Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих 150.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Vі. Қазақстанның жаңа өңірлік және геосаяси жауапкершілігі

  Жиырма сегізінші бағыт - Қазақстанның жаңа халықаралық  жауапкершілігі, көп бағытты сыртқы саясатты дамыту және  жаһандық қатерлерге қарсы күреске қатысу

      Қазақстан  ядролық қарулануды тежеуге, халықаралық лаңкестікке, діни экстремизмге, есірткі саудасы мен басқа да осы заманғы қатерлерге қарсы күреске жұмылған халықаралық ауқымды ынтымақтастықтың белсенді мүшесі  болып келді және болып қала береді.        Қазақстанның көптеген проблемаларының, айталық, табиғатты қорғау сияқты проблемасының, шекарааралық сипаты бар. Оларды өзіміздің көршілеріміз - Ресеймен, Қытаймен, Орталық Азия мемлекеттерімен бірлесіп, бассейндік қағидаттың негізінде ғана шешуге болады. Бұл үшін халықаралық қатысумен, Дунай, Альпі және Анды келісімдерінің үлгісі бойынша тұрлаулы дамудың шекарааралық аймағы құрылуға тиіс.        Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуден бастап, індеттер мен экологиялық апаттарға қарсы күреске дейінгі өміршең маңызды мәселелерді шешуде басқа елдермен ынтымақтаса отырып,  біз өңірлік ынтымақтастық пен халықаралық қауымдастықтың жауапты мүшесі ретінде өзіміздің рөліміз бен беделімізді алдағы уақытта да нығайта беретін боламыз.        Мұның бәрі де біз үшін басымдықты болып табылатын Ресеймен және Қытаймен арадағы тату көршілік өзара қарым-қатынастарымыздан, АҚШ-пен стратегиялық серіктестікті, Еуропа Одағы елдерімен көп тарапты ынтымақтастықты дамытуға мүдделілігіміз бен бұл бағыттағы практикалық қадамдарымыздан айқын көрінеді.

  Жиырма тоғызыншы бағыт - Қазақстанның өңірлік тұрақтылықты  қамтамасыз етудегі, Орталық Азия елдерінің экономикалық  ықпалдастығын дамыту мен Каспий және Қара теңіз аймағындағы  серпінді нарықты қалыптастырудағы белсенді рөлі

      Өңірлік дамудың артықшылықтарын пайдалану үшін  өңірдегі елдердің неғұрлым терең әрі өзара тиімді ықпалдастығын қамтамасыз ету  керек.        Мұның бәрі де Қазақстанның Орталық  Азиядағы, Азия мен Таяу Шығыс өңірлеріндегі ықпалдастықты күшейту жөніндегі, ЕурАзЭҚ, АӨСШК, ШЫҰ секілді өңірлік құрылымдарды нығайту хақындағы сындарлы бастамаларынан нақты көрініс тауып отыр.        Осыған байланысты біз алдағы уақытта:         Біріншіден,  өзіміздің көршілерімізбен  Орталық Азияның бүкіл аумағында барынша қолайлы іскерлік ахуал орнықтыру жайында  келісіп алуымыз керек. Біздің компанияларымызға көрші елдерге еркін қаражат салуға мүмкіндік беретін, импорт пен экспорт арнасында, капитал мен жұмыс күшінің жылжуында бюрократиялық және кедергілерді серпіп тастауға мүмкіндік беретін ерекше келісімдер жасасу қажеттілігі тууы да ықтимал.         Екіншіден,  біз өзіміздің күш-жігерімізді Орталық Азия мемлекеттерінде шетелдік қаржы институттары мен отандық компанияларды тарту арқылы тиісті жобаларды іске асыру мәселелеріне жұмылдыруымыз қажет. Бұл, ең алдымен, "Қазына" қорының міндеті.         Үшіншіден,  өзіміздің көршілерімізбен бірлесіп, жұмыс  күштері жылжуының арнайы тәртібін енгізу  мәселесін талқылауымыз қажет болуы мүмкін. Біз Орталық Азия өңірі елдерінің  білікті жұмыс күшінің еркін, бірақ басқарумен жылжып тұруына  қарсы емеспіз.

  Отызыншы бағыт - Қазақстанның "өркениеттердің үндесуін"  дамытудағы мәдениетаралық және конфессияаралық орталық  ретіндегі тұғырын бекемдеу

      Халықаралық қоғамдастықта біздің елімізде тұрып жатқан және Қазақстанның біртұтас халқы болып табылатын барлық ұлттар өкілдерінің ұстамдылығын, конфессияаралық және мәдениетаралық татулығын қамтамасыз етуге бағытталған сара саясатымыз барынша танылып отыр.         Біріншіден,  бүгін мәдениетаралық және конфессияаралық үндесудің маңызды халықаралық орталығы ретінде Қазақстанның рөлін жаңа деңгейге  көтеру керек. Қажет болған кезде біздің еліміз тайталас туып кетуі ықтимал жағдайларда өзара келісуге боларлық саяси шешім табу жолында халықаралық дәнекер міндеттерін де атқара алатынына күмән жоқ.         Екіншіден,  өркениеттердің үндесуін кеңейту мен тереңдетуге   дәл осылайша мүдделі болып отырған бірқатар мемлекеттермен бірлесіп, біз осы заманғы дүниенің өзекті мәселелері бойынша  Шығыс пен Батыс арасындағы түсіністікті  жақындастыруға бағытталған ірі халықаралық бастамалар  жасай алар едік деген ойдамын.

Қымбатты қазақстандықтар!  Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері!  Ханымдар мен мырзалар!

      Біз алдымызға қойып отырған биік мақсаттарға жету  биліктің барлық органдары мен институттары, іскер, ғылыми және сарапшы топтар тарапынан қосымша көп жігер-қайрат жұмылдыруды, керек десеңіз, көп ретте іске жаңаша қарауды, мүлде тосын тұрғыдан келуді талап етеді.        Ең бастысы, кешенді жаңарту үдерісі  еліміздің күллі халқының, қоғамның барлық топтары мен институттарының мүддесі үшін, әрі солардың тікелей қатысуымен жүргізіледі.

149 ҚР Президентінің Жолдауларындағы баяндалған негізгі идеялар мен бастамалар «Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру – Қазақстан дамуының басты бағыты »

Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар!

      Қазақстан тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына батыл қадам басты.       Жаңа құрамдағы Парламент пен жаңарған Үкімет өз жұмысына кірісті.       Өткен 2011 жылы ел экономикасы 7,5 пайызға өсті.       Ішкі жалпы өнім жан басына шаққанда 11 мың доллардан асты.       Бұрын сатылып кеткен активтердің бірқатар маңызды бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды.       Енді «Богатырь», Қарашығанақ, Қашаған кен орындары мен ЕNRC, «Қазақмыс» компанияларының басым активтері мемлекет иелігінде болады.       Кезінде мен мынадай жағдайларға байланысты сатып жатырмыз, қазір жекешелендіру керек, уақыты келгенде қайтарамыз деп айтып едім.       Міне, енді бәрі қайтарылуда. Барлық акциялар пакеті Қазақстанда. Енді өзіміз барлығына ықпал жасайтын боламыз.       Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналды.       Дегенмен, біз күрмеуі қиын, қайшылығы мол алмағайып заманда өмір сүрудеміз.       Болжанған жаһандық дағдарыс қаупі шындыққа айналып келе жатқанын көріп отырсыздар.       Сарапшылардың пікірінше, жаңа әлемдік дағдарыс бес-алты жылға созылуы мүмкін.       Біздің міндетіміз – экономиканы осы сынаққа дайындау, оны әртараптандыруды жалғастыру болып табылады.       Біз 2015 жылға қарай табысы жоғары елдердің қатарына қосылуды көздеп отырған елміз.       Бірлігімізді сақтап, осылай еңбек ететін болсақ, ол мақсатқа да жететін боламыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]