Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
T_1199_rki_khaly_1179_tary_1241_debietinen_emt.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108 Кб
Скачать
☆

56. Татар әдебиеті. Ғ. Ибрагимов.

Ғалымжан Ғирфанұлы Ибрагимов (1887-1938)-татар жазушысы. М. Жұмабаев, Б. Майлин, Ж. Тілепбергенов т. б. Қазақ жазушыларының ұстазы. Қазақ аулында мұғалімдік қызмет атқара жүріп, қазақ тілін жетік меңгерген ол туысқан халық өмірінен «Қазақ қызы» атты роман жазды. И. Қазақтың ауыз әдебиеті, ұлы ақыны Абай жайында әр тұста аталы пікірлер айтқан. 1916 ж. «Аң» («Сана») журналының 5-санында жарияланған «Тіліміз әртурлі, ойымыз – бір тұтас»деген мақаласында қазақ халқының бай ауыз әдебиетін ұлы мұра ретінде бағалап, сол мұраны терең зерттеп, игеруге үндейді. «Қазақтар біраз уақыт татар мәдениеті мен әдебиетінен уйреніп келді. Алайда олар кешікпей дербес те даңқты жолға тұседі. Бұл процесті ешнәрсе де тоқтата алмайды», - дейді. Сөйтіп біздің ұлттық әдебиетіміздің жаңа дәуірлеу бағытын ол Абай есімімен байланыстырады. Уфадағы Ғалия медресесінде оқып жүрген қазақ жастарының ана тілінде қолжазба «Садақ» журналын шығаруға көмектескен Ибрагимов «Ешқашан да ешбір халықтың ана тілін тартып алып, оған өзге тілді телу табысқа жеткізіп көрген емес», - деп тұжырымдай келіп, бұған дәлел ретінде Абай поэзиясын келтірген. «Қазір Абай өлеңдері кең-байтақ қазақ даласына кең жайылған. Оларды халық аузынан түсірмей айтып жүреді» деген.

57. Захириддин Мұхаммед Бабыр

Захириддин Мұхаммед Бабыр— көрнекті мемлекет қайраткері, даңқты қолбасшы, сонымен бірге, ғажайып өлең-жырлар жазып қалдырған лирик ақын, дарынды жазушы, ғұлама-ғалым, атақты тарихшы. Ол 1483 жылы 14 ақпанда Әндіжан қаласында туылған. Бабырдың әкесі Омар Шейх — әйгілі Әмір Темірге туажат болып келеді. Шешесі — шағатай әулетінен шыққан Жүніс ханның бәйбішесінен туылған екінші қыз— Құтлық Нигар ханым болған. Жүніс ханның тұңғыш қызы— Михр Нигар ханым, ал кенже қызы— Хуб Нигар ханым— қазақтың белгілі тарихшысы Мұхаммед Хайдар Дулатидің анасы екені мәлім. Қазақ ханы Сұлтан Ахмет, яғни Алаша хан осы Жүніс ханның екінші әйелі — Шаһ бегімнен туылған.

Жастайынан өнерге, білімге құштар болған Бабыр түркі тілдерімен қатар араб және парсы тілдерін жете меңгеріп, Шығыстың классикалық поэзиясынан еркін сусындаған, тарих, философия, табиғаттану ғылымдары бойынша, сондай-ақ сәулетшілік (архитектура) және соғыс өнері бойынша өз заманына лайықты едәуір білім алған жан. Ер жүрек батырлығы үшін оны бала кезден-ақ Бабыр (арабша "бабур" — "арыстан" деген сөз) деп атап кеткен.

Әкесі қайтыс болғаннан кейін он екі жасар Бабыр Ферғана уәлая-тының әмірі болып, таққа отырды. Бұл — қылыштың күшімен Әмір Темір құрған мемлекеттің іштей әбден ыдырап, әмірші ұрпақтары-ның билік үшін күнде өзара қырық пышақ болып соғысып жатқан кезі еді.

Бабырдың мақсаты — Амудария мен Сырдария аралығында, яғни, Мауараннахрда бір орталыққа бағынатын қуатты мемлекет құру болды. Сол арманына жету үшін көп жылдар бойы әрекет жасап, талай суыт жорықтарға аттанады. Бірақ онысынан нәтиже шықпайды.

Ақыры Шайбани хан бастаған ру-тайпалардың тегеуірініне төтеп бере алмаған Бабыр өзіне сенімді бір топ нөкерлерімен Ауғаныстанға кетеді. Сосын одан әрі Үндістанға қарай бет алады. 1525 жылы ол Дели сұлтаны Ибрагим Лодидің әскерін быт-шыт етіп жеңеді. Сөйтіп, Бабыр Үндістан билеушісі болады. Үш жүз жыл бойы, яғни XIX ғасырдың бас кезіне дейін(Индияны ағылшындар жаулап алғанға дейін) өмір сүріп келген Ұлы Моғол империясының (1526—1858 жж.) негізін қалаған мемлекет қайраткері ретінде Бабырдың есімі тарихтан жақсы мәлім.

Рас, үнді елін жаулап алу үшін қан төгілген соғыстар болды. Әйтсе де Бабыр негізін қалаған мемлекет Үндістанның қоғам-дық-саяси және экономикалық, мәдени тұрғыдан дамып, өркен-деп өсуінде өте үлкен прогрессивті роль ойнады. Бір орталыққа бағынатын мемлекет құрылған соң ғана үнді елінде ғасырлар бойы тынбай жүргізіліп, еңбекші халықтың қанын аяусыз төгіп келген жергілікті феодалдардың өзара бақталас соғыстары тоқтатылды. Халық бейбіт еңбекке көшті. Жаңадан көптеген үлкен каналдар қазылып, шөлді жерлерге су шығарылды.

Егіншілік мықтап дамыды. Бабырдың әмірімен жаңа қалалар, ғылым және мәдениет орталықтары салынды.

Жаңа Үндістанды құрушы ұлттық басшы ретінде тарихқа енген мемлекет қайраткері, жалынды публицист Джавахарлал Неру өзінің әйгілі "Индияны ашу" деген кітабында Бабырды "жылы жүзді, батыл, іскер жан, өнер мен әдебиетті бағалай білген қай-раткер" ретінде сипаттап, ол туралы зор құрметпен сөйлейді. Ол Бабыр билеген дәуір жөнінде айта келіп, "бұл кезде Индияда үл-кен игілікті өзгерістер өмірге келді. Жаңа бір леп есіп, мұның өзі өнер, архитектура, тағы басқа мәдениет салаларын құлпыртып, жасартып жіберген еді деп жазады*. Бабыр 1530 жылғы желтоқсанның 26 жұлдызында Индияның сол кездегі астанасы Агра қаласындағы өзі салдырған Зарафшан деп аталатын бау-бақшалы мекенжайда қайтыс болады. Бабырдың өсиеті бойынша оның сүйегін Кабул қаласының маңындағы Шердарваза тауының етегіне жерлейді. Бабырға ғажайып ескерткіш-мавзолей салады. Бұл жер қазір "Бағ-и Бабыр" деп аталады.

Бабыр ең алдымен ғасырлар бойы талай ұрпақ тамсанып оқыған тамаша лирикалық өлең-жырлардың авторы. Оны ұлы шайыр Әлішер Науаи өзінің ең дарынды шәкірттерінің бірі сана-ған. Бабыр 14-15 жасында-ақ Гератта тұратын Науаиға өлеңмен хат жазып, ұстазынан талай рет өлеңмен жазылған жауап хат алған. Бірақ бұл екі ақын ғұмыр бойы бірін-бірі көрмей, кездесуді армандап өткен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]