- •Түркі халықтары әдебиетінен емтихан жауаптары.
- •Әзербайжан әдебиеті, дамуы, өкілдері.
- •Н.Ганжауи шығармашылығы.
- •Сәйфи Құдаш шығармашылығы.
- •Қарақалпақ әдебиеті.
- •5 . Жиен жырау Тағайұлы.
- •6. Бердақ Қарғабайұлы.
- •7. Манас жырының зерттелуі.
- •8. Қырғыз әдебиеті.
- •9. Әлішер Науаи шығармашылығы.
- •10. «Сәлделі Сайтан» б.Назым идеясы.
- •11. Боранды бекет.
- •12. Біләл Назым ғазалдары.
- •13. Н.Ганжауи «Ләйлі - Мәжнүн»
- •14. Ғабдолла Тоқай
- •15. Ғалымжан Ибрагимов
- •16. Мақтымқұлы Фраги
- •19. Әзірбайжан әдебиетінің көрнекті өкілдері.
- •20. Н.Ганжауи «Ескендір» дастаны
- •21. М.Физули.
- •23. М.Физули. Ләйлі Мәжнүн дастаны.
- •30. «Манас» жыры оның зерттелуі.
- •32. Айбектің «Науаи» романы.
- •33. Айбектің өмірі мен шығармашылығы.
- •34. С.Юлаев пен Махамбет өлеңдерінің ұқсастықтары.
- •39. Салауат өлеңдері «Туған елім», «Оралым». Екеуі де осы бір жауапта.
- •35. «Қырық қыз» дастаны.
- •45. Ә.Науаи ғазалдарының көркемдік ерекшелігі.
- •46. «Манас» жыры және м.Әуезов.
- •47. Ғ.Тоқайдың балаларға арналған өлеңдері.
- •48. Ғ.Ибрагимов «Қазақ қызы».
- •53. Бабырнама
- •55. Ә.Науаи «Фархад-Шырын» дастаны.
- •56. Татар әдебиеті. Ғ. Ибрагимов.
- •57. Захириддин Мұхаммед Бабыр
- •58. Ә.Науаи «Жеті планета».
- •61.Физули шығармашылығы.
- •62. Ә.Науаи «Ескендір қорғаны» дастаны.
- •63. М.Фраги «Керекті», «Ер» өлеңдері.
5 . Жиен жырау Тағайұлы.
Жиен жырау, Жиен жырау Тағайұлы (18 ғ.) — қарақалпақ жырауы. Өмірі мен шығармашылығы туралы деректер өте тапшы. Жиен жырау жырлаған “Қырық қыз” дастанындағы “Қарақалпақ халқында, мүйтен деген рудан шыққан Жиен жыраудан нұсқа болып бұл дастан, ел жырлады тынбастан” деген жолдарға қарағанда жыраудың руы — мүйтен. Бұл ру 18 ғ-дың орта шенінде Сырдарияның төменгі ағысы бойын қоныстанған. Қуаңдария мен Жаңадарияның суы тартылып, құрғақшылық туғанда Жиен жырау елімен бірге Әмудария жағына қоныс аударған. Жиен жыраудың “Босқан ел” атты көлемді дастаны, “Бер түйемді”, “Ей, жігіттер”, “Қош болыңдар, достарым”, т.б. шығармалары белгілі. Мұның барлығында дерлік қарақалпақ халқының басына түскен ауыртпалық, құрғақшылық зардаптары жырланады. Жиен жырау есімі қазақ, өзбек, қарақалпақ халықтарына ортақ “Алпамыс батыр”, әсіресе, “Қырық қыз” дастанын жырлаушы ретінде жақсы таныс. Бұл дастан Жиен жыраудан соң оның шәкірттері — Қалмұрат, Шаңқай, Қазақбай, Жиемұрат, т.б. арқылы бүгінгі заманға жетті. “Қырық қыз” дастанының Жиен жырау орындаған нұсқасы 1959 ж. қазақ тілінде басылып шыққан.[1][2]
6. Бердақ Қарғабайұлы.
Бердақ (лақап аты, шын аты-жөні – Бердімұрат Қорғыбайұлы)(1827,қазіргі Қарқалпақ жәренде, Мойнақ ауд.Құлыкөл,1900) – қарақалпақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, ақын. Кедей отбасында туған. Діни мектептерде оқыған. Туысқан көрші халықтар әдебиетін (қазақ, өзбек,түркімен) жетік білген. Шығыс классиктерін өзіне үлгі тұтқан, олардан үйренген. Басты шығармалары: қазақ, қарақалпақ, өзбек халықтарының шығу тегін баяндайтын «Шежіре» өз халқының Қоқан хандығына қарсы ерлік күресін суреттеген «Амангелді», тарихи тақырыпқа жазылған «Ерназар би» гуманизмді, халықтар достығы мен бостандығын жырлаған «айдос би», «Ақымақ патша» поэмалары т.б. Бердақ-шайыр шығармалары қарақалпақ поэзиясынан ерекше орын алады. Бердақ-шайыр шығармаларын жинау, зерттеу кеңес дәуірінде ғана (1935-38) қолға алынып, қазақ, орыс, өзбек түркімен т.б. тілдерге аударылды.
7. Манас жырының зерттелуі.
«Манас» — Қырғыздардың батырлық эпосы, Қытайдағы үш үлкен эпостың бірі. Шинжяң Қызылсу Қырғыз автономиялы обылысы (ҚҚАО), Ақсу, Іле, Қашқар және Хотан сияқты қырғыздар қоныстанған жерлерде таралған. Қырғызстандағы қырғыздар мен Қытайдағы қырғыздар бір ұлт, «Манас» Қырғызстанда да таралған. Қазақстан, Ауғанстан және Пакістанның солтүстігі сияқты жерлерде, яғни қырғыздар жасаған жердің бәрінде «Манас» эпосы бар.
Манас — Қырғыз халқының батыры. «Манас» эпосында Манастың дүниеге келуінен тартып, оның жетінші ұрпағына дейін, ұлттың бостандығы мен бақыты үшін шапқыншылармен, езушілермен қайыспай күрес жүргізу, сондай-ақ бауырлас рулар үшін батырларша соғыс жүргізу істері баяндалады. Манас қарапайым адам, бірақ қырғыздардың санасында қасиетті адам, қырғыздар Манасты соғыстың ұранына балайды, соғыста не сайыста “Манас” деп ұрандайды.
«Манас» эпосы негізінен ауызекі айтылып, ауызекі таралған. Сондықтан оның әртүрлі нұсқалары мен вариянттары бар. Дүниедегі «Манас» зерттеушілер Қытай қырғыздары арасында таралған «Манасты» ең кемелді, мазмұны ең бай деп бірдей мойындап отыр. Шинжяң ҚҚАО -да тұратын манасшы Жүсіп Мамай 8 бөлімді, жиыны 232 мың жолдан астам жырды, Грекияның «Илияда» эпосының 14 есесіне тең келетін «Манас» эпосын толық жатқа айта алады.
«Манас» эпосындағы Манастың халықты бастап езуші қалмақтармен күрес жүргізу жағдайынан қарағанда, эпоста суреттелген дәуірді моңғолдардың қалың қолы Азияның солтүстігі мен Орта Азия өңірін қидай сыпырған ХІІІ ғасырдың басы деп тұрақтандыруға болады. Мұнда моңғолдардың бір табы қалмақтар қырғыздарға ұзақ уақыт үстемдік етіп келген, сондықтан, көшпелі тұрмысты негіз еткен осы екі ұлт арасында ұзақ уақыт шиленіскен күрес болған. Қырғыздар өздерінің ұлттық, батырлық ізгі істерін Манас және оның жеті ұрпақ хикаяттарына жинақтап, халықтық эпос түрінде кейінге таратқан.
«Манас» эпосының бірінші бөлімінде Манастың туылғанынан тартып соғыста өлгенге дейінгі ғажайып өмірі суреттеледі. Қалған жеті бөлімінде Манастың жеті ұрпақ әулетінің күрес жолдары баянладады. Осы бір өлшеусіз алып шығармада әдебиет, музыка, тарих, философия, этнография сияқты пәндердің түрлі факторлары табиғи тоғысқан, мұны қырғыздардың тарихы мен мәдениетінің энциклопедиясы деуге болады.
Өткен заманда, қырғыз халқының сауаттылары тым аз болған. Ал енді, Жүсіп Мамай сияқты сегіз бөлімді ірі эпосты түгел жатқа айту — тек қана табиғи талантты адамның қолынан келері даусыз еді. Ондай адамдар әрине қырғыз халқының баға жетпес асылына айналып, асқақ құрметке бөленіп отырған.
Халық эпостары әнге қосып құйқылжыта жырлау арқылы таралады. Сондықтан оларды әдебиет пен музыка өзара бірлескен туынды деуге болады. Тартымды сөз-сөйлемдер, жан-жүйені еліткен музыка және адам рухын сомдайтын батырлық әңгімелер ұлы табиғат құшағында көшпелі тұрмыс кешірген қырғыздар жөнінен алғанда, қомақты мәдениет және рухани азық еді. Сондықтан «Манас» дастанын қырғыздар ежелден бері қадірлеп келеді. Ол қырғыздар арасында мәңгілік жалғасын табарына кәміл сенеміз.. 1856 ж. Хоментовскийдің Жетісуға жасаған әскери-ғыл. экспедициясына қосылды. Осы экспедиция кезінде ол “Манас” дастанына назар аударды. Қленің басындағы Манас жорық жасады деген қаланың орнын барып көреді. Маусым айында Ыстықкөлге жетіп, оның шығыс, солт.-шығыс жағалауының, тау асуларының картасын түсірді. Бірнеше маршрутта У. Семенов Тянь-Шанскиймен бірге жүрді. Экспедицияда У. оринтол., энтомол. коллекция жинап, гербарий құрастырады. Жетісу, Ыстықкөл аймағының фаунасы мен флорасын зерттеді. Ыстықкөлдің картасын жасауға қатынасты. Сол алаптағы қираған көне қалалардың мәдениетіне, эпиграфиялар мен тас мүсіндерге зер салды. Алакөлден Тянь-Шаньға дейінгі жерді түгел шарлаған ол қырғыздардың бұғы, сарыбағыш, солты руларының арасында болып, қырғыз халқының шежіресін, өлең, жыр, аңыз-әңгімелерін, соның ішінде “Манас” жырын жазып алды. Қырғыздың “Манас” жырын тұңғыш зерттеуші де, оны әдебиеттану ғылымы әлеміне алғашқы таныстырушы У. болды. “Манас” жырын тарихи, этногр. мағлұматтарының молдығы, көркемдік дәрежесінің биіктігі жағынан “Илиада”, “Одиссея” сияқты эпостармен қатар қоюға болатын құнды, кесек туынды деп бағалады. Қазақтың халық поэзиясын жасаушы, орындаушы ақын, жырауларды У. Батыстың рапсод, бардтарымен салыстырды. Ол халық поэзиясының көркемдігіне сүйсіне отырып, одан тарихи, этногр. мағлұматтар іздеді. У-тан қалған мұраның бір бөлігін бейнелеу өнері саласындағы еңбектері құрайды. У. негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс-салтын бейнелеу жанрымен айналысқан. «Манас» эпосының бір бөлімінің көлемінің өзі 400.000 жол, ол «Шаһнамадан» 5 есе, «Илиада» мен «Гомерден» 40 есе көп. Ал «Манастың» 11 нұсқасының көлемі 1 миллион 200 000 жол. Ең ұлы қасиеті – бұл халық ішінде әлі де орындалатын тірі эпостың қатарына жатады. Манастың тарихи негізі мен прототипі ретінде Бартольдтің, Әуезовтің, Бернштамның зерттеулерінде мөлшерлеген 840 жылғы қырғыздардың Яғлақар ханының екінші біріккен түрік қағанатын құлатқан оқиғасы алынды. «Манастың» 4 томдық толық басылымын қырғыз тілінде (алқа мүшелері М.Әуезов, С.Е.Малов, В.М.Жирмунский, А.Н.Бернштам, К.Юдахин), 1-3 томдығын орыс тілінде шығару (аудармашылары С.Липкин мен Л.Пеньковский, көркемдеуші В.А.Фаворский), СССР Ғылым Академиясының деңгейінде ғылыми конференция өткізу белгіленді. Ақыры той түгілі «Манас» жырын тарихтан ысырып тастау науқанына ұласты. Бұл – қырғыздың қолқасын суырып алумен бірдей еді.
