- •1)Кәсіпкерлік:экономикалық мазмұны, белгілері, түрлері
- •2)Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
- •4)Делдалдық кәсіпкерліктің түрлері
- •5)Құнды қағаздар түрлері
- •6)Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнесті жоспарлау
- •9)Бизнесті жоспарлаудағы негізгі қателіктер және оларды жою жолдары
- •10)Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер
- •11)Кәсіпкерлік тәуекелдер:түсінігі,түтүрлері,жіктелуі
- •13)Кәсіпкерлік тәуекелдерді басқару
- •16) Қаржылық ресурстарды жоспарлау
- •17) Кәсіпорынның қаржысын басқару жүйесі
- •18)Кәсіпкерліктегі лизингтік операциялар
- •20) Кәсіпорынның негізгі және айналым капиталы, Кәсіпорында салық салу жүйесі
- •22) Негізгі капиталдың тозуы Амортизация
- •23) Айналым капиталы оның құрамы және құрылымы
- •Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі[өңдеу]
- •28.Кәсіпкерлік ызметтің тиімділігін бағалау қағидалары және әдістері
- •37.Кәсіпкерлік қызмет инфрақұрылымының институттары. Шағын бизнес орталықтарының құрылуы мен қалыптасуы.
- •39.Мемлекеттің экономикаға араласуының қолайлы және қолайсыз жақтары
- •51. Кәсіпкерлік құпияның мәні.
- •52. Кәсіпкерлік құпияны қорғау жүйесі
- •53. Инновациялық өнімді коммерцилизациялау процесі
- •54. Инновациялық кәсіпкерлік және оның мәні
- •55. Инновациялық өнім түсінігі және инновациялық кәсіпорындар
- •56. Жаңалыққа патент алу шарттары
- •60. Кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру
- •61. Кәсіпкерлік қызметтегі әріптестік байланыстар
- •62. Кәсіпкерлік мәмілелер және түрлері
- •64)Кәсіпкерліктегі делдалдардың рөлі
- •67) Кәсіпкерлік қызметпен байланысты құқық бұзушылықтардың ішінен жиі кездесетін әкімшілік құқық бұзушылықтарға мыналар жатады:
20) Кәсіпорынның негізгі және айналым капиталы, Кәсіпорында салық салу жүйесі
Негізгі капитал-өзінің құнын бқлшектеп жоғалтатын және ұзақ кезең бойы натуралды өзгертпей сақтайтын материалды заттай құндылықтар
Айналым капиталы –кәсіпорын/ң бірлестіктің қйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып өзінің құның дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі
Заттай құрамына байланысты:мүлікті,мүліксіз
Кәсіпорындардың табысына салынатын салық Қазақстан Республикасының бюджетіне келіп түсетін соманың ең көп бөлігін құрайтын және экономикамызға тікелей әсер ететін маңызды салықтың бір түрі. Нарықтық экономика тұсындағы кәсіпкерлік қызмет аясындағы ең белсенді салық болып отыр. Осыған орай экономикамыздың жағдайы тұрақты болу үшін экономика жүйесіндегі салық механизмінің тиімділігін жетілдіруіміз қажет. Осындай тиімділікті арттыру барысында салық саясаты өте тұрақты болуы тиіс.
Қазіргі таңда, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда салық төлеуден (табысына салынатын салықтан) жалтару етек алуда. Салық қылмыстарының өсуіне жол бермеу барысында мемлекет өндірушілердің іскерлік белсенділігін түсірмейтіндей етіп, тиімді салық деңгейін белгілеуі қажет.
21)Кәсіпорынның негізгі капиталы
Негізгі капитал - бұл негізгі қорды ұзақ уақыт атқарылатын материалдық құндылық бар ретінде бағалау.
Негізгі қордың құрамын жіктегенде екі бөлікке бөлінеді:
өндірістік;
өндірістік емес;
Өндірістік негізгі қорға:
өнеркәсіп;
құрылыс;
ауыл шаруашылығы;
көлік құралдары;
байланыс, сауда;
басқа да материалдық салалар жатады.
Өндірістік емес негізгі қорға:
тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық;
денсаулық сақтау;
білім беру;
мәдениет және т.б. қатысты.
Негізгі қор натуралдық заттық белгілеріне қарай:
ғимарат;
құрылыс;
техника күштері және құрал-жабдықтар;
көлік құралдары;
аспап;
өндіріс,
шаруашылық мүлкі;
жұмыс малдары;
көп жылдық көшеттер деп бөлінеді.
Негізгі қор өндірістік процеске қатысуына қарай екі топқа бөлінеді:
актив;
пассив;
Актив бөлігі (машина, құрал-жабдық) өндіріске, өнімнің (қызмет, жұмыс) саны мен сапасына тікелей әсер етеді.
Пассивті бөлігі негізгі қордың ғимарат, құрылыс жөне өндірістік процеске қажетті жақтарын құрайды.
Кәсіпорын негізгі өндірістік қорлар бойынша шаруашылық айналымын жүргізу үшін мынадай сатылардан тұрады:
негізгі қордың тозуы;
амортизация;
негізгі корды толық қалпына келтіру үшін жинақталған қаражаттар\
капитал салымдарын жүзеге асыру жолдары.
Кез-келген негізгі қордың объектілері табиғи және сапалық жағынан тозады.
Негізгі қордың табиғи тозуы - олардың өндірістік тұтыну барысында және табиғат күшінің әсерінен тұтыну құнын бірте-бірте жоюы. Табиғи тозған негізгі қорларды біртіндеп жөндеу, қайта құру немесе жаңалау жұмыстары арқылы бұрынғы қалпына келтіруге болады.
Негізгі қордың сапалық тозуы — қор түрлерінің конструкциясы, өнімділігі, үнемділігі, сапалы өнімдер шығаруы жағынан жаңа үлгіден кейін қалуы. Демек, экономикасы дамыған елдерде негізгі қорды ауыстыруда сапалық тозу қажеттілік ретінде басты айқындаушы фактор болып табылады.
Кәсіпорынның және басқа да әр түрлі салалардың негізгі қор құрылымы мынадай факторлармен анықталады:
өндірілген өнімнің көлемі мен сипаты,
өндірістің техникалық деңгейі,
мамандандыру және т.б.
Амортизация - негізгі қорлардың құнын олардың көмегімен өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер есебінен біртіндеп толтыру.
Негізгі қор өндірістік процесте:
натуралды;
ақшалай нысанда зерделенеді.
Натуралды нысандағы құралдардың есебі:
негізгі қорлардың техникалық құрамын;
кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын;
құрал-жабдықтарды пайдалану дәрежесін;
басқа да мақсаттарды анықтау үшін қажеттілік.
Негізгі қордың ақшалай нысандағы есебі:
негізгі қордың жалпы мөлшерін, динамикасын, құрылымын;
амортизациялық аударымдардың есебін;
дайын өнімді тасымалдау құнын;
капитал салымдарының жөне инвестицияның экономикалық тиімділігін анықтайтын қажеттілік.
