Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
касипкерлик емтиханкатя.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
216 Кб
Скачать
☆

51. Кәсіпкерлік құпияның мәні.

Кәсіпкерлік құпия – бұл таралуы зиян келтіретін кәсіпорынның қызметі туралы мәліметтерді құпиялауға (мәліметтерді пайдалануға шектеу қою) кәсіпорынның, кәсіпкердің заңмен қорғалатын құқығы. Кәсіпорын мен кәсіпкерлер таралуы олардың нарықтағы позициясын әлсірететін және бәсекелестері үшін қызығушылық тудыратын, өз қызметінің барлық жақтары туралы ақпаратты құпияда ұстауға құқықтары бар.

Кәсіпкерлік құпия – бұл ең алдымен өндірістік құпия, ғылыми-зерттеушілік, жобалық-конструкторлық, технологиялық зерттеулердің, қосалқы міндеттердің жеке шешімдері және нақты өндіріс үрдісінде пайда болатын нәтижелер. Ол өндірістің техникасы мен технологиясы, жобаланып және өндіріске дайындалып жатқан өнімнің жаңа түрлері, олардың өзіндік құны мен болжамдық бағасы, өндірісті ұйымдастыру және т.б. туралы ақпарат болуы мүмкін. Сонымен қатар нақты өндірістік үрдістердің басқару әдістеріне қатысты арнайы техникалық шешімдер де болуы мүмкін. Құпияның коммерциялық мәні мәмілеге қатысушылардың оны дайындауымен және жүзеге асыруымен тікелей байланысты.

Ірі кәсіпорындар ақпараттың таралып кетпеуін, яғни бәсекелестерге қандай да бір артықшылықтар беретін немесе оларға өткізу мен табыс алудың көзі болуға айналатын кәсіпорынның ғылыми-техникалық, коммерциялық, өндірістік қызметтері мен бөлімшелерінің қызмет ету нәтижелерін қайтарымсыз түрде қолдануға мүмкіндік беретін жағдайлардың алдын алу мақсатында сақтық шаралар жүзеге асырылады.

Ақпарат нарықтық экономикада тауар болып табылады. Сондықттан да оны алу, сақтау, беру, пайдалану нарықтық экономика заңдарына бағынуы керек.

Коммерциялық құпия кәсіпорын меншігі болып табылады. Оның мақсаты – бәсекелік күресте кәсіпорынға экономикалық артықшылықтарды қамтамасыз етіп отыру. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпараттар бірқатар талаптарға жауап беруі керек.

Ақпаратты ашық қолдану кәсіпорын үшін зиянмен байланысты.

Ақпарат заңдық негіздік тұрғыдан жалпыға белгілі және жалпыға қолжетімді болып табылмайды.

Кәсіпорын экономикалық және басқа да тиімділікті қамтмасыз ету үшін құпиялылықты сақтау бойынша қажетті шараларды жүзеге асырады.

Ақпарат қорғауды қажет етеді.

Бұл мәліметтерді құпияда ұстау кәсіпорынға зиян тигізбейді.

Экономикалық жүйеде нарықтық механизмдерінің қалыптасуы коммерциялық құпияның құқықты негізінің қалыптасуын қажет етеді. Ол кәсіпорынды және ұйымды әділетсіз бәсекелестерден қорғау, интеллектуалды қызмет өнімдерін, яғни өнертабыстарды, инновацияларды, компьютерлік бағдарламаларды, басқарушылық шешімдерді қайтарымсыз қолдануды болдырмау мақсатынан туындайды.

Заңнамаға сәйкес кәсіпорынның коммерциялық құпиясын құрайтын ақпаратты мемлекеттік органдарға бермеуге құқығы бар. Коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер тізбегі кәсіпорын басшысымен анықталады.

Коммерциялық құпия келесідей ақпараттардан тұрады:

кәсіпорынның сауда қатынастары;

қаражаттар айналымын ұйымдастыру мен олардың мөлшері;

өткізу нарықтарының жағдайы;

банктік операциялар;

жабдықтаушылар мен тұтынушылар;

патенттердің мазмұны;

капиталдар құрылымы;

инвестициялар жоспарлары;

жасалған келісімшарттар;

тауарға деген бағалардың қалыптасуы;

табыс мөлшерлері мен өндіріс көлемдері.

Өндірістік құпия келесідей ақпараттардан тұрады:

өндіріс пен технология тәсілдері;

еңбекті ұйымдастыру;

техникалық жаңалықтар мен өнертабыстар;

зерттеу жұмыстарының мақсаты мен сипаты.

Іскерлік ақпарат мыналарға қатысты:

кәсіпорын қаржылары (қаржылық есептілік, клиенттермен есеп айырысу жағдайы, қарыз, несиелер, төлем қабілеттілік, табыс, өнімнің өзіндік құны);

өндірісті дамытудың стратегиялық және тактикалық жоспарлары, оның ішінде жаңа технологияларды, өнертабыстарды, ноу-хауды пайдалану;

өнімді өткізу жоспарлары мен көлемдері (маркетинг жоспарлары, сауда операцияларының сипаты мен көлемі, бағалар деңгейі, қойма қорлары);

өз өнімінің бәсекеге қабілеттілігін, экспорт пен импорт тиімділігін, нарыққа шығудың болжамды мерзімін талдау мәліметтері;

жарнама қызметінің жоспарлары;

сауда және басқа клиенттердің, делдалдардың, бәсекелестердің тізімі, олармен өзара қатынас туралы, қаржылық жағдайы туралы, келісімшарттардың шарттары туралы мәліметтер;

басқару әдістері мен ұйымдастыру;

кәсіпорын персоналының беделі мен сипатын бағалауы;

еңбекті ұйымдастыру жүйелері.