Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
касипкерлик емтиханкатя.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
216 Кб
Скачать
☆

52. Кәсіпкерлік құпияны қорғау жүйесі

Коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты қорғау барысында кәсіпорын екі бірдей міндетті шешуі қажет. Бірінші, ол өз қызметі жайында тұтынушылар және жабдықтаушыларды жарнамалау және ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз етуі қажет. Екінші, кәсіпорын қызметінің көптеген аспектілерін жарнамалау үшін, оның нақты ақпараттық мәліметтерін ашық пайдаланбау мүмкін емес. Бұл жағдайда кәсіпорынның коммерциялық құпиясын ашу проблемасы туындайды (сурет-2).

Құпияны қорғаудың барлық әдістеріне қарамастан, ақпараттың таралып кететін жағдайлары болады. Сондықтан да кәсіпорынның коммерциялық құпиясын қорғау бойынша заңнаманы бұзудағы кінәлілерге әсер етудің барлық құралдары болу керек (кесте-1).

Кесте – 1. Коммерциялық құпияны таратқаны үшін кінәлілерге әсер ету әдістері

ҚР Үкіметі шешімімен коммерциялық құпияны құрмайтын мәліметтер тізбегі анықталған. Ол:

кәсіпорынның құрылтай құжаттары, тіркеу куәліктері, патенттер, лицензиялар;

бюджетке төлемдер мен салықтардың дұрыс есептелгенін тексеру үшін қажетті және есептіліктің орнатылған түрлері бойынша мәліметтер;

төлем қабілеттілік туралы мәліметтер;

қызметкерлердің саны, құрамы, олардың жалақысы мен еңбек жағдайлары туралы, сонымен қатар бос жұмыс орындары туралы мәліметтер;

салықтар мен міндетті төлемдерді төлеу туралы құжаттар;

қоршаған ортаның ластануы, монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы немесе еңбек жағдайларының қауіпсіздігі, тұрғындардың денсаулығына зиян тигізетін өнімді өткізу туралы және заңнамаларды бұзғаны туралы мәліметтер.

53. Инновациялық өнімді коммерцилизациялау процесі

Жоғары оқу орнында технологияны коммерциализациялау қызметінің негізгі мақсаты – университет ғалымдарының ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерциализациялау.

Технологияны коммерциализациялаудың негізгі мақсаттары және атқаратын қызметтері:

инновациялық жобалардың мәліметтер қорын құрау, олардың коммерциализациялану әлеуетін бағалау және оларды ары қарай ілгері жылжыту;

инновациялық жобаның коммерциализациялау әдіснамасының шетелдік тәжірибесін оқып – үйрену және алынған тәжірибені университеттің технологияны коммерциализациялау қызметіне енгізу;

ғалымдарға және инвесторларға әдіснамалық қолдау көрсетуді жүзеге асыру және технологияларды коммерциализациялау идеяларын популяризация саласында ақпараттық қызмет өткізу үшін (семинарлар, конференциялар, көрмелер, дөңгелек үстелдер және басқа) университеттің қызметкерлері мен кәсіпкерлік өкілдерінің бірлескен шараларын ұйымдастыру;

университет қызметкерлерінің ғылыми қызмет пен сабақтас нарық секторларда технологиялық сауалдар туралы ақпараттар іздестіру және талдау, технологиялық әріптестер іздестіру және оларды ынтымақтастыққа тарту;

университет технологиялар коммерциализациялау идеясын үгіттеу және Қазақстан Республикасында технологияларды коммерциализациялану жүйесін дамыту бойынша ақпараттық қызмет жүргізу;

университет базасында машина жасау, түрлі-түсті металлургия, биотехнологиялар және жаңаланатын энергетика салаларындағы жаңа инновациялық компанияларды дамытуды қамтамасыз ету.