасы, қирауы, Сырдария, Жетісу бойындағы елді мекендер туралы жазады. Орта ғасырлардағы Алмалық (Жаркент түбінде), Алмату (Алматы), Янги (Таразкент) қалаларына тоқталып, бұлардың моңғолдар мен Шайбани әулеті билеушілерінің кесірінен қирағаны айтылады. Бұл қалалар маңында бау-бақшалар, түрлі жабайы жемістер, Орта Азия мен Үндістан тауында жан-жануарлардың ондаған түрлері болғандығы баяндалады. Бабыр дүние салысымен шығарма парсы тіліне (ауданы Абдул-Рахым), одан ағылшын тіліне тәржімаланған. Шығарманың қолжазбасын Н.И.Ильминский орыс тіліне аударып, 1857 жылы Қазан қаласында, ал А.С.Беверидже 1905 жылы Лондонда бастырып шығарды. «Бабырнама» ағылшын (1826, 1921), француз (1871), орыс (1943, 1958), өзбек (1960), қазақ тілдерінде (1990, 1993) жарық көрді. 1980 жылы француз тіліндегі жаңа аудармасына және оның басылуына ынталы елдердің (КСРО, Ауғанстан, Үндістан) ғалымдарының қатысуымен ЮНЕСКО тарапынан арнаулы комиссия құрылды. «Бабырнаманың» осы аудармасы француз (1985, 2-рет), түрік (1987), жапон (1995, 1996) тілдерінде басылды.

«Бабырнаманың» 460 жылдығы халықаралық деңгейде тойланып, «Бабырнама және Шығыс Ренессансы» деген тақырыпта ғылыми-теориялық конференция өтті (1990, 22–26 қазан, Ташкент қаласы).[1]

Абай оқыған тарихи-әдеби естелік шығарма, ортағасырлық Орталық Азия халықтарының аса қымбат жазба ескерткіші. Авторы - Үндістанда Ұлы моғолдар әулетінің негізін салушы, атақты қолбасшы Бабыр. Бүл еңбекте Үндістан және Орта Азия халықтарының тарихы, әдет-ғұрпы, этнографиясы, мәдениеті, Түркістан, Мауереннахр, Жетісу аймағының географиясы, Дешті-Қыпшақ билеушісі М. Шайбанимен арадағы соғыс жайы баяндалады. Қазақ хандары Жәнібек, Әдік, Қасым, «Тарих-и Рашидидің» авторы Мухаммед Хайдар Дулати жайында аса құнды мағлұматтар жинақталған. Абай «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген тарихи еңбегінде Алаша хан жайлы деректерін «Бабырнамадан» алғанын айтады. «Бабырнама» 1990, 1993 ж. қазақ тілінде жарық көрді.

55. Ә.Науаи «Фархад-Шырын» дастаны.

Әлішердің үшінші дастаны - "Фархад - Шырын". Бұл - ең ірі кітабы, 11 мың 404 жол, 1484 жылы жазылған. Жырдың түп әңгімесі Ирандікі болатын. Ең әуел дастанға айналдырған Әбулқасым Фирдоуси еді. Кейін көп еңбек етіп, "Хисрау мең Шырын" деп жазған Низами. Содан бері "Хисрау - Шырын", "Шырын - Хисрау" деп жазғандар көп болды. Бірақ Әлішердің жазғаны өзгенің бәрінікінен бөлек боп шықты.

Хисрау Паруиз зорлықшыл патша еді. Соны өзгелердің мақтап жазғанын Науаи қатты сынайды да, Фархадты көтереді. Дастанның негізін достыққа, халықтар жарастығына құрады. Әділет, гуманизм идеяларын ардақтайды. Қытай жасы Фархадтың қасиетін ұлғайтып, геройлық, махаббат, достық сипаттарын береді. Талантты, білгіш, зор ақыл иесі, идеал адам етеді.

Жаһанда ғылым қалмай ол жетпеген,

Іс қалмай тәсілмен тербетпеген, - дейді.

Ерлігі ел жұрттың пайдасына жұмсалып алғыс әперсе, бұның махаббаты да адамды тазартатын махаббат болады. Сүюді білмеген жақсылық жоқ деген мағына туғызды. Махаббаттың өзін алғанда, ол достық, тұрақтылықпен өрімдес болсын дейді. Және бұрынғы софылықтың мистикасынан аулақтап шығып, шын "сүю өмірден бездірмеу керек, қайта тірлікті де сүйгізетін болсын" дейді. Мұндай сүю адамға батырлық, даналық, сәулет бітіреді. Бірақ бейнеті көп. Оған мықты, мінсіз адам ғана жарайды, дейді. Әлішердің әйелге деген көзқарасы да осы дастанда мол танылады. Мұндағы әйелдер ақылды, қабілетті және ерлермен тең, туыс келеді. Маһибану, Шырын сияқты әйелдер, ең алдымен, мәдениетті, ақылды және мемлекетті жақсы басқара алатын әділ, Отанын жаудан ерше қорғай білетін мықты әйелдер, заманның алдыңғы адамдары өздері боп шығады.

Дастан ішінде осылардай жақсы, арлы, намыскер, таза адамдарға қарсы залым, әділетсіз адамдарды да көрсетеді. Әлішерде олардың өкілі боп, бұрынғы ақындар дәріптеген Херау патша шығады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]