- •Түркі халықтары әдебиетінен емтихан жауаптары.
- •Әзербайжан әдебиеті, дамуы, өкілдері.
- •Н.Ганжауи шығармашылығы.
- •Сәйфи Құдаш шығармашылығы.
- •Қарақалпақ әдебиеті.
- •5 . Жиен жырау Тағайұлы.
- •6. Бердақ Қарғабайұлы.
- •7. Манас жырының зерттелуі.
- •8. Қырғыз әдебиеті.
- •9. Әлішер Науаи шығармашылығы.
- •10. «Сәлделі Сайтан» б.Назым идеясы.
- •11. Боранды бекет.
- •12. Біләл Назым ғазалдары.
- •13. Н.Ганжауи «Ләйлі - Мәжнүн»
- •14. Ғабдолла Тоқай
- •15. Ғалымжан Ибрагимов
- •16. Мақтымқұлы Фраги
- •19. Әзірбайжан әдебиетінің көрнекті өкілдері.
- •20. Н.Ганжауи «Ескендір» дастаны
- •21. М.Физули.
- •23. М.Физули. Ләйлі Мәжнүн дастаны.
- •30. «Манас» жыры оның зерттелуі.
- •32. Айбектің «Науаи» романы.
- •33. Айбектің өмірі мен шығармашылығы.
- •34. С.Юлаев пен Махамбет өлеңдерінің ұқсастықтары.
- •39. Салауат өлеңдері «Туған елім», «Оралым». Екеуі де осы бір жауапта.
- •35. «Қырық қыз» дастаны.
- •45. Ә.Науаи ғазалдарының көркемдік ерекшелігі.
- •46. «Манас» жыры және м.Әуезов.
- •47. Ғ.Тоқайдың балаларға арналған өлеңдері.
- •48. Ғ.Ибрагимов «Қазақ қызы».
- •53. Бабырнама
- •55. Ә.Науаи «Фархад-Шырын» дастаны.
- •56. Татар әдебиеті. Ғ. Ибрагимов.
- •57. Захириддин Мұхаммед Бабыр
- •58. Ә.Науаи «Жеті планета».
- •61.Физули шығармашылығы.
- •62. Ә.Науаи «Ескендір қорғаны» дастаны.
- •63. М.Фраги «Керекті», «Ер» өлеңдері.
13. Н.Ганжауи «Ләйлі - Мәжнүн»
14. Ғабдолла Тоқай
Ғабдолла Тоқай, Ғабдолла Мұхаммедғарифұлы Тоқаев (татарша Ğabdulla Tuqay) (1886-1913) - татар ақыны, публицист. Тоқай өлеңдерін қазақ тіліне алғаш М. Дулатов пен Е. Бүйрин, совет өкіметі жылдарында Ж. Сыздықов, Т. Әбдірахманов т. б. аударды. Т. шығармашылығын М. Әуезов, С. Мұқанов, Т. Нұртазин, С. Талжанов, Ж. Сыздықов, Б. Ысқақов т. б. зерттеп, мақалалар жазды. Әуезов Тоқай шығармашылығын жоғары бағалай келіп, оның Абай поэзиясымен рухани жақындығын атап көрсетті.
Татар әдебиетшісі Р. Ш. Башкуров «Тоқайдың орыс әдебиетінен аударғандары» (Қазан, 1958, 16-17-б.)атты кітабында Абай мен Тоқай дың аудармашылық принциптерін салыстыра келіп, олардағы ортақ, ұқсас жайттарға тоқталды. Аударып отырған шығарманың идеялық тынысын, рухын терең жеткізіп беру, түпнұсқадан сырттай алыстаған тәрізді көрінгенімен, нәтижесінде соған анағұрлым жақын келіп, етене туыса түсу принциптері Абайға да, Тоқайға да тән. Дегенмен, бұдан Абай мен Тоқай аударма тәжірибесінде әр дайым бірдей келіп, қатар түсіп отырады деген ұғым тумайды. Әрқайсысының ақыңдық талантына және шығармашылық мұраттары мен эстет. көзқарастарына байланысты олардың өзіндік өзгешеліктері бар. М.Ю.Лермонтовтың
И.Ф.Шиллерден аударған «Бесіктегі бөбек» деген небәрі екі-ақ жол өлеңін Тоқай өз тіліне тым еркін аударып, өз жанынан көбірек қосқан. Қосалқы көркемдік штрихтарды, фразеол. және идиомалық тіркестерді көбірек қолданған. Бұл өлеңді Абай да еркін аударған. Түпнұсқадағы негізгі ойды тереңірек ашып беруге ұмтылу Абайда да бар. Бірақ, Абай мен Тоқай бір мақсатқа әрқайсысы өзіндік көркемдік тәсілдер арқылы жетуді көздеген.
15. Ғалымжан Ибрагимов
Ғалымжан Ғирфанұлы Ибрагимов (1887-1938)-татар жазушысы. М. Жұмабаев, Б. Майлин, Ж. Тілепбергенов т. б. Қазақ жазушыларының ұстазы. Қазақ аулында мұғалімдік қызмет атқара жүріп, қазақ тілін жетік меңгерген ол туысқан халық өмірінен «Қазақ қызы» атты роман жазды. И. Қазақтың ауыз әдебиеті, ұлы ақыны Абай жайында әр тұста аталы пікірлер айтқан. 1916 ж. «Аң» («Сана») журналының 5-санында жарияланған «Тіліміз әртурлі, ойымыз – бір тұтас»деген мақаласында қазақ халқының бай ауыз әдебиетін ұлы мұра ретінде бағалап, сол мұраны терең зерттеп, игеруге үндейді. «Қазақтар біраз уақыт татар мәдениеті мен әдебиетінен уйреніп келді. Алайда олар кешікпей дербес те даңқты жолға тұседі. Бұл процесті ешнәрсе де тоқтата алмайды», - дейді. Сөйтіп біздің ұлттық әдебиетіміздің жаңа дәуірлеу бағытын ол Абай есімімен байланыстырады. Уфадағы Ғалия медресесінде оқып жүрген қазақ жастарының ана тілінде қолжазба «Садақ» журналын шығаруға көмектескен Ибрагимов «Ешқашан да ешбір халықтың ана тілін тартып алып, оған өзге тілді телу табысқа жеткізіп көрген емес», - деп тұжырымдай келіп, бұған дәлел ретінде Абай поэзиясын келтірген. «Қазір Абай өлеңдері кең-байтақ қазақ даласына кең жайылған. Оларды халық аузынан түсірмей айтып жүреді» деген.
16. Мақтымқұлы Фраги
Мақтымқұлы (лақап аты - Фраги) - 18 ғ-да өмір сүрген түрікмен халқының классик ақыны. Есімі Шығыстың ұлы ақындары Фирдоуси , Сағди, Низами, Науаилармен қатар тұратын түрікмен әдебиетінің классигі-Мақтымқұлы. Түркменнің әйгілі ақыны Кеминенің:"Мақтымқұлы ақындық аймақтың астығын түгел орып кетті, біз содан қалған бірді-екілі масақты терушілер ғанамыз",- деген сөздерінен-ақ ақынға деген сүйіспеншілігін, оның талантына деген ерекше ілтипат ықыласты анық көруге болады.
Ауыл мектебінде, кейін Хиуадағы Шерғазы медресесінде оқыған.Мақтымқұлы 1733жылы Геркез ауылында дүниеге келген.Әкесі Довлетмамед Азади тек қана түрікмен еліне емес, бүкіл шығысқа танымал ақын боған.Мақтымқұлы әкесінен көп үйренеді, хат танып, ерте есейеді. Мақтымқұлы өмірдің ауыртпашылықтарын көп көреді. Өз өлендерінің қолжазбасын шапқыншылық кезінде жоғалтады.
Ақын өлендерінің тақырыбы әр алуан. Онда батырлықты мадақтаған жырларда, шығыс үлгісіндегі дидактикалық сарындар да, ескі аңыздар сюжетіне жазылған шығармалар мен табиғатты, адал махаббатты ардақтайтын лирика да мол кездеседі. Ақын түрікмен руларының өзара жауласушылығын аяусыз шенеп, оларды үнемі бірлікке шақырып отырған. Ол елін сүйген, елі сүйген патрио. "Ердің ерлігі еріменен" деген идея оның өлеңдерінде жиі ұшырасады. Ел бастар батыр ұлдарды, олардың елімен ынтымағын ақын сүйсіне жырлаған.
Батыр болса, бола білсін қайырлы
Кеудесі кең ақыл-ойға пайымды.
Түзде жүрсе қарасын сан қиырға
Өз жеріне өнер ісі керекті.
Елге біткен батырлықты жүректі,
Басқаруға батыл кісі керек-ті.
Оның шығармаларында елдің тәуелсіздігін сақтау үшін тек бірліктің жеткіліксіздігі, ерлік пен батырлық дәстүрді берік сақтау қажеттігі қозғалады. Осыдан барып оның шығармаларының басты кейіпкері-ел үшін еңіреген ердің жаңа образымен толысады. Мұндай жігіттің бейнесінен ақын бірсөзділікті, табандылықты, елін қорғау үшін әрқашан даяр батырлықты көрсетеді
«Керекті»,
«Ер»,
«Толмас»,
«Елмекен»,
«Түрікмен»,
«Таусанар»,
«Қарамас»,
«Кетіп барады»
Мақтымқұлы шығармалары қазақ тілінде («Таңдамалы өлеңдер», 1947; «Таңдамалы өлеңдер», 1959; «Өлеңдер», 1968) бірнеше рет жеке жинақ болып жарық көрді. Мақтымқұлы мен Абай поэзияларында біріне-бірі етене жақын сарындар мен әуендер жиі көздесіп отырады. Екеуіде елбірлігін, адамдар арасындағы татулықты, ынтымақты айрықша қастерлеген. Мақтымқұлыда:
«Дос келетін болса достың қасына, Тебіренеді топырағы, тасы да Жұрт жиналып бір дастарқан басына, Бағы жанып, тасар журты тұрікменнің».
Абайда: «Біріңді, қазақ, біріңдос Көрмесең, істің бәрі бос. Малыңды жауға, Басыңды дауға Қор қылма, қорға, татулас».
Екі ақында да адамғершілікті ардақтайтын өлең- дер мол кездеседі. Мақтымқұлыда:
«Адам болып адам қадірін білмесе, Одандағы жайылып жүрген мал жақсы. Сөйлегеңде сөз мәнісін білмесе, Одадағы аузы берік дал жақсы...»
Абайда: «Жұректе қайрат болмаса, Ұйықтаған ойды кім тұртпек? Ақылға сәуле қонбаса, Хайуанша жүріп күнелтпек...»
Екі ақынның заман, қоғам, өмір жайындағы тебірен істерінде сабақтастық сарындары бірден байқалып тұрады.
Мысалы, дұниенің алдамшылығы тұралы олар мынадай тұйін жасайды: Мақтымқұлыда:
«Қулығыңцы ішке бүгіп аддайсың, Ақыл-ойды шырмайсың оны, дүние-ай! Білгізбейлеп бір сыр бермей кетесің, Бірде жақсы, бірде жаман етесің, Асымызға алдап түрып, көрсетпей, Бал орнына у саласың, дүние-ай!..» Абайда: «Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма? Баяғы күш, баяғы түсің бар ма? Алды - ұміт, арты - өкініш алдамшы өмір, Желігін жерге тықпас кісің бар ма?..» Түркімен халқының ұлы ақыны, ұлы ойшылы Мақтымқұлы Фраги 1773 (кей деректерде 1727) жылы Түркіменстан жеріндегі Атрек өзенінің бойына орналасқан Хаджи – Гоушан елді мекенінде өмірге келген. Әкесі Дәулетмәмәд шығыстық үлгіде ғазалдар, «Бағзы-Азад» дастанын жазған белгілі ақын болған. Болашақ ақын өлеңдерін өзінің атымен, кейде Фраги әдеби псевдониммен жариялап отырған. Әдебиет әлемінде Мақтымқұлы атымен танымал болды.
Сауатын әкесінен, әкесі сабақ беретін ауыл мектебінде ашады. Арабша, парсыша жастайынан хат таныған Мақтымқұлы өз үйіндегі әкесі жинаған бай кітапханадағы шығыс шайырларының жауһар жырларынан барынша сусындайды. Жас кезінде қол өнеріне, ұсталыққа, зергерлікке құмартып, кейіннен біржола әдебиеттің жолына түседі.
1753 жылы Бұхар хандығындағы Қызылаяқтағы Ыдырыс-баба медресесінде бір жыл оқиды. 1754 жылы Бұхарадағы Көкілташ медресесіне түсіп, онда да бір жылдай білім алады. Осында оқып жүргенде, Нұри-Қазым ибн Баһар атты сириялық түркіменмен танысып, достасады. Мақтымқұлы осы досымен бірге Өзбекстанды, Қазақстанды, Тәжікстанды аралайды; Ауғанстан арқылы солтүстік Индияға дейін шарлайды. 1757 жылы сол кездегі айтулы білім ордаларының бірі Хиуаға келіп, осындағы Ширғазы медресесіне оқуға түседі. Мұнда билеушінің ықыласы түскен отбасыларының балалары білім алатын. Мақтымқұлы осында медресе бітіреді.
1760 жылы Мақтымқұлының әкесі қайтыс болып, елге оралады. Осы кезден бастап ақын өмірінің қиын кездері басталады. Ол Меңді есімді қызға ғашық болып, үйленбекші болғанда, қолының қысқалығынан қалыңмалын төлей алмайды. Қыздың әкесі Меңдіні қалыңын төлеген ауқатты біреуге беріп жібереді. Осыдан қалған ғашықтық дерті ақынды өмір бойы мазалап, көптеген махаббат жырларының жазылуына өзек болады.
Шарап ішіп, шартарапты
шарласам,
Ет жүрегім тілім-тілім зарласам.
Көгершіндей таудан тауға
самғасам,
Бәлкім, хабар алар ма екем,
жар сенен! –
деген сияқты жүрек түкпіріндегі ғашықтық құпияларын, сағыныш сырларын жырға қосқан өлең жолдары осы кездерде өмірге келді.
Ақынның екі үлкен ағасы Ахмед-шах патшаға қарсылық қозғалысына қатысып, қолға түсіп қалады да, соңынан екеуі де опат болады. Бұл оқиға да сезімтал ақын жүрегіне салмақ түсірмей қоймайды: «ағаларым» деп, аңыраған аңсаулар жырға айналады.
Мақтымқұлы үйленіп, шаңырақ құрады. Сары, Ыбырайым атты екі перзент сүйеді. Отбасының қызығы, әсіресе болашақ өмірінің жалғасы екі ұлының балалық қылықтары жан жарасын ұмыттырғандай да болған. Бірақ бұл ұзаққа бармады: екі баласы да – үлкені он екі, кішісі жеті жасында қайтыс болады. Өмірінің мәні де, сәні де болған балаларынан айрылу соққы үстіне соққы болып, ақынды ойсыратып кеткендей де еді. Бірақ та рухы күшті ақын жан жарасын жырларымен емдеп, өмірге тура қарап, ойлы өлеңдер жаза берді...
1760 жылы Мақтымқұлы Қазақстанның Маңғыстау облысын, Астрахан, Әзірбайжан, Таяу Шығыс елдерін аралайды. Көп жерлерді көріп, халықтың тыныс-тіршілігімен танысып, көргені мен білгенінің арқасында өмір туралы ойлары, толғаныстары тереңдеп, өміршең жырлардың тууына жолдар ашады. Өмірді сырттай қызықтап емес, қалың халықтың арасында жүріп, бар ауыртпалығын, қиыншылықтарын көзімен көріп, қолымен атқарған, мойнымен көтерген, сөйте жүріп, ой тербетіп, оны жырларына арқау еткен Мақтымқұлы 1783 жылы бұл өмірмен қоштасып, пәни өмірге жол тартты.
Түркімен халқының ұлы ақыны Мақтымқұлының артында қалған мол мұрасы (көлемі он жеті мың жолдай), ең алдымен, халықтық сыпатымен ерекшеленеді. Оның ел-жұртының бүгінін, ертеңін ойлап, жырлаған жырлары қалың көпшіліктің жүрек түкпіріне жол тауып, бүкіл жан-жүрегін жаулап алып, бүгінгі күнге әрбір түркіменнің түрлі жағдайларда сыр бөлісер сырласына айналып кеткен. Көбіне ауыздан ауызға жатталып, ұрпақтан ұрпаққа берілген Мақтұмқұлының жыр жауһарлары тек түркімен аумағында ғана қалып қоймай, қойы қоралас, елі аралас жатқан түркі тектес елдерге де кеңінен тараған; анау-мынау ақындарды мойындай бермейтін Шығыс шайырларының отаны Иран, одан Тұран арқылы басқа елдерге де кең жайылып, әлемдік әдебиеттің алтын қазынасына қосылған қымбат мұра ретінде ғасырлар бойы жасап келеді.
Мақтымқұлының өлеңдерінде он сегізінші ғасырдағы түркімен халқының тұрмыс-тіршілігі, арман-аңсарлары, дүниетанымы шынайы көрініс тапқан. Түркіменнің ұлттық тұрмыс-тіршілігін, ұлттық болмысын, болашағын Мақтымқұлыдай жырлаған, Мақтымқұлыдай көркем бейнелеп бере алған ақын бұл елдің арғы-бергі тарихында болған емес. Сондықтан да түркімендер Шығыстың ұлы ақындарының бірі Мақтымқұлын ұлттың рухани әкесі, ұлттың ұлы ұстазы санайды. Ақынның өлеңдері түркімен халқының ұлттық энциклопедиясы, ұлттық идеологиясы іспеттес.
Мақтымқұлы жырлары түркімен халқының ұлттық мүддесі тұрғысынан жырланып, соған қызмет етіп келе жатуымен, болашағын жарқыратып көрсете білуімен құнды. Сол себептен де «мен түркіменмін» деген әрбір азаматтың Мақтымқұлының өлеңдерін оқып, оның өміршең ойларын бойына сіңіріп тәрбиеленуі әрбір жанның ұлт алдындағы азаматтық парызы болып есептеледі. Бұл түркімен ұлтының қоғамдық дамуының, түркімен ұлтының өсіп-өркендеп, өркениет жолымен салтанат құруының басты шарттарының бірі саналады.
Негізінен Шығыс әдебиетіндегі ғазал, шағын өлең түрлерінде жазған Мақтымқұлы поэзиясының тақырып аясы өте кең. Оның жырларында қоғамдық өмірдің көтерілмеген өзекті өңірлері жоқтың қасы. Адамның қысқа ғана ғұмырында жиі кездесетін, тіршіліктің түпсіз тереңдерінен туындап отыратын күрделі мәселелерге батыл барып, жанды сауалдарын мәнді жауаптармен көркемдеп отырады. Қоғам туралы терең ойлармен өрнектелген Мақтымқұлының поэзиясы өмір туралы, адам туралы, адамгершілік туралы философиялық толғаныстарға толы. «Сол себептен де Мақтымқұлы өлеңдерін кең мағынасында адамгершілік толғауы деп атаса жарасады» (Р. Бердібай).
17. Н.Гәнжәуи «Жеті ару»
Низами хамсасының тобында «Жеті ару» дастаны ерекше орын алады. Поэманың басты қаһарманы – Баһрам. Ол иран елінің патшасы. Баһрам жастық шағын сауық сайранмен өткізеді де, жасы ұлғайған шағында патша болып ел басқарады. Міне сол Баһрам жеті түрлі сарай салдырып, жетеуін жеті елдің арулары мекен еткен. Патша салдырған сарайлардың түстері де жеті түрлі, оларда тұратын арулардың түр-түстері де жеті түрлі болады. Дастанда қоңыр түсті сарайда- үнді сұлуы, сары сарайда – Бағдад сұлуы, жасыл сарайда – Рим сұлуы, қызыл сарайда – славян сұлуы, көк сарайда – Мысыр сұлуы, сандал түсті сарайда – көшпелі дала сұлуы тұрады. Низами бұл дастанында адам бойындағы ең ізгі қасиеттерді: мейірімділікті, әділдікті, жомарттықты, кішіпейілдікті, ақыл-парасатты, білімдікті, қанағат сезіиін, т.б. көкке көтере мадақтайды. Жас ұрпақты Адам деген киелі атқа лайықты болып өсуге үндейді. Осының бәрі дастанда жеті арудың хикаялары арқылы баяндалады. Бұл арулар Баһрамға бірінен соң бірі қызықты әңгімелер айтып, сол арқылы ел ішіндегі сан қилы жауыздық істерді әшкерлеп отырады, ел билеушілерді әділдікке шақырады. «Жеті ару» дастанында ақын мемлекетті қашанда әділ, парасатты, білімді, мейірімді, қарапайым халыққа жаны ашитын адам басқаруы керек деген идея үндейді.
