Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
касипкерлик емтиханкатя.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
216 Кб
Скачать
☆

11)Кәсіпкерлік тәуекелдер:түсінігі,түтүрлері,жіктелуі

12)Кәсіпкерлік тәуекелдерді бағалау

Тәуекелді басқару үрдісінде өзекті мәселелердің бірі болып кәсіпкерлік қызметтің

нәтижелеріне әсер ететін және есептелетін бағалау сатысы болып табылады.

Тәуекелді бағалау – бұл тәуекел шамасын сандық және сапалық тәсілмен анықтау.

Тәуекелді бағалаудың әмбебап тәсілдері жоқ. Пайдаланып жүрген тәсілдердің

артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Бағалаудың қандай да бір белгілі тәсілін таңдау нақты

жағдай мен кәсіпкер тұлғасына байланысты. Сондықтан, сандық-сапалық тәсілді ұштастырып,

яғни кәсіпкерлік тәуекелді құрамдастыру әдісімен бағалауды өткізген дұрыс. Кәсіпкерлік

тәуекелді сандық және сапалық бағалау

Сапалық бағалау барлық мүмкін болатын тәуекелдердің идентификациясымен

сипатталады. Сапалық бағалау салыстырмалы түрде қарапайым болуы мүмкін, оның басты

міндеті – орындау барысында тәуекел пайда болатын факторларды, жұмыс сатыларын анықтау.

Тәуекелді бағалау барысында тәуекел дәрежесін анықтау қажет және ол келесідей

болуы мүмкін:

- жіберілетін – жоспарланған объекті өткізуден түсетін табысты толық жоғалту қаупі;

- шегіне жеткен – тек қана табыстың түспеуі ғана емес, сонымен қатар кәсіпкер

қаражаттары есебінен қарыздардың жабылмауы мүмкін;

- катастрофалық – капиталдың, мүліктің жоғалуы, кәсіпкердің банкротқа ұшырауы да

болуы мүмкін.

Кәсіпкер тәуекелді сандық түрде, салынған капиталдың түскен ықтималды немесе

жоспарланған, максималды және минималды табысты (зиянды) субъективті бағалаумен

сипатталады. Сонымен қатар, мұнда алынған табыстың (зиянның) максималды және

минималды деңгейінің арасындағы диапозон неғұрлым үлкен болған сайын, тәуекел дәрежесі

де жоғары болады.

Сандық бағалау тәуекелдерді сандық сипаттауға, оларды талдау мен салыстыруды

өткізуге бағытталған. Тәуекелді сандық бағалау жағдайында әр түрлі әдістер қолданылады.

Кейде сандық және сапалық бағалауды сыртқы және ішкі факторлардың әсерін талдау

негізінде жүргізеді: олардың жекелеген элементтерінің кәсіпорынның жұмысына әсер ететін

үлес салмағы элементтік бағалау жүзеге асырылады және оның ақшалай көрсеткіші

анықталады. Мұндай әдіс сандық талдауда өте көп еңбекті қажет етеді, бірақ сапалық талдауда

ұтымды болып табылады.

Абсолюттік талдауда тәуекел құндық (ақшалай) сипатта немесе материалды-заттық

(физикалық) сипатта мүмкін болатын жоғалтулардың мөлшерімен анықталуы мүмкін.

Салыстырмалы сипатта тәуекел жоспарланған табысқа немесе кәсіпкерлік қызметтің

аталған түріне жұмсалған ресурстардың жалпы құнына қатысты шығынның сомасы ретінде

анықталады.

Тәуекелді сапалық бағалау статистикалық әдіс көмегімен орындалуы мүмкін.

Бағалаудың аталған әдісінің басты құралдары – орташа күтілетін мәні, дисперсия,

стандартты ауытқу, вариация коэффициенті.

Вариация – нәтиженің бір нұсқасынан екіншіге өту барысындағы сандық

көрсеткіштердің өзгеруі.

Дисперсия – нақты мәннің орташа мәнінен ауытқу шамасы. Осылайша, тәуекел дәрежесі

екі критериймен өлшенуі мүмкін: орташа күтілетін мәнмен, мүмкін болатын нәтиженің

құбылуымен.

Орташа күтілетін мән – белгісіз бір жағдайға байланысты нәтиженің мәні. Ол әрбір

нәтиженің ықтималдығы сәйкес мәннің жиілігі немесе салмағы ретінде қолданылатын мүмкінболатын нәтижелердің орташа салмақтысы болып табылады. Осылайша, болжамды күтілетін

нәтиже есептеледі.

Сараптамалық бағалаулар әдісі. Бұл әдіс әдетте тәжірибелік кәсіпкерлер мен

мамандардың ой-пікірлерін өңдеу жолымен жүзеге асырылады. Ол статистикалықтан тек

тәуекел қисығын сызу үшін ақпаратты жинақтау әдісімен ерекшеленеді.

Есептік-аналитикалық әдіс – шығындар ықтималдылығының қисығын құрастыруға

және кәсіпкерлік тәуекел көрсеткіштерін бағалауға негізделген.