Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
касипкерлик емтиханкатя.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
216 Кб
Скачать
☆

37.Кәсіпкерлік қызмет инфрақұрылымының институттары. Шағын бизнес орталықтарының құрылуы мен қалыптасуы.

Кез-келген экономикалық қызмет ұдайы өндіріс циклының типтік фазаларына

байланысты болғандықтан, кәсіпкерлік қызметтің келесі түрлерін бөліп көрсетеді: өндірістік,

коммерциялық, қаржылық кәсіпкерлік.

Соңғы он жылдықта әлемнің барлық экономикалық дамыған елдерінде кәсіпкерліктің

жеке түрі ретінде кеңестік (консалтинг) кәсіпкерлік бөліп көрсетілуде.

Көрсетілген кәсіпкерліктің түрлерінің ішінде әр қайсы бірнеше түрлерге бөлінген.

Өндірістік кәсіпкерлікті кәсіпкерліктің жетекші түрі деп атауға болады. Мұнда өнімді,

тауарларды өндіру, жұмыс, қызметтер көрсету жүзеге асады, белгілі бір рухани құндылықтар

жасалады.

Бірақ осы қызмет сферасы нарықтық экономикаға көшу кезінде көп, жағымсыз

өзгерістерге ыдырады:

 Шаруашылық байланыстар ыдырады;

 Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бұзылды;

 Өнімді өткізу күрт төмендеді;

 Кәсіпорындардың қаржы жағдайы нашарлады.

Венчурлық бизнес. Инновациялық кәсіпкерлік туралы айта отырып, соңғы жылдары кең

дамыған венчурлық бизнесті еске салуға болады.

Венчурлық бизнес, әдетте тәуекелді бизнес ретінде түсіндіріледі. Бұл технологиялық

жаңалық еңгізудің бір түрі.

Вечурлық бизнес ғылыми зерттеулердің нәтижесі ғылымды көп қажет ететін, жоғары

технологиялық облысты коммерцияландыруға тән, тиімді алу кепілдігі жоқ және тәуекел үлесі

жоғары. Венчурлық фирма дегеніміз, әдетте, алдын ала анықталмаған табыспен, яғни

капиталды тәуекел салыммен, жаңа технологияны және өнімді жасаумен енгізумен

айналысатын коммерциялық ғылыми-техникалық фирма.

Коммерциялық кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерлікте негізгі рольді тауар-ақша,

сауда-айырбас операциялары атқарады. Бұл сатып алу - сату бойынша келісімдер.

Өнімді шығаруға қажет өндірістік қорлармен қамтамасыз етудің қажеті жоқ.

Коммерциялық келісімді нарықты талдау бастайды, нәтижесінде тауарды сатып алу және

сату көлемі, сатып алу бағасы, өткізу бағасы болжанады.

Коммерциялық келісім бағдарламасына жатады:

 Сатып алу операцияларын орындауға, тасымалдауға, тауарды сатуға, жарнама

жұмысын және т.б. жүргізуге қызметкерді жалдау;

 Келесі сату үшін тауарды сатып алу;

 Тауарды сақтау және өткізу үшін орындар, қоймалар, сауда нүктелерін жалдау;

 Келісімге тікелей қатыспайтын, бірақ өздерінің ақылы қызметтерін ұсынатын

басқа ұйымдар мен адамдардың қызметтері мен алу және ақы төлеу;

 Келісімді қаржыландыру үшін қарызға ақша қаржыларын тарту және соңынан

пайызбен қарызды қайтару;

 Келісімді жасауға қажет ақпараттарды алу;

 Тауарларды тұтынушыға өткізу және түсім алу;

 Келісімді тіркеу, салық төлеу.

38. Шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету

Ақпаратық қамтамасыз ету. Бұл орайда бағдарлама бойынша шағым кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз етудін ұлттық жүйесін жасау жоспарланған осы жүйе шеңберінде заңдық-нормативтік актілер, оқу орталықтары, заңгерлік фирмалар, адвокаттық кеңселер, инфроқұрылымдық басқа да объектілері бойынша деректердің ақпараттық базасы құрылады. Шағын кәсіпкерліктің Респибликалық ақпараттық көрме орталығы бұл жүйені іске асыруға негіз болуы тиіс.

Қазақстанда жеке кәсіпкерлікті қолдау мәселесі алғаш рет 1992 жылғы «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» заңында көрініс тапты. Соңғы уақытта шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында ҚР-ның Президентінің бастамасымен 5 заң, зандық күші бар 7 жарғы, бірнеше бағдарламалар қабылданған:1999-2000,2001-2002ж.ж. арналған шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік дамыту мен қолдау туралы. Экономикалық өсу қарқыны бойынша Қазақстан ТМД-да көшбасшысы орында нық тұр.

ҚР-ның Президентінің «Қазақстан — 2050» бағдарламасында экономикалық өсу стратегиясының принципі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың мақсаты — оны дамыту үшін қолайлы жағдай жасау. Негізгі басымдылықтар:

1)мемлекеттік, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі өзара іс- қимылы;

2)несиелендіру тиімді және қол жеткізілетін жүйелерін қалыптастыру; 3) шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылым дамыту;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы Жарлығымен Қазақстан Республикасында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді. Оның басты мақсаты шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының серпінді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру болып табылады.