Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих 150.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

108 Қазақстан Халықтары Ассамблеясы. Қр-ғы заманауй этно-демографиялық үдеріс.

Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастарды бағалай отырып, олардың тұрақтылығын атап көрсеткен жөн. Этникалық топтардың тату-тәтті өмір сүріп, біте қайнасып жататын пиғылын қазақстандықтар жоғалтқан жоқ. Социологиялық зерттеулер нәтижесі бойынша этносаралық қарым-катынастардағы шиеленісушіліктің денгейі төмен және толеранттығының деңгейі жоғары. Ұлттық саясатта ұзақ мерзімге арналған стратегиялық және таяу арада жүзеге асырылатын мақсаттар мен міндеттерді айқындау қажет. Сөйтіп, көп ұлтты Қазақстанда халықтар бірлігін ұлтаралық ынтымақтастық негізінде нығайту-стратегиялық міндет болып табылады. Қысқа мерзімге бағытталған саясатқа тоқталатын болсақ, ол ұзақ мерзімді саясаттың бір бөлігі болып табылады, алайда күнделікті оқиғалар барысында туындайтын нақты ұлтаралық проблемаларды реттейді. Бұл арада бетбұрыс кезенде, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы өзгеру нөтижесінде пайда болған ұлттық-этникалық проблемаларға назар аудару маңызды. Ұлттық топтардың әлеуметтік мүддесін реттеудің екі жолы бар, оған қақтығыс немесе келісім табу жатады. Бірінші жол бір топтың мүдделерін қорғап, басқасының мүддесін мүлдем елемеу немесе басып тастау. Нәтижесінде саяси бірігуге озбырлық арқылы жетуге болады, алайда ол проблеманы туғызған объективті жағдайды жоя алмайды және осы проблеманың күрделенуіне әкеп соғады. Этникалық проблема халқының құрамы көп этносты мемлекеттерге өзекті мәселеге айналуда. Өйткені, әр этникалық топтың өзіне ғана тән демографиялық әрекеті, әлеуметтік-мәдени және экономикалық дамуының ерекшеліктері бар. Біздің елімізде интенсивті этникалық және этносаралық процестер өтуде. Олар Қазақстанның бұдан былайғы дамуына ғана емес, тіпті оның тағдырына өз ықпалын тигізеді. Қазақстанның ұлттық саясаты, қазақтардың ұлттық егемендігін мойындай отырып, қазақстан халқының бірыңғай азаматтық саяси қауымдастық ретіндегі егемендігі, маңызды өзгешеліктері бар этностардың болуын, тіпті олардың ортақ мақсаттары мен мүдделерінің пайда болуыңа, ортақ сана-сезімнің қалыптасуына, яғни этносаралық қауымдастықтың пайда болуына ықпал ететін іс-қимылы болуын талап етеді. Этносаралық қауымдастық — ол жаңа этнос емес, суперэтнос емес, ол этносаралық қауымдастық, яғни бөліктерден құралған тұтастық. Этносаралық бірігу — этностарды біріктіретін айтарлықтай икемді процес болып табылады, өйткені, бір жағынан өзіне тән этникалық ерекшелік сақталады, басқа тұстан қарасақ, өзара іс-әрекет арқылы сана сезімнің ортақ белгілері, ортақ мақсаттары қалыптасады. Бүгінгі танда Қазақстан сияқты көп этносты, көп нәсілді және көп конфессиялы мемлекет үшін осы жол ең ұтымды да болып табылады және тату-тәтті өмір сүріп, қарым-қатынастарына төзімділік сақтаудан асқан ақылды осы күнге дейін адамдар ойлап таба қойған жоқ. Н.Ә. Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында кеңес империясы қирауының маңызды себептерінің бірі ғылымға негізделіп жасалған тиімді ұлттық саясаттың болмауы деп тура айтқан. Біздің елімізде, жалпы бүкіл дүние жүзінде этникалық жағдаяттың күрделенген қазіргі сәтіңде жалпы ұлттық саясатпен қатар мемлекеттің ұлттық саясатының екі мызғымас бөлігі бола алатын екі бағдарлама әзірлеу қажет. Біріншіден, бұл этникалық өзгешелікті, тілді, мәдениетті дамытуға, дәстүрлерін сақтауға және т.т. бағытталған этникалық қайта өрлеу бағдарламасы болуға тиіс, сонымен қатар мұндай бағдарлама сараланған болуға тиіс және әр этникалық топтың өз бағдарламасы болғаны жөн. Екіншіден, және мұның маңызы біріншіден кем емес, бұл этносаралық бірігу бағдарламасы, сондықтан онда Қазақстанда тұратын барлық этникалық топтардың бірге тұрып, ортақ іс-қимылын жасауының нақты, ең тиімді механизмдері әзірленуі тиіс. Әзірше мұның өзі әлсіз тенденция ретінде білінеді және жаңа достастық қалыптасып болды деп айта алмаймыз. Алайда біздің бірнеше ғасыр бойы күрделі де қайшылықтарға толы ортақ өміріміз нәтижесінде жинақталған белгілі оң тәжірибеміз бар. Өркениеттің соңғы жетістіктерінің бірі — қазіргі толып жатқан полиэтносты мемлекеттердің ұранына айналған көп мәдениеттің идеясы, ол бір мемлекет ішіндегі көптеген этникалық топтарға тату да бейбіт өмір кешуге мүмкіңдік береді. Осы принцип Қазақстан үшін де қолайлы, «әр алуандылықтағы бірлік» (немесе «бірлікте әр алуандылық») немесе «қазақстан өрнегі» ұраны біздің мемлекетіміздің стратегиялық саясатындағы басты ұран ретінде қабылданды. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму перспективасы тілге тиек болған, халыққа арналған Жолдауында екі нәрсеге ерекше назар аударылған: біріншісі «еліміздің барлық азаматтары үшін тең мүмкіндікке негізделген өзіміздің бірыңғай азаматтығымызды дамытуға кепілдік беру», екіншіден, «этникалық қайшылықтардың себептері жойылып, барлық этникалық топтар тең құқылы болуын қамтамасыз ету». Сонымен Қазақстанның перспективалы дамуында екі түрлі міндетті шешу көзделеді: біріншіден, әр жеке этникалық топтың дамуына мүмкіндік беру, екіншіден, Қазақстанның барлық халықтарын бірыңғай азаматтық қоғамдастыққа біріктіру үшін жағдай туғызу. Алайда, мықты тұрақтылыққа, тіпті консолидация мен бірлікке жету оңай емес, және өзімізді бірыңғай отбасы ретінде сезініп, мақсаттарымызды біліп, оларға жұмыла жету үшін әлі көп жұмыс атқару тура келетінін назардан шығармау керек». Демек, этносаяси процестің субъектілері жөніндегі мәселені зерттегенде Қазақстан Республикасында ұлттық татулық пен бірлікті қамтамасыз етуде негізгі рөлді мемлекет атқаратынын атап керсетуге болады. Қазақстан Республикасында өтпелі кезеңде ұлтаралық қарым-қатынастарды реттеуге арналған әдістерді әзірлеу жөне жағдайды бағалау ісінде мемлекеттің рөлі зор. Ұлттық саясатты іске асыруда, оның мазмұндылығындағы ең бастысы — ұлттық мүдделерге олардын: а) қауымдастығын, ә) айырмашылықтарын, б) қақтығыстарға ескере отырып қарау. Ұлтаралық қатынастардың жеке субъектілерінің түпкі мүддесі мен мемлекет ауқымындағы жалпы ұлттық мүдделердің бір болуының объективтік негізі бар. Мемлекеттік ұлттық саясаттың басты міндеті ұлттар мүдделерін және ұлттар мүдделері арқылы басқару. Қазақстандағы демократиялық өзгерістердің ажыратылмайтын бөлігі адам құқын сақтау, барлық ұлттық топтардың еркін дамуына қолайлы жағдай туғызу, ұлтаралық қарым-қатынастарды гуманизациялау, республикада татулық пен тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]