- •1)Кәсіпкерлік:экономикалық мазмұны, белгілері, түрлері
- •2)Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
- •4)Делдалдық кәсіпкерліктің түрлері
- •5)Құнды қағаздар түрлері
- •6)Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнесті жоспарлау
- •9)Бизнесті жоспарлаудағы негізгі қателіктер және оларды жою жолдары
- •10)Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер
- •11)Кәсіпкерлік тәуекелдер:түсінігі,түтүрлері,жіктелуі
- •13)Кәсіпкерлік тәуекелдерді басқару
- •16) Қаржылық ресурстарды жоспарлау
- •17) Кәсіпорынның қаржысын басқару жүйесі
- •18)Кәсіпкерліктегі лизингтік операциялар
- •20) Кәсіпорынның негізгі және айналым капиталы, Кәсіпорында салық салу жүйесі
- •22) Негізгі капиталдың тозуы Амортизация
- •23) Айналым капиталы оның құрамы және құрылымы
- •Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі[өңдеу]
- •28.Кәсіпкерлік ызметтің тиімділігін бағалау қағидалары және әдістері
- •37.Кәсіпкерлік қызмет инфрақұрылымының институттары. Шағын бизнес орталықтарының құрылуы мен қалыптасуы.
- •39.Мемлекеттің экономикаға араласуының қолайлы және қолайсыз жақтары
- •51. Кәсіпкерлік құпияның мәні.
- •52. Кәсіпкерлік құпияны қорғау жүйесі
- •53. Инновациялық өнімді коммерцилизациялау процесі
- •54. Инновациялық кәсіпкерлік және оның мәні
- •55. Инновациялық өнім түсінігі және инновациялық кәсіпорындар
- •56. Жаңалыққа патент алу шарттары
- •60. Кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру
- •61. Кәсіпкерлік қызметтегі әріптестік байланыстар
- •62. Кәсіпкерлік мәмілелер және түрлері
- •64)Кәсіпкерліктегі делдалдардың рөлі
- •67) Кәсіпкерлік қызметпен байланысты құқық бұзушылықтардың ішінен жиі кездесетін әкімшілік құқық бұзушылықтарға мыналар жатады:
10)Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер
Экономикалық ортаның өзгеруі мен шаруашылық жүргізу жағдайлардың белгісіздік
жағдайына байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру қандай да бір тәуекелмен
байланысты. Соған қатысты күтілетін шекті нәтижеге қол жеткізе алмау қаупі пайда болады.
Нарықтық қатынастар аясында экономикалық еркіндік шегінде кәсіпкердің мінез-құлқы
бәсекелік стратегия арқылы көрінеді. Бұл жағдайдың кәсіпкердің негізгі міндеті, нарықтағы
тауарлар мен қызметтерді іздеу мен өз орнын табу ғана емес, сонымен қатар, нарықтан
оппонентті шығарғысы келетін кәсіпкер-бәсекелестердің іс-әрекетіне қарсы тұру болып
табылады. Сәйкесінше, аталған жағдай өндірістік-шаруашылық қызмет барысындағы әр түрлі
шығындармен қоса, тәуекел кәсіпорынның қаржылық және коммерциялық операциялардың
ажырамас бөлігіне айналады. Сондықтан тәуекелді көре біліп, оны минималды мүмкін деңгейге
дейін төмендетуге ұмтылу қажет.
Кәсіпорын өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыра отырып, өнім өндіру, сату,
және сатып алу барысында туындайтын тәуекелдерді, тәуекел шығындарының орнын толтыру
ғана емес, сонымен қатар зиянның алдын алу мақсаты бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуі
тиіс.
Кәсіпкерлік тәуекел – __________кәсіпорынның мүмкіндіктерінің әлуетінен шыға отырып күтілген
табыс мөлшерін ала алмау немесе пайда болуы мүмкін қауіптің әсерінен болатын ресурстарды
жоғалту ықтималдығы.
Тәуекелдердің жіктемесін әр түрлі ерекшеліктері бойынша жасалады:
пайда болу себептері бойынша;
кәсіпкерлік салалары мен функционалды түрлері бойынша;
сақтандыру мүмкіндігі, жіберілу деңгейі бойынша және т.б.
Әрбір нақты жағдайда қойылған мақсатқа байланысты қандай да бір жіктеме
қолданылады. Кәсіпкерлік тәуекелдің жіктелуі келесі кестеде көрсетілген.
Өндірістік тәуекел өндірістік қызметтің кез-келген түрлерін жүзеге асырумен, өнімді,
тауарлар мен қызметтерді өндірумен байланысты. Өндірістік тәуекелдің негізгі себептері болып
өндірістің әр түрлі себептерден тоқтауы, өндірістік қорлардың істен шығуы, айналым
құралдарының жойылуы, құрал-жабдықты, шикізатты уақытысында жеткізбеу және т.б.; өнім
өндіруші және тұтынушы арасындағы келісімшарт өз міндеттемелерін орындай алмаумен
байланысты туындайтын өндірістік тәуекел.
Қаржылық тәуекел кәсіпкердің банктермен және басқа қаржылық институттармен
қарым-қатынастар аясында пайда болады. Қаржылық тәуекелдің себептері болып қарыз және
меншікті қаражаттардың арақатынасының жоғары алшақтығы, кредиторларға тәуелділік,
капиталдардың пассивтілігі, бір жобаға үлкен қаражаттарды орынсыз жұмсау. Қаржылық
тәуекел фирма қызметін қаржыландыру үшін қарыз алу нәтижесінде фирманың өз қаржылық
міндеттемелерін орындай алмау мүмкіндігімен байланысты.
Коммерциялық тәуекел кәсіпкермен өндірілген немесе сатып алынған тауарлар мен
қызметтерді өткізу үрдісінде пайда болады. Коммерциялық тәуекелдің себептері болып нарық
конъюктурасында, коммерциялық қызмет жүргізу барысында күтпеген өзгерістердің болуы.
Өзінің қызмет етуі барысында кәсіпкерлік фирмалар кезігетін тәуекелдердің белгілі бір
түрлері бар. Олар:
- заңды тәуекел заңнамалық актілердің төмен сапасымен және заңнамадағы күтілмеген
өзгерістерге байланысты;
- инвестициялық тәуекел техникалық-экономикалық негіздемелерді сапасыз өңдеумен,
жоба құнының күрт өсуімен, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың күшеюімен
негізделеді. Сонымен қатар, жеке меншік сатып алынған бағалы қағаздардан туындайтын
инвестициялық-қаржылық портфельдің құнсыздануымен байланысты;
- нарықтық тәуекел валюталардың ұлттық ақша бірлігінің курсына, нарықтық пайыздық
ставкаларының өзгеруіне байланысты;
- сақтандыру тәуекелі сақтандыру қорын қалыптастырумен, басқарумен, сонымен қатар,
меншікті мүлікті, ақшалай қаражаттарды және персоналды басқарумен байланысты;
- инновациялық тәуекел осы аядағы белгісіздікпен (идеяны жасап шығарудан бастап,
оны өнім өндіруге немесе жаңа технологияны өндіріске енгізе отырып, өнімді нарыққа өткізуге
дейін) байланысты.
Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелінен болатын шығындары, материалдық, еңбек,
қаржылық, уақыт және арнайы шығын деген түрлерге бөлінеді.
Материалдық шығындар – бұл жобамен қарастырылмаған натуралды сипаттағы
материалдық объектілердің тікелей шығындары (үйлер, ғимараттар, өнім, жартылай шикізаттар,
материалдар, құраушы бөліктер).
Еңбек шығындары – кездейсоқ немесе күтпеген жағдайлардан туындаған жұмыс
уақытының шығыны; техникалық орындауға кететін уақыт нормаларды қолдану (өлшем бірлігі
«адам-сағат» немесе «адам-күн»).
Қаржылық шығындар – тікелей ақшалай зиян (кәсіпкерлік жобамен қарастырылған
төлемдер, айыппұлдар, мерзімі өтіп кеткен несиелер үшін төлемдер, қосымша салықтар,
ақшалай қаражаттардың немесе бағалы қағаздардың жоғалуы). Олар жобамен қарастырылған
көздерден, қарызды әр түрлі себептерден ала алмау нәтижесінен болуы мүмкін.
Уақыт шығындары кәсіпкерлік қызмет үрдісі жобамен қарастырылған мерзімінен баяу
жүрген жағдайда (сағаттармен, тәуліктермен, айлармен өлшенеді) пайда болады.
Шығындардың арнайы түрлеріне келесілерді жатқызуға болады: адамдардың өмірі мен
денсаулығына, қоршаған ортаға, кәсіпкер беделіне зиян келтіру және басқа да қолайсыз
әлеуметтік және моральдік-психологиялық факторлармен байланысты шығындарды жатқызуға
болады. Шығындардың арнайы түрлерінің ерекше тобына – саяси сипаттағы факторлардың
күтпеген әсерінен болатын шығындарды жатқызуға болады. Олар адамдардың қалыптасқан
экономикалық жағдайына түсінбеушілік енгізеді, өндірістік-шаруашылық қызметтің ырғағын
бұзады, шығындардың өсуіне және табыстардың төмендеуіне әкеледі.__
10)Кез-келген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлер міндетті түрде тәуекелдерге барады. Себебі, жалпы экономиканы басқарудың барлық деңгейінде белгілі-бір шешімдерді қабылдау процесі соңғы нәтижелердің белгісізділік жағдайында іске асырылатыны белгілі. Соған байланысты кәсіпкерлік қызметтің кез-келген түрін жүзеге асыру әртүрлі тәуекелдермен тығыз байланысты деп айта аламыз. Экономикалық тұрғыдан алып қарағанда тәуекел – бұл «жоғалту қауіпі», «жоғалту ықтималдылығы» деп түсіндіріледі. Сондықтан да күнделікті өмірде тәуекелді әртүрлі материалдық және моралдық шығындардың пайда болуына әкелетін кейбір қолайсыз жағдайлардың пайда болу ықтималдылығы деп қарастыруға болады.
