- •«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні және курстің мақсаты.
- •Тарих ғылымының методологиясы.
- •3.Тарихи танымның әдістері.
- •4. Қазақстанның қазіргі заман тарихының деректері
- •5.Траихқа формациялық және өркениеттілік көзқарас
- •6. Қазақстанның қазіргі заман тарихының периодизациясы
- •7. М.Хрохатың ұлттық қозғалыс типалогиясы туралы концепциясы
- •8. Жадидшілдік Ресейлік мқсылмандардың ағартушылық идеологиясы
- •10. XXғ басындағы мұсылмандардың реформаторлық қозғалыстары
- •9.Қазақстандағы Жадидшілдік мектептер мен медреселер
- •11. Ұлттық интеллигенция және оның xXғ басындағы қоғамдық-саяси қызметі
- •12. Қазақ ұлттық интеллигенциясы және оның xXғ басындағы Қазақстандағы саяси өміріндегі орны.
- •13. XXғ басындағы қазақ интеллигенциясының мұсылмандық қозғалыстарға қатысуы
- •14. I және II ші Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарының қатысуы
- •II Мемлекеттік Думаның таратылуы және оның қазақтар үшін салдары
- •15. Мемлекеттік Думаның мұсылмандық фракциясы. Жер мәселесі және қазақ депутаттары а. Бірімжанов пен б. Қаратаевтардың сөйлеген сөздері.
- •16 Қазақ депуттаттарының Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясына қатысуы
- •17. XX ғ. Басындағы қазақ басылымдары.
- •18 «Қазақ»газеті мен «Айқап» журналдарының қазақ халқының ұлттық сана сезімінің қалыптастырудағы рөлі.
- •19. 1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалысы: негізгі кезеңдері, қозғалыс ошақтары, жетекшілері
- •20. Мұсылмандық қайырымдылық қоғамдары, олардың қызметі
- •21. Қарқаралы петициясы Петициялық қозғалыстың басталуы
- •22. Отандық тарихнамадағы қазақ интеллигенциясының көтеріліске қатысу мәселесі
- •23 .Шет елдік тарихнамадағы 1916 жылғы көтерілісті зерттеудің жаңа тәсілдері
- •24 Ресейдегі ақпан төңкерісі және оның Қазақстанның демократиялануына әсері
- •25. Қазақстандағы қосүкімет және оның ерекшеліктері
- •26. Қазақ комитеттерінің құрылуы, олардың қоғамдық-саяси қызметі
- •27. «Алаш» партиясы: бағдарламасы, әдісі.
- •28 Ә. Бөкейханов – алаш қозғалысының көшбасшысы, XX ғасырдың көрнекті қайраткері.
- •29 А. Байтұрсынов –мәдени қайраткер және көрнекті саясаткер
- •30. «Үш жүз» партиясы, бағдарлама тезисі, әдісі.
- •31.«Алаш» және «Үш жүз» ұлттыұ саяси партиялары. Олардың бағдарламалық құжаттарының негіздері
- •32 «Шура-и-Ислами», «Шура-и-Улема» мұсылмандық партиясы
- •33.1917 Жылғы қазан төңкерісі. Қазақстандағы кеңес үкіметінің орнауы
- •34. Қазақстандағы кеңес үкіметінің орнауының қиыншылықтары мен ерекшелігі
- •35. 1917 Жылғы қазан оқиғасына жаңаша баға
- •36. «Ресей халықтарының деклорациясы» және Кеңес үкіметі басшылығының «Ресей мен барлық Шығыс халықтарының еңбекші мұсылмандарына» жолдауы
- •37.Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920).
- •38. «Әскери коммунизм» саясаты, оның Қазақстандағы жүзеге асырылуының ерекшелігі
- •Өнеркәсіп және қаржы саласындағы күйзеліс жағдай
- •Ауылдар мен деревнялардағы наразылық
- •39. Төтенше өлкелік IV сьезд. Түркістан Автономиясының құрылуы
- •40. Екінші Жалпықазақ «Алаш» партиясының сьезі. «Алаш» Автономиясы. «Алаш Орда» Үкіметі
- •41«Алаш Орда»:азаматтық қарсыластықтағы орны мен рөлі
- •42. Кеңес үкіметі және Алаш Орда мен Қоқан автономиясының басшыларының тағдыры
- •43. Шет елдік тарихнамадағы 1916 жылғы көтерілісті зерттеудің жаңа тәсілдері
- •44. 1916 Жылңы ұлт-азаттық көтерілісі қазіргі заманғы тарихнамада.
- •45 Жэс және Қазақстандағы жүзеге асырылуы. Жер-су реформалары
- •46 Кирревкомның құрылуы және құрамы. Кирревкомның мақсаты мен жоспары.
- •47 ҚазАксРнің құрылуы. Қазақ жерлерінің ҚазАксРнің құрамына біріктірілуі.
- •48 Қазақ кеңестерінің құрылтай сьезі. «Қырғыз (Қазақ) акср-і еңбекшілерінің заңдық декларациясы»
- •49 Қазақстан Кеңестерінің учредительдік сьезі. ҚазСсРнің құрылуы.
- •50 Орта Азияның ұлттық-территориялық бөлінуі: себебі, салдары.
- •51 Қазақстан одақтық республика дәрежесінде. ҚазСср-нің Конституциясының қабылдануы.
- •52 XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы мәдени құрылыс.
- •XX ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
- •Қазақ баспасөзінің қалыптасуы.
- •53 Қазақстандағы өндірістік модернизация: жүзеге асудағы қиыншылықтары мен ерекшеліктері
- •54 Қазақстандағы индустрализация: кеңестік үлгі.
- •55 Қазақстандағы индустриализацияның жүзеге асу жолдары жайындағы пікірталас
- •56 Ф. Голошекиннің «Кіші Қазан» революциясы. 1928-1930 жж. Төтенше жағдай.
- •57 Қазақстандағы ауыл шаруашылығын жаппай коллективтендіру: әдісі, қадамы және оның әлеуметтік, экономикалық салдары.
- •58 Қазақстандағы ауыл шаруашылығын коллективтендіру: халық қасыреті
- •59. 1931-1933 Жж. Аштық. Қазақстандағы шаруалардың кеңестік жүйеге қарсы шығуы.
- •60 Кеңес үкіметінің аграрлық және жер-су саясаты.
- •61 Саяси қуғын сүргін. Қазақстандағы Сталиндік лагерлер.
- •2. Қазақстан Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру.
- •1944 – 1945 Жылдары салынған жаңа өнеркәсіп обьектілері:
- •3. Майдандағы қазақстандықтар.
- •4. Қазақстан Ұлы Отан соғысының аяқталу кезеңінде (1944-1945 жж.)
- •65 Жекелеген ұлттарды Қазақстанға депортациялау
- •66 Қазақстандықтар –Кеңес Одағының батырлары
- •67 Ұлы Отан соғысы майданындағы Қазақстандықтар
- •68 Қазақстандықтардың Москва үшін шайқасқа қатысуы.
- •69. Сталинград түбіндегі неміс-фашист басқыншыларын талқандау, және оған Қазақстандықтардың қатысуы.
- •70 Қазақстан - фронт арсеналы. Тыл еңбегіндегі Қазақстандықтардың ерлігі.
- •71 Қазақстандықтардың Берлин операциясына қатысуы
- •72 Қазақстандықтардың фашистік Германияны жеңудегі үлесі
- •73 Соғыс жылдарындағы Қазақстанның ұлттық білімі мен мәдениеті
- •74 Тарих ғылымындағы Ұлы Отан соғысының даулы мәселелері.
- •75 М. Шоқай. Түркістан легионы
- •76 Соғыстан кейінгі Қазақстан экономикасы: негізгі мәселелері және даму үрдісі
- •77 Тың және тыңайған жерлерді игеру бағыты: мақсаты және себебі
- •78 Қазақстандағы целинаның жүзеге асырылуы: жетістігі, қателігі
- •79. Хх съезд кпсс. Начало десталинизации.
- •80 Жеке басқа табынуды айыптау. Қоғамдық-саяси өмірдегі « De-десталинизация».
- •81 Қазақстан «хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964)
- •82 «Жылымық». 1953-1964 жылдардағы реформалардың жүзеге аспауының себептері
- •83 XX ғасырдың 60-жылдарының екінші жартысындағы экономикалық реформа және оның аяқталмауы.
- •84 XX ғасырдың 70-ші және 80 жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық дамудағы қайшылықтар.
- •86. 1986 Жылғы Желтоқсан . Тәуелсіздік жаршысы.
- •87. 1986 Жылғы Желтоқсан оқиғасы. Жаңаша баға
- •88 М.С.Горбачевтің жаңа бағыты. Әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету концепциясы.
- •89 Кокп оак-тің апрель (1985ж) пленумы. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету стратегиясы ұғымы.
- •90 Қайта құруды жүзеге асыру және оның негізгі бағыттарын айқындау.
- •92 Қайтақұру бағыты. Негізгі кезеңдері. Қайтақұру жолдарының қайшылықтары.
- •91 ҚазСсРдің және қр тіл туралы заңының қабылдануы
- •93 Қайта құру кезіндегі Қазақстан. 1985-1991 жж. Экономикалық саяси реформалар.
- •95 Қазақстандағы экологиялық мәселелер. «Невада-Семией» қозғалысы
- •96 Тамыз 1991 ж. Ново-Огаревский оқиғасы.
- •97 Беловежск келісімі. Орта Азия елдерінің Ашхабадтағы кездесуі.
- •98 1991 Ж 21-ші желтоқсандағы Алматы Деклорациясы
- •99 Қазақстан және тмд. Қазақстандағы президенттік биліктің енгізілуі
- •100 «Каз.СсРнің мемлекеттік егемендігі» жөніндегі Деклорацияның қабылдануы.
- •101 «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жөніндегі» Конституциялық Заң.
- •102 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері.
- •103. 1993, 1995 Жж. Қр Конституциясы
- •104. 1995 Ж қр Конституциясы және оның ережелері
- •105 Конституциялық реформа. 1995ж. Қр негізгі заңына өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі
- •106 Қазақстанның егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы
- •107 Қр ұлтаралық қатынас. Қазақстан Халықтары Ассамблеясы
- •108 Қазақстан Халықтары Ассамблеясы. Қр-ғы заманауй этно-демографиялық үдеріс.
- •109 Қазақтардың Бүкіләлемдік құрылтайы.
- •110 Н. Назарбаев. «XX ғасыр табалдырығында»
- •111 Н. Назарбаев. «Ғасырлар тоғысында»
- •112 Нарықтық қатынастардың дамуы. Экономикалық стратегияны жобалау және үкіметтің экономикалық реформаларға арналған бағдарламасы.
- •113 Қазақстандағы экономикалық реформалар: нарыққа көшудің қиындықтары мен мәселелері.
- •114 Қр ғы әлеуметтік – экономикалық жаңғыру. Қазақстандық заманауй даму моделі
- •121 Қазақстан Халықаралық ұйымдарда
- •123 Қазақстан Тәуелсіз мемлекеттер достастығында
- •124 Қр тмд елдерімен ынтымақтастығы
- •122 Қазақстан әлемдік экономикалық жүйе байланысында
- •125 Қр Сыртқы саясаттағы жетістіктері. Қазақстан Республикасы еқыұ мүшесі. Қазақстанның еқыұ-ға жетекшілігі
- •126 Қр заманауй мәдени үдерістер
- •127 Тәуелсіздіктің рухани негізі. Қазіргі заманңы Қазақстан мәдениеті.
- •128 «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы
- •Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері (2004-2006 жж.)
- •Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері (2007-2009 жж.)
- •Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері (2009-2011 жж.)
- •129 Тәуелсіз Қазақстанның даму стратегиясы: басымдықтары мен нәтижесі.
- •130 Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
- •2. Ағымдағы ахуалды талдау
- •2.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы оң үрдістер
- •2.2. Шешімін талап ететін проблемалар
- •2.3. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлар
- •3. Мақсат пен міндеттер
- •3.1. Мақсат пен нысаналы индикаторлар
- •3.2. Стратегия міндеттері:
- •4. Түйінді бағыттар, негізгі тәсілдер және басым шаралар
- •4.1. Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
- •4.2. Қоғамдық бақылау институтын енгізу
- •4.3. Квазимемлекеттік және жекеше сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
- •4.4. Сот және құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
- •4.5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру
- •4.6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту
- •5. Стратегияны іске асыруды мониторингтеу және бағалау
- •І. Қалыптасқан қазақстан – мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы
- •1. Қуатты да табысты мемлекет
- •2. Демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі
- •3. Түрлі әлеуметтік, этностық және діни топтардың келісімі мен татулығы
- •4. Ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің роліміз
- •5. Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз еткен күшті әлеуметтік саясат
- •6. Әлемдік қауымдастық таныған ел
- •7. Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді роліміз
- •8. "Қазақстан-2030" Стратегиясы. Негізгі қорытындылар
- •Іі. Ххі ғасырдың он жаһандық сын-қатері
- •Бірінші сын-қатер – тарихи уақыттың жеделдеуі.
- •Екінші сын-қатер – жаһандық демографиялық теңгерімсіздік.
- •Үшінші сын-қатер – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер.
- •Төртінші сын-қатер – судың тым тапшылығы.
- •Бесінші сын-қатер – жаһандық энергетикалық қауіпсіздік.
- •Алтыншы сын-қатер – табиғи ресурстардың сарқылуы.
- •Жетінші сын-қатер – Үшінші индустриялық революция.
- •Сегізінші сын-қатер – үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық.
- •Тоғызыншы сын-қатер – өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы.
- •Оныншы сын-қатер – әлемдік жаңа тұрақсыздық қаупі.
- •Ііі. "Қазақстан-2050" Стратегиясы - тым құбылмалы тарихи жағдайдағы жаңа Қазақстан үшін жаңа саяси бағыт Құрметті қазақстандықтар! Қымбатты отандастар!
- •2. Біз қайда бара жатырмыз?
- •1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм
- •1. Түгел қамтитын экономикалық прагматизм
- •Жаңа кадр саясаты
- •Бюджет саясаты
- •Салық саясаты
- •Ақша-кредит саясаты
- •Мемлекеттік және сыртқы қарызды басқару саясаты
- •Құрметті отандастар!
- •Ауылшаруашылық қайта өңдеуде және саудада фермерлік пен шағын және орта бизнесті дамыту.
- •2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау
- •3. Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік
- •Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары
- •Ананы қорғау. Әйелдерге үндеу
- •Баланы қорғау
- •Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі
- •4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары
- •Біздің жұмыстарымыздың білім беру саласындағы басымдықтары
- •Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты
- •5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту
- •6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту
- •7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі
- •Бірінші. Жаңа қазақстандық патриотизм.
- •Екінші. Барлық этностар азаматтары құқықтарының теңдігі.
- •Үшінші. Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлылығы.
- •Төртінші. Мәдениет, дәстүр және даралық
- •Бесінші. Ұлттық интеллигенцияның рөлі
- •Алтыншы. Ххі ғасырдағы Қазақстандағы дін
- •Құрметті қазақстандықтар! Менің отандастарым!
- •Қымбатты отандастар!
- •134 Қр Президентінің «Нұрлы-жол Болашаққа-жол» жолдауындағы жаңа экономикалық саясаты
- •135 Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауындағы «Қазақстан жаңа әлемдік шындықта: өсім, реформа, даму» деп аталатын дағдарысқа қарсы мүмкіндіктер немесе дағдарысқа қарсы басты стратегемма.
- •136 Тәуелсіз Қазақстанның .«Мангiлiк Ел» ұлттық идеясы
- •137 Президент және Қазақстанның жаңа астанасы.
- •138 Қр 25 жылдық мерейтойы. Жетістіктері мен болашағы
- •1991 Жылы 16 желтоқсанда Парламент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдады.
- •139 Н. Назарбаев Қазақстанның егемен ел ретіндегі қалыптасуы және стратегиялық дамуы
- •140 «ҚазСср-нің тіл жөніндегі» Заңы
- •Халықаралық Аралды құтқару Қоры туралы ережені және хаққ мен оның ұйымдарының мәртебесі туралы келісімді бекіту туралы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының шешімі
- •Халықаралық Аралды құтқару Қоры туралы ереже
- •I. Қордың ұйымдық негіздері
- •II. Қор қаражатын қалыптастыру
- •III. Қор қызметінің негізгі бағыттары.
- •IV. Қордың құқықтары
- •V. Қорды басқару
- •VI. Қордың есебі мен есептілігі
- •Халықаралық Аралды құтқару Қорының (хаққ) және оның ұйымдарының мәртебесі туралы келісім
- •142 Қр «Қазақстан -2030» даму стратегиялық бағдарламасы
- •143 Қр өндірістік-инновациялық даму стратегиясы.
- •144 Н. Назарбаев. «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам»
- •133 «Қазақстандық жол 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталатын қр Президентінің Қазақстанның дамыған әлемдік 30 елдің қатарына енуі туралы концепциясының басым бағыттары
- •146 Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауының негізгі бағыттары «Қазақстан 2050-стратегиясы»
- •147 Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауының негізгі басымдықтары «Қазақстандық жол- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
- •148 Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауының басты мақсаты «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
- •V. Жаңа кезеңнің негізгі міндеттері
- •Vі. Қазақстандық патриотизм мен саяси ерік-жігер - жаңа қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары
- •V. Жаңа Кезеңнің ығытына қарай саяси және әкімшілік даму
- •Vі. Қазақстанның жаңа өңірлік және геосаяси жауапкершілігі
- •Құрметті отандастар!
- •Құрметті қазақстандықтар!
- •Құрметті қазақстандықтар!
- •Құрметті отандастар!
- •Қымбатты достар!
- •Қадірлі отандастар!
- •150 Н. Назарбаевтың «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында», «Тәуелсіздік белестері» еңбектеріне сипаттама
- •Назарбаев н. Ә. Ғасырлар тоғысында (кітап корей тілінде)
11. Ұлттық интеллигенция және оның xXғ басындағы қоғамдық-саяси қызметі
12. Қазақ ұлттық интеллигенциясы және оның xXғ басындағы Қазақстандағы саяси өміріндегі орны.
Халқымыздың өткен жолы мен оның рухани түлеуін тану құралы ретіндегі тарихи ғылымының көкейкестілігі, мән-мағынасы күрт кеңейіп, толыға түсуде. Отандық тарихнамада тарихты бұрынғысынша түсінуден арылып, оны қайта қарап, соны талдау жасау белең алып келеді. Зерттеушілерге ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезеңі ерекше ынта-ықылас туғызатыны даусыз. Ресейде капиталистік қатынастардың дамуы орталықтағы ғана емес, сонымен қатар бүкіл отарлық шет аймақтардағы өмір салаларында да- экономикада, мемлекеттік құрылымда, мәдениетте ғаламат өзгерістерге жеткізді. Жаңа экономикалық укладтың объективті заңдарының ықпалымен қазақтың қоғамдық санасында елеулі өзгерістер орнығып, ұлттық интеллигенция қалыптаса бастады.[1] Кеңес үкіметі кезінде қоғамдық ғылымда үстем болып келген таптық көзқарас ұғымы әрбір адам мен әрбір халықтың жеке өзінің бостандығы, бүкіл адамзат мәдениетіндегі жетістіктерге еркін қол жеткізу құқығы сияқты жалпы адам баласына тән өркениетті игеру жолында құжырлылықпен күрескен ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ интеллигенциясының қызметін объективті зерттеуге кедергі жасады. Қазақ интеллигенциясының қалыптасу тарихы, осы процестің тарихи-мәдени алғышарттары бір жақты қарастырылды. Қазақ интеллигенциясы алдыңғы қатарлы орыс мәдениетінің ықпалымен қалыптасып, дамыды деген сыңаржақ қағида орын алды. Қазақ интеллигенциясын қалыптастырудағы ұлттық рухани бастау-көздер, қоғамда орын алған әлеуметтік- экономикалық және саяси жағдайлардың ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ интеллигенциясының жеңе легінің пайда болуы мен оның нақтылы іс-әрекетіне жасаған әсері зерттеушілер назарынан тыс қалды. Ал Алаш қозғалысының пайда болуына ұйтқы болып, Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің белсенді қайраткерлері болған Әлихан Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан ұлт зиялылары "халық жаулары" деген жалған жалалармен айыпталып, олар туралы айтуға да жазуға да ресми түрде тыйым салынды. Осынау күрделі тарихымыздың кезінде зерттеуге тыйым салынған "ақтаңдақ" беттерін саралау бүгінгі күн тарихшыларының алдындағы үлкен міндеттердің бірі. Демек, қарастырылып отырған тақырыбымыз арнайы ғылыми зерттеу объектісі болуға әбден лайық, тарих ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі
13. XXғ басындағы қазақ интеллигенциясының мұсылмандық қозғалыстарға қатысуы
Қазақ ұлтының демократиялық интеллигенциясының жетекшілері, біріншіден, патшалық Ресейдің халықты қорлайтын отарлау саясатының мәнін әшкерлеуді және қазақтардың этнос ретінде сақталып қалуы үшін оның келешігіне қатер төндіріп отырған патша үкіметінің өлкені кеулеп бара жатқан жан—жақты экспансиясының тоқтатуды мақсат етті. Екіншіден, олар заң шығарушы және басқарушы үкімет органдарының алдына кадеттер ұсынған үлгі мен әр түрлі петициялар арқылы талап—тілектер қою демонстрациялар мен шерулер ұйымдастыру, мемлекеттік думаның сайлауына белсенді түрде араласып, парламентке халық өкілдерін өткізу үшін күресуді мұрат тұтты. Сондықтан да 1905–1907 жылдары қазақ интеллигенциясы кадеттер ұсынған Ресей қоғамын реформалау талаптарын жүзеге асыру жолында жүргізілген саяси науқандарға қатынасуда айтарлықтай белсенділік көрсетіп, нақтылы іс—әрекеттерге барды. Олар, атап айтқанда қазақ қауымын ең болмағанда уездер мен болыстар шеңберіндегі жүйесін қалыптастырудың отарлық сипатын өзгертуді талап етті. Қазақ интеллигенциясының қоғамдық—саяси қызметінің тағы бір бағыты Ресейден Қазақстанға орыс мұжықтарын көшіру ісін басқаратын аударушылардың қоныс аударушы мекемелерінің қызметін тоқтату үшін саяси күрес жүргізуге арналды. Үшіншіден, ұлттық—либералдық қазақ интеллигенциясы қоғамының саяси өміріне өзін өкімет пен дергілікті халық бұқарасын байланыстыратын күш ретінде көрсетуге ұмтылды. Қазақстанның көпұлтты мемлекет ретінде тарихи дамуының негізгі ерекшелігі, оның жергілікті халқының түркі тілдес халықтардан құралуы еді. Мұсылмандар ынтымақтастығы идеясы мен олардың санасындағы ұлт—азаттық қозғалыстағы " дін бірлігі" түрік халықтарының бір туғандығы туралы, олардың тарихи тағдырының ортақтығы туралы ұғымдар тығыз байланысты болып табылады. ХХ ғасыр басында панисламизм және пантүркішілдік ұлт—азаттық қозғалыстардың идеясына айналып, тегі мен тағдыры бір түрік халықтарын жақындата түсті. ХХ ғасыр басында түрік халықтарының ұлт—азаттық күресіндегі негізгі бағытын таңдау бірігу негізіне — олардың исламға (исламшылдыққа) немесе олардың түрік қауымдастығына (түрікшілдікке) бет бұруымен тікелей байланысты болды. Пантүркішілдік, панисламизм Ресейде ХІХ ғ. 80—шы жылдарында татар интеллигенциясының мәдени—либералдық қозғалысы ретінде өмірге келді. Оның теориясының қалыптасуы мен таратылуы қырым—татар ағартушыларының қоғамдық және ғылыми қызметтерімен тығыз байланысты. Пантүркішілдіктен шыққан " жадидшілік" екі идеяның — ағартушылық пен діннің бірігуін білдіреді. Жадидшілдіктің негізін салған Исмаил Гаспаринский (1851–1914) 1883 жылы Ресейдегі мұсылмандар " тіл, идея, әрекет жағында да бірігу керек" деп атап көрсетті. Оның ізбасары Жүсіп Ақшора түркi тілінде сөйлейтін ұлттар бірігіп, бірлікке келген " ұлт одағы" болып құрылуы керек дегенді ортаға салды. 1917 жылы қазан төңкерісінен кейін түркiшiлдiктi жақтаушылар Ресейде қуғынға ұшырап, көпшілігі Түркияға кетті. Сөйтіп, бұл идея түрік зиялыларының қолына өтіп, жаңа Түркияны қайта гүлдендірудің рухани тірегіне айналды. Қазақстанға панисламизм мен пантүркішілдік идеясы ХІХ ғ. соңында келді. Бұл идеяның жақтастары дін басылар, буржуазия және интеллигенция өкілдері болды. Қазақстандағы жадидшілер жаңа әдісті мектептер ашып, онда жаратылыстану, тіл, әдебиет сияқты зайырлы пәндер басым жаңа оқу бағдарламалары бойынша оқытуды жүзеге асырды. Ресейдегі панисламизм қозғалысының жақтастары жалпыресейлік мұсылман съездерін ұйымдастырып өткізіп отырды. Оған қазақтардан да депутаттар қатысты: І мұсылман съезі — 1905 ж., ІІ мұсылман съезі — 1906 ж., ІІІ мұсылман съезі — 1907 ж. өтті. 1905 жылы «Бүкілресейлік мұсылман одағы» (Иттифак муслимин) құрылып, оған қазақ дін басылары да мүшелікке кірді. Ақпан революциясынан кейін 1917 жылы осы идеялар негізінде біраз саяси партиялар сахнаға шықты. Мысалы; "Шура—ислами«(Ислам кеңесі), «Шура—улема» (Діни қауым кеңесі). ХХ ғ. басында әлемнің күшті империялардың түркі халықтарының бірігуінен немесе ислам дініндегілердің бір ұранның астына жиналуынан алаңдағаны сонша, ендігі жерде бұл идеялар мүлдем жат атаулар қатарына қосылды. Сол үшін де түрікшілдікті " пантүркизм" , исламшылдықты " панисламизм" деп атады. 1905 жылдардағы ресейлiк революциядан соң өрлеу алған жалпыресейлiк мұсылмандық қозғалыстар, бiрiншiден, Мемлекеттiк Дума деңгейiнде түркi және басқа мұсылман халықтарының ең өзектi саяси және әлеуметтiк мәселелерiн қоюға, оларға отаршыл билiктiң назарын аударуға мәжбүр етті. Екiншiден, татар, қазақ және басқа мұсылман елдерiнiң ұлт—азаттық қозғалысының ширауына қолдау жасап, дем берiп отырды. Ә. Бөкейхановтың 1910 жылғы жарияланған " Қырғыздар" атты әйгілі мақаласындағы ой тұжырымдары Петербург қаласында А.И. Костянекийдің редакциясымен жарық көрген " Формы национального движения в современных государствах" деген еңбекке енді. " ... Қырғыз халқының арасында, — деп жазады Ә. Бөкейханов осы мақалада — саяси партиялар әлі пайда болған жоқ... орыстандыру саясатының ауыртпалығын көтерген басқа шет аймақтардың халықтарындай, қырғыз халқы да үкіметке қарсы пікірде және орыстың оппозициялық партияларына көңіл қояды. Жақын болашақта... қырғыздар арасында қалыптасып келіп екі саяси бағытқа сай екі саяси партия құрылуы мүмкін. Оның бірін ұлттық—діни бағыттағы деп айтуға болар, ал оның мақсаты қырғыздарды басқа мұсылмандармен біріктіру болмақ. Екіншісі қырғыз келешегі кең мағынадағы батыс мәдениетін енгізуге байланысты деп есептейтін бағыт. Бірінші бағыт мұсылман—татар партияларын үлгі тұтар, екінші оппозициядағы орыс партияларын, атап айтқанда, халық бостандығы партиясын үлгі етпек..." Сөйтіп, 1905–1907 жылдардағы революция кезінде қазақ қоғамында қазақ интеллигенция қатарында ұлт мәселесі жөніндегі идеялар пайда бола бастады. Бұл жылдары қазақ интеллигенциясы тарапынан Ресей жеріндегі саяси партияларды қазақ жеріне тарту жұмыстары жасалды. Мәселен, 1905 жылы Кадет партиясының бастауыш ұйымын құру жүргізілді, І—ІІІ бүкілресейлік мұсылмандар құрылтайлары өтіп, " Мұсылман партиясы қоғамының" құрылуы басталды. І Дүние жүзілік соғыстың басталуы мен шығысты отарлауды жедел қарқынмен жүргізе бастауы 1913 жылы А. Байтұрсыновтың " Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды" деп жазғанымен дәл келіп, ұлттық мүддені көтеру мәселесі алға шықты. 1916 жылғы ұлт—азаттық революция, қазақ интеллигенциясының либералдық—демократиялық зиялылар тобы мен социал—демокртатяилық тобы болып бөлінуіне әкеліп, алғашқы ұйымдар мен қозғалыстардың басталуына тудырды. 1917 жылы 27 ақпанда Ресейде буржуазиялық—демократиялық төңкеріс болып, монархия құлады. Петроградтағы оқиғалар туралы хабарды Қазақстан халқы қуанышпен қарсы алды. Қазақтар самодержавиенің құлатылуын құттықтап, бұл фактіге өздерінің сан ғасырлық күресінің нәтижесі, 1916 жылғы ұлт—азаттық қозғалыс мақсаттарының қанағаттандыруы деп қарады. Ақпан төңкерілісі патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді, ұлт саясаты саласында өзінің жалпы азаматтық мұраттарды—бостандықтарды, халықтардың теңдігін қолдайтынын мәлімдеді. Революция туралы Қазақстанда ұлттық—демократиялық қозғалысынң басшылары қуанышпен қарсы алды.
Кадет ұйымы Ақпан төңкерісінен кейін Семейде, Петропавлда, Қостанайда, Оралда, Өскеменде құрыла бастады. Олардың ұлттық мүддеге байланысты ұстанымдары жоғары айтылған мақалада айқын көрініп тұр. Кадет партиясныың мақсаты: бөлінбес біртұтас Ресей, конституциялық монархия құру, қоныстандыру саясатын қолдау еді. Кадеттер басқа саяси партиялармен солдат казармаларында еңбекшілерді соғысқа қарсы, бүкіл үкімет билігінің жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің қолына көшу жолында митингілер мен пікір сайыстар өткізді. 1917 жылдың көктемінде өлкенің ірі қалаларында, уездердің көпшілігінде, болыс орталықтарының бір бөлігінде Эсер (СР) партиясының ұйымдары құрылды. Осы ұсақ буржуазиялық партияның " жерді оны өңдейтіндерге беру керек" , " жер бүкіл халықтың меншігі" деген ұрандары, Түркістандағы съезде патша өкіметінің отарлау саясатының айыптауы оның уақытша табысқа жетуін қамтамасыз етті. 1917 жылғы жазға қарай барлық кеңестер солардың қолында болды [3,35 б.]. Халықтың ауыр жағдайын шешу үшін өлкеде бірнеше съездер өткен болатын. 1917 жылғы мамыр айында өткен Ташкенттен өткен эсерлер партиясының Түркістан өлкелік съезд іс жүзінде Орта Азия мен Қазақстанның жергілікті халқына ұлттық автономия беруге қарсы шықты. Осыған мазмұндас сәуір айында Омбы қаласында өткен Батыс Сібір эсерлерінің конференциясында да қабылданды . Сонымен қатар қазақ өлкесінде діни сипаттағы партиялар құрылды. 1917 жылғы мұсылмандардың Бүкілресейлік съезінде, кейін сол жылдың 17–20 қыркүйегінде өткен Түркістан және қазақ мұсылмандарының съезінен кейін Иттифок—муслимин (мұсылмандар одағы) партиясының құрылғанын жариялады. Бұл парттия тұңғыш мұсылман партиясы Түркістан федералистердің партиясы болды. Сол сияқты 1917 жылы 14 наурызда Қазақстанның оңтүстігінде Шура—ислами ұйымы құрылды. Бұл ұйым ұлттық—демократиялық бағытта саяси күштері Алаш партиясымен қарым қатынаста болды. Мәселен, 1917 жылы " естеліктерден үзінділер" атты М. Шоқайдың естеліктерінде өлке зиялылары мен діни қызметкерлердің қоғамдық—саяси өмірге араласу, әр түрлі саяси ұйымдардың пайда болуы, Қоқан автономияның құрылуы оның Кеңес үкіметімен арақатынсы, ұлттық мүдделерді көтеру туралы деректемелік мәні зор мәліметтер молынан кездеседі. Онда Алаш қайраткерлерінің батыс және шығыс топтары жетекшілерінің қозғалыстың Түркістандық басшылар тобымен байланысты мен өзара қатынасын ашып көрсететін мәліметтер де бар.
