Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих 150.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

4.4. Сот және құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

      Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігі, бірінші кезекте, негізгі буыны сот төрелігінің мінсіз жүйесі болып табылатын болып табылатын құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету жүйесіне байланысты.       Сот жүйесіне деген сенімді арттыру, сот төрелігін іске асырудың сапасын жақсарту үшін судьялардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның ішінде судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптарды қатаңдату арқылы болдырмау бойынша шаралар қабылданатын болады.       Сот ісін жүргізуді оңайлату, оның жеделдігін арттыру, соттардың қызметін автоматтандыру сот төрелігіне еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сот жүйесі қызметінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.       Құқық қорғау жүйесінің жұмысындағы басымдықтар жасалған қылмыстарды анықтаудан олардың профилактикасы мен алдын алуға ауысуы тиіс.       Құқық қорғау органдарының кадр саясатында мемлекеттік әкімшілік қызметтің жүйесінде қолданылып жүрген конкурстық іріктеу тетіктерін және меритократия қағидатын енгізу қажет.       Қызметкерлерді аттестаттау және тестілеу рәсімдері жетілдірілетін болады, кадр резервін пайдаланбай ауысуға тыйым салынады.       Құқық қорғау қызметі саласында сыбайлас жемқорлық орта да күштік құрылымдар қызметкерлерінің азаматтармен байланыстары кезінде туындауы мүмкін.       Бұл проблеманың шешілуі едәуір дәрежеде құқық қорғаушылар қатарының тазалығына, жаңа технологиялардың одан әрі енгізілуіне және тиісті рәсімдердің автоматтандырылуына байланысты болмақ.       Тек сыбайлас жемқорлықтан бойын аулақ ұстайтын құқық қорғау органдары азаматтардың құқықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін тиімді қорғауға қабілетті.       Құқық қорғау қызметін бағалаудың басты критерийі халықтың сенімі болуы тиіс.

4.5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру

Осы Стратегияда көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешені жұртшылықтың кең қатысуымен сүйемелденуі тиіс.       Мемлекет пен қоғамның тығыз серіктестігі ғана сыбайлас жемқорлыққа табысты қарсы тұруға мүмкіндік береді.       Қоғамның қолдауынсыз жоғарыдан жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар тек ішінара нәтиже береді.       Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал Адалдық пен Сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналуы тиіс.       Азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа деген берік иммунитет, оған деген жұртшылықтың мінеуі болмай, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Әрбір қазақстандық, әрбір отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүкіл қоғамның ісі екенін түсіну керек.       Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидатты маңызды рөл атқарады. Тек жас кезінен мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын енгізу бұл әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді.       Бала кезінен тұлғаны қазақстандық патриотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу маңызды болмақ.       Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытатын курстармен барлық оқу орындарын, мемлекеттік органдар мен тұтастай алғанда барлық азаматтық қоғамды қамту қажет.       Мұның жаппай болғанымен, бұл жұмысты азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу, өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктерін түсінікті және білікті жеткізетін түрлі салалардың мамандарын пайдалана отырып, кәсіби негізде істеген жөн.       Бұқаралық ақпарат құралдары сыбайлас жемқорлықты қоғамның қабылдамауы ахуалын қалыптастыруды қамтамасыз етуге, қазақстандықтардың белсенді азаматтық ұстанымдарының қалыптасуына, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісіне белсенді қатысуына ықпал етуге арнаған.       Талай сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырған кездегі құқықтық сауаттылығы әлсіздігінің салдары болып табылады.       Қоғамдағы құқықтық нигилизмнің түбегейлі жойылуына қол жеткізу қажет.       Бұл ахуалды түзеу үшін халық арасында кең ауқымды түсіндіру жұмысы, олардың жасын, кәсіби және өзге де ерекшеліктерін ескере отырып, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі жүйелі әрі тынымсыз жұмыс жүргізілуі керек.       Қазақстанда шетелдердің үлгісі бойынша, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын азаматтарды материалдық көтермелеу енгізілген. Бұл тетік өз пәрменділігін көрсетіп келеді. Азаматтарымыздың қағидаттық ұстанымдарының арқасында көптеген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мүмкін болды. Осы бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастыру қажет.       Қазақстандық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы этикасы мен мәдениеті «Мәңгілік Ел» идеологиясының контексінде қалыптастырылуы тиіс. Дәстүрлі рухани құндылықтар мен үздік халықаралық стандарттардың үйлесімді үйлесуі азаматтардың заңды мінез-құлығының канондарын жаңадан жасауға мүмкіндік береді.       Сыбайлас жемқорлықты ұлттық мәдениетке жат құбылыс ретінде сезіну және қабылдамау – қоғамымыздың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің негізі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]