- •1)Кәсіпкерлік:экономикалық мазмұны, белгілері, түрлері
- •2)Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
- •4)Делдалдық кәсіпкерліктің түрлері
- •5)Құнды қағаздар түрлері
- •6)Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнесті жоспарлау
- •9)Бизнесті жоспарлаудағы негізгі қателіктер және оларды жою жолдары
- •10)Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер
- •11)Кәсіпкерлік тәуекелдер:түсінігі,түтүрлері,жіктелуі
- •13)Кәсіпкерлік тәуекелдерді басқару
- •16) Қаржылық ресурстарды жоспарлау
- •17) Кәсіпорынның қаржысын басқару жүйесі
- •18)Кәсіпкерліктегі лизингтік операциялар
- •20) Кәсіпорынның негізгі және айналым капиталы, Кәсіпорында салық салу жүйесі
- •22) Негізгі капиталдың тозуы Амортизация
- •23) Айналым капиталы оның құрамы және құрылымы
- •Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі[өңдеу]
- •28.Кәсіпкерлік ызметтің тиімділігін бағалау қағидалары және әдістері
- •37.Кәсіпкерлік қызмет инфрақұрылымының институттары. Шағын бизнес орталықтарының құрылуы мен қалыптасуы.
- •39.Мемлекеттің экономикаға араласуының қолайлы және қолайсыз жақтары
- •51. Кәсіпкерлік құпияның мәні.
- •52. Кәсіпкерлік құпияны қорғау жүйесі
- •53. Инновациялық өнімді коммерцилизациялау процесі
- •54. Инновациялық кәсіпкерлік және оның мәні
- •55. Инновациялық өнім түсінігі және инновациялық кәсіпорындар
- •56. Жаңалыққа патент алу шарттары
- •60. Кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру
- •61. Кәсіпкерлік қызметтегі әріптестік байланыстар
- •62. Кәсіпкерлік мәмілелер және түрлері
- •64)Кәсіпкерліктегі делдалдардың рөлі
- •67) Кәсіпкерлік қызметпен байланысты құқық бұзушылықтардың ішінен жиі кездесетін әкімшілік құқық бұзушылықтарға мыналар жатады:
67) Кәсіпкерлік қызметпен байланысты құқық бұзушылықтардың ішінен жиі кездесетін әкімшілік құқық бұзушылықтарға мыналар жатады:
белгілі бір тәртіпте бекітілген жобалық құжатсыз, сараптаманы өткізусіз немесе құрылыс жұмыстары құқығына рұқсат алмай объектілерді тұрғызу және қайта құру жағдайлары бойынша құрылыс, құрылыс-монтажды, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, тұрғын үйлерді қайта жабдықтау мен қайта жобалау;
белгілі бір тәртіпте іске қосылмаған объектілер мен кешендерді іске қосу;
қоршаған ортаны қорғау бойынша экологиялық талаптарды бұзу және жерді дұрыс пайдаланбау;
ҚР шетелдік жұмыс күшін тарту мен пайдалану ережелерін бұзу.
Дара кәсіпкерлер лауазымды тұлғалар ретінде әкімшілік жауапкершілікте болады. Кодекс тарауларында занды тұлғаның жауапкершілігі қарастырылған жағдайда - дара кәсіпкерлер заңды тұлға ретінде жауапкершілікте болады.
Құқық бұзушылық үшін жауапкершілік бестен екі мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш есебіндегі айыппұл түрінде, ал кейбір жағдайларда тіпті одан да жоғары көлемде қарастырылған.
68) Міндеттеме деп азаматтық заңнамада бір тұлға (борышкер) екінші тұлғаның (кредитор) пайдасына қатысты белгілі бір іс-әрекет жасауға деген құқық қабілеттілігін түсінеді. Мысалы, бір тұлғаның (борышкердің): мүлікті беру, жұмысты орындап, қарызды төлеу және т.б. немесе белгілі бір іс-әрекетті жасамау қабілеті, ал кредитордың борышкерден өз міндеттемелерін орындауды талап етуге құқығының бар болуы.
Міндеттемелер заң талаптары мен оның шарттарына, басқа да құқықтық актілерге сәйкес орындалуы қажет. Ал олар болмаған жағдайда - іскерлік айналым дәстүрлеріне және басқа да қойылатын талаптарға сәйкес орындалуы керек. Іскерлік айналым дәстүрлер қандай да бір құжатта тіркелмеген, заңмен қарастырылмаған кәсіпкерлік қызметтің қандай да бір аясындағы қалыптасқан және кеңінен қолданылатын мінез-құлық ережесі болып танылады. Заңнамаға немесе келісімшарт ережелеріне қарама-қайшы қатысушылардың міндеттемелері өз кезегінде іскерлік айналым жүйесіне жатпайды.
Міндеттемелердің пайда болу негіздері:
Заңмен қарастырылған келісімшарт пен басқа да мәмілелерден, сонымен қатар заңда қарастырылмаған, бірақ оған қайшы келмейтін мәмілелерден.
Заңнама күшіне қатысты азаматтық-құқықтық салдарды туғызатын әкімшілік актілерден.
Заңнамалық актілермен тыйым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау мен сатып алу нәтижесінде.
Азаматтъщ құқықтар мен міндеттерді орнатқаи сот шешімімен.
Өнертабыстарды, өнеркәсіптік үлгілерді, ғылым, әдебиет және өнер туындылары салдарынан туындайтын және интеллектуалды қызметтің басқа да нәтижелерінен.
Басқа тұлғаға залал тигізу салдарынан.
Басқа тұлға есебінен мүлікті негізсіз сақтау немесе сатып алу (негізсіз баюы).
Азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа да іс-әрекеттерінің салдарынан.
Азаматтық-құқықтық салдардың пайда болуына байланысты заңнамалың жағдайлар салдарынан.
Міндеттемені тоқтату негіздері:
■ дұрыс орындау;
■ борышты кешіру;
■ бас тарту;
■ орындау мүмкіндігінің болмауы;
■ есепке алу;
■ мемлекеттік орган актісі;
■ кредитор мен борышкер бір тұлға болған жағдайда;
■ азаматтың қайтыс болуы;
■ міндеттемені жаңарту;
■ заңды тұлғаның жойылуы;
■ заңнамамен және келісімшартпен міндеттемелерді тоқтатудың басқа да негіздері болуы мүмкін.
ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес міндеттемелерді орындау тәсілдері болып табылады:
айыппұл;
кепіл;
борышкер мүлкін ұстап қалу;
кепілгер болу;
банктік кепілдеме;
кәсіпкерлер өз міндеттемелерін қамтамасыз етудің алуан түрлі тәсілдерін пайдаланады. Олар:
жауапкершіліктен босату негіздері:
құқық бұзушылық құрамының жоқтығы;
жеңе алмайтын күш (форс-мажор);
сұрау мерзімінің өтіп кетуі;
ақшалай міндеттеме бойынша борышкер төлеу мерзімі етіп кеткені үшін сыйақы (мүдде) төлеуге міндетті емес.
69) Қайта ұйымдастыру - бұл заңды түлғалардың мұрагерлік қатынастарына әкелетін заңды тұлғаның мүлкі мен істерін таратпай-ақ құқықтық жағдайын өзгерту.
Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру қызмет етуді тоқтату тәсілі болып табылады. Ол келесідей нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін:
бірігу;
қосылу;
бөліну;
бөлініп шығу;
қайта өзгеру.
Қайта ұйымдастыру құзіретті құрылтай құжаттары бар заңды тұлға органымен немесе оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) шешімі бойынша өткізілуі мүмкін. Іс жүзіндегі пайдаланып жүрген заңнамамен қайта құрылатын заңды түлғаның құқықтары мен міндеттері жаңадан пайда болатын заңды тұлғаға келесідей тәртіпте беріледі деп бекітілген:
қайта құрылу, бірігу мен қосылу кезінде - беру актісіне сәйкес;
бөліну және бөлініп шығу кезінде - бөліну балансына сәйкес.
Ұйымдардың бірігуі деп бір немесе бірнеше ұйымдардың барлық құқықтары мен міндеттерін беру жолымен немесе олардың қызметін тоқтату арқылы жаңа ұйымның пайда болуын айтады. Ұйымдардың бірігуі кезінде олардың әрқайсысының барлық құқықтары мен міндеттері жаңа құрылған ұйымға беру актісі бойынша өтеді.
Ұйымдардың қосылуы деп басқа ұйымға барлық құқықтары мен міндеттерін бере отырып бір немесе бірнеше ұйымдардың өз қызметтерін тоқтатуын айтады.
Ұйымның бөлінуі деп қайта құрылатын ұйымдарға барлық құқықтары мен міндеттерін беру жолымен, ұйымның қызметін тоқтатуын айтады.
Ұйымның бөлініп шығуы деп қызметін тоқтатпай, қайта ұйымдастырылатын ұйымның құқықтары мен міндеттерінің бір белігін беру жолымен бір немесе бірнеше ұйымдардың құрылуын айтады.
Ұйымның қайта өзгеруі деп заңды тұлғалардың жеке ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары туралы ҚР АК ережелеріне сәйкес бір ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаның басқасына айналуын айтады.
Беру актісі келесідей ақпараттарды қамтығаны жөн:
қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның және құқықтық мұрагердің аталуы мен ұйымдық-құқықтық нысаны;
мерзімі мен қайта ұйымдастырудың ұйымдық нысаны;
қайта құрылатын құқықтық тұлғаның, оны қайта құру мерзіміндегі активтері мен пассивтерінің баланстық сомасы және оның бөлімдері бойынша таңдамасы;
алынатын бухгалтерлік есеп нысандарының және басқа да құжаттардың тізімі; дебиторлық және кредиторлық борыш бойынша аналитикалық мәліметтер; кәсіпорынның есептік саясаты бойынша бұйрығы, салыстыру ведомостары, түгендеу құжаттары және т.б.
Бухгалтерлік баланстың типтік нысаны бойынша құрастырылатын бөліну балансы, бұрын жұмыс істеген заңды тұлғаның жалпы балансы мен барлық жаңа тұлғалардың баланыстарынан тұрады.
Егер де заңнамалық актілермен немесе қайта құру туралы шешіммен басқаша жағдайлар қарастырылмаса, мүліктік құқықтар мен міндеттемелер құқықтық мұрагерге тіркеу кезінде өтеді. Қайта құру үрдісінде маңызды жағдайлардың бірі қайта құрылатын заңды тұлғаның барлық несие берушілерді уақытылы жазбаша ескертуі болып табылады.
Жеке түрде заңды тұлғаларды қайта құру үрдістері толығырақ түрде арнайы нормативтік актілерде қарастырылады.
Қайта ұйымдастыру ерікті немесе мәжбүрлі түрде жүргізілуі мүмкін.
Беру актісі мен бөліну балансында келесідей мәліметтер қарастырылуы қажет:
қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның аталуы, ұйымдық-құқықтық нысаны;
қайта құрылатын заңды тұлғаның барлық несие берушілер мен борышкерлерге қатысты міндеттемелері және тараптардың талас тудыратын міндеттемелерін қоса алғандағы құқықтық мұрагерлік ережелері;
заңды тұлға мүлкінің иесімен немесе қайта құрылу туралы шешім қабылдаған органмен бекітіледі;
қайта құрылған заңды түлғалардың құрылтай құжаттары тіркеу үшін немесе жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілген жағдайда олар әділет органдарына міндетті түрде тіркелуі керек.
70)Тарату - төлем қабілетсіз борышкердің қызметін тоқтату үшін, заңды тұлғаның міндеттері мен құқығының басқа құқықтық мұрагерлік тұлғаға өтпейтін, сот шешімі бойынша жүзеге асырылатын рәсім. ҚР АК заңды тұлғаны тарату тәртібінің екі тәсілін қарастырады: қарапайым және мәжбүрлі
Тіркеу органына таратуды тіркеу үшін келесідей құжаттар ұсынылады:
бекітілген нысан бойынша таратуды тіркеу туралы өтініш (мемлекеттің үлестік қатысуы бар ұйым үшін - реестр-ұстаушының белгісі бар өтініш);
заңды тұлғаны тарату туралы шешім (соттың, құзіретті органның, заңды тұлға мүлкінің иесінің және т.б шешімі);
• құрылтай құжаттарының және статистикалық карточканың түпнұсқалары;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы;
таратуды тіркеу үшш алынған алымды төлегені үшін төлем құжатының түбіртегі немесе көшірмесі;
заңды тулғаны тарату туралы және несие берушілер өтініштерінің мерзімі мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауды дәлелдейтін құжат
тарату балансы;
заңды тұлға мөрімен бекітілген тарату баланстары мен аралық тарату баланстарын бекіту туралы, заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдаған органның немесе заңды тұлға мүлкі иесінің шешімі;
жоюға деген заңды тұлға мөрін қабылдау туралы ішкі істер органы анықтамасының түбіртегі;
бюджет алдында қарыздарының жоқтығы туралы салық органдарының анықтамасы;
кедендік төлемдер мен аяқталмаған сыртқы сауда мәмілелері бойынша қарыздарының жоқтығы туралы кедендік органдардың анықтамасы;
акциялар шығаруды жою туралы құзіретті органның ескертуі (акционерлік қоғамдар үшін).
71) Кәсіпорындардың (ұйымдардың) банкроттық механизмі Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады, ол арнайы процедураларды өткізу, төлем қабілетсіз борышкерді сауықтыру, заңды тұлғаны банкрот деп тану мен оны тарату, сонымен қатар таратудың соттан тыс процедурасын өткізу тәртібі мен шарттарын анықтайды. қабілетін айтады.
Жалған банкроттық - несие берушілерге тиесілі төлемдердің немесе қарыздардан жеңілдіктердің уақытын создыру үшін, сәйкесінше қарыздарды төлемеу үшін жасалатын несие берушілерді шатыстыру мақсатында өзінің телем қабілетсіздігі туралы коммерциялық ұйым иесінің (дара кәсіпкер) немесе басшысының жалған түрде жариялауы.
Алдын ала ойластырылган банкроттық - коммерциялық ұйымның иесімен (дара кәсіпкермен) немесе басшымен жеке мүдделерді немесе басқа да мүдцелерді көздей отырып жасалған, ірі зиян тигізген төлем қабілетсіздікті әдейі құру немесе көбейту.
Нақты банкроттық пайдаланылатын капиталдың нақты жоғалтуларына байланысты кәсіпорынның болашақта өз қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін толық қалпына келтіре алмау қабілетімен сипатталады. Капитал жоғалтуларының апаттық деңгейі мұндай кәсіпорынға болашақ кезеңде тиімді шаруашылық қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді, соның салдарынан ол заңды түрде банкрот деп жарияланады.
Техникалық банкрот. Пайдаланылатын термин дебиторлық борышты төлеу мерзімінің біршама өтіп кетуінен болған кәсіпорынның төлем қабілетсіздік жағдайын сипаттайды
73) «Кәсіпкер» және «кәсіпкерлік мәдениет» түсініктері егіз ұғым. Себебі, кәсіпкер болатын адам кәсіпкерлік мәдениетті сақтауы тиіс. Яғни, іскерлік қарым-қатынас этикасын дұрыс ұстану керек. Кәсіпкердің шыншыл болуы - оның маңызды моральдық қасиеті болып табылады. Ол екіжүзділікке, өтірік айтуға, ырғақтарды жеке мақсаты, мансабы үшін өзгеше сипатта қарауға, түсінуге қарсы. Сонымен қатар кәсіпкерге өзіне шектен тыс сенімді болу, қызметтестеріне, бағыныштылары мен келушілерге шыдамсыздық көрсету - үлкен қателік. Қоғамдық пікірді есепке ала отырып, өз - өзіне жоғары талап қоя білу кәсіпкердің өзін - өзі ұдайы жетілдіру ғана емес, өзгелерден сондай жетілуді талап ету болып табылады. Талап қоя, сұрай білу де – кәсіпкердің кәсіптік имиджінің моральдық кодексінін талаптарының бірі. Талап ету - сенім блдірумен, сыйлаумен сабақтасып жатуы қажет.
Кәсіпкерге қажет бір қасиет - тыңдай білу. Тыңдай білу сөйлеушінің сөзін бөлмей мақұлдау ғана емес, оның ойына, сезіміне ортақтасу.. Моральдық сапа қасиеттерінің ішіндегі ең шынайысы – кәсіпкердің өз беделі. Беделдің жиналуы - өз ісін терең білуі мен қажымас еңбек, адалдық пен әділдік, қарапайымдылық пен байсалдылық, өзіне де, өзгелерге де талап қоя білушілік және парыз бен жауапкершіліктің дамыған деңгейі.
Кәсіпкер болу, бұл - адамдармен тең қарым - қатынаста болу, кез келген жағдайдан жол таба білу, өз сезімін басқара білу.
Және де кәсіпкерлік мәдениет ұғымын қозғаған кезде, біз іскерлік қарым-қатынастағы сөйлеу мәдениетін ұмытпағанымыз жөн.
1 – бағыт. Кәсіпкерлікті тәуекелдікпен байланыстырды. Бұл бағыттың негізін салушысы болып француз экономисі – Ричард Контильон болып саналады. Ол мынадай шешімге келеді: «Кәсіпкер болашақтағы мүмкіндіктерді болжап, өзіне табыс табу мақсатында мүмкіндіктерді жүзеге асырады. Сұраныс пен ұсыныс қатынасын ескере отырып, кәсіпкер тауарды арзан бағаға сатып алып, қымбат бағаға сатады».
2 – бағыт. Ж.Сей мен А.Маршалдың көзқарастарымен байланысты. Олардың ойынша өндірістік факторлардың бірі рационалдық комбинацияны жүзеге асыру және қалыпты кәсіпкерлік табыс табу.
3 – бағыт. Кәсіпкерлік теориясын құрудағы негізгісі мен перспективалық бағыт. Бұл бағыттың негізін салушы Шумпетер. Егер шаруашылық субъектілері жаңа комбинацияны жүзеге асырмаса, ол кәсіпкер болып саналмайды. Кәсіпкерлік функцияларын мынадай адам ғана жүзеге асыра алады. Егер ол сезімтал, инновациялық өзгерістерге икемді адам болса, жаңалықты таба білетін, оның нәтижесін тиімді қолдана білетін тұлға.
4 – бағыт. Бұл бағыттың негізін салушылар П.Дюркер, В.Санто. Олар кәсіпкерлікті менеджментпен тығыз байланыстырды. Кәсіпкерлік пен менеджмент бірін-бірі толықтырып тұрады және құрамдас бөлігі болып табылады. Менеджмент көбінесе кәсіпорынның қызмет көрсету саласына көп көңіл бөледі және кәсіпкерліктің басқару стилін нығайтады.
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мәдениетінің 10 негізгі белгісін бөліп көрсетуге болады:
мәдениет әлеуметтік болып табылады, өйткені оның қалыптасуына фирма қызметкерлерінің басым бөлігі әсер етеді;
ұжым мүшелерінің мінез-құлқын реттейді;
адамдар құрады;
барлық қызметкерлер қабылдайды;
дәстүрлерді ұстануға негізделген;
танымды сипатқа ие болады;
өзгеруге бейім;
көпқырлы, яғни оны қандай да бір тәсіл арқылы ғана тану мүмкін емес;
сезілетін және сезілмейтін;
тұрақты даму үстінде болады.
Кәсіпкерлік мәдениет келесідей функцияларды атқарады:
коммуникативті-интегративті – әлеуметтік-экономикалық ортада төселуді және тұрақтылықты қамтамасыз етеді;
консервативті – кәсіпкерлік еңбектің дәстүрлі үлгілерін қайта жаңғырту есебінен, сыртқы қарама-қайшылықтарға төзімділік пен ішкі тұрақтылық күштерін құрайды;
инновациялық – өзгермелі жағдайға дұрыс бейімделген жаңа үлгілерді қалыптастырады;
трансляциялық – ақпаратты берумен айналысады;
мақсатты – құндылықтарды, үлгілерді қалыптастырады;
бағалаушы – іс-әрекеттерді бағалау әдістері мен көрсеткіштерін құрастырады.
Кәсіпкерлік мәдениеттің басты функциясы – құндылықтардың алуан түрлі типтері мен нысандарын сақтап қалу, ұдайы шығарып отыру және оларды болашақ ұрпақтарға табыс ету.
Бүгінгі таңда кәсіпкер деп, иелігінде қажетті құралдары бар пайдалы жұмысты ұйымдастырушы адамды айтады. Бұлардың қатарына жататындар – шағын кәсіпорындардың иесі, акционерлік қоғамның басқарушысы, кооперативтің жетекшісі және шаруашылық бірлестіктерінің менеджерлері немесе жалдамалы басшы. Және бұлардың барлығын кәсіпкер ететін ортақ ұғым – іскерлік қарым-қатынас этикасын, ұлттық кәсіпкерлік мәдениет деңгейін сақтау болып табылады.
74) Келіссөздердің стратегиясы мен тактикасын дамытудағы ең қарқынды ол ойын теориясы болып табылады, ол теорияны тәжірибелі саясаткерлер емес, ғалымдар жасап шығарған. Ойын теориясын ХХғ. ортасында американдықтар жасап шығарған, олар: венгерден шыққан математик Дж.Нейман және экономист О. Моргенштерн. Кейінірек оны келіссөздер теоретигі американдық ғалым Х. Райфф, А. Рапопорт және Т. Шеллинг қолдана бастады.
Бірақ, ойын теориясын нақты келіссөздік жағдайларда қолдану мәселесі өте күрделі, себебі, теорияға сәйкес әрекет ететін адам рационалды болып саналады. Сонымен қоса, ойын теориясы субъективтік жоспардың көптеген жоспарланбаған болжаусыз факторларын, яғни ақпаратты есепке алмауды, оны жасыруды, келіссөз жүргізушілердің мінез сипатын, олардың қақтығыстарын, т.б. есепке алмайды. Сонымен қоса, ойын теориясы келіссөз кезіндегі сайыс қатынасы мен серіктестік қатынасының арасындағы таңдау мәселесін нақты қалыптастыруға мүмкіндік береді, сондықтан, бұл теорияның дамуына кейінірек психологтар маңызды үлестерін қосты, олар сайыс пен серіктестіктің феномендерін, субъективті факторлардың әсерін, ақпарат ауысудың сапасын, келіссөз үрдісінде жеке қарым-қатынасты қолдану мүмкіндігін жеке жоспарда қарады.
Келіссөз ойынының моделін таңдауды анықтайтын төрт маңызды психологиялық фактор бөліп көрсетілді:
серіктестердің алдағы келіссөз туралы субъективтік ұсыныстары: пайдасыз дискуссия; келісімге келудің соңғы мүмкіндігі; жыл сайынғы ритуал; саяси қатынастағы бір қадам алға жылжу, т.б.;
серіктестердің өзара ставкалары, яғни, серіктестердің саяси дәрежесі мен ішкі ұстанымын есепке алып кейбір тәуекелге баруды ұсынуы;
жекелік фактор: мінез ерекшеліктері, жеке стилінің ерекшеліктері, психологиялық сипатының ерекшеліктері, өзара жақсы көрушілік пен жек көрушілік, компетенттік, т.б.;
коммуникация сапалары: өзін-өзі бекіту мәнері мен өзінің құндылық жүйесін қорғау, агрессивтілік, серіктестің пікірін тыңдау кезіндегі көңіл бөлу деңгейі, шыдамдылық, берілген көзқарастың түсініктілігі, талқылай білу қабілеттілігі, көндіре білу қабілеттілігі, өз пікірін айта білу білу қабілеттілігі.
Осы аталған төрт фактор келіссөз стратегиясын таңдау үшін шешуші болып табылады және келіссөз түрін анықтайды. Бұл факторлардың талдауы кезінде нақты келіссөз жағдайында бірден екі полюстің ерекшелігі шығады – қызығушылықтың келісімі және қарсы келуі, - интегративтік (серіктестік) және полемиялық (қақтығыстық) келіссөздерді анықтаушы.
Тығырыққа тірелуден шығуға тырысу Р. Фишер мен У. Юри келіссөздері бойынша Гарвард жобасы шеңберінде жасалған принципиалды келіссөздер әдісіне әкеліп соқты. Бұл әдістің мән-маңызы – мәселелерді шешу үшін олардың сапалық қасиеті негізінде, істің мән-жайына қарай екендігінде. Принципиалды келіссөздер әдісі істің мән-жайына қатаң келуді білдіреді, ал жұмсақ – келіссөзге қатысушыларға қатысты жағдайды білдіреді.
75) Имидж немесе бейне – кәсіпорын жөніндегі бір немесе бір топ адамдардың, қоғамның, тұтынушылардың т.с.с ой-тұжырымы. Ал бір ғана объект жөнінде бірнеше ой пікір болуы мүмкін және мекеме қоғамдық тұрғыдан қарағандағы өз бейнесіне риза болуы немесе оған байланысты проблемаларды аңғаруы мүмкін. Олай болған жағдайда ұйымнан өз қалауына қарай қажетті бейнені құрастыру және ол бейненің маркетинг жасаған жоспарға сәйкес бұрынғы бейнеден жаңашыл және жетілдірілген болуы талап етіледі.
«Имидж» ағылшын тiлiнен шыққан сөз. Яғни, бет бейне, түр-тұрпат немесе кескiндеме дегенді білдіреді. Белгiлi бiр кәсіпорынның тауар таңбасының нарықта және тұтынушылар арасында қалай бағаланып, қадірленуіне байланысты іс әрекеттер, осының барлығы имиджге жатады. Кәсіпорын өз беделін көтеру үшін атқарушы қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттырып, кешенді шараларды жүзеге асыруға ұмтылады. Сондай-ақ жұмыс тәсіліне баса назар аударады.
Қазіргі уақытта кәсіпкерлік саласында тартымды фирма имиджін қалыптастыру қызметі ерекше мәнге ие болуда. Тартымды имидж тұтынушылар санасында фирма туралы жағымды ақпараттарды
Фирма имиджінің міндеттері:
Фирма беделін жоғарылату, яғни фирмалық стиль жасау, ал фирмалық стиль – бұл компанияның жағымды имиджін қалыптастыруға атсалысатын және олардың тұтынушымен жарнамалық байланыстарының, серіктестердің сенімділігін арттыратын және компанияның нарықтағы беделін жоғарылататын визуалды идентификацияның кешендік жүйесі.
Тауарды жылжыту барысында әртүрлі іс-шаралардың және жарнаманың тиімділігін жоғарылату. Көбінесе тұтынушы беделі жоғары, танымал фирма тауарын қымбат болса да сатып алуға әрқашан дайын тұрады.
Фирманың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, нарықтағы өткір бәскелестік жағдайында бәсекеге қабілетті өнім шығару жеткіліксіз болып табылады, сондықтан өзіндік тартымды имидж қалыптастыру аса маңызды.
Имидж дайындау келесі кезеңдерді қамтиды:
мақсатты аудиторияны анықтау, оның жасын, уәждерін, қызығушылығын, табыс деңгейін, өмір сүру стилін және т.б. зерттеу;
-имидж тұжырымдамасын дайындау. Имидж тұжырымдамасы – бұл фирма мен оның тауарларына қатысты және де тұтынушыларға маңызды басты принциптер, уәждер және құндылықтар;
-тұтынушы санасына имиджі қалыптастыру, енгізу және бекіту үшін іс-шаралар жиынтығын дайындап, жүзеге асыру.
Фирма имиджінің құрылымы төмендегілерден құралады:
-тауар имиджі;
тауарды пайдаланатын тұтынушылар имиджі;
фирманың ішкі имиджі;
басшы имиджі;
-персонал имиджі;
-фирманынң визуалды имиджі;
фирманың әлеуметтік имиджі;
фирманың бизнес имиджі.
Қазіргі қоғам басшылардан тұлғалық қабілеті мен қасиетінен басқа, ғылым, мәдениет, ақпараттық және әлеуметтік технологиялардың жалпы дамуына сай жаңа арнаулы білім, білік пен дағдыны меңгеруін талап етеді.
Кәсіпорын мен тұлғаның табысы екі негізгі компоненттен қалыптасады:
кәсіпорын немесе нақты тұлға ұсынатын тауардың немесе қызметтің қажеттілігі;
нарықтағы басшының немесе компанияның беделі.
Қазіргі кезеңде мемлекет пен бизнес экономикадағы мәселелерді шешуде ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік саладағы мәселелерді шешу жолында да толыққанды мүдделес әріптес болуы керек. “Әлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан алып қарағанда мемлекет негізінен жолдың өзіне тиесілі бөлігін жүріп өтті, тұтасымен алғанда ол қызметін тиімді атқаруда. Ендігі кезек бизнестікі”, – деп атап көрсетті Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев және түрлі нысандағы кәсіпорындардың әлеуметтік саланы қолдауға ықыласын арттыру мақсатында өз Жарлығымен жыл сайын берілетін “Парыз” сыйлығын белгіледі.
