Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
касипкерлик емтиханкатя.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
216 Кб
Скачать
☆

Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі[өңдеу]

1995 жылдың 24 сәуірінде қабылданған ҚР Президентінің «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар жарлығы салық жүйесіне оңтайлы өзгерістер енгізді. Олардың қатарына қолданылып келген салықтар мен салықтар мен алымдар санының 46-дан 11-ге қысқартылуы, салық салу принциптерінің дүниежүзілік тәжірибеге сай өзгертілуі, халықаралық салық салу тәртібінің енгізілуі, салықтардың нышанына, белгілеріне қарай топталуы, сонымен қатар бұл құжаттың көптеген заңдармен тығыз байланыстылығы, салықтық әкімшіліктің жаңа ережелерінің енгізілуі салық жүйесіндегі басқа да түбегейлі өзгерістер жатады. Әрине мемлекттің нарықтық экономикалық қатынас талабына сай дамуы жағдайында салық жүйесінің бір орында, өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Алайда қысқа уақыт аралығында қабылданған шексіз өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі нәтижесі оның әлі де болса жетілмегендігін көрсетеді.

Бүгінгі күні республикада салық заңдарының барлық негізгі кемшіліктері ескерілген, әрі жетілдірілген жаңа Салық кодексі дайындалып, 2001 жылдың 12 маусымында қабылданды.

Уақыт ағымының әсеріне, заман талабына сай қабылданған Салық кодексінде келесідей мәселелерді шешуге басты назар аударылған.

Біріншіден , барлық шаруашылық субъектілеріне салықтандырудың тең жағдайын жасау.

Екіншіден , кейбір жекелеген категориядағы салық төлеушілерге берілген жеңілдіктерді жою арқылы салық жүктемесін жеңілдету.

Үшіншіден , салық заңдылығы жөніндегі барлық ережелер мен нормаларды тікелей қызмет ететін заң мөлшерінде біріктіру.

Төртіншіден, салық заңдылығының тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Әрине, салық заңдылығында өзгерістер мен толықтырулар болашақта да жүргізіліп отырылады. Өйткені экономикалық қарым-қатынастар бір орында тұрып қалмайды, ол жаңа даму сатысына көшкен сайын салық заңдылығының да сол экономикалық саясатқа сай өзгертіліп отыруы керек. Сондықтан өзгерістің енгізілуі де заңды. Бірақ, кодекс бойынша енді жаңадан енгізілген өзгерістер жылына бір рет енгізілуі тиіс. Енгізілген өзгерістер келесі жаңа жылдың басынан бастап күшіне енеді. Бұл ереже біржағынан салық төлеушілерге жаңа енгізулерге алдын ала дайындалып, операциялар мен қаржы шешімдерін жоспарлауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан салық қызметкерлерінің жұмысын жеделдетуге және жеңілдетуге көп әсерін тигізеді.

Салық кодексі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Ол салық салудың ойластырылған құқықтық негізін құрудың түпкілікті міндетін шешуге бағытталған.

Салықтар:

Корпорациялық табыс салығы

Жеке табыс салығы

Қосылған құнға салынатын салық

Акциздер

Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері

Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы

Әлеуметтік салық

Жер салығы

Көлік құралдарына салынатын салық

Мүлік салығы

ҚР жасалған келісім-шарттары бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі

26.Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау және талдау (27,28) Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау – ол кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын интегралды бағалауды білдіреді. Талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі: Өнім өндіру мен сатуды талдау; негізгі өндірістік қорларды талдау; кәсіпорынның материялдық ресурстарын талдау; кәсіпорынның ресурстарын талдау; өнімнің өзіндік құнын талдау; пайда мен табыстылық деңгейін талдау; кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау; Кәсіпорынның қаржылық жағдай деп өз қызметін қаржыландыру мүмкіншілігін айтамыз

Кәсіпкерлік қызметті талдау түрлері мен олардың құрылымы: жылдық (стратегиялық) және оперативтік, кешендік және тематикалық, жаппай және іріктеме.  Экономикалық тауардың негізгі мақсаттары мен міндеттері және кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметін бағалау.  Қызметтің қорытындыларын талдау – нақтылық және жоспарлық көрсеткіштерді салыстыру, жұмсалған қаражат пен нәтиже арасындағы байланыс тығыздығын бағалау.  Өндіріс шығындарын талдау – бәсекелестердің өндірістік шығындармен салыстыру.  Қызметтің тиімділігін талдау – кәсіпорынның түпкілікті нәтижелеріне ықпал ететін сыртқы ұйымдық – экономикалық нысандар және ішкі нарықтық жағдайлар.  Өткізу нарығындағы тауарды талдау.  Бәсекелестік сәттілікті талдау: өнім сапасы, нарықтағы үлесі, маркетингке жұмсалатын шығыс, кәсіпорын нәтижелері.

27.Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау тәсілдері

Фирма қызметінің тиімділігіне баға берудің ең басты критерийлерінің бірі - бұл нарық

тауашасының бар болуы. Сатып алушылардың жаңадан пайда болатын қажеттіліктерін

қанағаттандыруға немесе қазіргі тандағы қажеттіліктерін анағұрлым сапалы деңгейде

қанағаттандыруға мүмкіндік беретін нарықтағы тауар өндіру мен қызмет көрсету тауашасын

тапқан фирма тиімді болып есептеледі. Бұл нарықтағы түтынушылар жоғары деңгейлі төлем

қабілеттшігімен, кдрыз міндеттемелерінің жоқтығымен және аткарылған жүмыс пен қызметтер

үшін уақытылы төлем жасамау жағдайларының жоқтығымен сипатталады. Екінші жағынан

төлем қабілеті жоқ түтынушылармен, тапсырыс берушілермен және инвесторлармен жүмыс

істеуге мәжбүр кәсіпорындар тиімсіз болып есептеледі. Тиімді кәсіпорындардың

инвестицияларды өтеу мерзімі 1 жыдцан аз, ал тиімсіздердікі 3 және одан көп жьш Нарық

әлеуетінің жеткіліксіз болуы сондай-ақ бизнестің тартымдылығын азайтады, лл өзінің дамуы

үшш барлық уаьсытта жеткілікті дәрежеде жоғары нарық әлеуетіне ис кәсшорыңцар болса,

тиімді болып есептеледі.

Тиімділігі жоғары өндіріс технологияларына ие болу бірден табысқа жетуді білдірмейді,

бірақ олар өте үлкен бәсекелік артықшылықтарды тудырады. Бизнес басқалары сияқты

әрдайым жаңа енгізілімдерге бейім болуы қажет. Осы бір ғана факторды елемей кету фирманы

артта қалушылар қатарына қосуы мүмкін, себебі бәсекелестер объектілердің анағүрлым өтімді

әсер ету технологиялары мен анағүрлым өтімді материалдар мен қүрылғыштар өндірісін табуы

мүмкін. Шағын бизнес кез-келген басқа бизнес секілді әрдайым жаңа мүмкіндіктерді іздестіру

устінде болуы қажет, кері жағдайда ол сәтсіздікке ушырайды. Сондықтан келешекке бағдар

жасау маңызды стратегиялық факторлардың бірінен саналады.

Сонымен жоғарыда қарастырылған критерийлер құрылатын фирманың келешекте

сәтсіздік пен шығынға үшырамауы мақсатымен оны бағалау үшін ұсынылады. Әрбір вдея

тиімділігі жоғары кәсіпорын критерийлеріне сәйкес келу түрғысынан бағалануы қажет. Егер

қарастырылып жатқан идея усынылған тиімділігі жоғары кәсіпорын критерийлеріне сәйкес

келмейтін болса, кәсіпкер мен оның командасы одан алдын ала бас тартуға міндетті, себебі

көрсетілген кезеңде оны іске асыру ушін қолайлы мүмкіндіхтер жоқ. Идеяны таңдап, бизнесті

күр>та шешім қабылдағаннан кейін кәсіпкер оның үйымдық-қүқықтық нысанын анықтауы

шарт.